Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі Болат Бақытбекұлы Байқас



бет2/4
Дата29.03.2020
өлшемі0,49 Mb.
#61000
1   2   3   4
Байланысты:
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі

«Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі, Ана мектебі. Аға мектебі, «Жеңге мектебі» қосымшада түсіндірілген.

Отбасылық құндылықтарды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру мен дамытуда барлық мүдделі тараптар (құзырлы мемлекеттік органдар, ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйымдар, мектептер мен ата-аналар, оқушылар т.б.) біріге отырып, жүйелі түрде кешенді шараларды әзірлеп, оларды іске асыруға жұмылуы қажет.

Жаһандану жағдайындағы елімізде ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз.

Қорыта айтқанда, біздің ел ұлт тарихы терең, ғасырлар қойнауынан сүзіліп, екшеліп жеткен берік салт-дәстүрі бар қайсар ел.Осыны келешек ұрпақ ұғымы, мақтан етердей жүректеріне орнықтыру,біздің бүгінгі ат үстінде жүрген баршамыздың ең басты міндетіміз болуы шарт.

2 Орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасы институтының маңыздылығы мен отбасы құндылықтарын тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар

Қазіргі уақытта мектеп пен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін реттеу үшін олардың арасындағы үлгі шарт міндетті түрде жасалады. Осы құжат негізінде ата-аналар оқушыға білім беру мен тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру ұйымымен бірлесіп әрекет жасауға, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында көзделген ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңестің, ата-аналар жиналыстары шешімдерін ескеру, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарының басшы органдарының жұмысына қатысу тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыруға қатысуға құқылы.

Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмыстары ҚР-ның төменде көрсетілген нормативті-құқықтық құжаттарына сәйкес жүргізіледі:

1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі. 26.12.2011ж.;

4) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы. 2002ж.;

5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы. 2009 жыл;

6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР заңы 02.07. 2018 ж. №169-VI З ҚР;

7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27.07. 2007 ж.;

8) БДМБ 2020 - 2025 жж. ҚР үкіметінің №988 қаулысымен 27.12.2019 ж.;

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.

Көрсетілген Заң баптарынан үзінділер келтіреміз.

Бала құқығы туралы Конвенцияның 29- бабы «Білім беру міндеті»

Білім беру мекемелері баланың жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамыту керек; ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуы керек.



Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңның 6,11, 20, 34, 49 баптарынан.

Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:

1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;

2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;

3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;

4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу;

5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету;

6) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.



«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері:

  1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық

  2. Психологиялық зорлық-зомбылық

  3. Сексуалдық зорлық-зомбылық

  4. Экономикалық зорлық-зомбылық

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңынан.

Бұл Заң балаларды денсаулығына және имандылық, рухани, психикалық, физикалық және әлеуметтік дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен заңнамалық кепілдіктерді енгізу арқылы балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан.

Жалпыға ортақ құндылықтарға, тарихи тәжірибеге, рухани мәдениетке және ғасырлар бойғы халықтық дәстүрлерге негізделген мемлекетіміздің білім саласындағы саясатының негізгі бағыттарын айқындады.



«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінен.

10-тарау. Баланың құқықтары. 60, 62, 67 баптар;

11-тарау. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері. 70, 72 баптар.

Бұл заңдар бала тәрбиесі бойынша жауапкершілікті жан-жақты баяндайды. Баланың үздіксіз дамуын қадағалау, бала денсаулығына қамқорлық жасау, еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдауға және баланың жан-жақты дамуына көмектесу.Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту. Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға сонымен қатар болашақ өмірге дайындау болып табылады.

Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан мектептер ата-аналармен келісім-шарт жасайды. Бұл құжатта білім алушы, ата-ана және мектеп міндеттері көрсетілген [38]. (Қосымша 1).

Бала мектепте 6, 7 сағат болса, 18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері класс жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және мектепте балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға арналған жылдық жұмыс жоспары құрылуы тиіс.

Сіздердің назарларыңызға Батыс Қазақстан облысының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының педагогы Амирова Бақытжамал Ғалымжанқызы әзірлеген ата-аналармен бірлесіп жасалатын жұмыс жоспарын ұсыныс отырмыз [39].

Жоспарда әр тоқсанның соңғы күндері «Ата-аналар» күні болып белгіленген. Ата-аналармен тақырыптық жиналыс өткізіледі (6-кесте)
6-кесте – Ата-аналармен бірлесіп жасалатын жұмыс жоспары


Мерзімдері

Ата-аналарды педагогикалық ағартудың тақырыптары

Жанұялармен жүргізілген жеке-дара жұмыс

Қыркүйек

«Ал, енді танысайық» ата-аналар жиналысы

Кеңесті сайлау және оның жұмысын жоспарлау

«Ортақ істеріміз» атты ата-аналар жиналысы

Бірлескен істерді жоспарлау үшін сауалнама, тренинг

«Отбасы және тәрбие бастауы»

Ата-аналар жиналысы

Қазан

Ата-аналармен жеке пікірлесу

Сұхбат-пікірлесу

«Біз шығармашыл жандармыз»

Ата-аналар мен оқушыларға арналған көрме

«Ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесі»

Тақырыптық кеңестер

Қараша

І тоқсанның қорытындысы




Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хат

Алғыс хаттар, мадақтамалар

Психолог, мамандар дәрісі

Сауалнама, пікірлесу.

Желтоқсан

Ата-аналар жиналысы «Отбасындағы бала тәрбиесі».

Жаңа жылға ұжымдық шығармашылық даярлық.

Қаңтар

Ата-аналармен жеке пікірлесу.

Психолог, мамандар кеңесі



Сұхбат-пікірлесу.

Кеңес беру



Ақпан

«Ұл тәрбиесі» атты тақырыптық кеңес

Кеңес беру, пікірлесу.

Наурыз

«Жатақхана аруы».

«Отбасындағы қыз тәрбиесі»



Тақырыптық кеңес

Сәуір

ІІІ тоқсанның қорытындысы.

Оқушылардың ең үздік жұмыстарының көрмесі



Көрме

Мамыр

Жыл қорытындысы. Ата-аналар жиналысы

Ата-аналарға мерекелік концерт. Алғыс хаттар


Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.

Ерекше қажеттілігі бар балаларға отбасылық дәстүрлердің маңызы ерекше.Отбасылық дәстүр бұл ерекше кездесулер мен отбасылық мерекелер, бүкіл отбасының табиғатқа бірлесе шығуы (қонаққа және т.б.), концерттерге (көрмелерге, спектакльдерге) баруы, жақындарына сыйлықтар дайындауы, фильмдерді бірлесіп көруі, шай ішу, бірлесіп серуендеу (табиғатқа, мұз айдынына, саябаққа және т. б.) [36].

Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен биылғы жыл «Волонтерлер жылы» деп жарияланды. Президент өз сөзінде биылғы жылдың міндеттеріне тоқталып, бірнеше бағыттарын (7-кесте) атап өтті [40].


7-кесте – «Волонтерлер жылы» бағыттары




Бағыттары

Мақсаты мен міндеті

1

«Саулық» бағыты

Медициналық волонтерлік дамып, науқастарға қамқорлық көрсетіледі.

2

«Таза әлем» жобасы

Бұл қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету.

3

«Асыл мұра» бағыты

Волонтерлерді халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға тартады.

4

«Қамқор» бағыты

Еріктілердің қарттар үйлерінде жұмысына бағытталған.

5

«Білім» бағыты

Бұл ауыл мектептерінің жоғары класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту.

6

«Үміт» жобасы

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыздың ерліктерін паш ететін құжаттарды іздеуге бағдарлау.

Бұл бағыттардан бөлек волонтерлер балалар үйлеріндегі балаларды қамқорлықтарына ала алады.


Волонтерлікпен айналасатын адамдарды волонтер деп атайды. Олар ақысыз, ерікті қоғамдық жұмыс атқаратындарға жатады.

Қоғам үшін пайдалы іспен айналысатын білім алушыларға инклюзивті білім беру, репетиторлық, девиантты мінез-құлықты кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс, аула және спорт клубтарын ұйымдастыру, қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету сияқты бағыттар бойынша жұмыс ұйымдастыруға болады. Жалпы волонтерлық қозғалысты одан әрі дамыту қажет.Бүгінгі таңда жастардың көпшілігі ауылдарға барып, ағылшын тілін үйретіп жүрсе, бір жағынан балалар үйлерінде тәлімгерлікті дамытуда. Бұл да игі істердің бірегейі болмақ.

Кіші мектеп жасындағы балалар үшін мынадай қызмет түрлері қолайлы: қарт адамдар, ардагерлер үшін кәдесыйлар жасау; ертегілер қою және көрсету; ата-аналарға, мектепке қажетті көмек көрсету; «жақсылық» тақырыбына суреттер көрмесін безендіру және т.б.

Орта мектеп жасындағы жобаға қатысушыларға бастауыш класстар мен балабақшаларда әр түрлі мерекелерді өткізу, сенбіліктер ұйымдастыру, қарт адамдарға, жалғыз басты адамдарға және мүгедектерге, ардагерлерге атаулы көмек көрсету,жылжымалы көрмелерді дайындау; ақпараттық орталық және тағы басқа жұмысына қатысу.

Жоғары класс білім алушылары мен колледж студенттері үшін орынды:

- жергілікті қоғамдастықтардың көмекке қажеттілігін анықтау мақсатында қоғамдық пікір мен зерттеулер жүргізу;

- әлеуметтік обьектілерді тұрақты қамқорлыққа алу;

- ардагерлерге, қарт адамдарға, жетім балаларға, мүгедектерге атаулы көмек;

- экологиялық, патриоттық және т. б. акциялар өткізу;

- ақпараттық орталықтың жұмысын ұйымдастыру;

- колледж студенттерінің алған білім бейіні бойынша еріктілік қызметін ұйымдастыру (жастар кеңестері, өңірлерде ашық сабақтар және т.б.).

2. Қалалық, республикалық, халықаралық ерікті ұйымдармен ынтымақтастық.

Жобаға қатысушылар қалалық, республикалық, халықаралық іс-шараларға, акцияларға, бағдарламаларға, форумдарға, слеттерге және т.б. қатысады, балалар мен жастардың ерікті қозғалыстарымен және бірлестіктерімен ынтымақтастықты дамытады.

Білім беру ұйымдарындағы волонтерлік қызметтің келесі негізгі бағыттарын ұсынамыз:

- Әлеуметтік волонтерлік.

- Экологиялық волонтерлік.

- Спорттық волонтерлік.

- Мәдени волонтерлік.

Жалпы алғанда еріктілердің бірлескен іс қимылы «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сүйенеді.

Күтілетін нәтижелер:

Білім аулшылар мен студенттердің волонтерлік қозғалысқа қатысуы оқушылардың дүниетанымының өзгеруіне ықпал етеді және қоғамға да, еріктілердің өзіне де пайда әкеледі. Өзінің жеке әлеуетін іске асыру, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсету, адамдық мақсатын жүзеге асыру адамның қоғамға қызмет етуге қатысуының жетекші себептеріне айналуы тиіс.

Отбасылық құндылықтарды оқыту процесінде (сабақтар) қалыптастыру.

Білім беру ұйымдарының бастауыш пен негізгі орта білім беру бағдарламаларына отбасылық құндылықтар бойынша тақырыптар енгізілген.

Сабақта білім алушылар тақырыптарда берілген тақырыптармен жұмыс жасайды. Коммуникативті қарым-қатынас әртүрлі әңгімелеу, сөйлеу түрлері арқылы жүзеге асырылады. Бұл оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, проблемалық мәселелер туғызуға, өзін-өзі талдауға, оқу мақсаттарына жетуге, өмірде маңызды болып табылатын дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Өзін-өзі тану», «Құқық негіздері» және «Адам. Қоғам. Құқық», «Дүниетану», «Биология» пәндерінің оқу бағдарламаларына жас ерекшеліктеріне орай отбасылық құндылықтарға қатысты тақырыптар берілген [41].

«Адам. Қоғам. Құқық» пәні

Отбасылық тәрбиенің құқықтық негіздерін 9-классқа арналған «Құқық негіздері» және «Адам. Қоғам. Құқық» пәндерінен толыққанды оқытамыз.

Бұл пәндерде ұлттық құндылықтарды, рәміздерді, қастерлеу, қадірлеу ұғымы қалыптасады. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды қорлаған білім аулышының ата-анасының жауаптылығы түсіндіріледі.

Бұл пәндер балаларға туыстық қарым-қатынастың мағынасы мен мәні ғылыми және құқықтық жағынан түсіндіріледі.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-класына арналған «Адам. Қоғам. Құқық» оқу бағдарламасында «Қоғам және отбасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


  • отбасының шығу тарихы;

  • отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшелігі;

  • отбасы мүшелерінің әлеуметтік міндеттері;

  • қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі мен мәні.

«Құқық негіздері» пәні

Негізгі білім беру деңгейінің 9-класына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы «Отбасы құқығы»

бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:



  • отбасы құқығының түсінігі;

  • некені қию және тоқтату жолдары;

  • отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;

  • отбасының қоғамдағы маңыздылығы.

Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға және олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бұл мәселелер келесі оқу міндеттерінде көрсетілген:

9.5.1.1 - неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру;

9.5.2.1 - некені қию және тоқтатылу шарттарын анықтау;

9.5.3.1 - отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау;

9.5.3.2 - құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау;

9.5.4.1 - отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау.



«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінде отбасылық құндылықтар мазмұндас тақырыптар арқылы беріледі:

1- класста (ІІ тоқсан):

«Менің отбасым және достарым»

ІІІ тоқсан

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

2-класста:

І тоқсан


«Менің отбасым және достарым»

ІІІ тоқсан

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

5-класста:

І тоқсан

«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер».

М.Мақатаев «Тоқта, ботам!» өлеңі

6-класста:

І тоқсан

«Отан отбасынан басталады».

М.Әуезов «Абай жолы» романы, «Қайтқанда» тарауы (үзінді)

«Биология» пәні

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-класстарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасындағы «Координация және реттелу», «Қоректену», «Көбею. Өсу және даму» бөлімшелерінде жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіру, тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу, жыныстық жолмен берілетін аурулар және олардың алдын алу шаралары оқытылады. Бұл тақырыптарда отбасы және отбасы тәрбиесінің көрсетілген мәселелер бойынша ролі түсіндіріледі.



«Дүниетану» пәні

«Дүниетану» оқу пәнінің бағдарламасында «Мен және қоғам» және «Мен және отбасы» бөлімдері бар. Бұл бөлімдерде отбасы; отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау; «шежіре» ұғымы; отбасындағы қамқорлық; отбасылық мерекелер ұғымы түсіндіріледі.

Көрсетілген тақырыптарды ашу оқытудың келесі міндеттері арқылы жүзеге асады:

1-класс.


        1. түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;

        2. отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау;

        3. отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру.

2-класс

2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау.

2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру.

2.1.1.4 бақылау мен сауалнама негізінде тұтыну заттарына деген отбасы

қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу көзін анықтау.

3-класс

3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;

3.1.1.2 әулет шежіресін құрастыру;

3.1.1.3 өз отбасының құндылықтарын анықтау;



4-класс

4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу;

4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау;

«Өзін-өзі тану» пәні

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-класстары үшін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасында төмендегідей тақырыптар берілген[42].

1-класс


  • Адам – отбасы мүшесі.

  • Отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас.

  • Кеңпейілділік таныту.

  • Ынтымақтастық, өзара көмек, құрмет.

  • «Достық» ұғымы туралы түсінік.

  • Адам өміріндегі достықтың мәні.

  • Класстағы достық.

  • Достықтың біріктіруші бастауы.

  • Отбасындағы және мектептегі өзара көмек, қолдау, кішіпейілділік және қайырымдылық.

  • Адамның іс-әрекетіне көмекке келу ұмтылысын таныту.

  • Алғыс айту – адамның басты қасиеті.

  • Отбасында, мектепте, қоғамда алғыс айта білу білігі.

  1. класс

  • Отбасындағы жақсы өзара қарым-қатынас.

  • Адамшылық, қайырымдылық, түсіну, өзара көмек.

  • Отбасында өз мінез-құлқыңды басқару.

  • Өзін-өзі адамгершілікті кемелдендіру.

  • Жақсы мінез-құлық ережесі. Адам мәдениеті.

  • Денсаулық құндылығы.

  • Отбасындағы белсенді және салауатты өмір салты.

  1. класс

  • Отбасындағы жауапкершіліктер.

  • Отбасындағы жағымды қарым-қатынас және бірін-бірі қолдау.

  • Туған үй. Адамның отбасы.

  • Отбасындағы өзара қарым-қатынас негізі.

  • Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі.

  1. класс

  • Өзара түсіністік – отбасындағы жақсы қарым-қатынастың негізі.

  • Бірін-бірі тыңдау, есту және түсіну білігі.

  • Отбасылық дәстүрлер. Отбасындағы сыйластық.

  • Өзара түсіністік отбасындағы бақыттың шарты ретінде.

  • Отбасылық мейрамдар.

  • Отбасы бақыты.

5-9-класстардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұнында «Адам және әлем» тарауы бар. Бұл тарауда отбасылық құндылықтар келесідей тақырыптарда қамтылған:

4-класс. «Отбасы татулығы».

Мазмұндық негізі «Жақын адамдарға құрмет. Отбасындағы үлкендер мен кішілердің арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктері».

5-класс. «Отбасының жылуы».

Мазмұндық негізі «Бірге туғандар – адамның өмірдегі тіреніші. Адамның отбасы мүшелерінің арасында берік байланыстар орнатудағы жауапкершілігі. Өз отбасы мүшелеріне қамқорлық пен көңіл бөлудің көрінісі».

6-класс. «Отбасылық құндылықтар».

Мазмұндық негізі. «Отбасындағы жалпыадамзатық құндылықтар. Отбасы адамның рухани тірегі. Отбасы бақыты. Отбасындағы сенім».

7-класс. «Отбасын қадірлеу».

Мазмұндық негізі Сүйіспеншілік – отбасылық өмірдің негізі ретінде. Жақсылықтың жасампаздығы. Отбасы – өмір мектебі».

8-класс. «Отбасы татулығы – қоғамдағы татулық».

Мазмұндық негізі «Отбасы – адамгершілік дамуының алғашқы ортасы ретінде. Отбасындағы бірлік және өзара түсіністік. Кешіре білу білігі».



Оқу бағдарламаларында берілген тақырыптар білім алушыларға отбасы институтынан терең білім береді. Жалпыадамзаттық құндылықтардан бастап этнопедагогикалық, құқықтық білімін қалыптастырады.

Әрбір пән бойынша өткізілген тақырыптық сабақтар оқушылардың бойындағы отбасылық құндылықтарын толықтыра бермек.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде отбасы тәрбиесі бағытына сәйкесінше «Отбасы әлемі» жобасы қарастырылған. Жобаның басты мақсаты – ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру болып отыр.

Осы міндеттерді іске асыру тетіктері болып:


  • Білім беру ұйымдары «Қамқоршылар кеңесі» және ата-аналар комитеттері;

  • Репродуктивтік денсаулық орталықтары, мамандардың консультациялары, бірлескен отбасылық іс-шаралар;

  • «Өзін-өзі тану» ҰДО бағдарламасы шеңберінде ата-аналарды оқыту;

  • Жастар мен ерлердің мінез-құлық мәдениеті туралы сұхбат алу;

  • Жоғары класс білім алушыларына және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Отбасылық өмірдің этикасы» бойынша элективті курстар ұйымдастыру;

  • Білім беру ұйымдарының қызметіне ата-аналардың қатысуы;

  • Әкелердің, әжелердің клубтары; ақсақалдар кеңесі;

  • Мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек, жалпыға бірдей білім беру;

  • Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық;

  • Аула клубтарының жұмысын қалпына келтіру;

  • Ақысыз негіздегі қосымша білім беру мекемелеріне балалар мен жастарға қолжетімділікті ұйымдастыру;

  • Элективті курстар, фестивальдер, конкурстар семинарлар өткізу;

  • «Менің отбасым», «Жыл отбасы» конкурстарын ұйымдастыру;

Кітап көрмелерін және кітап өнімдеріне қоғамдық шолу; «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын ЖОО» жарыстары өткізілді.

Білім беру ұйымдарында отбасылық тәрбие беру механизмдеріне:

1. «Буккроссинг». Кітап алмасу үшін арнайы орындар ұйымдастыру;

2. «Қадірлі сыйлық». Кітапханаларға кітаптарды ерікті түрде тапсыру үшін қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру;

3. «Кітапхана – білім ордасы». Оқушылардың кітапхана қызметкерлерімен, оқушылар үйлердегі әдеби кештер және оқушылар демалыс орталықтарында кездесулер ұйымдастыру;

4. Отбасылық оқуға арналған кітаптар, альбомдар, буклеттер, фильмдер, бейнематериалдар және т.б. ұйымдастыру.

Бұл шараларды қамтамасыз ету жолдары:

- оқуды мәдениеттің маңызды элементі ретінде және интеллектуалды әлеуетті, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, жастардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру құралы ретінде толық қолдау;

- білім беру мекемелерінде кітап алмасу үшін арнайы орындарды ұйымдастыру - буккросингтер;

- білім алушылар мен үлкендер арасында (кітапханашы, мұғалім, ата-ана, білім алушы) кітапқа деген ортақ қызығушылық негізінде (ертегілер, аңыздар, мысалдар, хикаялар, эпостар) бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру.

Отбасылық тәрбие жұмыстарын критериалды бағалауға өзінің жанұясы мен ұрпақтарына отбасы құндылықтары мен моральдық қағидаларды сақтауы арқылы үлгі көрсетуі жатады [6].

Сабақтан және мектептен тыс өтетін отбасылық тәрбие жұмыстары мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

2015 жылғы 2-қарашада Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды. Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Елімізде осы заңға сүйенген отбасылық тәрбиені қамтитын төмендегідей қозғалыстар, бірлестіктер, одақтар, институт, ұйымдар бар:



  1. «Алдаспан» қоғамдық қоры.

  2. БИЛ қоғамдық қоры.

  3. «Бақытты бала» қоғамдық қоры.

  4. «Бақытты бала» әскери-қоғамдық қоры.

  5. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» БЖҰ қоғамдық бірлестігі.

  6. «Жанұя Отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қоры.

  7. «BILIM FOUNDATION» қоғамдық қоры.

  8. Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық қоры.

  9. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты.

  10. «Асыл бала» қоғамдық қоры.

  11. «Келешек» психологиялық орталығы.

  12. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.

  13. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі.

  14. «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлемеуттік жобаларды дамыту қоры.

  15. Отбасылық тәрбиелеу институты.

Аталған ұйымдар жұмысы заңға сәйкес бала мен отбасы тәрбиесіне бағытталған. Ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелер толығымен қамтылған және қол жетімді. Өзіңізді мазалаған мәселелердің жауабын осы ұйымдардың сайтынан табуға болады.

Отбасылық тәрбиелеу институты. Отбасылық тәрбиелеу институты отбасылық тәрбиеге байланысты екі тілде журнал (1-сурет) шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет