Жалпы орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің


Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет4/7
Дата26.08.2017
өлшемі1,18 Mb.
#28528
1   2   3   4   5   6   7

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

  1. 9-сынып геометрия курсын қайталау (2 сағ.).

  2. Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі (9 сағ.):

    1. стереометрияның негізгі ұғымдары мен аксиомалары, стереометрия аксиомаларының салдарлары;

    2. кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы;

    3. кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттері;

    4. айқас түзулердің белгісі;

    5. түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы;

    6. түзу мен жазықтықтың параллельдігі, түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісі;

    7. екі жазықтықтың өзара орналасуы;

    8. жазықтықтардың параллельдігі, жазықтықтардың параллельдік белгісі, параллель жазықтықтардың қасиеттері.

  1. Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы (10 сағ.):

    1. кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш;

    2. түзулердің перпендикулярлығы;

    3. түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісі;

    4. перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қасиеттері;

    5. жазықтыққа түсірілген перпендикуляр және көлбеу, көлбеудің жазықтықтағы проекциясы;

    6. үш перпендикуляр туралы теорема;

    7. нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық, түзулер мен жазықтықтардың арақашықтығы;

    8. түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш, екіжақты бұрыш, екі жазықтықтың арасындағы бұрыш;

    9. перпендикуляр жазықтықтар, екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісі;

    10. түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуына арналған практикалық мазмұнды есептер.

  1. Кеңістіктегі координаталар және векторлар (9 сағ.):

  1. кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі, кесіндінің ортасының координаталары, екі нүктенің арақашықтығы;

  2. кеңістіктегі векторлар;

  3. компланар және компланар емес векторлар, векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу;

  4. кеңістіктегі вектордың координаталары, координаталары берілген векторларға амалдар қолдану;

  5. координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісі;

  6. есептерді шешуде векторларды қолдану.

  1. «Қайталау. Есептер шығару (4 сағ.)».

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

  1. 10-сынып геометрия курсын қайталау (2 сағ.).

  2. Көпжақтар (9 сағ.):

    1. көпжақтар туралы түсінік;

    2. призма, оның элементтері;

    3. тік және дұрыс призмалар;

    4. параллелепипед: тік, тікбұрышты, куб;

    5. пирамида, оның элементтері;

    6. дұрыс пирамида, пирамиданың жазбасы, қиық пирамида;

    7. призмалар мен пирамидалардың жазықтықпен кейбір қималары;

    8. дұрыс көпжақтар;

    9. бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар;

    10. көпжақтардың бүйір және толық беттерінің аудандары.

  1. Айналу денелері (10 сағ.):

    1. айналу фигуралары;

    2. тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері;

    3. цилиндрдің осьтік қималары, цилиндрдің жазбасы;

    4. тік дөңгелек конус, оның элементтері;

    5. конустың осьтік қимасы;

    6. конустың табанына параллель жазықтықпен қимасы;

    7. конустың жазбасы, қиық конус;

    8. цилиндр мен конустың бүйір және толық беттерінің аудандары;

    9. сфера және шар;

    10. шардың қимасы;

    11. сфераға жанама жазықтық, оның қасиеттері;

    12. шарға іштей және сырттай сызылған призмалар мен пирамидалар;

    13. цилиндрдің, конустың бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

  1. Денелердің көлемдері (9 сағ.):

    1. денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері;

    2. кубтың және тікбұрышты параллелепипедтің көлемі;

    3. призманың және пирамиданың көлемдері;

    4. цилиндрдің, конустың және қиық конустың көлемдері;

    5. шардың көлемі және сфераның ауданы;

    6. кеңістіктік денелердің көлемдерін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

  1. «Қайталау. Есептер шығару (4 сағ.)».

4. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар


  1. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.

  2. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен көрсетілген.

  3. 10-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

  1. стереометрияның аксиомаларын және олардың қарапайым салдарларын;

  2. кеңістіктегі түзулердің параллельдігінің анықтамасын;

  3. кеңістіктегі айқас түзулердің анықтамасын;

  4. айқас түзулердің белгісін;

  5. параллель түзулердің қасиеттерін;

  6. түзу мен жазықтықтың параллельдігінің анықтамасын;

  7. түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін;

  8. екі жазықтықтың параллельдігінің анықтамасын;

  9. жазықтықтардың параллельдік белгісін;

  10. параллель жазықтықтардың қасиеттерін;

  11. кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыштың анықтамасын;

  12. кеңістіктегі түзулердің перпендикулярлығының анықтамасын;

  13. түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын;

  14. түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісін;

  15. жазықтыққа перпендикулярдың анықтамасын;

  16. жазықтыққа көлбеудің анықтамасын;

  17. үш перпендикуляр туралы теореманы және оған кері теореманы;

  18. түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыштың анықтамасын;

  19. нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты;

  20. параллель түзулердің және жазықтықтардың арақашықтығын;

  21. екіжақты бұрыштың және екі қиылысқан жазықтықтың арасындағы бұрыштың анықтамасын;

  22. екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісін;

  23. кеңістіктегі вектордың анықтамасын;

  24. компланар және компланар емес векторлардың анықтамасын;

  25. векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу туралы теореманы;

  26. кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарының анықтамасын;

  27. кеңістіктегі екі нүктенің арақашықтығын өрнектейтін формуланы;

  28. кесіндінің ортасының координаталарын табу формуласын;

  29. векторлардың скалярлық көбейтіндісінің анықтамасын және қасиеттерін;

  30. екі вектордың перпендикулярлық белгісін;

  31. координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін;

  32. векторлардың арасындағы бұрыштың косинусының формуласын.

  1. 10-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:

  1. есептерді шешу кезінде дедукциялық пайымдаулар жүргізу;

  2. суретте түзулер мен жазықтықтарды кескіндеуді және олардың өзара орналасуын бейнелеу;

  3. моделдер мен суреттерден қиылысқан, параллель және айқас түзулерді табу;

  4. суреттерде түзу мен жазықтықтың қиылысуын, түзу мен жазықтықтың параллельдігін, перпендикулярлығын кескіндеу;

  5. қиылысқан және параллель жазықтықтарды моделдерден табу және оларды суреттерде кескіндеу;

  6. нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты табу;

  7. суретте екіжақты бұрышты кескіндеу;

  8. түзулердің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың арасындағы бұрыштың шамасын табу;

  9. нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты, параллель түзулер мен жазықтықтардың, айқас түзулердің арақашықтығын табу үшін метрикалық теоремаларды қолдану;

  10. кесіндінің ортасының координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу;

  11. координаталары бойынша нүктелердің арақашықтығын (кесіндінің ұзындығын) табу;

  12. кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдаланып есептерді шешу;

  13. кеңістіктегі вектордың координаталарын табу;

  14. координаталары бойынша вектордың ұзындығын және векторлардың арасындағы бұрышты табу;

  15. векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеуге арналған есептерді шешу;

  16. координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;

  17. векторлардың арасындағы бұрыштың косинусын табу;

  18. геометриялық есептерді шешуде векторларды қолдану.

  1. 11-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

  1. көпжақ және дұрыс көпжақ ұғымын;

  2. призманың анықтамасын және оның элементтерін;

  3. параллелепипедтің анықтамасын және қасиеттерін;

  4. тік және дұрыс призманың анықтамаларын және қасиеттерін;

  5. пирамиданың, дұрыс пирамиданың және қиық пирамиданың анықтамаларын және олардың элементтерін;

  6. призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу формулаларын;

  7. дұрыс көпжақтардың түрлерін;

  8. цилиндрдің анықтамасын және оның элементтерін;

  9. конустың, қиық конустың анықтамаларын және олардың элементтерін;

  10. шар мен сфераның анықтамаларын және олардың элементтерін;

  11. сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиеттерін;

  12. цилиндрдің, конустың, қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу формулаларын;

  13. сфераның ауданын табу формуласын;

  14. көпжаққа іштей және сырттай сызылған шар (сфера) ұғымын;

  15. көлемдердің өлшем бірліктерін;

  16. тікбұрышты параллелепипедтің, призманың, пирамиданың, цилиндрдің, конустың, қиық конустың және шардың көлемдерін табу формулаларын.

  1. 11-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:

  1. тік және дұрыс призманы, тікбұрышты параллелепипедті, кубты, пирамиданы, дұрыс пирамиданы, цилиндрді, конусты ажырата білу және модельдерде көрсете білу, олардың негізгі элементтерін суретте көрсете білу;

  2. суреттерде призмаларды, пирамидаларды және олардың элементтерін кескіндеу;

  3. суреттерде цилиндрді, конусты және шарды (сфераны) кескіндеу;

  4. есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;

  5. кеңістіктік конфигурацияларда сызықтық элементтер мен бұрыштарды есептеу;

  6. геометриялық шамаларды (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар, көлемдер) табуға арналған есептерді шешу;

  7. планиметриялық және стереометриялық фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп, алгебралық және тригонометриялық аппаратты қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;

  8. призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу;

  9. цилиндрдің, конустың, қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу;

  10. сфераның ауданын табу;

  11. шарға іштей және сырттай сызылған призманы және пирамиданы кескіндеу;

  12. тікбұрышты параллелепипедтің, призманың, пирамиданың, цилиндрдің, конустың, қиық конустың және шардың көлемдерін табу.

  1. Тұлғалық нәтижелер:

  1. мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуі, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы тиіс;

  2. адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білуі тиіс;

  3. өздігінен білім алу, өзін-өзі дамыту және өзінің іс-әрекетіне рефлексивтік талдау жасау қабілеттілігінің болуы тиіс;

  4. оқу және танып білу ынтасының қалыптасуы тиіс;

  5. геометриялық білім жүйесі мен табиғат туралы түсініктері, белгілеулер және ақпараттық жүйелер негізінде практикалық есептерді шешу қабілеттілігінің болуы тиіс;

  6. математикалық оқу қызметінің үдерісіне және нәтижесіне бақылау жасай білуі тиіс;

  7. білім беру, қоғамдық пайдалы, оқу-зерттеушілік, шығармашылық және басқа да қызмет түрлерінде құрдастарымен, үлкен және кіші жастағылармен қарым-қатынас жасауда коммуникативтік дағдыларды меңгеруі тиіс;

  8. әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуы, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуі тиіс.

  1. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

  1. оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым практикалық жағдайларды зерттеу (моделдеу) біліктігі мен дағдыларының болуы тиіс;

  2. ақпараттарды іздеу және өңдеу үшін қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен көптілділік мәдениетті меңгеруі тиіс;

  3. жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру және дәлелдеу үшін геометриялық моделдерді және көрнекілік құралдарды түсіне және пайдалана білуі тиіс;

  4. дедукциялық ойлау әдістерін меңгеруі және оларды адам қызметінің әртүрлі салаларында қолдануы тиіс.

«Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасы

(жаратылыстану-математикалық бағыт)
1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Геометрия – бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік формаларды моделдеп қана қоймай, олардың қасиеттерінің арасындағы логикалық байланыстарды орнататын математиканың бөлімі.

  3. Геометрияны оқыту көптеген мамандықтарды меңгеруге қажетті математикалық және практикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

  4. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.

  5. Геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

  1. логикалық ойлауды одан әрі дамыту;

  2. тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту;

  3. кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;

  4. геометриялық білім негізінде практикалық және математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту;

  5. бейнелік ойлауды және функционалдық сауаттылықты дамыту;

  6. графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту;

  7. геометрия тарихы және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсерімен таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу.

  1. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес оқытудың келесі міндеттері шешілуі тиіс:

  1. кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру;

  2. кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту;

  3. кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  4. сызбалардағы кескіндері бойынша жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  5. кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру;

  6. геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру;

  7. есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  8. геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  9. нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту;

  10. практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру.

  1. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы геометрия курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:

  1. геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерінің бағыты;

  2. векторлық-координаталық бағыт;

  3. шамаларды өлшеу бағыты;

  4. функционалдық бағыт.

  1. 10-11 сынып геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады.

  2. Оқушылар оқып біледі:

  1. кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын;

  2. кеңістіктік фигуралардың теңдігін;

  3. дөңес фигураларды;

  4. геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді;

  5. көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды;

  6. кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын;

  7. кеңістіктік геометриялық фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін;

  8. геометриялық фигураның симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа қатысты симметрияларды).

  1. Геометрияны оқыту үдерісінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық циклдегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.

  2. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін құрастыру және шешу;

  2. теңсіздіктерді дәлелдеу;

  3. геометриялық шамалардың қатынасына арналған есептерді шешуде пропорцияның қасиеттерін қолдану;

  4. квадрат түбірдің қасиеттерін және санның модулін қолдану;

  5. кейбір бұрыштардағы тригонометриялық функциялардың мәндерін қолдану;

  6. тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қолдану;

  7. геометриялық есептерді алгебралық әдіспен шешу кезінде тепе-тең түрлендірулерді қолдану;

  8. геометриялық есептерді шешу кезінде тригонометриялық өрнектердің тепе-тең түрлендірулерін қолдану;

  9. геометриялық шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу үшін туындыны қолдану;

  10. кейбір геометриялық денелердің көлемінің формулаларын шығару үшін интегралды қолдану.

  1. «Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. геометриялық есептерді құрастыру және шешу кезінде физикалық үдерістерді сипаттау;

  2. векторлық алгебраны физикалық үдерістер моделінде түсіндіру;

  3. стереометриялық аппараттың көмегімен оптикалық құбылыстарды сипаттау;

  4. көпжақтарды оқу барысында қатты заттың кристалдық құрылымын пайдалану;

  5. кеңістіктік фигуралардың өзара орналасуын оқу барысында ғарыштық объектілер мен бүкіл ғаламдық құрылымдардың орналасуын пайдалану.

  1. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. ендік пен бойлықты доға мен шеңбердің градустық өлшемі ретінде түсіндіру;

  2. ендіктер мен мередиандарды сфераның жазықтықпен қималары ретінде түсіндіру;

  3. географиялық объектілердің (таулардың биіктігі, ойпаттың тереңдігі және т.б.) сандық сипаттамаларын табу.

  1. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. биологиялық құрылымдардағы симметриялар.

  1. «Химия» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. атомдағы электрондардың кеңістіктік орналасуы;

  2. органикалық қоспалардағы химиялық байланыстардың симметриясы;

  3. көпжақтарды оқу барысында әртүрлі заттар молекулаларының формаларын пайдалану.

  1. «Информатика» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. дайын сызбалар бойынша есептерді шешу, кеңістіктік денелерді бейнелеу мен динамикалық жағдайларды жаңғырту үшін мультимедиялық құралдарды пайдалану;

  2. қолданбалы программалар пакеттерін пайдаланып координаталық жазықтықта нүктелер жиынын салу;

  3. кеңістіктегі геометриялық жағдайларды бейнелеу үшін графикалық 3D программалар пакеттерін пайдалану.

  1. «Технология» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. сызу және өлшеу құралдарын пайдалану;

  2. геометриялық фигураларды кескіндеу кезінде сызу дағдыларын пайдалану;

  3. нақтылы объектілердің сызықтық және бұрыштық элементтерін өлшеудің әртүрлі әдістерін қолдану.

  1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен пәнаралық байланыстар:

  1. геометриялық ұғымдардың пайда болу және даму тарихымен танысу;

  2. қоғамның қазіргі даму кезеңінде әртүрлі геометриялық есептердің пайда болуын қамтамасыз ету;

  3. мәдени ескерткіштерде кездесетін геометриялық фигуралардың қасиеттерімен танысу;

  4. сөздік қорын математикалық терминдермен байыту;

  5. сөйлемді сауатты құрастыруға үйрету;

  6. дедукциялық ойлауды, талдауды және дәлелдеуді жүзеге асыру кезінде өз ойын сауатты айта білуге үйрету.

  1. «Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды;

  2. 11-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.

  1. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді, оған жету оқушының орта мектеп курсы бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.

Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет