өз сайтын даярлауды және оны Интернетте жариялауды;
офистік программа ортасында ақпараттың алуан түрлерін өңдеуді;
іздеу жүйелерімен жұмыс істеуді;
деректер қорын арнайы программаларда құруды, толтыруды, сақтауды, редакциялауды, баспалауды;
ақпаратқа түзету жасауды, ақпаратты шаблон бойынша іздеуді, ақпаратты деректер қорында сұрыптауды;
деректер қорлары бойынша есеп берулерді қалыптастыруды;
деректер қорларына сұраныстарды көркемдеуді;
деректер қорлары арасында байланыс орнатуды;
өзекті сұрақты тұжырымдауды, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;
әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жоспарлауды;
кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;
рефлексия жүргізуді, жобаны қорғауды.
Жеке тұлғалық нәтижелер соңында оқушылар көрсетуі тиіс:
алынған ақпаратты талдау және оларды сын көзбен бағалаудың алғашқы дағдыларын;
қазіргі заманауи программалық қамтамасыз етулермен жұмыс істей білуді;
оқу мазмұнын өз өмірлік тәжірибесімен байланыстыруға қабілеттілік, информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында ақпараттық қоғамның даму жағдайында даярлықтың мәнін түсінуге икемділікті;
салауатты өмір салты құндылығын негізгі гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын техникалық қауіпсіз пайдалану жағдайында қабылдауға икемдікті және даярлықты;
үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу қабілеттілікті;
компьютерлік және тұрмыстық техникаға ұқыпты қарауды;
жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер соңында оқушылар алған білім мен біліктіліктерді күнделік өмірде және тәжірибеде қолдануы тиіс:
объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін 3-D бейне түрінде құруды;
жоғары деңгейдегі программалау ортасын қолданып жобаларды қалыптастыруды;
объектілер мен үдерістердің дайын модельдерін қолданып компьютерлік тәжірибелер жүргізуді;
өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық объектілердің жеке топтамаларын қалыптастыруды;
іс жүзінде қажетті, оның ішінде өзін-өзі танумен және кәсіби бағдармен байланысқан жеке танымдық қызығушылыққа қатысты ақпаратты іздеу мен іріктеуді;
оқуда және жеке хат алмасуда телекоммуникациялық арналар бойынша ақпарат таратуды, қоғамның ақпараттық ресурстарын сәйкес құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып қолдануды;
ақпаратты сілтеме жүйелері бар мультимедиа объектілері түрінде беру (мысалы, желіде орналастыру үшін);
жеке өз деректер қорын, цифрлық мұрағаттарын, медиаханасын құруды.