Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі Болат Бақытбекұлы Байқас



бет1/4
Дата29.03.2020
өлшемі0,49 Mb.
#61000
  1   2   3   4
Байланысты:
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі

Болат Бақытбекұлы Байқас


Кіріспе …………………………………………………….............................

2

1

Дәстүрлі мәдени құндылықтар - отбасындағы тәрбиенің негізі .........

4

2

Орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасы институтының маңыздылығы мен отбасы құндылықтарын тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар .........................................................

10


Қорытынды .....................................................................................................

39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................

40

Қосымша .........................................................................................................

42



Кіріспе
Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы.

Сэмюэл Смайлс
Тұңғыш Президентіміз, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жаңғыру жағдайындағы еліміздің болашағын айқындайтын аса маңызды бағдарламалық құжат болып табылады [1].

Бағдарламалық мақалада білім беру саласының жаңа бағыт-бағдары, міндеттері айқын көрініс тапқан. «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» - деп көрсеткен Н.Ә.Назарбаев білім алушыларда ұлттық сананы қалыптастыруды ұсынады. Сонымен қатар, кейінгі жылдары жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» [2] мен «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» [3] мақалалары да «Рухани жаңғыру» мазмұнымен сабақтас туындылар. Ел басшылары бұл мақалаларында Ұлттық сананы қалыптастыру жолында ұлттық рухымызды оятатын әдебиетіміз мен мәдениетімізді жас ұрпаққа танытудың маңыздылығын түсіндіреді.

2020 жылы Американың «U.S. News & World Report» жаңалықтар журналы «Бала тәрбиесіндегі үздік елдер» рейтингін жариялады. Журнал алдымен «адам құқықтарын сақтау, отбасын құрметтеу, гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін қоршаған орта, бақыт деңгейі, табыс теңдігі, қауіпсіздік деңгейі, мемлекеттік білім берудің дамуы және денсаулық сақтау жүйелері» бағытында жаһандық сауалнамаға жүргізген. Сегіз түрлі көрсеткіштердің нәтижесі бойынша Қазақстан соңғы орынды иеленді» деп жазады Qazweek.kz сайты.

Білімдегі бұл ахуал білім берудегі тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарас қажеттігін көрсетіп отыр. Сондықтан, рухани жаңғырудың ауқымды идеяларын жүзеге асыру үшін алдымен қоғамдағы құндылықтарды анықтау қажет болды. Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты, еліміздегі Фридрих Эберт қоры, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары» және «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында қазіргі заманғы қазақстандық қоғам құндылықтары» атты әлеуметтік зерттеулер жүргізді.

«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының зерттеу деректері бойынша «қазақстандық патриотизмді» маңызды құндылық ретінде сауалнамаға қатысқандардың 13 %-ы ғана атап көрсетті. Бұл еліміздегі отбасы тәрбиесінде үлкен олқылықтың барын көрсетіп берді [4].

Отанға деген сүйіспеншілік отбасыдан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі» [5].

Халқымыздың ғасырлар бойғы қалыптасқан отбасылық тәрбиесі де өзгеше. Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасындағы тағылым мен үлгі-өнегенің, тәлім-тәрбиенің жүйелі, бірізді жүргізілуінен бастау алатыны баршаға белгілі. Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы – отбасы тәрбиесі. Отбасында бала еңбек етуге, өмір сүруге әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көзқарасы қалыптасады.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы білім алушылар арасында отбасылық қарым-қатынасты анықтау мақсатында әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізді. Зерттеу деректері бойынша ата-аналардың 62 %-ы өз балаларына жеткілікті уақыт бөлмейді, 43 %-ы балаларының проблемаларына аз мән береді [4].

Балалардың өз-өзіне қол жұмсауының өсуі сақталып отыр (2018 жылы балалардың арасына өз-өзіне қол жұмсаудың 178 оқиғасы тіркелді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,6 %-ке жоғары).

Сондықтан, білім беру саласында отбасы тәрбиесін дамыту өзекті болып отыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (бұдан әрі – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері) әзірленді. Бұл құжатта тәрбиенің базалық мазмұнын жаңартудың басым бағыттары анықталады. Соның бірі отбасы тәрбиесіне арналды [6].

Сонымен қатар, 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі- БДМБ) 5 бағыт, 11 міндет қарастырылған. «Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету» бағытында негізгі міндеттердің бірі «жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту» болып бекітілді [4].

Жоғарыда айтылған бағыт пен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім алушылардың отбасылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралын әзірлеп отыр.

Себебі, орта білім беру беру жүйесіне отбасылық құндылықтарды енгізу барысында мектеп директорына, оның орынбасарларына, мұғалімдерге, психологтарға ғылыми-әдістемелік көмектің ауадай қажеттілігі туындады.

Бұл әдістемелік ұсынымда өскелең ұрпақтың бойына отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың бірегей жолдары қарастырылған. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрімізді талдап, саралай отырып оны жаңғыртып жас ұрпаққа заманауи үлгіде ұсынады. Білім беру ұйымдарында ата мен әке, әже мен ана, аға мен жеңге мектебін ұйымдастыру жолын үйретеді. Сабақтың мақсаты мен міндетін дұрыс қою арқылы әулет ішіндегі ынтымақ пен бірлік, бауырмалдық құндылықтарын және ағайын арасындағы туыстық атауларды үйретеді. Отбасылық құндылықтар бойынша тапсырмалар, танымдық сұрақтар, тренингтер, зияткерлік ойындар берілген. Осы арқылы білім алушыларды күнделікті өмірде отбасылық құндылықтарды орынды қолдана білуге тәрбиелейді.

Білім алушылардың бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда әдістемелік ұсынымның көмегі көп деп сенеміз.



1 Дәстүрлі мәдени құндылықтар отбасындағы тәрбиенің негізі

«Отанды сүю отбасынан басталады»


Төртінші өндірістік төңкеріс пен әлемдік жаһандану заманында материалдық құндылықтар алға шығып, рухани құндылықтардың дамуы кідіре бастады. Бұған дәлел жастардың жат ағымға ілесуі, қоғамдық санасының адасуы, шет елдерге еліктеушілік және ұлттық құндылықтарға «шекесінен қарауы» бола алады. Осының барлығы ең бірінші тәрбиеден болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бекітілді [6].



Тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінде тәрбиенің сегіз бағыты берілген (1-кесте). Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің бағыты адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін құндылықтарды жандандыру арқылы «Рухани Жаңғыру» мақсатын жүзеге асыруды көздейді [6].
1-кесте – Тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінің 8 бағыты




Тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінің 8 бағыты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

3

Ұлттық тәрбие

4

Отбасы тәрбиесі

5

Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие

6

Көпмәдениетті және көркем әстетикалық тәрбие

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі


Берілген сегіз бағыт тәрбиенің сан қырлы мәселелерін назардан тыс қалдырмайды. Керісінше олардың өзектілігін анықтап, тәрбие жұмысын жандандыруға бағыт береді. Адамның ішкі мәдениеті, болмысы,мінез-құлқы көрсеткішін жан-жақты дамытуға негіз болады. Адам жеке басының қасиеттері арқылы бағаланады. Тәрбиелі адам тіркесін құндылықтарды меңгерген

Тәрбие – адамзат тарихының біте қайнасқан,ажырамас бөлігі. Тәрбиенің нәтижесінде сан ғасырлардан қалыптасқан ұлттық сана, іс-тәжірибе, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар асыл мұра ретінде осы күнге дейін жетті.

Дүниежүзілік экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінің оқу бағдарлармалары мен білім стандарттарында жалпыадамзаттық құндылықтын 39 түрі енгізілген. Ынтымақтастық, құрмет, жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық, кемелдену, этика-әдеп, табандылық, Отансүйгіштік, кішіпейілділік, сүйіспеншілік, жомарттық, әділдік, эмпатия, қанағат, тазалық, денсаулық, батылдық қасиеттері жалпыадамзаттық құндылықтарға жатады. Қазақстандағы білім беру жүйесіне құндылықтардың 7 түрі ғана бар.

Бұл жалпыадамзаттық құндылықтар тәрбиенің Тұжырымдамалық сегіз бағытына топтастырылған (1-сызба).

1-сызба. Жалпы адамзаттық құндылықтар [25].
Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы жәнс педагогикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнің (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем және; көріксіздік) түсіндіру үшін қолданылады.

Жалпыадамзаттық құндылықтардан философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының занды нәтижесі болып табылады. Мамандар оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игертуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» – деп халыққа рухани бағыт беріп отыр. Оның басты мақсаты – тарихы терең ұлт құндылықтарын сақтау, мәдениетімізді жаңа заманға сай жандандыру, дамыту. Ұлттық құндылыққа –

Тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр жатады (2-кесте) [25].


2-кесте – Ұлттық құндылықтар


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Тәуелсіздік – мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы.

Патриотизм- бұл өз отанын мен жеріне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз елінің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол жеткізу ниеті және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін көтеруі.

Толеранттық ‒ бұл біздің әлем мәдениеттерінің, өзін-өзі көрсету формаларының және адамгершілік даралығын көрсету тәсілдерінің бай көптүрлілігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну. (16 қараша ‒ Халықаралық толеранттық күні).

Ана тілі ‒ белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл.

Заңға бағынушылық-заңды дәлме-дәл орындау.

Этникалық мәдениет – әрбір халықтың және барша адамзаттың байлығы, рухани материалдық шеңберіндегі өмірі.

Салт-дәстүр – халықтың рухани азығы. Қалыптасқан әдет-ғұрпы.


Рухани жаңғыру аясында бірқатар жобалар қолға алынуда: көне жәдігерлерімізге назар аударылып, қазақ ұлыларына арнап ескерткіштер салынуда, мәдениет, спорт кешендері дамып, жастар жағын білімге, тәрбие мен өнерге баулу жолында көптеген республика деңгейіндегі конкурстар ұйымдастырылып, ұлт құндылықтарын насихаттап, оларды ұлттық кодын сақтай отырып жаңарту, жаңғырту мақсатында бірқатар істер атқарылуда.

Бүгінгі күннің сұранысы да ұлы ата бабаларымыздың ізімен ерген – сапалы тәрбие, біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез-келген ісінде патриоттық сезімі көрініс тапқан ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде ең алдымен отбасы, қоғам, мектеп бір болып еңбек етуі керек.

Ұлттық құндылықтардың бір компонентіне отбасылық құндылықтар жатады (3-кесте). Отбасылар бір-біріне ұқсамайды, әрі қайталанбайды. Әр отбасының тәрбие потенциалы әртүрлі. Отбасында баланың құқығын бұзбай дұрыс тәрбие беру үшін тәрбие принциптерін біліп, басшылыққа алу керек.



Отбасылық құндылықтар – бұл адалдық, ынтымақтастық, құрмет, сыйластық, жауапкершілік, эмпатия, сүйіспеншілік, Отансүйгіштік, батылдық, мейірімділік, бауырмалдық, еңбекқорлық, кішіпейілділік, этика-әдеп, денсаулық т.б.
3-кесте – Отбасылық құндылықтар.


ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

1

Салт-дәстүрді сақтау

2

Ана тілінде сөйлеу

3

Жеті ата және әулет

4

Көршімен татулық

5

Білім беру

6

Құдайға сену

7

Қанағат

8

Сабыр

9

Ынтымақтастық

10

Құрмет

11

Бауырмалдық

12

Сүйіспеншілік

13

Достық

14

Эмпатия

15

Жауапкершілік

16

Кішіпейілділік

17

Адалдық

18

Этика-әдеп

19

Отансүйгіштік

20

Еңбекқорлық

21

Мейірімділік

Отбасылық құндылықтар – моральдық нормалар мен ұлттық дәстүрлердің басты сақтаушысы болып табылады және тұлғаның ішкі дүниесінің қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің төртінші бағыты «Отбасы тәрбиесі» деп аталады. Бұл бағытта ата-аналар жұмысын жетілдіруге басымдық берілген. Білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдері ата-аналар комитеті арқылы қатысуға құқылы.

Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру болып табылады. Ата-аналардың интеллектуалдық және материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен класс жетекшісінің қызметі үшін негіз болуға тиіс.

Бұл үшін отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциясы, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесу, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру.

Әрбір оқу тоқсанының соңында қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу және ата-аналар қоғамдастығының алдындағы қамқоршылық кеңестің ашық есеп беруі, Білім күніне арналған жалпыұлттық класс сағаттары, «Менің отбасым» «Жылдың үздік жанұясы», «Жазда жанұямызбен» жас ата-аналар фестиваль-байқаулары, «Жылдың ең үздік ата-аналар кеңесі», «Жылдың үздік қамқоршылық кеңесі» слеттер, ата-аналар комитетінің форумдары, конкурстар, спорттық іс-шаралар: «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы», «Көңілді старттар» ірі жарыстар (оқушы ата-аналарының командалары, мұғалімдер) дәстүр бойынша қалады.

Осының барлығы отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді. Класс жетекшілері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ата-аналармен сабақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік педагогикалық және психологиялық қызметтер мамандарына ұсынылған әдістемелік ұсынымдамалар. Академия сайтында орналастырылған [36].

Отбасының басты мақсаты мен темірқазығы – бала тәрбиесі. Ендеше, жанұя тәрбиесі – тәрбие алудың негізгі іргетасы [37]. Яғни, адамның жеке тұлға болып ер жетіп өсуі мен адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі жанұяда қалыптасады. Сондықтан да «Отбасы – ғажап табиғаттың сыйы, тіршілік тірегі»,– десек қателеспейміз. Осыған орай, ұл-қыздарымыздың бойына ар-ұят, адамгершілік, инабаттылық, сүйіспеншілік, береке-бірлік, жанашырлық және т.с.с. асыл қасиеттерді бойына дарытатын имандылықтан бастау алған берекелі отбасының зор әсері баршылық.

Психологтардың зерттеуі бойынша отбасының төрт түрі бар.

1. Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар. Тәрбиешінің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар мен кеңестер артық болмайды. Психолог кеңес береді.

2. Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар. Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік ойы басым дамиды. Бұл педагогтің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Психолог, тифлопедагтың кеңесіне жүгінеді.

3. Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ. Олар өзара қарым-қатынастарын шеше алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы сөз болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда мамандардың ақыл-кеңесі қажет және үнемі қадағалауы тиіс.

4.Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар. Ата-анасы жоқ, анасы, әкесі жоқ балалар, ата, әжесі, аға, апа қамқорлығындағы балалар бар. Мұндай отбасыларымен психологиялық, педагогикалық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Білім алушының отбасылық құндылықтарын дамыту сабақта, сабақтан тыс, мектептен тыс жерлерде жүргізіледі (4-кестеде). Сонымен қатар, қосымша білім беру ұйымдарында үйретіледі.
4-кесте – Отбасылық құндылықтарды дамыту құралдары.


Білім алушының отбасылық құндылықтарын дамыту құралдары

1

Мектеп пен отбасы ынтымағын қалыптастыру

2

Қоғамға пайдалы жұмыстар

3

Оқыту процесінде (сабақтар)

4

Сабақтан және мектептен тыс шаралар

5

Туыстық қарым-қатынас дәстүрі

6

Ана мектебі

7

Әке мектебі

8

Ата мектебі

9

Әже мектебі

10

Аға мектебі

11

Жеңге мектебі

12

«Жаман болады», «ұят болады», «обал болады», кие ұғымы

13

Ұлттық ойын

14

Табиғат

15

Еңбек



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет