Жамауова Гульшат Утегеновна Пән/Сынып: Математика 1 сынып Қай аптаның нешінші сабағы ІІІ тоқсан 3-інші апта. 11-інші сабақ



Дата24.02.2023
өлшемі0,99 Mb.
#170011
түріСабақ
Байланысты:
11-сабақ. Ұзындық, масса, көлем


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Жамауова Гульшат Утегеновна

Пән/Сынып:

Математика 1 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан 3-інші апта. 11-інші сабақ.

Тарау немесе бөлім атауы:

Шамалар. Уақытты бағдарлау.

Сабақтың тақырыбы:

Ұзындық. Масса. Көлем.

Оқу мақсаты:

1.1.3.1.Ұзындық, масса, көлем және олардың өлшем бірліктері ( см, дм, кг, л) туралы түсінігі болу және салыстыру.

Бағалау критерийі:

Ұзындық, масса, көлем және олардың өлшем бірліктерін анықтайды, салыстырады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ерте тұрып, күнде мен
Тереземді ашамын.
«Сәлем!» деймін күнге мен,
Шаттық әнге басамын.
Айналама қарасам,
Ғажаптар қаншама,
Сан жетпейді санасам,
«Сәлем!» деймін күнге мен.
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру

ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.





Презентация № 1бет


7-8 минут

Жаңа сабақ

Ұзындық. Масса. Көлем.
«Құпия дорба» стратегиясы
Дорбаның ішіне ұзындық, масса, сыйымдылықты өлшейтін заттарды салу.Оқушылар олардың қандай заттар екендігін атайды.

Дорбаның ішіндегі заттарды алып, олардың қайда пайдаланатындығын түсіндіру.
Сызғыш,  сантиметрлік лента – заттардың ұзындығын өлшейтін құрал.
 Ұзындықты см, дм өлшейміз.
10 см = 1 дм
таразы- дененің массасын анықтайтын құрал.
Массаны кг өлшейміз.
Шыны ыдыспен көлемді өлшеуге болады .
Көлемді л өлшейміз.
Оқулықпен жұмыс:

Дескриптор:

  • есептерді шығару әдісін түсіндіреді.

  • септеудің жазбаша тәсілдерін пайдаланады.

  • оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау




Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)




Презентация № 2бет



8 минут

Тәжірибе

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.
«Конверт – сұрақ» әдісі 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі
оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты
дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
Тілдік мақсат
Сандар мәнінің сәйкестігін талқылау үшін салыстыру терминдерін пайдалана алады. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: ұзындық, масса, сыйымдылық, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл, көлемі. Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Сантиметр – сантиметр - centimetre
Дециметр - дециметр - decimetre
Килограмм – килограмм - kilogram
Литр - литр - litre



Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау..



Бағалау критерийлерін ұсыну


Презентация № 3бет



3 минут

Бекіту

Кері байланыс
- Бүгін сендерге бәрінен де не ұнады?
- Бұл өлшем бірліктерді өмірде қолданасыңдар ма?
- Бүгін үйренгендердің ішінен сен үшін не айтарлықтай құнды?
- Өздерің қосатын ойларың бар ма?
Тау суреті салынған сурет арқылы оқушылардың өзін өзі бағалауы.
Кері байланыс:
Мен бүгін сабақта ештеңе түсінбедім. (қызыл түс)
Менің сабақта әлі де түсінбеген тұстарым бар.(сары түс)
Бүгін мен үшін сабақта барлығы түсінікті. (жасыл түс)

«Жетістік баспалдағы» кері байланыс парағы таратылады.

Бағалау критерийлерін ұсыну
Смайлик





Презентация № 4бет





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет