ЖОСПАРЫ: 1. Ғылыми зерттеу әдістері туралы жалпы ұғым 2. Жалпы психология әдістерінің жіктемесі 3. Бақылау және эксперимент әдісі 4. Психологиядағы қосалқы әдістер «Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады. Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз. Ұйымдастыру Психология әдістері Эмпирикалық Деректерді өңдеу Реттеу - түзету
Психологиядағы негізгі әдістер
Бақылау әдісі
Эксперимент әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. БАҚЫЛАУ ӘДІСІ
Бақылау әдісі
Обьективтік байқау әдісі таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті түрінде зерттеп, психикалық әрекеттеріне ешбір өзгеріс енгізбей сипаттау. Зерттеуші адам зерттелушінің әрекеттеріне ешбір қатыспай тек қана оның қылықтарын психикалық әрекеттерін сырттан байқап, жазып отырады.