3.11-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны
Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):
ақпаратты құқықты қорғау;
компьютерлік құқық бұзушылықтар түрі;
ақпараттарды тираждауда авторлық ақпараттарды қорғау.
Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (4 сағат):
программалық қамтамасыз ету түрлері (лицензияланған, шартты тегін, тегін) және оларды қолдану ережелері;
ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары: файлдарды қорғаумен, компьютерлерді қорғаумен жабдықтау;
компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерге ену жолдары;
вирустардан сақтау шаралары, вирусқа қарсы программалары;
қауіпсіздік параметрлері, қолжетімділікті басқару, пароль қою.
Ақпараттық технологиялар (20 сағат):
суретпен сипаттауларды, яғни иллюстрацияларды қалыптастыру, векторлық графиканы өңдеу редакторы;
объектілерді импорттау және экспорттау;
дайын кітапханалардағы графикалық объектілерді өңдеу, қисықтармен жұмыс, әсерлер;
монтаждау және бейнелерді жақсарту, растрлық графика редакторы;
сурет салу және бояу, фотомонтаж, фотосуреттерді өңдеу мен баспаға даярлау, коллаж, әсерлерді пайдалану;
басылым жүйелерінің жіктелуі;
электронды басылымдар, басылымның міндетті атрибуттары;
рәсімдеу ережелері (буклет, кітапша, кітап, журнал, жарнамалық бет), редакциялаудың техникалық ережелері, терминология. беттің пішімі, мәтінді пішімдеу, қаріптермен жұмыс, құжат стилі, басылымды макеттеу (жобаны құру);
мәтінді дайындау, иллюстрацияларды дайындау, қаріптерді таңдау, беттеу, макетті баспадан шығару.
Жобалық іс-әрекет (7 сағат).
3.Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
10-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
ақпараттық жүйелер және ресурстар ұғымын;
қазіргі заманғы аппараттық және программалық қамтамасыз ету ұғымын;
құжатты сканерлеу технологиясын;
мәтіндерді танып алуға арналған программаларын;
мәтіндік процессордың негізгі мүмкіндіктерін;
құжатты рәсімдеудің негізгі түрлері мен стандарттарын;
мәтіндік процессорда құжатты қарау тәртіптерін;
құжат құрылымын;
құжатты рәсімдеу стилін;
кеңейтілген алмасу буферін қолдану технологиясын;
рецензиялау, емле ережсі мен құжатқа ескерту ұғымын;
макрос ұғымын;
құжатты қорғау тәсілдерін;
анимация мен мультипликацияны ұйымдастыру негіздерін;
анимациялық объектілерді құруға арналған графикалық орта негіздерін;
анимациялық объектілерді құруға арналған құрал-саймандар қабықшасының құрылымын;
қабаттар және қойылыммен жұмыс істеу мүмкіндігін;
анимация түрлерін;
векторлық анимацияны қалыптастыру тәсілдерін;
web-дизайнның негізгі қағидаларын;
web-сайт моделін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндеттерін;
редактордағы сайттың сыртқы түрін өзгерту ережелерін;
оқу жобасына қойылатын талаптарын;
авторлық объектілерді қолдану қағидаларын;
«жоба тақырыбы», «жоба идеясы», «гипотеза», «өзекті сұрақ», «жоба міндеттері» ұғымдарының мәнін;
жобаны қорғау мен бағалау процедурасын.
10-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнатуды;
құжатты мәтіндік процессорда құруды, сақтауды, редакциялауды, баспаға шығаруды;
мәтіндік процессор терезесінің түрін баптауды;
құжатты рәсімдеу үшін жаңа стильді қалыптастыруды;
кеңейтілген алмасу буфері бар операцияларды орындауды;
мәтіндер арасында бөлуді орнатуды;
беттерді нөмірлеуді, тізімдерді, сілтемелерді, тақырып қоюды қолданып мәтінді құрылымдауды;
емле ережесімен мәтінді тексеруді;
мәтінге кестені, бейнені, диаграмманы кірістіруді;
макростарды құруды;
құжатқа қорғауды орнатуды;
графикалық бейнелер мен анимацияны құруды және редакциялауды;
сызықты және радиалды градиентті құруды;
бір объектіні екіншісіне түрлендіруді;
объектіні символға түрлендіруді;
мөлдірлігі өзгерген объектіге анимация құруды;
түсі өзгертілген объектіге анимация құруды;
объектілерді туралауды;
анимацияны сүйемелдеу үшін дыбыстық файлды қолдануды;
Web- редакторында жаңа сайт жобасын құруды;
Web-беттердің көркемдеу стилін қолдануды;
иллюстрациялар мен Gif- анимацияны қосуды;
Web-бетте фотоальбом құруды;
өзекті сұрақты тұжырымдауға, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;
әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жоспарлауды;
кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;
рефлекссия жүргізуге, жобаны қорғауды .
11-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
ақпараттық қауіпсіздік ұғымы мен қауіптілігін;
ақпаратты қорғау аймағындағы Қазақстан Респбуликасының заңнамасын;
ақпаратты қорғау бойынша шараларын;
құқықтық актілер және ақпаратты қорғау мен авторлық құқық бойынша нормаларын;
компьютерлік вирус пен вирусқа қарсы әрекет ұғымдарын;
компьютерлік вирустан қорғану шараларын;
компьютерлік графика түрлерін (векторлық және растрлық графика);
векторлық графика редакторының программа терезесінің интерфейсінің негізгі элементтерін;
графикалық есептерді векторлық графика редакторы көмегімен шешудің негізгі тәсілдерін;
объектілерді даяр топтамалардан немесе қосымшалардан импорттау және экспорттау жолдарын;
қисықтарды салудың ерекшеліктерін;
растрлық графика редакторы программасы терезесі интерфейсінің негізгі элементтерін;
бейне үзінділеріне орындалатын амалдарын;
контурлар, маскалар, қабаттар түрлерін;
«баспа жүйесі» программасының міндеті мен интерфейсін;
баспа ісі ұғымының базалық ұғымдарын;
кітапша, кітап, журналдар, жарнама беттерін рәсімдеу ережелерін;
макет ұғымын;
беттеудің негізгі ұғымдарын.
11-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
кез келген мектеп пәнінде және өзін-өзі дамыту мақсатында мәтіндік процессорды, графикалық редакторды, баспа жүйелерін қолдануды;
операциялық жүйе мүмкіндіктерін ақпаратты қорғау үшін пайдалануды;
вирусқа қарсы программаларды қолдануды;
іс жүзінде ақпаратты сақтандыру мен қорғау шараларын қолдануды;
векторлық графикалық редакторда файлдарды ашуды сақтауды, файл құруды;
қарапайым объектілерден (сызықтардан, доғадан, шеңберден және т.б.) құюдың алуан түрлерін қолданып суреттер салуды;
объект контурларымен жұмыс істеуді;
қисықтардан суреттер салуды;
даяр топтамалардан жасалынған объектілерді импорттауды және экспорттауды;
растрлық графика редакторын іске қосу және оның құралдарын қолдануды;
фотобейнелерді түзетуді және көркемсуреттік өңдеу жүргізуді;
коллаждар құруды;
«баспа жүйелері» программасын іске қосуды;
баспа жүйелерінің мәзір программаларындағы пункттарын білуді;
кез келген баспа өнімдерін беттеуді;
бетте әртүрлі типтегі объектілер үзінділерін дұрыс орналастыруды.
Жеке тұлғалық нәтижелер оқушылар көрсетуі тиіс:
ақпаратқа оның таралуының құқықтық пен этикалық қырларын және оны сезіну талғамын ескере отырып жауапты қатынас жасай алу;
оқу мазмұнын өз өмірлік тәжірибесімен байланыстыруға қабілеттілік, информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында ақпараттық қоғамның даму жағдайында даярлықтың мәнін түсінуге икемділік;
өз білім деңгейін жоғарылатуға және оқуды информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын қолданып жалғастыруға даяр болу;
өзін кәсіби анықтаудың басталуы, ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен байланысқан кәсіп әлемімен танысу;
үлкен адамдармен және қатарластарымен әртүрлі әлеуметтік жағдайларда бірлесу дағдысын дамыту;
қақтығыстық жағдай жасамауға және дау болған жағдайдан шығуға жол таба алу;
жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау;
салауатты өмір салты құндылығын негізгі гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын техникалық қауіпсіз пайдалану жағдайында қабылдауға икемділікті және даярлықты.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылар алған білім мен біліктіліктерді күнделік өмірде және тәжірибеде қолдануы тиіс:
коммуникациялық еңбекті автоматтандыра алу;
ақпараттық білім қорларын оқуда тиімді пайдалана алу;
Интернет желісінде қолдануға болатын қарапайым ақпараттық өнімдерді (Web-беттерді, анимациялық объектілерді және т.б.) өзгерту мен қалыптастыра алу;
ақпаратты мультимедиа объектілері, мәтіндік құжаттар түрінде (баяндамаларды, мақалаларды, рефераттарды) бере алу ;
өз ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыра алу;
оқу және практикалық есептерді компьютер мүмкіндігін қолданып шеше алу;
ақпараттық кеңістіктегі бағдарлай алу, іс жүзінде қажетті, оның ішінде өзін-өзі танумен және кәсіби бағдармен байланысқан жеке танымдық қызығушылыққа қатысты ақпаратты іздеу мен іріктеудің кең таралған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу;
қарапайым ақпараттық объектілерді графикалық бейне және полиграфиялық басылым түрінде, оның ішінде оқу жұмыстарын көркемдеу үшін қалыптастыру;
өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық объектілердің жеке топтамаларын қалыптастыру;
оқуда және жеке хат алмасуда телекоммуникациялық арналар бойынша ақпарат тарату, қоғамның ақпараттық ресурстарын сәйкес құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып қолдану.
«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Түсінік хат
«Информатика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын алу болып табылады.
Оқыту міндеттері:
қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;
визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
дербес компьютердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қызметтік программаларды қолдана білу;
ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан мектеп пәнін оқыту тиімділігін жоғарылатады.
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:
визуалды программалау құралдарын қолданып қосымшаларды құруда әртүрлі сандық деректерді қолдану;
жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде есеп шығаруда математикалық формулалар мен функцияларды қолдану;
координаталық жүйелерін қолданып объект-модельдерді жасау;
шама ұғымы математика пәнінің шамалары негізінде және салыстырмалы түрде оқытылады.
«Геометрия» пәнімен пәнаралық байланыс:
компьютерлік графиканы қолданып 3-D объектілерді жасау;
координаталық жүйелер, проекциялар және олардың компьютерлік графика мен модельдеуде қолданылуы;
геометриялық шамаларды есептеу.
«Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:
ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалана отырып, физикалық үдерістерді қарастыру;
проекция және векторларды компьютерлік графика және модельдеуде қолдану;
физикалық үрдістерді модельдеу.
«Химия» пәнімен пәнаралық байланыс:
мектеп қабырғасындағы оқыту үрдісінде орындалатын аталған пән аймағында жобаларды құру;
визуалды программалау ортасы арқылы химиялық үдерістерді модельдеу.
«Қазақ, орыс және шетел тілдері» пәндерімен пәнаралық байланыс:
жобалық іс-әрекеттерді орындағанда орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;
информатика және ақпараттық технологиялар саласының терминдерімен сөз қорының байыту, оның ішінде халықаралық терминдерімен;
программалау тілдерінің синтаксисін түсіну, компьютерлік терминологияны меңгеру;
телекоммуникациялық ресурстар шетел тілін оқудағы құрал ретінде қарау.
«Әдебиет» пәнімен пәнаралық байланыс:
оқушылар сахнада сөйлеудің жоспары мен хронометражын құра білу.
«География» пәнімен пәнаралық байланыс:
экономика мен географияны оқып үйренуде деректер қорын қолдау құралы ретінде жасау.
«Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:
объектілердің «жанды» графикалық бейнелерін визуалды өнімге, Web-беттерге орналастыру үшін қалыптастыру.
«Тарих» пәнімен пәнаралық байланыс:
әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;
3-D модельдеу және анимация шығу тарихының алғы шарттары.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен пәнаралық байланыс:
ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу.
2.10-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны
Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):
әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар, білім беру ақпараттық ресурстары.
Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):
программалаудың даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі;
құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау.
Алгоритмдеу және программалау (17 сағат):
визуалды программалаудың технологиясы;
қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы;
терезелер, пішіндер және объектілер, процедуралар және функциялар;
оқиға, объект, қасиеті мен әдістері,жобаның интерфейсін құру;
қадамдап бөлу;
графикалық әдістер мен процедуралар;
объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа.
Ақпараттық технологиялар (8 сағат):
3D-модельдеу және анимация;
виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі;
3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе;
орнын ауыстыру және өзгерту;
программа интерфейсі;
объектілері;
сығып шығару, бөлімшелер (subdivide), программада Булева операциялары, модификаторлар;
Mirror – айналық бейнелеу, программада объектілерді тегістеу, материалды қосу, материал қасиеті, Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар.
Жобалық іс-әрекет (4 сағат).
3.11-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны
Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
ақпаратты іздеу және таңдау, іздеу әдісі, таңдау критериясы, сараптама жүйесі, жасанды интеллект.
Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):
қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу, программалық қамтамасыз етуді орнату және жою, операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру.
Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация (21 сағат):
деректер қоры (кестелік, иерархиялық, желілік), реляциалық деректер қоры, деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ), деректерді ұсыну пішіні (кестелер, пішіндер, сұраныстар, есептер), деректер қорын ұйымдастыру, көп кестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру;
желілік технологиялар, байланыс каналдары және олардың негізгі мінездемелері, жергілікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық;
алмастыру хаттамалары, TCP/IP деректерін жіберу хаттамасы, желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары;
html-программалау, интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары, Web-беттер және сайттар, тэгтер, атрибуттар, мәтінді пішімдеу, тізімдер, Web-бетте графиканы орналастыру, түстер, Web-беттегі гиперсілтемелер, кестелер, Web-беттегі пішіндер, Web-беттерді құру құралдары, Web-сайтты тестілеу, жариялау, сүйемелдеу.
Жобалық іс-әрекет (6 сағат).
Резерв (1 сағат).
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
10-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
қауіпсіздік техника ережесін;
ақпараттық жүйелер және ресурстар ұғымын;
программалау тілінің тарихын;
жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;
программалау жүйелерінің ерекшеліктерін;
құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы программалау ұғымдарын;
объектілі-бағдарлы ортасында құрылған файлдар міндеті мен типтерін;
Standard құралындағы объектілердің негізгі қасиеттерін;
ақпаратты енгізу және шығару объектілерін;
типтерді түрлендіру функцияларын;
тышқан және пернетақта оқиғасын;
сұхбатпен, мәзірмен, таймермен жұмыс істеу әдістерін;
оқыту, бақылау және ойын программаларын өндеу қағидаларын;
3D графигін;
3D объектілерімен жұмыс істеу негіздерін;
3D объектілерінің редакциялау техникасын;
анимацияланған қойылымдарды құрудың негізгі кезендерін және оларды іс-жүзінде қолдануын;
авторлық объектілерді қолдану қағидаларын;
оқу жобаларына қойылатын талаптарын;
ақпаратты пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларын;
«жоба тақырыбы», «жоба идеясы» , «гипотеза», «проблемалық сұрақ», «жоба міндеттері» ұғымдарының мәнін;
жобаны бағалау және процедураны қорғау.
10-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техниканы сақтауды;
символдық және сандық деректерді өңдеуді жоғары деңгейлі программалау тілдерінің кез келген ортасында программалауды;
жобаны сақтауды, терезе арасында ауысуды;
объектілер Инспекторында және программада объектілер қасиеттерін өзгертуді;
негізгі алгоритмдік құрастырылуды жобада қолдануды;
графикалық бейнені құруға арналған әдістерді қолдануды;
әдістер мен оқиғаларды жобаларда қолдануды;
бірнеше пішіннен, мәзірден, құрал-саймандардан тұратын аяқталған қосымшаны қалыптастыруды;
Достарыңызбен бөлісу: |