Мақсаты:Жас ұрпаққа рухани- адамгершілік тәрбие беру ата-ананың басты парызы екендігін жәнеотбасы тәрбиесі адами биік қасиеттерді қалыптастырудағы негізгі алғашқы сатысы екендігін түсіндіру.
Міндеттері:
Жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру.
Ата-аналардың жалпыадамзаттық құндылықтарды бала тәрбиесіне және тұлға бойын дұрыс қалыптастыра білу дағдыларын дамыту.
Ата-аналардың бойында отбасындағы бір-біріне деген сүйіспеншілік, мейірімділік, сыйластық сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Жалпыадамзатттық құндылықтар
Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі. Ұл балалар және қыз балалар тәрбиесі.
Қоғамның келешегі білім беру жүйесіне тәуелді, өйткені бүгінгі балалар уақыт өте келе елдің және жаңа заман тағдырының жасампаздары болатынын нық сеніммен айтуға болады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды, аса қажетті, қалаулы өтініші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.б. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар.
Жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін, қоғамға қажеттіліктері, адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтары-на жауап беретін кез келген мемлекет үшін маңызы өте зор.
Бүгінгі күнде, әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойына көптүрлі мәдениетті құрметтеуге, тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік қызығушылықтарын оята отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту барысында қоғам үлкен жауапкершілікпен баса назар аударып отыр. Сонымен қоса, еліміз білім беру жүйесін адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағыттауда.
Қазіргі замаңғы білім беру баланы жоғары әлеуметтік мәртебеге және материалдық құндылықтарға қол жеткізуге бағыттайды, алайда мұндай табыс пен жетістікке қалай қол жеткізуге болады, бұл оған шынайы бақыт әкелетіні жөнінде немесе адамның шынайы бақыты туралы ойланыып, толғануға үйретпейді. Білім беру жүйесінде орын алып отырған нақты жағдаят адамгершілік құндылықтар бағасының төмендеуін, басылымдылықтардың материалдық игіліктер жағына ауысып бара жатқанын дәлелдейді. Адамның шынайы кұш -қайраты оның жақсы мінез-құлық көріністері және қайырымдылық әрекеттері болып табылады. Шындығында, қазіргі өркениеттегі жайлылықтың қарқынды өсуіне қарамастан әлемде тыныштық пен сенімділік жоқ. Мұның себебі адамның теріс әрекеттерінде жатыр. Білімді барынша меңгеріп, алайда руханият, қайырымдылық пен зұлымдық, сүйіспеншілік пен мейірімділік жайлы ойланбаған адам өзін бақытты сезіне алмайды.
Ең тиімді құндылықтар жүйесінің жіктемесін ғалым Т.И.Петракова ұсынған, ол құндылықтарды үш түрге: табиғи , жүре пайда болған және абсолюттік деп бөлген.
Абсолютттік жалпыадамзаттық құндылықтар-ол уақытқа бағынбайтын, белгілі бір адамдардың шеңберіне тәуелді емес, бүкіл адамзат үшін маңызды құндылықтар.
Адамның жаны тыныш болса, отбасында татулық орнайды Отбасында тыныштық болса, қоғамда татулық орнайды Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте татулық орнайды Мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде татулық орнайды.
Сондықтан, Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |