А.С.Макаренко атындағы орта мектеп
|
Сабақ жоспары
|
Пәні: геометрия
|
Өткізілетін күні:
|
Сынып: 8 «А»
|
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
|
Тақырып: Параллелограмның ауданы
|
Мақсаты: Параллелограмның ауданын есептеу формулаларын қорытып шығару
Міндеттері : Параллелограмның ауданының формуласын және олардың элементтерін пайдаланып, есептер шығарып үйрену;
Есептің нәтижесін тауып, ретімен орналастыру, сұрақтарға жауап беру, сұрақ қоя білу, талдаулар жасау;
Күтілетін нәтиже: параллелограмның ауданы туралы теореманы пайдаланып, белсенді ізденіспен есептер шығару;
|
Кіріспе: ұйымдастыру,сыныпты топқа бөлу
|
Үш түсті дөңгелекше дайын қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді
Рефлексия « Көңіл – күй» шкаласынан өз көңіл күйлеріне сәйкес суретті таңдап алады
|
2 мин
Слайд 4
|
І кезең
|
Кезең
Берілетін уақыт (40 мин)
|
Сабақтың өту барысы
|
Оқушы әрекеті
|
Жабдықтар, көрнекіліктер
|
Қайталау.
«Көпір» тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
4 мин
|
Өткен сабақта біз сіздермен қандай фигуралардың ауданын тауып үйрендік?
Көпбұрыштың ауданы нені білдіреді?
Ауданның таңдап алған өлшем бірлігі?
Ауданның өлшем бірлігіне не қабылданған?
Қандай ауданның өлшем бірліктерін білесіңдер?
Фигуралардың ауданын таба білу не үшін қажет? Өмірде қайда қолданады?
Қандай төртбұрышты оқыдық, оның ауданын әлі қарастырған жоқпыз?
Параллелограмның ауданын табуды үйренгілерің келе ме?
Қандай төртбұрыш параллелограмм деп аталады? Параллелограмның қандай қасиеттері бар? Қандай белгілері бар?
|
Тіктөртбұрыштың , квадраттың аудандарын оқып үйрендік
Аудан берілген көпбұрыш алып жатқан жазықтықтың бөлігі
Аудан оң санмен өрнектеледі.Бұл сан берілген көпбұрышқа өлшем бірлігінің және оның бөліктерінің қанша рет салынғанын көрсетеді.
Аудан өлшем бірлігіне қабырғасы кесіндінің өлшем бірлігіне тең квадрат алынған
1 мм², 1см², 1дм², 1 м²,1км²,1а,1га –ауыл шаруашылығында, 1 барн =м² - химия мен физикада
Құрылыста, ауыл шаруашылығында
параллелограмм
оқушылар жауабы
|
Слайд 6,7,8,9
|
ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
|
Теориясы : «Білу» (Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?
2 мин
|
Параллелограмм туралы тарихи мәліметтер
|
|
Слайд 10,11
|
Теориясы : «Түсіну» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)
5 мин
|
24 – теорема: Параллелограмның ауданы оның табаны мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.
Берілгені: АВСД параллелограмм
АД = а, ВЕ = һ , ВЕ ┴ АД
Дәлелдеу керек: S = аһ
Дәлелдеуі:
В С
һ
һ
А
Е Д Ғ
С нүктесінен АД ┴ СF түсіреміз. Онда ВЕ = СF , ∟ВАЕ = ∟СДF болғандықтан,
АВС = ДСF тік бұрышты үшбұрыш. Сондықтан
АВСД = ЕВСF
Олай болса , =
= ВЕ · ЕF = ВЕ · ВС
ВС = АД болғандықтан, = ВЕ · АД = һа теорема дәлелденді
Салдар: Қабырғалары а және b- ға тең, ал сүйір бұрышы α- ға тең параллелограмның ауданы S= аb·sinα формуласымен есептеледі.
|
Оқушы дәптеріне есептің негізін түсіне отырып параллелограмның ауданы туралы теореманы жазады
|
Слайд 12,13,14
|
ІІІ кезең деңгейлік тапсырмаларды орындап , ұпай жинау
|
Практикасы: «Қолдану» (қарапайым тапсырмалар)
4 мин
|
№ 1, № 2, №3 есептер
|
Ауызша есептейді
|
Слайд 15,16,17
|
Теориясы: «Талдау» (салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз,деген болу керек)
8 мин
|
Кеспе қағаздарға жазылған деңгейлік тапсырмаларды орындау
Жасыл - жеңіл сұрақтар
Сары - орташа сұрақтар
Қызыл - қиын сұрақтар
|
Оқушылар кеспе қағаздарды таңдап, сондағы тапсырмаларды орындайды
|
Слайд 18
Кеспе қағаздар
|
Сергіту сәті 2 мин слайд 20,21
Фигураларды таңдау керек:
Фигуралар бойынша анықтамалар:
Еңбекқор , менікі дұрыс деген жандар
Ауыр сөзі жоқ, ешкімді ренжітпейтін, қолы ашық жандар
Бәріне үлгерсем дейтін , ән айтып, өлең шығаратын жандар, бірақ түк шықпайды
Лидер болуға лайықты , басқаларды иіріп алатын қайырымды жандар
Өзінің ойы жоқ, біреуге ілесіп кететін мейірімді жандар
|
Теориясы : «Жинақтау» (қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйелі кесте, сызба, т.б. түрінде)
12 мин
|
Тест тапсырмалары (4 мин)
Семантикалық карта (3 мин)
Венн диаграмма (2мин)
Кім осы сабақ бойынша өлең құрастыра алады? (3мин)
|
Тест жұмысын орындайды
Бес жолды өлең әдісімен құрастырады
|
Слайд 22,23,24
Слайд 25
Слайд 26
Слайд 27
|
Практикасы: «Баға беру» (сен қалай ойлайсың? Не істер едің?
3 мин
|
Кері әсер парағы
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
|
Кері әсер парағын толтырады
Сабақта параллелограмның ауданын қорытынды шығардық.Оны есеп шығаруға қолдануды үйрендік.
|
Слайд 28
|
Пән мұғалімі: Раканова Г.К.