2) Тамшылатып мөлшерлеу әдісі не үшін қолданылады?
1.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
2.Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).
3.Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дэрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).
4.Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.
5.Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.
6.Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.
7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.
8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз).
9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін үстап, тірекке бекітіңіз.
10. Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.
11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша жэне инъекңия жасайтын инеден тамшы корінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.
12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекңия жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.
13. Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз
+. Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.
12. Ине көк тамырда екеніне козіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекңиялық түйінде қан көрінеді.
13. Сол қолмен бүрауды босатыңыз, науқастан жүдырығын жазуын сүраңыз.
14. Ине тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
15. Жүйенің қысқышын ашыңыз.
16. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағалаңыз
.17. Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.Енгізу жылдамдығы тұрақты болуын қадағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |