Break операторы
Программа орындалуы кезінде цикл аяқталмай-ақ одан шығу үшін break операторы қолданылады. Егер бұл оператор бірі-нің ішіне бірі енгізілген қабаттасқан цикл ішінде орналасса, онда ол ішкі циклдан оның сыртқы циклына шығуды ғана жүзеге асырады.
Мысалы:
Екіөлшемді массивтен – A[5,5] бірөлшемді массив – B[5] құрастыру керек. Оны түрлендіру ережесі: егер осы жолда бір теріс элемент болса, онда B[i]=1, әйтпесе B[i]=0 болуы тиіс.
for (i=0;i { b[i]=0;
for (j=0;j if (a[i][j] { b[i]=1; break; }
}
Continue операторы
Программа орындалуы кезінде цикл аяқталмай-ақ одан шығып, қалған операторларды аттап өтіп, осы цикл параметрінің келесі мәніне көшу үшін continue операторы қолданылады, яғни циклдің келесі итерациясына – қадамына басынан бастап ауысу жүзеге асырылады.
Мысалы:
Екіөлшемді массив – A[5,5] берілген. Осы массивтегі теріс элементтердің санын анықтайтын және оларды квадраттайтын программа құру керек.
k=0;
for (i=0;i for (j=0;j if (a[i][j]>0
continue;
else
{ k=k+1;
a[i][j]=pow(a[i][j],2);
}
Goto операторы
Басқа тілдердегідей Си тілінде goto операторы көп қолданылмайды, бұл оператордың жазылуы:
goto ;
мұндағы белгі – оператор нөміріне ұқсас ерекше белгі, яғни идентификатор.
Бұл оператор бірінің ішіне бірі енгізілген бірнеше цикл жиынынан (мәлімет¬тер арасында қателер кездессе) бірден сыртқа шығып кету керек болған кезде қолданылады. Мұндайда break операторын пайдалана алмаймыз.
Мысалы:
goto m5;
goto belgi2;
Варианттар:
200-ге дейінгі 3-ке қалдықсыз бөлінетін бүтін сандардың қосындысын табу керек.
100-ге дейінгі жұп оң сандардың қосындысын табу керек.
200-ге дейінгі тақ оң сандардың қосындысын табу керек.
20-дан үлкен және 100-ден кіші 3-ке қалдықсыз бөлінетін оң сандардың қосындысын табу керек.
Жалпы мүшесі көрсетілген өрнекке сәйкес қатар қосындысын e=10-4 дәлдігімен анықтау керек.
Си тілі элементтері.
Switch ауыстырғыш операторы
switch ауыстырғыш операторы программада кездесетін бірнеше (екіден артық) нұсқаның бірін таңдап алу керек болған жағдайда қолданылады.
Оператордың жалпы жазылуы:
switch ;
{
case белгі1: операторлар; break;
case белгі2: операторлар; break;
................
case белгіN: операторлар; break;
default: операторлар;
}
Оператордың орындалу схемасы:
Мұнда switch сөзінен кейінгі өрнек мәні есептеледі, ол бүтін санды (char типі де) типте болуы тиіс. Сол мән case сөздерінен кейін жазылған константалар мәндерімен салыстырылады. Егер олардың біріне тең болса, сол жол орындалады, жол соңында көшу операторы болмаса, келесі жолдар толық орындалады. Ал бір жолды орындап болған соң, switch операторынан шығу үшін break операторы қолданылады. Егер switch сөзінен кейінгі өрнек мәні ешбір константамен сәйкес келмесе, онда default сөзінен кейінгі операторлар атқарылады. Кейде default сөзі болмауы да мүмкін.
Егер default сөзі болмаса, онда switch операторынан кейінгі келесі жолдар орындала береді.
Switch операторындағы өрнек түрінде нақты типтегі мәліметтерді, сөз тіркестерін (жолдарды) пайдалануға болмайды.
Нөмірлеріне сәйкес апта күндерінің атауларын шығару мысалы:
1 енгізілсе, дүйсенбі сөзі,
2 енгізілсе, сейсенбі сөзі,
..........
7 енгізілсе, жексенбі сөзі шығарылады.
#include
#include
main()
{ int i;
printf("\n1-7 арасында бүтін сан енгіз: " );
scanf("%i",&i);
switch(i)
{
case 1: printf("\nдуйсенбі");break;
case 2: printf("\nсейсенбі");break;
case 3: printf("\nсарсенбі");break;
case 4: printf("\nбейсенбі");break;
case 5: printf("\nжұма");break;
case 6: printf("\nсенбі");break;
case 7: printf("\nжексенбі");break;
default: printf(“Сан 1-7 арасында болуы керек");
}
getch();
}
Көбейту кестесін шығару программасы:
int i;
printf("\n1-9 арасында бутін сан енгіз:" );
scanf("%i",&i);
switch(i)
{
case 1: printf("\n%dx1=%d",i,1*i);
case 2: printf("\n%dx2=%d",i,2*i);
case 3: printf("\n%dx3=%d",i,3*i);
case 4: printf("\n%dx4=%d",i,4*i);
case 5: printf("\n%dx5=%d",i,5*i);
case 6: printf("\n%dx6=%d",i,6*i);
case 7: printf("\n%dx7=%d",i,7*i);
case 8: printf("\n%dx8=%d",i,8*i);
case 9: printf("\n%dx9=%d",i,9*i);
default: printf(“Сан 1-9 арасында болуы тиіс");
}
Бұл программаның жұмыс нәтижесі:
1 енгізілгенде мыналар шығарылады:
1x1=1
1x2=2
1x3=3
…
1x9=9
2 енгізілгенде мыналар шығарылады:
2x2=4
2x3=6
…
2x9=18
9 енгізілгенде мыналар шығарылады:
9x9=81
Шығыс күнтізбесі бойынша жыл нөмірінің жануарлар атына сәйкестігін анықтау мысалы:
{ int god;
printf(“Введите год: ");
scanf("%i",&god);
switch (god % 12)
{ case 0 : printf("год Обезьяны");break;
case 1 : printf("год Петуха"); break;
case 2 : printf("год Собаки"); break;
case 3 : printf("год Свиньи"); break;
case 4 : printf("год Крысы"); break;
case 5 : printf("год Коровы"); break;
case 6 : printf("год Тигра"); break;
case 7 : printf("год Зайца"); break;
case 8 : printf("год Дракона"); break;
case 9 : printf("год Змеи"); break;
case 10 : printf("год Лошади"); break;
case 11 : printf("год Овцы"); break;
default: printf("Введите целое без знака");
}
ЭЕМ жадының кластары және айнымалылардың қолданылу аймағы
Айнымалылар типтерден бөлек жады кластары-мен де сипатталады. Осы уақытқа дейін кластарды көрсетпеуіміз олардың алдын ала келісім бойынша сипатталуына байланысты болды. Айнымалылар компьютер жадында немесе процессор регистрлері-нің бірінде сақталады. Ол үшін айнымалы кластары анықталады.
ЭЕМ жадының класы (storage class) айнымалылар-дың қолданылу аймағын (жедел жады немесе регис-трлер) және осы айнымалының ЭЕМ жадында сақ-талу ұзақтығын анықтайды.
Жалпы жағдайда айнымалыны немесе функцияны анықтап сипаттағанда, соған сәйкес түйінді сөз арқылы жады класын көрсетуге болады.
Функциядар ішінде қолданылған айнымалылар локальді болып саналады және олар осы функция-лардың ішінде ғана анықталған болып саналады.
Кейбір айнымалыларды бірнеше функцияларда қолдану үшін оларды сыртқы айнымалылар ретінде сипаттау қажет. Функцияның сыртында анықталған айнымалылар сыртқы айнымалылар болып табыла-ды және олардың қолданылу аймағы глобальді болады.
Әрбір айнымалы анықталған бір типке және жа-дының бір класына жатуы тиіс (жалпы ЭЕМ жад-ында не регистрлерде). Си тілінде ЭЕМ жадының 4 түрлі класы бар және оларды сипаттау үшін 4 түй-інді сөз қолданылады:
auto – автоматты класты сипаттау үшін қолданылады,
extern – сыртқы класты сипаттау үшін қолданылады,
static¬ – статикалық класты сипаттау үшін қолданылады,
regisrter – регистрлік класты сипаттау үшін қолданылады.
Автоматтық айнымалылар функция ішінде сипатталған айнымалылар, егер жады класының басқа айқын сипатталуы болмаса, онда олар auto класына жататын болып саналады, яғни келісім бойынша функцияның ішінде сипатталған айнымалы автоматтық айнымалы болып саналады. Кейбір жағдайларда берілген айнымалылар тек осы функцияның ішінде ғана сипатталған болса және осында ғана қолданылса, олар auto түйінді сөзі арқылы айқын сипаттала алады.
Мысалы:
auto int m;
auto int b=12345;
auto float d=123.45;
auto char c;
Автоматтық айнымалыларды осындай етіп міндетті түрде сипаттау қажет емес. Егер айнымалы бір блок (функция басында) ішінде сипатталатын болса және оның класы көрсетілмесе, ол келісім бойынша автоматтық айнымалы болып саналады.
Автоматтық айнымалылар сол блокта ғана, яғни бір функция ішінде қолданылып, оның әсер ету аймағы локальді болады және осы айнымалылар сипатталған функция шақырылғанда ғана, көрсетілген автоматтық айнымалылар жұмыс істейді, яғни активтендіріледі (екпінді күйде пайдаланылады). Функцияның жұмысы аяқталғанда автоматтық айнымалылар жойылады да, оларға бөлініп берілген жадының ұяшықтарын басқа айнымалылар үшін қайтадан қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |