Жамбы-көнерген сөз , әртүрлі формадағы жылтырауық қамбат бағалы металл , күміс .Ертеректе бұл сөздің ямб деп аталғанын В.И.Дальдың түсіндірме сөздігінде көрсетілген . Ал ұйғырша ямб – қой , ат тұяқтарының көлеміндей әртүрлі формадағы қытайдың ақшасы.
|
Қамқа-көнерген сөз, жырларда кездесетін маталардың бірі.
Бұл сөзге екі түрлі анықтама берілген:
Қамқа-алтындатқан не күмістеткен , зерлі жіппен тоқылған жібек мата.
Қамқа- қара түсті , терісі қымбат , көбінесе суда өмір сүретін аң.
|
Құлаш-Жырларда кездесетін өлшем атауы.Екі қолды жазғандағы ұзындық . Құлаш сөзі екі сөзден құралған : қол + аш(ашу етістігі)
|
Мысқал-Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: « 25 грамға тең салмақ өлшемі .»деп берілген
|
Кебенек- Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Жауын-шашыннан қорғану үшін малшылардың киетін киізден жасалған сырт киімі.» деп анықтама берді.
|
Мосы-- Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Мосы – үш темір таяқтың басын қосып , олардың түйіскен жерінен шығарылған ішекке ыдыс іліп шай қайнататын , ас пісіретін құрал»делінген.
|
Құрсақ шашу – Бұл сөзге қазақ тілінің түсіндірме сөздігі көптен бал көтермеген әйел немесе жас түскен келін екіқабат болғанда жасалатын ырым деген түсінік берген.
|
Төраға-уақыт өте көнеріп кейін қайтадан жаңғырған сөз. Кеңес уақытында колданылмаған , кейін қазірге уақытта жиі қолданыста жүрген сөз.
|