Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп
психологының жылдық есебі.
Оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан-жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту. Педагогтардың және ата-аналардың қарым-қатынастарын жақсарту, психологиялық-педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру, 2015-2016 оқу жылындағы жоспарға сәйкес психодиагностика, психологиялық түзету, дамыту, психологиялық ағарту, кеңес 5-11 жалпы сынып аралығында, оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға атқарылатын жұмыстың бағыттары бойынша психологиялық жұмыстар атқарылды. Жоғарыдағы мақсаттарды орындау барысында жоспар бойынша жүргізілген жұмыстар:
Жұмыс түрлері бойынша қорытынды:
1.Психологиялық диагностика жұмысы:
топтық психодиагностика бойынша - 9
1. 1 сынып оқушыларының мектепке жетілу деңгейін, мектепке бейімделуін анықтау мақсатында оқушыларға «Адам» суреті салғызылды, және де МЭДИС (А нұсқасы) экспресс - диагностикалық әдістемесі қолданылды сонымен қатар сабақтарға кіріп оқушыларды бақылап отырдым және де сабақтан кейін тренингтер өткізілді.
МАД тобының оқушыларының мектепке жетілу деңгейін, мектепке бейімделуін анықтау мақсатында оқушыларға «Адам» суреті салғызылды, және «С.Банков әңгімелесу» сұрақтары колданылды сонымен қатар сабақтарға кіріп оқушыларды бақылап отырдым және де сабақтан кейін тренингтер өткізілді.
2. У.А.Захарованың « Өзін өзі бағалаудағы эмоциялық деңгейін анықтау» әдістемесі бойынша 2-сыныптан сауалнама алынды. Нәтижесінде өзін өзі жоғары бағалауы – 25% ( 5 бала), нормалық деңгейде – 35% (7бала), өзін өзі төмен бағалаған -40% (8бала). Ұсыныс: Өзін-өзі төмен бағалаған балалардың әр істеген істеріне /сабақ үстінде/мұғалім тарапынан қолдау, қолпаштау сөздер айту.2. Сабақтан тыс жұмыстарда ол балаға /шамасына қарай/ тапсырма беріп жетістігін ортаға көрсету. 3. Өз ойын, пікірін айтуға әр кез мүмкіндік беру.
3. 3-сынып оқушыларынан «Мен қандаймын?» өзін-өзі бағалау әдістемесі бойынша сауалнама алынды. Мақсаты: Тұлғаның жақсы 10 қасиеті бойынша өзін қалай ша санайтынын және бағалайтынын анықтау.
Қорытынды: Қатысқан балалардың 27% өздерін өте жоғары бағалаған, 47%-ы жоғары, ал 20%-ы орташа бағалаған. Балалардың берген 5 және 10-жауаптары бойынша 6 бала өзін адекватты бағалаған және олар өздерін жақсы немесе орташа бағалаған. Бұл оқушылар өздеріне сын көзбен қарайтын оқушылар.
4. Оқушылардың мектептегі психологиялық – эмоционалды көңіл-күйін анықтау 4 – сынып оқушылары арасында орта буында оқу жүйесіне бейімделуіне байланысты: Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау»тесті өткізіліп, нәтижесі: сыныпта психо – диагностикалық жұмысқа қатысқан – оқушы: жоғары деңгейде байқалмады, 10-28 ұпай аралығында – жинаған 4 оқушының орта деңгейде мазасыздануы бар, қалған 7 оқушы жақсы бейімделгені анықталды. Сыныпта өзін-өзі көрсетуден қорқу, мектептегі жалпы аландаушылыққа бейім емес. Сонымен, қорыта келе, бағалау шкаласы бойынша оқушылардың туындаған мәселелерді өздері шешіп, тыныш әрі ақылмен жұмыс істейтіндігі байқалды.
5. Оқушылардың ситуацияға деген қобалжу деңгейін, оның шығу себебін, 5-8 сынып аралығындағы 45 - оқушыға өткізілген Кондаштың «Қобалжу шкаласы», Басса-Даркидің оқушылардың агрессиялық деңгейін анықтау сауалнамасы балалардың ситуацияға деген қобалжу деңгейін, оның шығу себебін анықтады.
Қорытындысы: мектеп және мұғалімдермен қарым – қатынасына байланысты жағдайлары орта деңгейде қобалжуы болса; өзіндік бағасы туралы жағдайлар жоғары; Қарым-қатынас жағдайлары жақсы деңгейде екені анықталды. Жалпы жоғары көрсеткіш қобалжуы 20 %, орта 47%, бірқалыпты 18% .
6. Дж. Морено социометрия сауалнамасын топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеу мақсатында 5 – 7 - сынып аралығындағы 39 - оқушыға өткізілген. Нәтижесінде сыныптардың психологиялық ахуалы әр түрлі, сыныпта көшбасшы, орта қалыпта және шектеліп, оқшауланып,сыныптағы қарым- қатынасы төмен оқушылардың бар екені анықталды. Осыған байланысты сынып жетекшілермен, ата-аналармен және жеке топтық түзету дамыту жұмыстары өткізілді. 7. Темпераментті анықтау, Айзенко әдістемесі бойынша 6-10 - сынып аралығындағы 48 – оқушыға өткізілген әдістемесінің қорытындысы:
Холерик – 1 = 2%, Меланхолик – 7 = 15 % ,
Сангвиник – 21 = 44% Флегматик –19= 40%
Нәтижесі:Осы анықталған темпераменттері бойынша сынып жетекшілермен бірлесіп топтық жеке жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді. Ерекше меланхоликтерге көңіл бөлінді. Оқушылардың басым көпшілігі сангвиник тобына кіреді, соған байланысты сынып жетекшілерге, оқушыларға жеке-түзету жолдары көрсетіліп кеңес берілді. Сонымен қатар өткізілген Айзенк темперамент пен ерекше мінез анықтау әдістеменін нәтижесі бойынша жеке-топтық түзету мақсатында; ойындар, тренингтер, кездесулер өткізілді.
8. Оқушылардың мамандыққа икемділігін зерттеу барысында 9-сыныптан ДДС «Менің қалауым», мамандық туралы хабардарлығы , Голланд сауалнамасы алынды. Мақсаты: кәсіби-тұлғалық типті бағалау мен тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау. Қатысқан 7 оқушы, нәтижесінде: сыныптағы оқушы өзінің жауабы бойынша қай бағытына деген бейінділігі бар екені анықталды. Реалистік типке – 2, Зияткерлік тип – 2, Іскер тип -1, Әлеуметтік типке – 2 оқушы бейінділігін көрсетті. Қорытынды: Сонымен, қорыта келе, бағалау шкаласы бойынша оқушылардың басым бөлігінде реалистік, зияткерлік типке икемділігі бар екені анықталды. Оқушыларға жалпы осы бағыт бойынша таңдалған мамандық жайлы әнгіме өткізіліп, кеңес берілді.Мамандыққа байланысты интер актив тақтаны пайдаланып «Мамандығым жетістік мерейім» тақырыбындағы дөнгелек үстел оқушылармен өткізілді. 9. Оқушының жоғары қабілетін анықтау кезінде, 5-11 сынып аралығында 65 оқушы әртүрлі бағыт бойынша бейімділігі жоғары екені анықталды. Спорт, пән бойынша олимпиадаларға қатысар алдында психологиялық көмек көрсетілді.
2. Психологиялық консультациялық жұмыс:
Бала мен ата-ана қарым-қатынасының маңыздылығына қарай кеңестер әуелі ата-аналарға, одан кейін мұғалімдерге сұраныс бойынша берілді:
7–рет ата-анаға, балаларына қарым-қатынасын өзгертуге кеңес берілді; балаға еркін әрекет жасауға, шектен тыс қамқор болуды қысқарту. Баласына үлгі өнеге болуға тырысу, өз қорқынышыңды балаға бермеу, оның қорыққаны үшін реніш білдірмеу, сынамау, қорқыныштан тек сырттай қорғап емес, оның себебін тауып көмектесуге ұмтылу.
-Қорқыныш сезімін болдырмау үшін, алдын-алу үшін жанұяда жағымды ахуал тудырып, поселке аллеясында демалып, немесе жақындармен кездесіп, күйзелістен арылуға, көңіл-күймен тонус көтеретін орындарға баламен бірге баруға болатыны айтылды.
9– рет жеке педагог пен сынып жетекшілерге баланың орнықты психикалық қалпын сақтау кейбір баланың осындай проблемаға бейім екенін, олардың тұлғалық проблемалары, қорқынышы күйзеліске бейімділігін ескеру керек екендігін айтылып кеңестер берілді. Бұлар баланың бірқалыпты әрекетпен айналысуына, қарым-қатынас жасауына кесел келтіріп, қиындыққа алып келуі мүмкін. Жалпы қорқақ, күйзеліске бейім балалар педагогтың ерекше назарын қажет етеді. Балаға сенім, үміт арту бірқалыпты, жай дауыспен сөйлеу, өте артық қамқорлық көрсетуден босату, ұжымдық жұмыстарға баланы белсенді араластыру да қорқыныштан арылтады деп сұраныс бойынша мұғалімдермен мектепшілік семинар өткізілгенде айтылды.
11 – рет жеке кеңестер оқушылардың сұранысы бойынша берілді. Айтылған мәселе бойынша баланың бойындағы ресурстарын пайдаланып арттерапия методикасымен, психологиялық жұмыстар өткізіліп, оқушылардың өзіне деген сенімі жоғары екенін, әрі күйзелістегі сезімдерінен арылғаны жайлы бөлісті.
3. Ағарту профилактикалық, топтық түзету дамыту жұмысы:
– ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға психологиялық білімінің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарында дұрыс пайдалана білу мен жеке басының дамуына өз септігін тигізетіндігін, әр баланың жас кезендеріне байланысты жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, интеллектуалдық және тұлғалық қалыптасуына кедергі болатын жағдайларды дер кезінде анықтап, әрі олармен бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіліп, қорытындысында оқушылардың белсенділігі, сыныптағы ұйымшылдығы жоғары бола бастаған.
9-сынып оқушыларына емтиханға дайындық мақсатында тренинг, ойын жаттығу өткізілді. 9-сынып оқушыларының арасындағы психологиялық ахуалдың оңтайлығы, жақсы деуге болады. Пән мұғалімдерінің пікірлерін есепке алсақ, сабаққа қызығушылықтары біршама жақсарған. Оларға сынып жетекшілерімен, ата-анасымен тығыз байланыс жасай отырып, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беріліп отырды. Зерттеу барысында сыныптың белсенділері мен кейбір аз да болса оқшауланғандары анықталды. Ондай оқушыларға сынып жетекшісі және сынып белсенділерімен біріге отырып жұмыстар жүргізе отырып, оларды да ұжымға қосып отырдық. Қоғамдық жұмыстарға, мектепшілік үйірмелерге тарттып жеке – топтық жұмыстары атқарылып жатыр.
11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар анықтау мақсатында «Мен қалаймын (Е.А.Климов)» дифференциалдық-диагностикалық сауалнамасы өткізілді. 1 оқушы –«Адам-көркем бейне», 2 оқушы –«Адам-адам» бағдары анықталды.
11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ке дайындық психологиялық-педагогикалық іс-шаралар бағдарламасы бойынша жұмыстары жүргізіледі.
Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеніңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін: өзін-өзі реттеуін; өзін-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.
Пайдаланған әдістер: ойын әдістері,тренинг, медитацияық техникалар, лекциялары өткізіліп тұр. Үлгерімі төмен оқушыларымен жеке-түзету, топтық түзету-дамыту сабағы, стрестен қалай арылуға болады т.б. жұмыстары жүргізілді. тренинг ойын немесе пікірлесу сұхбат өткізіледі. Өткен тренингтері 11 - сыныпқа «Емтихандағы мінез-құлық» «Неге жеткім келеді» «Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады» тақырыбы бойынша ой қозғау, кеңестер бірілді. 11 сынып оқушыларына «Мамандықтар әлеміне сапар» аты ойындар мен жаттығулар, тренинг және оқушылармен пікірлесу, дебат өткізілді. Қорытынды: Оқушылар негізінен адам саласындағы жұмыс түрлеріне бейім. Яғни, олар айналасындағы адамдар адамдармен тез тіл табысып, қарым-қатынасқа тез түсе біледі. Егер осы жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп айтар болсақ, сол мамандықтар иесі болса, өсулеріне жол ашық. Ұсыныс: Мамандықты әлі дұрыс таңдай алмай жүрген оқушыларға бағыт-бағдар беруден шаршамау, қабілеттерін одан әрі дамытуға көмек көрсету ұсынылды. Бірді-екілі оқшауланған оқушылармен көбірек қарым-қатынаста болып, назардан тыс қалдырмау керектігі пән мұғалімдері мен сынып жетекшісіне ұсыныс жасалды.
10 – сынып оқушылармен тұлғаның кәсіби қызығушылықтарын, бағдарлы оқытудың таңдаған бағыттарының бейінділігін анықтап: қоғамдық математикалық жаратылыстану мен гуманитарлық бағытына бейімделді. Мектебімізде тәртібі қиын оқушылармен ай сайын түрлі (тренингтер, жеке топтық түзету) жұмыстары жүргізіліп отырды. Сынып жетекшілерге оқушыларға көбірек көңіл бөліну, оқшау қалдырмау, жеке тапсырмалар беріп ортаға тарту сынып жетекшілерге ұсынылды.
Жоғары сынып оқушыларға «Нашақорлық тұйыққа апарар жол» тақырыбы бойынша интерактив тақтаны пайдаланып видео сабақ, диспут, көрініс өткізілді. Анкеталар өткізілді. Оқушылар нашақорлықпен пайдаланған жастардың қандай нәтижеге жеткенінін көріп өздерінін ашық ой пікірлерін айтты.
Педагогтардың қарым-қатынас жасау біліктілігін, психологиялық-педагогикалық дағдарысын жетілдіру мақсатындапедұжыммен психологиялық тренингтер,ағартушылық жұмыстарын өткізілді. Жас мамандармен ұжымға бейімделу жұмыстары, психологиялық кеңестер, сенімділік тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен коррекциялық жұмыстар өткізілуде. Балалармен тіл, саусақ жаттығулары жеке дара өткізілді.
Үйде оқитылатын мүмкіндігі шектеулі оқушымен аптасына екі рет коррекциялық сабақтар өткізілуде. Коррекциялық жұмыстар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 25 ақпан «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға
арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары» №61 бұйрығымен бекітілген үйде жеке оқыту жоспарына сәйкес құрастырылыды. Үйде оқыту күнтізбелік тақырыптық жоспары бойынша 3-сыныпқа «коррекциялық сабақтар» аптасына 2 сағат.
жеке дамыту және түзету жұмыстары бойынша;
Дарынды оқушылармен жұмыс жөнінде жалпы анықтама алынып, дарынды оқушыларды анықтау үшін өткізілетін іс – шара бойынша, дарынды балаларды іріктеу үшін диагностика жүргізу және қабілеттеріне қарай топтай отырып, тапсырманы орындау барысына орай 59 оқушыны алдық. Атқарылатын іс – шараларға орай оқушылар қатысатын «ПОНИ», «Кенгуру», мектепішілік қалалық, облыстық олимпиадаларға дайындық барысында түрлі психологиялық жұмыс жүргілді.
Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау үшін өткізілетін іс – шара бойынша, сынып жетекшілермен бірлесіп, әр сыныптың жарты жылдық оқу үлгерімі нәтижесін және пәндік бақылау жұмыстарын алу арқылы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау үшін жұмыс істей отырып, тапсырманы орындау барысына орай 5-11 сынып аралығындағы оқушыны алдық.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, мектептегі оқу үрдісіне беймділігін дамыту, ой-өрісінің дамуы оны қоршаған заттар мен құбылыстарды қабылдауын әрі қарай дамыту үшін жеке түзету – дамыту жұмысы жыл соңына дейін алып, жұмыс бағдарлама бойынша жүргізілді. Таным процесі төмен оқушылармен дамыту тренингтері өткізілді. Оқушыларға сауықтыру, түзету жаттығуларың жүргізу, өзін – өзі қалыпты ұстап, сенімді болуға, білімдерін өз дәрежесінде көрсете білуге кеңес беріліп, топтық –дамыту жұмыстарын өткізілді.
Ата – аналардың психологиялық білімдерін кеңейту мақсатында 5-11 сынып аралығындағы оқушылардың ата-аналарына жеке сынып бойынша, сынып жетекшімен бірлесіп жиналыстар өткізілді. Осы жиналыста психологиялық жұмыстың бағыттары бойынша: ата-аналармен жеке жұмыстар, топтық жұмыстар, психологиялық тренингтер өткізілді. Нәтижесінде: сауалнама көрсеткіші бойынша жалпы мектептегі оқушылардың ата – аналары мен бала арасында қарым – қатынасы жақсы.
Ата-аналар баланың жан дүниесін тек түсініп қана емес, әрі жақсы, дұрыс тәрбиелеуге үлес қосқысы келіп, жеке кеңес алуға, сонымен қатар психологиялық сауалнамаға қызығушылығын білдірді. Жиналыс мейірім мен кешірімділікке көбірек ойысып кеткен. Мектептің мұғалімдерінің жемісті тәрбиесі де балалардың ата – аналарымен осындай жақын қарым – қатынасына септігін тигізіп отыр. Жоғарыда көрсетілген іс – шаралар ата – ананың балаға деген көз қарасын, жауапкершілігін арттырып, қолдау көрсетілді.
Жауаптарын саралай келе шыққан қорытынды нәтижесі төмендегіше болды.
4. Әлеуметтік – диспетчерлік негізгі бағыттары бойынша психологиялық қызмет жұмысынын қорытындысы: -1
Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен ҚТІЖБ органдарымен, ата-аналар қоғамымен, байланыста. МПМК – мекемесінің қызметкерлерімен байланыста жұмыстар өткізіледі, мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын оқушылар жайлы ақпарат алынады.
Орындаған педагог-психолог: Бейсембаева К.К.
Достарыңызбен бөлісу: |