Жалтыр №4 орта мектептің жаратылыстану- математика бағыттағы мұғалімдерінің 2014 – 2015 оқу жылына
САРАПТАМА
Жаратылыстану – математика бағыттағы бірлестігінде жоғары білімді 5 мұғалім еңбек етеді.
Жоғары санатты-1, І санатты – 3, санатсыз – 1.
1. Шаймерден Х.М.
Өзіндік білім көтеру тақырыбы: «Дамыта оқытудың жаңа технологиясы бойынша оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру» . Ол үшін оқушылардың алдына белгілі бір мәселені шешу үшін іздемпаздыққа тәрбиелеп, өз бетімен мәселе шешу жолдарын іздеп, жауап тауып оны қорытындылау, сол сияқты эксперименттік тәжірибе жасап танымдылық белсенділік нәтижесінде оқулықпен жұмыс, кесте, сызбанұсқа жасап анықтама пайдаланып сараптай білуге баулиды. Сараптама тірек- тізбек арқылы нәтижесі өз бетімен жұмыс барысында , немесе жасалып сарапталған жұмысты талдап түсіндіруін талап етіп, содан кейін ғана бағалайды. Үлгермейтін оқушылар жоқ. Пән қиындық туғызатын оқушыларға қосымша сабақта, жұмыс барысында кеңес бергеннен басқа талдап түсіндіріп, оны электрондық оқулықтан қайтадан көрсетіп жақсы нәтижелерін күтемін, оқушылар кейін қосымша тест, көрсетілімдерімен жұмыс жасай алады.
Химия, биологиядан аса дарынды бала жоқ , бірақ қызығушылық танытатын балалар электронды оқулықтағы қиындатылған, жеке күрделі тапсырма, экспериментті есептерге практикалық жұмыс, жеке көрсетілімдермен жұмыс жасап өз ойларын түйіндеп, саралап, нәтижелерін толық түсіндіре алатын дәрежеге жеткен оқушылар бар.
ҰБТ дайындық жоспарлы түрде 6-11 сынып оқулықтарынан, бұрынғы жылдардағы өте жиі кездесетін ғылымның негіз арқылы түсіндірілетін сұрақтар топтамасын жинап, жан-жақты талдап оқытып дайындайды. Сол сияқты биологияда өсімдіктер, адамдар туралы дискілерді тақырыпқа, сұраққа байланысты толықтырып сараптап оқытады. Янченко Т.А. сабағына қатысып, тәжірибе алмасып, ойын бөліседі. Химик анықтамалығы журналының дискісінен әртүрлі сабақтардың кезеңін, есептерді сыныптан тыс жұмыста пайдаланады.
Биология пәні бойынша ҰБТ нәтижесі 100 % , ал орташа балы 19.
8а сыныпта 05.03.15 ж «Ерітінділер және лайлар». Суды тазарту жолдары. Ауыз суы. Судың маңызы, қолданылуы тақырыбынан ашық сабақ өткізіліп, сайтқа жіберілді.
«Химик анықтамалығы» әдістемелік журналына жазылған. Әдістемелік отырыста өз ойымен, тәжірибесімен бөліседі. Биылғы оқу жылында ешқандай қиындық жоқ.
Искакова Г.Б. Оқушының танымдық қызығушылығын арттыруда жас ерекшеліктеріне қарай оқыту әдіс- тәсілдерін қолданады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында шығармашылық, жобалау жұмыстары тапсырмалары беріледі.
Үлгермеуші оқушылар тақырыпқа байланысты мәнжазба дайындап, тақырып соңындағы тақырыптарға жауап береді. Картамен жұмыс жасайды.
Дарынды оқушылар оқулықтан тыс мәлімет, сабаққа қатысты презентация дайындайды. Исламғалинев Айдын 11 а сынып оқушысы аудандық олимпиададан ІІІ орын иеленді. ҰБТ дайындыққа жыл басында жоспар құрылып, сол бойынша және сабақ барысында терминологиялық, хронологиялық, географиялық диктанттар, географиялық есептер шығарылады. География пәні бойынша ҰБТ нәтижесі 50 % , ал орташа балы 15.
Сабақтарын жариялау туралы ақпарат: 1)Қазақстан жер бедерінің негізгі ерекшеліктері. География. 8 сынып, Ұлт ұстазы, №10(10) , 2014ж.
«География және табиғат» журналына жазылды. Ашық сабақ өткізген жоқ.
Рашитов Н.Н. «Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияны қолдану оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру».
Оқушының танымдық қызығушылығын арттыруда топпен жұмыс, тәжірибелер арқылы нақты бағдарламамен жұмыс жасау арқылы әдіс – тәсілдер қолданады. Үлгермеуші оқушылар жоқ. Дарынды оқушы: 9 а сынып оқушысы Нурлыбек Мағжан . Аудандық, әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысып , информатика пәні бойынша «Алғыс хатпен» марапатталған.
6 сабақ «инфоурок» биология пәнінен, 1 сабақ информатика пәнінен сайтқа жарияланып, нәтижесінде сертификат берілді. 5 а сыныбында «Масштаб. Суреттің трансформациясы» атты ашық сабақ өткізіп, сайтқа жіберілді.
5-6 сыныптар аралығында информатика пәнінен «Есептеуіш техниканың даму тарихы» атты , 7-8 сыныптар аралығында биология пәнінен «Білімдінің кілті танымдылықта» атты сайыстар өткізілді. 6-8 сыныптар үшін «Тірі табиғат әлемі» атты презентация өткізді.
10.10.2014 ж Көкшетау қ. «ҚР білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу нәтижесінде педагог қызметкерлердің АКТ –құзыреттілігі»
кәсіби деңгейін көтерді. 06.03.2015 «Организационные основы и формы включения уч-ся ограниченными в общеобразовательный процесс школы» курстан өтті.
Жылда аудандық тамыз конференциясында өз әдістемлік бірлестік отырыста жаңа технологиялар мен бағдарламалар жөнінде мәлімет беріп, мастер класс өткізді.
Осы өткен оқу жылында кәсіби әрекетіңде кездескен қиындықтар болған жоқ.
Наханова М.К.өзіндік білім көтеру тақырыбы:«Оқытудың жеті модулін сабақта тиімді пайдалану арқылы оқушының сыни білім с апасын, танымдық белсенділігін арттыру, жеке тұлғаның өздігінен жұмыс істеуін , шығармашылық қабілетін анықтап жетілдіру».
Педагогикалық іс-әрекетінде қолданатын технологиялар: АКТ, электрондық оқулықтар, деңгейлеп- саралап оқыту. Оқушының танымдық қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері оқытудың жеті модулі: оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану , талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және үйрету, оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық.
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда ақпараттық, танымдық, дамытушылық, зерттеушілік, ізденушілік әрекеттерін қолданып, дөңгелек столдар, дидактикалық ойындар, сөзжұмбақ, слайдтар дайындатып өткізді. Үлгермеуші оқушылармен сабақтан тыс уақытта жеке, топпен жұмыстар жүргізеді. Ойын элементтерін , тесттер, жарыс сабақтарын ұйымдастырады. Жұмыстың нәтижесі бар, мектеп бағдарламасы бойынша білімді меңгерді.
Дарынды балалармен жұмыс түрлері: рефераттар қорғату, сынақтан өткізу, тест және өзіндік жұмыстар жүргізу. Жұмыс нәтижесі: 5 сынып оқушысы Сакенов Нұрлан мектепішілік олимпиададан 1 орынға иеленді. Физика апталығы кезінде 9 сынып оқушылары Нурлыбек Мағжан , Ерденов Алдияр таңдаған тақырыптары бойынша слайдтар қорғап белсенділік көрсетті.
Әріптестермен тәжірибе алмасу әрекеті, әріптестердің сабақтарына кіріп, үнемі байланыста болады. Мұғалімдердің МӘБ-де коучинг өткізді, баяндама оқылды.Ашық сабақ өткізген жоқ.
Кабдулина Р.К. өзіндік білім көтеру тақырыбы: «Математика сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру». Сабақта қолданатын технологиясы АКТ.
Математика сабағында ақпараттық технологияны тәжірибеде қолданудың екі бағытын айқындауға болады: 1) жаңа тақырыпты өту барысында формулалар, дәлелдеулер, кейбір есептерді «кілт» ретінде шығару жолдарын, сызбаларды, графиктерді слайдқа жазып көрсету уақытты үнемдесе, әр оқушының қызығушылығын арттырады.2) Орындалған тапсырманың дұрыстығын оқушылар өздері компьютер арқылы тексеріледі. Заманға сай білім сапасын арттыру үшін әр оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Оқушыларға терең де тиянақты білім беру- мұғалімнің басты мақсаты. Осы мақсатты жүзеге асырғанда ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Білім сапасын арттыруда сабаққа әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушылардың танымдық шығармашылығын дамытуға көңіл бөлу керек.
Үлгермеуші оқушыларға А тобының есептері, карточкамен тапсырмалар беріледі.
Аманжолов Аслан дарынды оқушы қатарында , бірақ мектепішілік олимпиададан ешқандай нәтиже берген жоқ.
9 сыныптар үшін ОЖСБ –ға күнтізбелік жоспар құрылып, қосымша сабақтар өткізілді. Ал 11 сыныптар үшін ҰБТ-ге де жоспар құрылып, аптасына 1 рет қосымша сабақтар жүргізілді.
Математика пәні бойынша ҰБТ нәтижесі 60 % , ал орташа балы 14.
№449 Астана қ. 204 жылы қазан айында «Білім беру мазмұнын жаңалау жағдайындағы инклюзивті білім беру» мамандық біліктілігін арттыру курсын аяқтады.Облыстық әдістемелік кеңеске қатысты, ақпан 2015ж Атбасар қ. Сыныптан тыс «Эрудит» математикалық интеллектуалдық ойын 7а-8а сыныптарда өткізілді.
Ұсыныс:
Жаратылыстану ӘБ жыл бойғы жұмысының қорытындысы бойынша әдістеме бірлестігінің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |