Жалпы орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің


Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет5/7
Дата26.08.2017
өлшемі1,18 Mb.
#28528
1   2   3   4   5   6   7

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

  1. 9-сынып геометрия курсын қайталау (4 сағ.).

  2. Стереометрия аксиомалары (4 сағ.):

    1. стереометрияның негізгі ұғымдары мен аксиомалары, аксиомалардың салдарлары;

    2. кеңістіктегі нүктелер, түзулер және жазықтықтар;

    3. нүктелер мен түзулердің жазықтықтарға тиістілігі туралы түсінік.

  1. Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі (15 сағ.):

    1. кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы: қиылысқан, параллель және айқас түзулер;

    2. кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттері;

    3. айқас түзулердің белгісі;

    4. түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы: қиылысқан және параллель түзу мен жазықтық;

    5. түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісі;

    6. екі жазықтықтың өзара орналасуы: қиылысқан және параллель жазықтықтар;

    7. жазықтықтардың параллельдік белгісі, параллель жазықтықтардың қасиеттері;

    8. параллель проекциялау, оның қасиеттері;

    9. кеңістіктік фигуралардың жазықтықтағы кескіндері;

    10. призмалар мен пирамидалардың жазықтықпен қималарын салу.

  1. Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы (18 сағ.):

    1. кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш;

    2. түзулердің перпендикулярлығы;

    3. түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісі;

    4. перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қасиеттері;

    5. жазықтыққа түсірілген перпендикуляр және көлбеу, көлбеудің жазықтықтағы проекциясы;

    6. үш перпендикуляр туралы теорема;

    7. нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық, параллель түзулер мен жазықтықтардың арақашықтығы, айқас түзулердің арақашықтығы;

    8. түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш, екіжақты бұрыш, екі жазықтықтың арасындағы бұрыш;

    9. перпендикуляр жазықтықтар, екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісі;

    10. түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуына арналған практикалық мазмұнды есептер.

  1. Кеңістіктегі координаталар және векторлар (17 сағ.):

    1. кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі, кесіндінің ортасының координаталары, екі нүктенің арақашықтығы;

    2. кеңістіктік геометриялық фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуі;

    3. жазықтықтың теңдеуі;

    4. кеңістіктегі векторлар;

    5. компланар және компланар емес векторлар, векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу;

    6. кеңістіктегі вектордың координаталары, координаталары берілген векторларға амалдар қолдану;

    7. координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісі, векторлардың скалярлық көбейтіндісінің қасиеттері;

    8. есептерді шешуде векторларды қолдану.

  1. «Қайталау. Есептер шығару (10 сағ.)».

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

  1. 10-сынып геометрия курсын қайталау (2 сағ.).

  2. Көпжақтар (21 сағ.):

    1. көпжақты бұрыш туралы түсінік, үшжақты бұрыш;

    2. геометриялық дене туралы түсінік;

    3. көпжақтар;

    4. призма, оның элементтері;

    5. тік және дұрыс призмалар, параллелепипед: тік, тікбұрышты, куб;

    6. параллелепипедтің қасиеттері;

    7. призманың жазбасы;

    8. призманың бетінің ауданы;

    9. пирамида және оның элементтері;

    10. дұрыс пирамида, қиық пирамида;

    11. пирамиданың жазбасы;

    12. пирамиданың және қиық пирамиданың бетінің ауданы;

    13. кеңістіктегі қозғалыстар туралы түсінік: нүктеге, түзуге, жазықтыққа қатысты симметриялар;

    14. кубтың, параллелепипедтің, призманың және пирамиданың симметриялары;

    15. көпжақтардың жазықтықпен қималары (өлшеу есептері);

    16. дұрыс көпжақтар;

    17. бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар.

  1. Айналу денелері (19 сағ.):

    1. айналу фигуралары;

    2. тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері;

    3. цилиндрдің жазықтықпен қималары;

    4. цилиндрдің жазбасы;

    5. цилиндрдің бетінің ауданы;

    6. призмаға іштей және сырттай сызылған цилиндрлер;

    7. тік дөңгелек конус, оның элементтері;

    8. конустың жазықтықпен қималары;

    9. конустың жазбасы;

    10. конустың бетінің ауданы;

    11. пирамидаға іштей және сырттай сызылған конустар;

    12. қиық конус және оның бетінің ауданы;

    13. сфера және шар;

    14. сфераның теңдеуі;

    15. шардың және сфераның жазықтықпен қимасы;

    16. сфераға жанама жазықтық, оның қасиеттері;

    17. шар секторы және шар сегменті;

    18. көпжаққа іштей және сырттай сызылған сфералар;

    19. шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданы;

    20. цилиндрдің, конустың, шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

  1. Денелердің көлемдері (18 сағ.):

    1. денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері;

    2. тікбұрышты параллелепипедтің көлемі, призманың көлемі, пирамиданың көлемі;

    3. кеңістіктік фигуралардың ұқсастығы;

    4. ұқсас фигуралардың көлемдері;

    5. цилиндрдің және конустың көлемдері;

    6. шардың және оның бөліктерінің көлемі;

    7. геометриялық фигуралардың комбинациясына арналған есептер;

    8. кеңістіктік денелердің көлемдерін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

  1. «Қайталау. Есептер шығару (8 сағ.)».



4. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар


  1. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.

  2. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен көрсетілген.

  3. 10-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

  1. стереометрия аксиомаларын;

  2. нүктелер мен түзулердің жазықтыққа тиістілігі туралы теоремаларды;

  3. кеңістіктегі түзулердің параллельдігінің анықтамасын;

  4. параллель түзулердің қасиеттерін;

  5. кеңістіктегі айқас түзулердің анықтамасын;

  6. айқас түзулердің белгісін;

  7. түзу мен жазықтықтың параллельдігінің анықтамасын;

  8. түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін;

  9. екі жазықтықтың параллельдігінің анықтамасын;

  10. жазықтықтардың параллельдік белгісін;

  11. параллель жазықтықтардың қасиеттерін;

  12. параллель проекциялаудың қасиеттерін;

  13. қиюшы жазықтықтың анықтамасын;

  14. көпжақтың қимасының анықтамасын;

  15. кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыштың анықтамасын;

  16. кеңістіктегі түзулердің перпендикулярлығының анықтамасын;

  17. түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын;

  18. түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісін;

  19. перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қасиеттерін;

  20. жазықтыққа перпендикулярдың анықтамасын;

  21. жазықтыққа көлбеудің анықтамасын;

  22. үш перпендикуляр туралы теореманы және оған кері теореманы;

  23. түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыштың анықтамасын;

  24. нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты;

  25. параллель түзулер мен жазықтықтардың арақашықтығын;

  26. айқас түзулердің арақашықтығын;

  27. екіжақты бұрыштың және екі қиылысқан жазықтықтың арасындағы бұрыштың анықтамасын;

  28. екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісін;

  29. кеңістіктегі вектордың анықтамасын;

  30. компланар және компланар емес векторлардың анықтамасын;

  31. векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу туралы теореманы;

  32. кеңістіктегі нүктелер мен векторлардың координаталарының анықтамасын;

  33. кеңістіктегі екі нүктенің арақашықтығын өрнектейтін формуланы;

  34. кесіндінің ортасының координаталарын табу формуласын;

  35. жазықтықтың теңдеуін;

  36. векторлардың скалярлық көбейтіндісінің анықтамасын және қасиеттерін;

  37. екі вектордың перпендикулярлық белгісін;

  38. координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін;

  39. векторлардың арасындағы бұрыштың косинусының формуласын.

  1. 10-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:

  1. стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын қолданып есептерді шешу;

  2. есептерді шешу кезінде дедукциялық пайымдаулар жүргізу, курстың негізгі теоремаларын дәлелдеу;

  3. суретте түзулер мен жазықтықтарды кескіндеу және олардың өзара орналасуын бейнелеу;

  4. моделдер мен суреттерден қиылысқан, параллель және айқас түзулерді табу;

  5. суреттерде түзу мен жазықтықтың қиылысуын, параллельдігін, перпендикулярлығын кескіндеу;

  6. моделдерден қиылысқан және параллель жазықтықтарды табу және оларды суреттерде кескіндеу;

  7. нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты табу;

  8. призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың кескіндерін салу;

  9. кеңістіктік фигураларды жазықтықта кескіндеу;

  10. көпжақтардың жазықтықпен қималарын салу;

  11. суретте екіжақты бұрышты кескіндеу;

  12. түзулердің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың арасындағы бұрыштың шамасын табу;

  13. нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты, параллель түзулер мен жазықтықтардың, айқас түзулердің арақашықтығын табу үшін планиметрияның метрикалық теоремаларын қолдану;

  14. кесіндінің ортасының координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу;

  15. координаталары бойынша нүктелердің арақашықтығын (кесіндінің ұзындығын) табу;

  16. кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдаланып есептерді шешу;

  17. векторға перпендикуляр және нүкте арқылы өтетін жазықтықтың теңдеуін жазу;

  18. жазықтықтың теңдеуін табу;

  19. кеңістіктегі вектордың координаталарын табу;

  20. координаталары бойынша вектордың ұзындығын және векторлардың арасындағы бұрышты табу;

  21. векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеуге арналған есептерді шешу;

  22. координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;

  23. векторлардың арасындағы бұрыштың косинусын табу;

  24. есептеуге және дәлелдеуге берілген есептерді шешу үшін векторлардың скалярлық көбейтіндісін пайдалану;

  25. геометриялық есептерді шешуде векторларды қолдану;

  26. қатынастарды, қашықтықтарды және бұрыштарды есептеу үшін координаталық-векторлық әдісті қолдану.

  1. 11-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

  1. көпжақтың және дұрыс көпжақтың анықтамасын;

  2. призманың анықтамасын және оның элементтерін;

  3. параллелепипедтің анықтамасын және қасиеттерін;

  4. пирамиданың, дұрыс пирамиданың және қиық пирамиданың анықтамаларын және олардың элементтерін;

  5. призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу формулаларын;

  6. кеңістіктегі қозғалыстың және оның дербес түрлерінің (нүктеге, түзуге және жазықтыққа қатысты симметриялар) анықтамасын;

  7. кеңістіктік фигуралардың теңдігінің анықтамасын;

  8. кубтың, параллелепипедтің, дұрыс призманың және пирамиданың симметрияларын;

  9. дұрыс көпжақтардың түрлерін;

  10. цилиндрдің анықтамасын және оның элементтерін;

  11. конустың, қиық конустың анықтамаларын және олардың элементтерін;

  12. шар мен сфераның анықтамаларын және олардың элементтерін;

  13. сфераның теңдеуін;

  14. сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиеттерін;

  15. цилиндрдің, конустың, қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу формулаларын;

  16. сфераның ауданын табу формуласын;

  17. көпжаққа іштей және сырттай сызылған шар (сфера) ұғымын;

  18. көлемдердің өлшем бірліктерін;

  19. тікбұрышты параллелепипедтің, тік және көлбеу призмалардың, пирамиданың, қиық пирамиданың, цилиндрдің, конустың, қиық конустың және шардың көлемдерін табу формулаларын.

  1. 11-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:

  1. модельдерден тік және дұрыс призманы, тікбұрышты параллелепипедті, кубты, пирамиданы, дұрыс пирамиданы, цилиндрді, конусты ажырата білуді және көрсете білу, олардың негізгі элементтерін суретте көрсете білу;

  2. суреттерде призмаларды, пирамидаларды және олардың элементтерін кескіндеу;

  3. суреттерде цилиндрді, конусты және шарды (сфераны) кескіндеу;

  4. есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;

  5. кеңістіктік конфигурацияларда сызықтық элементтер мен бұрыштарды есептеу;

  6. геометриялық шамаларды (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар, көлемдер) табуға арналған есептерді шешу;

  7. планиметриялық және стереометриялық фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп, алгебралық және тригонометриялық аппаратты қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;

  8. призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу;

  9. цилиндрдің, конустың, қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын табу;

  10. сфераның ауданын табу;

  11. сфераның теңдеуін табу;

  12. айналу денелерінің жазықтықпен қималарын кескіндеу;

  13. көпжаққа іштей және сырттай сызылған сфераларды кескіндеу;

  14. тікбұрышты параллелепипедтің, тік және көлбеу призмалардың, пирамиданың, қиық пирамиданың, цилиндрдің, конустың, қиық конустың, шардың көлемдерін табу;

  15. шар секторы мен шар сегментінің көлемін және бетінің ауданын табу;

  16. кеңістіктік геометриялық фигуралардың комбинациясына арналған өлшеу есептерін шешу.

  1. Тұлғалық нәтижелер:

  1. мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуі, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы тиіс;

  2. адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білуі тиіс;

  3. өздігінен білім алу, өзін-өзі дамыту және өзінің іс-әрекетіне рефлексивтік талдау жасау қабілеттілігінің болуы тиіс;

  4. оқу және танып білу ынтасының қалыптасуы тиіс;

  5. геометриялық білім жүйесі мен табиғат туралы түсініктері, белгілеулер және ақпараттық жүйелер негізінде практикалық есептерді шешу қабілеттілігінің болуы тиіс;

  6. математикалық оқу қызметінің үдерісіне және нәтижесіне бақылау жасай білуі тиіс;

  7. білім беру, қоғамдық пайдалы, оқу-зерттеушілік, шығармашылық және басқа да қызмет түрлерінде құрдастарымен, үлкен және кіші жастағылармен қарым-қатынас жасауда коммуникативтік дағдыларды меңгеруі тиіс;

  8. әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуы, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуі тиіс.

  1. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

  1. математикалық ойлау логикасының заңдарын меңгеруі, оларды адам қызметінің әртүрлі саласында қолдануы тиіс;

  2. нақтылы объектілерді сипаттау мен зерттеу үшін оқып игерілген формулалар мен геометриялық фигуралардың қасиеттерін пайдалана білуі тиіс;

  3. жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері мен геометриялық шамаларды табу туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білуі тиіс;

  4. ақпараттарды іздеу мен өңдеу үшін қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және көптілділік мәдениетті меңгеруі тиіс;

  5. жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру және дәлелдеу үшін геометриялық моделдер мен көрнекі құралдарды түсіне және пайдалана білуі тиіс.



«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Түсінік хат


  1. 10-11 сыныптарға арналған «Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер мен үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға, түзетуге және іске асыруға бағытталған.

  3. Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.

  4. Оқыту міндеттері:

    1. қазіргі заманауи ақпараттық қоғам, жеке тұлғаның және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру;

    2. мәтінді және бейнені сканерден өткізу, танып алу дағдыларын қалыптастыру;

    3. ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

    4. жобалық іс-әрекетте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану;

    5. мәтіндік, сандық, графиктік және дыбыстық ақпараттарды өндеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

    6. оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

  1. Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану тек информатика пәнінің оқу сапасын көтермейді, сонымен қатар пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан оқу пәндерінің оқыту тиімділігін жоғарылатады.

  2. «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.



  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.

  2. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:

графикалық және анимациялық объектілерді, web-беттерді, мәтіндік құжаттар мен полиграфия басылымдарын қалыптастыруға арналған негізгі операциялардың алгоритмдерінің орындалуы;

  1. «Геометрия» пәнмен пәнаралық байланыс:

  1. координаталық жүйелері және олардың компьютерлік графика мен анимацияда қолданылуы;

  2. негізінде симметрия мен алтын қима ережесіне сәйкес жатқан графикалық объектілерді қалыптастыру.

  1. «Қазақ, орыс және шетел тілдері» пәндерімен пәнаралық байланыс:

  1. оқушылардың сөз қорының жаңа терминдермен толығуы;

  2. мәтіндік процессор мен баспа жүйесінде жұмыс істеуде орфографиялық және сөйлеу дағдысын жақсарту;

  3. компьютерлік терминологияны меңгеру;

  4. шетел тілін оқу құралы ретінде телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану.

  1. «Әдебиеті» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. әртүрлі стилистикалық типтер мен жанрлардағы мәтіндермен өз бетімен жұмыс іскерлігін дамыту;

  2. оқушының жария сөз жоспары мен уақыт межелеуді жоспарлау іскерлігін дамыту.

  1. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

графикалық бейнелерді визуальды өнімдерге: Web-беттерге, анимациялық роликтерге, полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру.

  1. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. табиғаттың «жанды» және «жансыз» графикалық бейнелерін визуальды өнімге, Web-беттерге, анимациялық роликтерге, полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру;

  2. компьютерлік және биолгоиялық вирустар арасында салыстыру жүргізу.

  1. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. ақпараттық кеңістіктің ауқымдығы және ұлттық қауіпсіздігі;

  2. ақпараттық нарық, ақпараттық ресурстар аймағындағы мемлекеттік саясат пен құқықтық реттеу.

  1. «Тарих» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;

  2. анимация және мультипликацияның алғы шарттары;

  3. html-дедакторының, Web-беттер және сайттардың шығу тарихы.



2.10-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны


  1. Кіріспе (1 сағат):

техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):

әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар, білім беру ақпараттық ресурстары.

  1. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):

аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы, компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату (веб-камера, сканер, принтер, желілік принтер).

  1. Ақпараттық технологиялар (24 сағат):

мәтіндерді танып алу, мәтіндерді сканерлеу;

мәтінді танып алу технологиясы, мәтіндерді танып алу программасы, сканерлеген мәтіндерді редакциялау, құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау;



мәтіндік процессор, құжаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптері, терезелерді бөлу, ретке келтіру;

стильдер, стильдерді өзгерту, жаңа стиль құру;

кеңейтілген алмастыру буфері;

беттің белгіленуі, бет түсі, беттерді бір-бірінен бөлу;

бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру;

құжаттың құрылымы, беттердің нөмірлеуі, колонтитулдер, құжатта сілтемелерді ұйымдастыру, атауы, иллюстрация тізімі, қиылыс сілтемелер, мазмұнды баптау, рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау, құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру;

макростар;

анимация және мультипликация, анимацияға кіріспе, программамен және оның интерфейсімен танысу;

анимациялық фильмдерді сақтау;

геометриялық анайылықтарды салу, өзгерту және орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату, қарапайым анимациялар жасау, анимация реттері;

компьютерлік анимацияда қабаттар рөлі;

бірнеше қабаттардан тұратын объектілердің орнын ауыстыру;

бірнеше объектілер анимациясы, дыбыстық эффектілер, дыбыстық файлдарды құру, жариялау;



Создание веб-страниц с использованием визуального html – редакторы;

визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі;

Web-беттер және сайттар, визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі;

сайттың қарапайым алғашқы бетін құру, кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру, сайттың гиперсілтемелері мен навигациясы, веб-бетке gif-анимация және баннерлерді кірістіру;

сайтты жариялау.


  1. Жобалық іс-әрекет (7 сағат).



Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет