Исабаев Қ. Баян. Әңгімелер жинағы. – Алматы: Қазмемкөркемәдеб-
бас, 1959.
Исабаев Қ. Жұмбақ үй: әңгімелер мен очерктер. – Алматы: Қазмем- көркемәдеббас, 1962. Исабаев Қ. Бетпе-бет: роман. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1963. Исабаев Қ. Сұңқар самғауы: роман. – Алматы: Жазушы, 1966.
Исабаев Қ. Айқыз: роман.- Алматы: Жазушы, 1967.
Исабаев Қ. Соңғы тәулік. - Алматы: Жазушы, 1969.
Исабаев Қ. Өткелде: роман.- Алматы: Жазушы, 1974.
Исабаев Қ. Жолдас комендант. – Алматы: Жазушы, 1975.
Исабаев Қ. Айқыз: роман. – Алматы: Жазушы, 1977.
Исабаев Қ. Көгілдір қазына. – Алматы: Қайнар, 1978.
Исабаев Қ. Өрде: роман. – Алматы, 1978.
Исабаев Қ. Серт: роман. – Алматы: Жазушы, 1981.
Исабаев Қ. Арна: роман. – Алматы: Жазушы, 1984.
Исабаев Қ. Бақытты сәттер: өмірбаяндық повесть, эссе, әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1989. Исабаев Қ. Серт: роман. – Алматы: Жазушы, 1991.
Исабаев Қ. Шоң би: роман: Үшінші кітап. – Алматы: Жазушы, 1993.
Исабаев Қ. Комендант: екі кітаптан тұратын роман. – Алматы: Жазушы, 1998.
Исабай Қ. Берлин «Абайштрассе». – Алматы: Қағанат, 2002.
Исабаев Қ. Мұндайлар болған: повестер. – Астана: Елорда, 2003.
Исабай Қ. Шоң би: трилогия. – Астана: Елорда, 2005.
Исабай Қ. Алғы шепте: новеллалар. – Алматы: Санат, 2005.
Исабаев Қ. Өсиет: романдар. – Астана: Астана-Полиграфия, 2008.
Исабаев Қ. Баянаула балладасы: Радиоповесть ((Қ.Сәтбаев пен У.Черчилль арасындағы әңгіме) //Таң-Шолпан.-2008.-№1.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Аманжол Қ. Ісі ұлық, өзі кішік Қалағаң немесе жазушы Қалмұқан Исабайдың бейбіт күндегі бес ерлігі хақында //Егемен Қазақстан.-2010.-25 тамыз.
Жақсыбаев А. Қалмұқан Исабаев: (Жауынгер жазушы туралы А.Жақсыбаймен сұхбаттасқан Т.Алдабергенқызы) //Түркістан.-2009.-
7 мамыр.
Ізтілеу Д. «Жанары жалынды жігітке қалай ғашық болмассың!..»:
(Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы оның жарымен сұхбат) //Ана тілі.- 2012.- 19 сәуір.
Исабеков Дулат
(1942)
Жазушы, драматург Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүс-
тік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекет-
тік университетін бітірген. Қазақ ССР телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, Қазақ Совет энциклопедиясы редак-
циясында аға ғылыми редактор, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі, Қазақ теледидарының бас директоры, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағы-
ның хатшысы, т.б. жұмыстар атқарған.
Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» атты жинақта 1963 жария-
ланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер» (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестері мен әңгімелер жинақ-
тары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиыр-
ма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тілінде аударылып «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдеріне аударылды.
«Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу» т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас» (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (режиссер А.Әшімов, 1986) «Тауқымет» (режиссер Ұ.Қолдауов) көркем фильмдері түсірілді.
Қазақстан жазушылар Одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының (1985, «Мұрагерлер» пьесасы үшін), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1992), Халықаралық ПЕН- клуб сыйлығының лауреаты.
Шығармалары:
Исабеков Д. Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өлке, 2003.
Исабеков Д. Таңдамалы.- Алматы: Жазушы,1993.
Исабеков Д. Қарғын: Роман.,повесть,әңгіме.- Алматы: Жалын,1980.
Исабеков Д. Екі жиырма:Повестер.-Алматы: Жазушы,1983.
Исабеков Д. Екі жиырма:Повестер.-Алматы: Жазушы,1983.
Исабеков Д.Жеті желкен: Пьесалар.-Алматы: Өнер,1987.
Исабеков Д. Ай- Петри ақиқаты: повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1990.
Исабеков Д. Бонопарттың үйленуі: Әңгімелер.-Алматы: Атамұра,2002.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Түменбаев Ж. Беташар сөз: (жазушы Д.Исабековтің шығармашылығы туралы) //Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалары.І том.- Алматы, 1993.
Исабеков Д. Ұлт болмаса тіл де, дін де болмайды: (Жазушы өз шығар-
машылығы туралы) / Жас қазақ үні.-2011.- 31 мамыр.
Исабеков Д. Бақыт құсы халықтың басына мың жылда бір- ақ рет қонады: (Жазушымен / әңгімелескен Г.Бектасова) // Түркістан.- 2010.-25 қараша.
Исабеков Д. Жазушылардың жалаң мақтауы жеке басқа табынушы-
лықты күшейтеді: (Жазушымен /Сұхбаттасқан Г.Садықова) //Жас қазақ үні.-2010.-23 шілде.
Исабеков Д. Жамау киім, жарым көңіл балалық шағымды сағынамын да тұрамын..:(Ж.азушымен сұхбат) // Жұлдыздар отбасы.-2009.-№ 15.
Исабеков Д. «Таза әдебиеттің заманы өтіп бара ма деп қорқамын»: (Жазушымен/ сұхбаттасқан А.Мантаева) // Қазақ әдебиеті.-2007.-30 наурыз.
Кенжебай М. Көрегендік пен көркемдік ұштасқанда: (Жазушы Д.Иса-
бековтің «Қоштасу вальсі» пьесасы туралы) // Ана тілі.-2009.-27 тамыз.
Қожабекова Д.Дулат Исабеков драматургияның жанрлық жүйесі //Қазақ тілі мен әдебиеті. -2007.- № 8.
Қожабаева Д. Дулат Исабековтің «Ертеңді күту» пьесасындағы заман-
дастар бейнесі //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2007.-№3.
Мауытова Ж. «Қарғын» романындағы образдар жүйесі // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2007.-№ 2.
Мауытова Ж. «Қарғын» романындағы замандас бейнесі //Таң-Шол-
пан.-2007.-№ 1.
Таңжарықова А. Исабековтің прозасы //Ақиқат.-2008.-№ 7.
Кекілбаев Әбіш
(1939)
Қазақстанның халық жазушысы (1992) Әбіш Кекілбаев 1939 жылы
6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды аулында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1962). Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеттерінде бастаған.
Алғашқы өлеңдер жинағы («Алтын шуақ») 1962 жылы жарық көрді.
Содан бері проза, әдеби сын саласында елеулі еңбек етіп келеді. «Бір шөкім бұлт» (1966), «Дала балладалары» 1968), «Тырау- тырау тырналар» (1973), «Бір уыс топырақ» (1975), «Баллада забытых лет» (1979), «Үркер» (1981), «Елең- алаң» (1984), «Мартовский снег» (1985), «Плеяды – созвездие надежды» (1987), «Заманмен сұхбат» (1994), «Азаттықтың ақ таңы» (1998), т.б. әңгімелері мен повестері, эсселер мен романдары, әдеби- философиялық, публицистикалық жинақтары бар. Ол Л.Н.Толстой мен К.Гоццидің, Г.Мопас-
сан мен Г.Ибсеннің, А.П.Чехов пен И.Буниннің бірқатар туындыларын қазақ тіліне аударған. Немістің «Фолькунд Вельт» кітап баспасы жүргізген сауал-
нама хаттамасында оның есімі «ХХ ғасырдың таңдаулы жазушылары» тізіміне енгізілген. «Үркер», «Елең-алаң» романдар циклі үшін 1986 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Құрмет белгісі» орденінің, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері (2003).
Басқа да қалам иелері сияқты Әбіште шығармашылық өмірін өлең-
нен бастаған. Кейін басқа жанрларға, әсіресе прозаға ауыса жүріп те мезгіл - мезгіл өлең жазған, көңіл күйін өлең жолдарымен өрнектеген. Алғашқы өлеңдері 1962 жылы «Алтын шуақ» атты жинақ болып басылған. Жастық сезім билеген жастың заманының бейнесі – бұл. Дүниенің жарқын жағы ақынды қуантып, оның көкірегіне нұр құяды, шабытына шабыт қосады. Ол күн сайынғы жаңалыққа үміт артады. Айға ұшқан ұрпақтың сөзін сөйлеп, жер анасына табынады. Оның образдары да өмірдің осы жарқын сурет-
терінен алынады. Жинақта Әбіш басынан кешкен балалық шақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыр суреттерін еске алуға арналған бірсыпыра өлең бар. Олар ұрыс даласынан қайтпаған әке мен заманның ауыртпалығын көтерген ананың жарқын бейнесін зор көркемдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен ашуға құрылған. Онда әкені сағыну сезімі басым. Ол ойлы суретке түскен. «Көп төрге ілінсе де сұр шинелдер,
Тек қана біздің үйде ілінбеді...
Өзге үйде күлімдеген жомарт бақыт,
Тек қана біздің үйге үңілмеді ...
Өзге үйде тойдың әні шарықтаса,
Булығып қайғы уына біз жыладық» - деген жолдар бұған
дәлел.
Ә.Кекілбаевтың суреткерлігін байқататын өлеңдерінің көбі табиғатқа, туған дала бейнесін танытуға арналған. Олардың суреттері нақты образдардан тұрады. Қыс («Екі бетті қызартып, жіберді тартып жағымнан») күз («Күлмейді күміс бұлақ, бұйығыңқы, күндегі мінезі жоқ, жасып ақты... Алқаптың балбыраған шалғыны жоқ, орнында көк сүмелек мұз қалыпты») бейнелерін суретке түсірген ақын, жазғы түнді, көгілдір аспанды, аспандағы ай суреттерін адам тіршілігімен ұштастыра бейнелейді. Өлең өрнектері мен көркем бейнелерден алынатын ләззат, оқырманды ойға бөлейтін танымдық талғам мен одан туатын тобықтай түйін - бәрі де жарасым табады.
Жазушының тілі бай, образды, ойлы. Оның суреттері де жарқын, нақты.
Әбіш романдары шын мағынасындағы халықтық туынды. Олар ойнап емес, ойлап оқылатын кітаптар. Оларда суреттелетін тарих сабағы негізінен бізге адамгершілік тағылымын ұсынады. Жазушы тарихи фактіні парасатты талдаудан өткізе алған.Сол арқылы тұтас бір кезеңнің әлеуметтік болмыс- бітімін, психологиясын, саяси жағдайын, қайшылықтары мен қайғысын философиялық тереңдікпен көрсеткен. Сондықтан «Үркер» мен «Елең- алаң» - Әбіш Кекілбаевтың ғана емес, қазақ романының үлкен табысы болып саналады. ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан басталған қазақ тарихына деген бетбұрыс ұлт тағдырын ойлаған қаламгерлердің ешқайсысын енжар қалдырған жоқ. Халқының өткені мен бүгінгісін барлай отырып, тарихтың ұзақ тартыстарында елдігін, ұлттық намысын сақтап қалған халықтың ерлік күресі көп шығармаларға арқау болды. Солардың ішінде Әбіштің аталған екі романы өз биігімен әдебиет тарихына кірді. Бұл романдарда қазақ елінің жоңғар және басқа көрші халықтар шабуылынан ығыр болып орыс патшалы-
ғынан пана іздеуінің күрделі жағдайларын сөз етеді. Қосылу процесін баста-
ған Кіші жүз рулары үшін де, олардың ханы Әбілқайыр үшінде бұл оп-оңай іске аса қалған дүние емес еді. Басқа елдің отаршылдығынан қашып, екінші елге отар болуға мойынұсыну халық үшін қолайлы емес екенін олар, әрине, білді. Бірақ амалсыздық көндірді. Әбілқайыр өз тобымен ақылдаса, кеңесе келіп, орыс патшалығы қол астына кіру арқылы басқа елдің шабуылынан біраз уақыт тыныс алып, бейбіт тіршілікке көшуді, патшаға бағына отырып, өзінің және елінің хандық құрылымын сақтауды көкседі.
Кекілбаев – ұлттық әдебиетіміздің белді жанрларының барлығында да белсенді қызмет істеген қарымды қаламгер. Поэзиялық, прозалық туындыларымен бірге сын жанрында да көп жазды. Бірақ драматургияға бара қойған жоқ еді. Алайда ол классикалық драматургияны жақсы білді. Оның аудармаларының ішінде В.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы», «Король Лирі», «Кориоланы», Г.Ибсеннің «Үрейі», К.Гоццидің «Турандот, Қытай ханшайымы», М.Фриштің «Дон Жуанның думаны», Л.Дарконың «Сүйіктім менің, Электрасы», В.Буэроның «Бүгін мейрам, бүгін тойы», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түні» сияқты әртүрлі стильдік үлгілер болды. Осыларды аудару үстінде драма жанрының табиғаты мен құпиясын зерттеп білгені хақ. «Абылай хан» атты пьесаның тууына мұның себебі болғаны даусыз.
Жазушының сыншылдық, публицистік еңбектері де авторының жан- жақты білімділігін, өмірді байыпты зерттеп, ол жайлы кең ойлап, терең толғайтын алымды талантын мойындатады. Ол қазақ әдебиетінің ғана емес, халық тарихының, оның мәдениетінің аса үлкен білгірі. Оның сыншылдық ойы ұлт әдебиеті мен мәдениетіне қатысты мәселермен ғана шектеліп қалмайды, оларды әлемдік үлгілермен салыстыра қарап, биік талаптар қоюмен толығады, қолда бардың табысы мен олқысы туралы ой ұсынады. Жазушыны толғандырған әлемдік құбылыстар ішінде А.Пушкиннің, Л.Толстойдың, Ф.Достоевскийдің, А.Чеховтың, Т.Шевченконың және тағы басқа классиктердің мұралары ерекше орын алады. Олар жайлы мақалаларында біздің ұлттық сөз өнерімізде жете зерттелмей келе жатқан классика сабақтары туралы сөз қозғайды.
Сыншы Кекілбаев Абайдың, Жамбылдың, Сұлтанмахмұттың, Сәкен-
нің, Бейімбеттің, Ілиястың, Мұхтардың, Сәбиттің, Ғабит пен Ғабиденнің, Қасымның шығармашылығы жайлы толымды пікірлер айтады. Тәкен, Тахауи, Әбдіжәміл, Олжас, Қалтай, Шыңғыс сияқты ағаларымен қатар өзінің замандастары мен інілері Қадыр, Тұманбай, Мұқағали, Оразбек, Қайрат, Жұмекен, Оралхан, Төлеген шығармашылығын талдайды.
Қазақтың көркем өнерінің аса үлкен қайраткерлері Құрманғазы, Серке, Ахмет (Жұбанов), Роза (Бағланова), Шәкен, Нұрмұхан, Асанәлі, Ыдырыс жайлы жазғандарын оқысаң Әбішті таза өнер сыншысы деп қалар едің.
Жазушы Кекілбаевтың публицистік мақалалары мен жазбалары оның шығармашылығының көлемді бөлігін құрайды. Олар әр кезде жазылған, әр заманның сұранысынан туған. Ол әсіресе, ұлт мүддесіне байланысты мәселеге бей - жай қала алмайды. Жас тәуелсіз елдің атрибутикасы, тіл тағдыры, геральдикасы мәселелерінде ашық та, ашынып та сөйленген сәттерін замандастары жақсы біледі. Оның терең білімнен, шешен сөз саптасынан ел хабардар. Сын сағаттарда өмірлік маңызы бар мәселелерді сүйреп шығар локомотив қызметін талай атқарды.
Соның бір елеулі тұсы ретінде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру жөніндегі Жоғарғы Кеңес мәжілісінде ол шешімді ерекше қуаттағанын айтуға болады. Халық қалаулыларының біразы бұл шешімге қарсы еді. Үндеулер, хаттар таратып, бұл шешімге қарсы дауыс беруге шақырды. Қызу талас туды. Әртүрлі керағар пікірлер де тоғысты. Елбасының астананы жаңа мекенге ауыстыру туралы баяндамасы дәлелді, тиянақты тұжырым болатын. Қазақ халқы үшін өмірлік маңызы бар бұл проблеманы алғашқылардың бірі болып түсінген, бірінші болып қолдаған да Кекілбаев.
Жалпы, қорыта айтқанда, Әбіш Кекілбайұлы еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси- әлеуметтік өмірінде болсын қайталанбас құбылыс. Ол- феномен. Ол- тұтас әлем. Ол- рухани ұлы тұлға. (Қирабаев С.)
Шығармалары:
Кекілбайұлы Ә. Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы.- Алматы: Жазушы, 2010.
Кекілбаев Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- Алматы: Жазушы, 1989.
Кекілбаев Ә. Бір уыс топырақ: Роман және повестер.- Алматы: Жазушы,1974.
Кекілбаев Ә. Құсқанаты: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1978.
Кекілбайұлы Ә. Ұйқыдағы арудың оянуы: (Бір өлкенің бүгініне, өткеніне және келешегіне саяхат).- Алматы: Қазақстан, 1979.
Кекілбаев Ә. Үркер: Роман.- Алматы: Жазушы, 1981.
Кекілбаев Ә. Шыңырау: Роман және повестер.- Алматы: Жазушы, 1982.
Кекілбаев Ә. Елең- алаң: Роман.-Алматы: Жазушы, 1984.
Кекілбаев Ә.Заманмен сұхбат: ой толғамдар.- Алматы: Жазушы, 1996.
Кекілбайұлы Ә.Азаттықтың ақ таңы: (Уақыт мінбесінен айтылған сөз) .- Алматы: Қазақстан, 1998.
Кекілбайұлы Ә. Дүние ғапыл : Өлеңдер мен драма.- Алматы: Арыс, 1999.
Кекілбайұлы Ә. Үркер: Роман.- Алматы: Сөздік- Словарь, 1999.
Кекілбаев Ә. Дала балладалары: екі томдық.- Алматы: Жазушы, 2001.
Кекілбаев Ә. Ханша- дария хикаясы: Балладалар мен роман.- Алматы: Атамұра, 2003.
Кекілбайұлы Ә. Шандоз: Махамбет және қазақтың ұлт- азаттық қозғалысы. Деректі тарихи баян.- Атырау, 2003.
Кекілбайұлы Ә. Шандоз: Деректі- тарихи баян.- Алматы: Арыс, 2004.
Кекілбаев Ә. Махаббат мұнарасы: Роман және хикаят.- Алматы: Раритет, 2005.
Кекілбай Ә. Тіл және тәуелсіздік.- Астана: Ер- Дәулет, 2007.
Кекілбаев Ә. Тәуелсіздік толғауы // Түркістан.-2009.- 24 желтоқсан.
Өмірі мен шығармашылығы:
Әбіш Кекілбаев // Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық.9 том.- Алматы, 2005.
***
Абдрахманов С. Сардар. Ділмар. Елдар: Әбіш Кекілбаевтың мәдениет-
танушылығы туралы ойлар // Егемен Қазақстан.- 2009.-18 тамыз.
Дүйсенбиев Е. Парасат: Әбіш Кекілбаев туралы сөз //Ана тілі.- 2009.- 9 сәуір.
Ергөбек Қ. Шұғыл жүрек: (Әбіш Кекілбаев туралы) //Егемен Қазақ-
стан.-2010.-14 сәуір.
Жолдасбеков М.Әулие: немесе Кекілбаев феномені туралы толғаныс
//Егемен Қазақстан.- 2009.-16 қаңтар.
Жүсіп Қ. Әбіштің бір әңгімесі жайлы ой // Ана тілі.- 2009.-3 желтоқсан.
Кекілбаев Ә. Адамға адам болуды үйрететін- кітап: (Жазушы өзінің
шығармашылығы туралы) //Ұлан.- 2009.-22 желтоқсан.
Көмеков Б. Тарихи тұлғаларды танытқан талант : ( Ә.Кекілбаев- тарихшы және деректанушы) //Айқын.- 2009.- 14 тамыз.
Қазақтың сөз қазынасы: ( Әбіш Кекілбаев. Мақалалар) //Егемен Қазақстан.-2009.- 5 желтоқсан.
«Қазақта осындай азаматтар көп болса екен!»: Әбіш Кекілбаев туралы материалдар) // Егемен Қазақстан.- 2009.- 8 желтоқсан.
Қирабаев С. Суреткер: ( Ә.Қирабаев) // Егемен Қазақстан.- 2009.-24 шілде.
Медетбек Т. Шыңырау: (Ә.Кекілбаевтың шығармашылығы жайында)
//Егемен Қазақстан.-2009.-25 тамыз.
Орда Г. Қазіргі қазақ прозасындағы Әбіш Кекілбаев сүрлеуі //Жалын.-2009.- №9.
Өтениязов С. Әбекең жазған тарихи тұлғалар: (Әбіш Кекілбаев 70 жаста) //Таң- Шолпан.- 2009.- №4.
Кенжеахметұлы Сейіт
(1939-2011)
Сейіт Кенжеахметұлы 1939 жылы қаңтар айының 12 жұлдызында Қос-
танай облысы, Жанкелдин ауданы, Қызбел аймағындағы «Сарықопа» деген жерде туған. Қазақ мемлекеттік институтында оқыған. Кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын аудандық «Жаңа өмір» газетінің бөлім меңгерушілігінен бастаған. 1966-1977 жылдары Қос-
танай,Торғай облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 1977-1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Торғай облысындағы кеңесшісі, 1989-2002 жылдары Торғай облы-
стық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтында доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқар-
ды, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды. Астана қаласындағы «Отырар» кітапханасы Ғылыми орталығының ғылыми қызметкері міндетін атқарды.
С.Кенжеахметұлының атын жалпы қазақ оқырмандарына танытқан оның сатиралық шығармалары. Алғаш шағын сықақ өлеңдер мен мысалдар жазудан бастаған ол кейін сатиралық әңгімелер жазуға көшіп, сатираның сара жолына біржола бет бұрды. Оның әңгімелері республикалық газет- журналдарға үздіксіз шығып тұрды. «Тамаша» сияқты әйгілі ойын- сауық отауларының тұрақты авторына айналып, оның шығармаларын әзілкеш әртістер майын тамыза орындайтын болды. Сейіттің сықақ әңгімелерінің нақты өмірмен өзектесіп жататындығы сондай, оның кейіпкерлерінің кейбіреулері өзін «танып қалып» авторға реніш білдіріп, хат та жазып жатады.
Сатира Сейітті үлкен әдебиетке алып келді. Негізінен Сейітті осы сатира өсірді. Жазушының 1967 жылы жарық көрген «Кәрі шеңгелден» басталған сатиралық жинақтары, «Қуырдақ», «Аттеріс», «Сөз семсер», «Тышқан тірлік», «Ел құлағы елу», «Хан барон - на сезон», «Күлкіден айырмасын» және басқа көптеген жинақтарына ұласты. Оның 2008 жылы «Қазіргі қазақ сатирасы» атты жаңа серияның тұңғышы - «Мірдің оғындай» деп аталатын таңдамалы сатиралық өлеңдер мен мысалдар жинағын әдебиеттің осы ақберен жанрындағы еңбегінің бір белесі деп бағалаған жөн.
С.Кенжеахметұлының естігенін ұмытпайтын, қолына түскенін жоғалтпайтын, өз ісі мен қызметіне берілгендік қасиеті құдай берген табиғи дарынымен ұшталып, оны осылайша тағы бір биік белестен көрінуіне жол ашты. Ол қазақ халқының рухани құндылықтарын жинақтаған, мән- мазмұнға бай үш кітап жазып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Ыстамбұл, Пекин сияқты қалалардың баспаларынан шығарды. Олар- «Қазақ халқының салт - дәстүрлері», «Қазақтың дархан дастарханы», «Қазақ тұрмысы мен мәдениеті» атты аса көркем безендірілген көлемді жинақтар. Бұл кітаптарды оқыған адамның «қазақтың мәдениеті осындай екен ғой» деп сүйсіне ойға қалары, білген үстіне біле түскісі келіп, қайталай оқыры даусыз. Оқыған сайын қазақ елінің ұлттық ерекшелігі мен қасиеттері терең ашылып, өзгенің ықыласын өзіне тарта түседі. Мұнда айтылмай қалған сөз жоқ сияқты. Ата- бабамыздың ұлы өнер жетістігі - киіз үйден бастап, төрт түлігі, ырымы мен қағидалары, туыстық атаулары, жөн - жоралғылары, түс көруі, күн, апта, айлардың ерекшелігі, тарихи аңыз- әңгімелері, не керек бәрі- бәрі қамтылған. Содан болар Сейіттің бұл еңбектеріндегі деректерді ғалым мен зерттеушілер кеңінен пайдаланып жүр. Және бір айта кетерлік жәйт, Сейіттің жоғарыда аталған үш кітабы әлемнің 37 еліне таралған. Қазір бұл кітаптарды әр қазақ өз үйінің төрінде ұстайды, сырттан келген құрметті қонақтарына, сыйлы адамдарына сый-сияпат есебінде ұсынады. Аталған кітаптардың үшеуі де Мәскеуде өткен әлемдік және ТМД елдерінің кітап көрмелерінде 2006 және 2007 жылдары жүлделі екінші, үшінші орындарды иеленді.
Алаш қайраткерлері ақталғанда алғашқылардың қатарында қалам тарт-
қандардың бірі де осы С.Кенжеахметұлы еді. Оған оның Алаш ардагерлері А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, А.Бірімжанұлыларының әңгімелері мен оқиғаларын жастайынан санасына сіңіріп өсуі септігін тигізді. Сол кездің өзінде оның үйінде Ахмет кітабы болған еді. Есейе келе елдің білікті қарттарынан олар туралы естіп білді. Қазір жазушы архивінде жүзден астам Алаш қайраткерлері туралы құжаттар мен сирек суреттер, түрлі басылымдар бар. Ол сонымен бірге Алаштан бұрын ХІХ ғасырда өткен көрнекті ұлт тұлғалары М.Шорманов, Ш.Уәлиханов, Ғ.Жәңгіров, Ақыт қажы Үлімжіұлы, М.Сердалин, Ы.Алтынсарин, Ж.Бөкеев, М.Сералин және тағы басқа зиялы қауым өкілдері туралы жазып, көпшілік қауымға таныстырды. Мұның сыртында қазақ халқының батыр, би шешендері мен әйгілі адамдары туралы сирек мағлұматтар, ел аузындағы әңгіме, қиссалар, жыр өлеңдер тағы бар. Бұларды жинауға оның араб, латын әрпімен жазылған еңбектерді жақсы оқи білуінің үлкен септігі тиді.
Сонымен қатар С.Кенжеахметұлы қазақтың мысал әңгімелері мен өлең-
дерін құрастырып «Жалын» баспасынан шығарды. Дүние жүзі сатириктері-
нің шығармаларын қазақ тілінде шебер сөйлете білді. Торғай және Арқалық қалаларының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, көптеген сатиралық кітаптарының авторы.
Шығармалары:
Кенжеахметұлы С. Киіз қазақ: Мысал,сықақ өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.
Кенжеахметұлы С. Сөз семсер: Сықақтар мен мысалдар.- Алматы: Жалын, 1977.
Кенжеахметұлы С. Ел құлағы елу: Сықақтар мен мысалдар.- Алматы: Жазушы, 1980.
Кенжеахметұлы С. Айтпады демеңіз: Әзіл – сықақ әңгімелер мен фельетондаржинағы.- Алматы: Жалын, 1981.
Кенжеахметұлы С. Тышқан тірлік: Әзіл- сықақ әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1983.
Кенжеахметұлы С. Мірдің оғы: Сықақ өлеңдер, мысалдар, бірқақпайлар.- Алматы: Жазушы, 1990.
Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт- дәстүрлері мен әдет- ғұрыптары.- Алматы: Ана тілі, 1994.
Кенжеахметұлы С. Жеті қазына: Жиған- терген.- Алматы: Ана тілі,
2001.
Кенжеахметұлы С. Туыстық атаулар сыры.- Алматы: Ана тілі, 2003.
Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт- дәстүрлері. Традиции и обряды казахского народа. Kazakh traditions and customs.- Алматы: Алматыкітап, 2004.
Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт- дәстүрлері: Фотоальбом.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- (Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.- Алматы: Алматыкітап, 2006.
Кенжеахметұлы С. Қазақтың дархан дастарханы=Национальная кухня казахов= The Kazakh national cuisine.- Алматы: Алматыкітап, 2007.
Кенжеахметұлы С. Жеті қазына: З кітаптан тұрады.- Алматы: Ана тілі, 2010.
Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының қоғамдық- әлеуметтік құрылымы
//Ана тілі.-2009.- 19 қараша.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Дауылбаева Б. Халық арасында «көшпелі энциклопедия» атанған: Қазақтың көрнекті жазушысы, этнограф Сейіт Кенжеахметтің жары Баянкүл Дауылбаеваменмен сыр- сұхбат // Мәдениет:-2011.- №10.
Дауылбаева Б.Шуақты ізін қалдырған күндер: (Жазушының шығар-
машылығы туралы /сұхбаттасқан О.жақсанов) //Ана тілі.-2011.- 21 шілде.
Жақсанов О. Ғибратты ғұмыр: Қыр елінің «Крыловы» атанған жазушы, этнограф, ғалым С.Кенжеахметов сан қырлы дарын //Мәдениет.-2010.-№11.
Кенжеахметұлы С. Сатираның соқпағы сан алуан: (Жазушы С.Кен-
жеахметұлы туралы) // Жас Алаш.- 2009.-13 қаңтар.
Салғараұлы Қ. Сан өнердің сарбазы: (Жазушы С.Кенжеахметұлы туралы) //Егемен Қазақстан.-2009.-10 қаңтар.
Сейіт Кенжеахметұлы (1931- 2011): Мақалалар //Қазақ әдебиеті.- 2011.-22 сәуір.
Сергек жүретін саңлақтарымыздың бірі еді: (Жазушы Сейіт Кенжеах-
мет туралы) //Алматы ақшамы.-2011.-21 сәуір.
Көбеев Спандияр
(1878-1956)
Спандияр Көбеев 1878 жылы 1 қазанда қазіргі Қостанай облысы, Мең-
діқара ауданы Ақсуат ауылында туған.
Ол Сауытбай ауылында ашылған екі жылдық мектепке 1887 жылы Алтынсариннің тікелей көмегімен алынады. Бұл мектепті 1892 жылы бітіріп, кейін 1895-1997 жылдар аралығында Қостанайдағы орыс- қазақ мектебінде білім алады. 1898-1901 жылдары Қостанай қаласында ашылған мұғалімдер дайындайтын курсты бітіреді де, бастауыш мектепке мұғалімдікке жолдама алады.
С.Көбеев ұстаздық өмірін Қостанайдан мың шақырымдай Ырғыз уезіндегі Кіші деген жерде бастады.
Спандияр Көбеев Ыбырайдың шәкірті ғана емес, оның жолын берік ұстанған, табанды мұрагерлерінің бірі. Ол өзінің шығармашылығында жазушылық қызмет пен педагогиканы ұштастырып жүргізді.
С.Көбеев сол кездегі балалар әдебиетінің өсуіне, дамуына елеулі үлес қосқан жазушы.
Оның «Үлгілі тәржіме» (1910), «Үлгілі бала» (1912) кітаптарына енген өлеңдері мен әңгімелері жасөспірімдерді еңбек пен бірлікке, тату- тәтті ынтымаққа шақырған. Ол әңгімелерінен үлгі, ғибрат алуды ұсынады. С.Көбеев Крылов мысалдарын қазақша ұғымға сай аударған, ол тікелей аударма емес. Қазіргі таңда бұл шығармалардың тәрбиелік мәні зор.
1939 жылы ағарту саласында ұзақ жылдық қызметі үшін Спандияр Көбеев Ленин орденімен марапатталды. 1944 жылы оған «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мұғалімі» деген атақ беріледі. 1947 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланады. 1949 жылы екінші рет Ленин орденімен марапатталады.
Ол өмірінің соңғы жылдарына дейін өзінің туған ауылы Ақсуатта он жылдық орта мектепте оқытушы болып жұмыс істеді. 1956 жылы 2 желтоқ-
санда 78 жасында қайтыс болды.
Спандиярдың жазушылық мұрасында елеулі орын алатын шығармасы- «Қалың мал» романы. Роман қазақ әдебиеті тарихындағы қара сөзбен жазыл-
ған алғашқы көлемді шығармалардың бірі. Роман тақырыбы - әйел теңсіздігі мен жастардың бас бостандығы мәселесі. Тақырыпты таңдау және жазу себептері жайлы жазушының өзі былай дейді: «Романды жазуға тағы бір ең басты болған нәрсе - қазақ әйелінің қас жауы, қазақ әйелдерін теңсіздікте, қорлық - зорлықта тұтып, малға теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес жүргізу мақсаты еді. Демек, роман арқылы феодалдық шірік салтты әшкере-
леу, қалың халық бұқарасын одан бездіру, әйелдерді азаттық күреске шақыру еді».
ХХ ғасырдың бас кезіндегі халықты отаршылдықтан азат ету, теңдік үшін әлеуметтік күрес кезінде қазақ әйелдерінің тағдыры айрықша көзге түсті. Қалың мал, көп әйел алушылық, әмеңгерлік салттар ескіріп, оған қарсылық молая бастап еді. Теңіне бара алмаған, әйел үстіне тоқалдыққа малға сатылған қыз ғана емес, оның тілектестері - анасы да, жеңгесі де, сіңлісі де, қыздың сүйген жігіті де, жаны ашыр ағайыны да, туған - туысқаны да қыз мұңына қосыла дауыс көтерді. Ол кездегі әлеуметтік теңсіздік мәселесін әңгіме еткенде, ең алдымен әйел мәселесі сөз болатын себебі осында.
Мәселенің демократтық тұрғыдан қойылып, тиянақты шешім табуымен және шығарманың қазақ әдебиетінде бұрын таныла қоймаған таза прозалық роман түрінде жазылуымен «Қалың мал» өз заманындағы басқа шығармалар-
дан оқшау тұрады.
С.Көбеев шығармашылығы, негізінен ХХ ғасырдың бас кезіне жатады. Кеңес өкіметі жылдары ол таза оқытушылықпен шұғылданып, көркем шығарма жазуға келе алған жоқ. Тек ұзақ үзілістен кейін «Орындалған арман» (1951,1954) атты мемуарлық кітап жариялады. Онда жазушы өз басынан кешкен өмірі негізінде Қазақстанда іске асқан қоғамдық өзгеріс, халықтың тіршілік күйін, әлеуметтік жағдайларды суреттейді. Қазақ ауылындағы оқу - ағарту ісінің дамуы жолына тоқталады.
«Орындалған арман» - мемуар болғанда, жазушының жай көргендерін тізбелеу емес - адам образдарына, әртүрлі характерлерге бай көркем кітап. Оны оқып отырғанда, ең алдыменен өзінің көп жылдық өмірін халық қызметіне арнаған, екі дәуірді басынан кешірген, талай қилы кезеңдерден, қалтарысы мол жылдардан өтіп, қазақ халқына адал қызмет еткен, революциядан кейін өз еңбегінің жемісіне ие болып, республиканың көрнекті қоғам қайраткерінің бірі дәрежесіне көтерілген қарт педагог- жазушының бейнесі көз алдыңыздан өтеді. Кітапта Ыбырай Алтынсариннің халықтық қызметін көрсетуге бірсыпыра көңіл бөлінеді.
С.Көбеевтің жазушылық қызметі оның тек ағарту майданында ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің тарихында да елеулі орны бар екендігін анық көрсетеді. Оның ағартушылық, педагогтық және жазушылық еңбегі, негізінен өзі өмір сүрген заман талабынан туды, халықтың рухани тілегіне жауап берді.
Шығармалары:
Көбеев С. Таңдамалы шығармалары.- Алматы: ҚМКӘБ, 1960.
Көбеев С. Екі соқа : Әңгімелер мен мысалдар.- Алматы: Жалын, 1990.
Көбеев С. Қалың мал. Қамар сұлу. Қыз көрелік: Романдар / С.Торай-
ғыров, Т.Жомарбаев.- Алматы: Жалын, 1986.
Көбеев С. Құстың ұясы: Әңгімелер мен мысалдар.- Алматы:Жалы, 1986.
Көбеев С. Орындалған арман: Романдар мен мысалдар.- Алматы: Жазушы, 1988.
Көбеев С. Қалың мал: Роман //Қазақ прозасы: Хрестоматия.3 том. –Алматы,2001.
Өмірі мен шығармашылығы:
Қоңыратбаев Ә.Спандияр Көбеев (1878-1956) // Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.- Алматы,1994.
Спандияр Көбеев (1878-1956) //Қазақ әдебиетінің тарихы.10 томдық: 3 том. ХХ ғ.бас кезі (1900-1917).- Алматы,2006.
Таукин Н. Ағартушы қаламгер: Педагог- жазушы Спандияр Көбеев туралы // Жаңа Сарыарқа.-2008.-№6.
Қабанбай Марат
(1948-2000)
Жазушы Марат Қабанбай Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін 1975 жылы бітірген. 1966- 1968 жылдары аудандық «Достық» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1987-1994 жылдары шығармашылық жұмыста, «Ана тілі» газе-
тінің редакторының орынбасары, 1999 жылдан өмірінің соңына дейін «СолДат» газетінің бас редакторы болды.
Шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Негізгі тақырыбы: заман келбеті, жастардың өмір тіршілігі; идеясы: адамды сүю. «Бақбақ басы толған күн» (1975), «Арыстан, мен, виоленчель және қасапхана» (1977), «Жиһанкез Тити» (1982), «Пысық болдым, мінеки» (1983), «Қала мен қыз бала» (1984) атты повестер мен әңгімелер топтамалары, «Кермек дәм» (1977), «Айшылық алыс жол» (1987) романдары жарық көрді. Шығармалары орыс тілінде «Арыстан, я, виоленчель» (1980), «Вот он я- бывалый» (1986) деген атпен Москвада басылып шықты. Жекелеген туынды-
лары украин, молдован, латыш, неміс тілдеріне аударылған.
Жазушы 52 жыл ғұмыр кешіп дүниеден озды. Аз жасаса да көп іс тындырды. Көркем проза мен публицистикаға қатар құлаш сермеп, екі жанрда да қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Жазушы мұрасын екшеп, мөлшермен қарасақ, ұзын - ұрғасы жеті - сегіз томға жетіп жығылады екен.
Марат - шалғай шет, шекара түбіндегі бұйығы ауылда жетімдік пен жоқшылық тақсіретін көп көріп, қиналып өскен жігіт. Өмірдің батпағынан оны қайсар мінез, қайтпас талабы сүйреп шықты. Бұғанасы қатпай тұрмыс-
тың батпан жүгі белін қайыстырса да мойыған жоқ. Ауру ана, шиеттей іні - қарындастарын асырап бақты. Кеңшардың майлық - сулық жұмысында тері тамшылап жүріп, кешкі мектепте оқыды. Одан соң екі - үш жыл аудандық газетте істеді. Бір сөзбен айтқанда Марат әдебиетке өмірден келді, өз өмірі-
нен өнер жасады. Сондықтан оның шығармалары өмірдің өзіндей шынайы, өң - бояуында жасандылық жоқ, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне шүбәсіз ила-
нып, әлдебір танысыңды көргендей, әлдебір жақыныңмен ұшырасқандай жатырқаусыз қауышасың. Бұл тарапта «Кермек дәм», «Айшылық алыс жол» романдары мен тағы басқа әңгіме- хикаяттарынан жазушы тағдырының сілем - сілем іздері қылаң беретінін аңғару қиын емес.
Марат жетпісінші жылдардың орта шеніне қарай әдебиет есігін айқара ашып кірді. Әдепкі жаңа талап, жас таланттар сияқты именіп, төменшіктеген жоқ, нық адыммен екпіндей енді. Бұл уақыт туған әдебиетіміздің туы желбі-
реп, кемеліне келіп дәуірлеп тұрған мерейлі кезеңі болатын. Шеберліктің шалқар көкжиегі ашылып, әлемдік биіктер меңгерілді. Қазақ әдебиетінің алтын ғасырын жасаған ұлы шоғырдың осындай асыл үлгісі тұрғанда жас қаламгердің жұртшылықты елең еткізе қоюы, әлбетте, екіталай нәрсе. Әйтсе де, Марат өзінің алғашқы шығармаларымен –ақ оқушы ілтипатына бөленді. Бірінен соң бірі жарыса жарық көріп жатқан «Жиырма мен жалғыз», «Зая атылған оқ», «Се ля ви», «Бақбақ басы толған күн», «Қала және қыз бала» т.б. әңгіме - хикаялары әдебиетіміздегі жаңа сөз, озық нұсқа еді. Олардың қай - қайсы да өзінің тосын табиғатымен ерекшеленді. Бояуы бөлек, әуен - ырғағы ерек. Марат баяндамайды, әңгімелемейді, сөзбен сурет салады, көзге көрсетеді, ағын - ақ, қарасын - қара ғып, нендей құбылысты болмасын өз шырай - реңімен мөлдіретіп алдыңа тосады, Һәм сонымен қатар езу түрткен шуақты юмор шығарманың өн бойында өріліп отырады. Тақырып ауқымының кеңдігін, көтерілген мәселелердің ділгірлігін былай қойғанда, жазушы шығармаларының басты ерекшелігі деп ең әуелі осы қасиеттерін тілге тиек ету ләзім.
Біздің заманымызда балалар әдебиетін өркендетуге өлшеусіз еңбек сіңірген, жаңа биіктерге көтерген бірден бір ірі тұлғалы классик жазушы Бердібек Соқпақбаев еді. Маратты Бекеңнің ізбасар шәкірті, үлгі- дәстүрін ары қарай дамытушы десек, қателеспеспіз. Қабанбаев кейіпкрлері -70-90 жылдардағы жаңа тұрпатты жас ұрпақ. Бұл қазақ қоғамы дамудың жаңа сатысына көтерілген кезеңі еді. Ғылыми - техникалық прогресс қанатын кеңге жайып, ой - санамызға төңкерістер жасады. Қала мәдениеті тұрмыс- болмысымызға мықтап орнықты. Интеллектісі жоғары, таным –түсінігі дәстүрлі моралдық көзқарасымызбен қабыса бермейтін, бөлек сападағы өзгеше ұрпақ қалыптасты. Марат, міне,осы жаңа адамдардың жыршысы. Солардың жан дүниесіне үңілді, терең бойлап, тұңғиықтан маржан сүзді. Оның модернистік сипаттағы «Қала және қыз бала», терең психологизмге құрылған «Сурет салғым келмейді», «Жиһанкез Тити», «Мұхиттың арғы беті, бергі беті» сияқты шығармалары балалар әдебиетінің қадау - қадау биігі болып қалары сөзсіз.
Жазушының мойыны озық туындыларының бірі – «Арыстан, виоленчель, мен және қасапхана» дейтін хикаяты. Жазушының бұл шығармасы кезінде одақтық « Детская литература» баспасынан жарық көріп, одан әрі Еуропаға сапар шекті, көп ұзамай балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма ретінде халықаралық Г.Х.Андерсен атындағы сыйлық берілді. Марат Қабанбай мұндай мәртебелі сыйлықты иемденген берісі қазақ, арысы иісі түрік әлемінде бүгінге дейін бірден - бір жазушы екен.
Марат шығармашылығының ендігі бір сүбелі саласы - журналистика. Үнемі баспасөз айналасында жұмыс істегендіктен болар, ешқашан публицистикадан қол үзген емес. Еліміз азаттық алған алғашқы аумалы - төкпелі жылдарда қоғам өміріне белсене араласатын ұшқыр да жауынгер жанр - публицистика суырылып алға шықты. Міне, осы тұста Марат көкейінде қабындап, пісіп - жетіліп тұрған көркем дүниелерін қоя салып, журналистикаға білек сыбанып кірісіп кетті. Сарабдал үзеңгілестерімен бірге «Ана тілі» газетінің шаңырағын көтерісті.
Өмірінің ақырғы жылдары қаламгер оппозициялық «СолДат» газетіне басшылық жасады. Екі тізгін, бір шылбыр өз қолына еркін тиген соң, құлашын кең жазып, қоғам өміріне кеңірдектеп енген кеселдерді аяусыз әшкереледі. Ұлтымыз бен рухымызға төніп келе жатқан қатерді алдын - ала болжап, бар дауыспен жаны шырылдай дабыл қақты. Оның «Қазақ, қайда барасың» атты жинағындағы үздік публицистикалық туындыларын қазақ журналистикасының інжу - маржаны десек асыра айтқандық бола қоймас. Марат бұл шығармаларымен ұлттық журналистикамызды жаңа сатыға көтерді, шеберліктің ұтымды үлгілерін көрсетті. Енді Маратша жазу, Маратша сөз саптау үрдіске айналды. Шын мәнінде үлкенді - кішілі журналистеріміздің көпшілігі оны ұстаз тұтты. Марат қайтыс болғанда «Көсемсөздің Қабанбайы» деп қазақ журналистикасының жоқтап, күңіренгені осының айғағы болса керек. (Т. Сәукетай)
Шығармалары:
Қабанбаев М. Бақбақ басы толған күн: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1975.
Қабанбаев М. Арыстан, мен, виоленчель және қасапхана: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1977.
Қабанбаев М. Кермек дәм: Роман.- Алматы: Жалын,1979.
Қабанбаев М. Жиһанкез Тити: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1982.
Қабанбаев М.Қала және қыз бала: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1984.
Қабанбаев М.Айшылық алыс жол: Роман.- Алматы: Жалын, 1987.
Қабанбаев М.Сурет салғым келмейді: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Балауса,1995.
Қабанбаев М.Қазақ қайда барасың? –Алматы: Қазақстан, 1995.
Қабанбаев М.Туған жердің төрт мезгілі: Хикаяттар мен әңгімелер.- Алматы: Раритет, 2004.
Қабанбаев М.Бақбақ басы толған күн: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Балалар әдебиеті, 2006.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ахметжан Т. Кентавр немесе ақиқатқа іңкәр жүрек туралы сыр: (Халы-
қаралық Х.К.Андерсен атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Марат Қабанбаевтың мол мұрасы туралы жары Сәуле Қамзинамен сұхбат)
//Қазақ әдебиеті.- 2005.-13 наурыз.
Жұмахан Н. Балаларды және кітапты сүйетін: (Балалар жазушысы М.Қабанбай туралы сұхбат) //Ақ желкен.- 2008.-№3.
Қабанбаева С. Марат бала күнінде жазған өлеңдерін отқа жағып жіберген //Ақ желкен.-2010.-№9.
Сәукетаев Т. Қарасөздің Қабанбайы: (Танымал жазушы Марат Қабан-
баевтың шығармашылығы туралы ) //Егемен Қазақстан.- 2008.- 25 сәуір.
Қабышұлы Ғаббас
(1935)
Журналист, сатирик - жазушы Ғаббас Қабышұлы 1935 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Ұранхай аулында дүниеге келген. 1955 жылы облыстық «Алтай большевигі» ( қазіргі «Дидар») газетінде корректор, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды.1966 жылы республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясына ауысып, жауапты хатшының орынбасары, көркем әдебиет, әдеби сын бөлімдерінде меңгеруші болып істеді. 1962- 1968 Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқып, жоғары білім алды. 1974 жылы КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, 1983 жылы республикалық «Ара - Шмель» сатира журналының бас редакторы, 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағы құзырындағы көркем аударма және әдеби байланыс Бас редакциясы алқасының бөлім меңгерушісі, 1991- 1995 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының төрағасы болды. 1994- 1996 жылдары басқарманың екінші хатшысы болып, зейнеткерлікке шықты.
Әзіл- сықақ, әңгіме, хикаят, сын, көркем очерк, көсемсөз, мақала жазды. 14 жинақтың авторы.
Жазушының тырнақалды өлеңдері мен сықақ әңгімелері Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде жариялана бастаған жас жазушы әдеби орта назарына тез іліне бастады. 1966 жылы жас жазушылардың «Шұғыла» атты белгілі жинағыда қаламгердің әзіл - сықақ әңгімелері оқырманға жол тартты. Ол тұстағы әдеби өмірдің бір әділетті шыңдығы мен заңдылығы «Жырға сапар», «Шұғыла», «Жас керуен», «Жас қанат» секілді жас жазушылардың алғашқы тырнақалды шығармаларының басын қосқан кітаптар ерекше танымал болды. Бір жағынан іріктеп таңдап алғандықтан да шығар, ондай кітаптарға қосылған жас авторлардың басым көпшілігі кейін қанаты қатая келе әдебиеттің беделді белді, талантты толқындарының қатарына тез қосылып кетті. Ғаббас Қабышевтің шығармашылық жолы осы «Шұғыла» жинағынан басталады. Әрине, әуел бастан сатиралық жанрдағы туындыларымен таныла түскен. Содан бері қырық жыл бойғы қалам ұстаған өмірде жазушы талай - талай талантты ізденістерінің жемісіндей сан-алуан сипатты кітаптарын оқырманға
«Мінездеме», «Мысықта сақал неге жоқ?», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Тарихта қалғың келе ме?», «Бұл әлгі кім ғой?», «Жетім жиналыс», тағы басқа көптеген талантты жинақтарын жариялатты.
Жазушы Ғаббас Қабышевтің прозалық әңгімелері, кесек пішімді сатиралық кейіпкерлері әдебиеттің сан қырлы бейнелер толқынында өз мінезімен, өзіндік құлқымен дараланады, өзгеше кейпімен есте қалады. Бұл ретте жазушы ұлттық прозамызда айтулы кейіпкерлердің бедерлі бейнесін жасаған. Психологиялық тартысты прозаның келісті желілерін тартып, ой ағымына да ара - тұра тізгін ұстатып, әдеби тәсілдердің өзге де өркенді әдістерімен сатиралық сипатты шығармаларының салмағын арттыра түседі. Көркем де кесек прозалық туындылары суреткерлік келбетінің өзгеше бітімін білдіреді.
Қаламгер шығармашылығының енді бір саласын дәстүрлі прозалық шығармалары, адам тағдырының сан қилы қалтарыстарына, өмір заңдылықтарына, сезім сырларына үңілген тебіреністі дүниелері құрайды. «Төрт хат», «Шабындыкөлдегі шалық», «Жолаушылар», «Тәлкек тағдыр», «Гүл аңсаған ғұмыр», «Сайыңнан саяқ құрлы пана таппай» секілді повесть, хикаяттары тіршіліктің терең сырларына бойлатып, тағдырдың сан түрлі соқпақтарында сынға түскен адам жанының биік те жарқын сәттерін кестелеуге арналған дер едік. Жазушының көркем прозадағы сомдаған кейіпкерлері ойымен де, ісімен де жанға өте жақын, күнделікті көріп, кездесіп қалып жүрген замандастар іспетті әсер қалдырады. Соныменде оқырман көңілінде жылы із қалдырып, жақсы әсермен баурап, бірге ойлантып, бірге толғандырады. Байқап бағдарлағанда көптеген оқиғалардың өмірден сол күйі алынғандығы, көптеген тағдырлардың тіршілік ағымдарымен үндестігі аңғарылар еді.
Ғаббас Қабышев әлемге танымал ірі- ірі қалам қайраткерлерінің шығармаларын ана тілімізге аударып, насихаттаушы. Оның қаламынан қазақ тілінде сөйлеп шыққан Ә.Несиннің «Әңгіме оқи отырыңыз», «Футбол королі», О.Вишняның «Бал шіркін тәтті ғой», А.Бусуйектың «Менің Париждік нағашым» кітаптары, А.П.Чеховтың, С.Михалковтың, Л.Ленчтың талантты туындылары аударма өнерінің қазынасына қосылған үлкен үлес.
Көп қырлы талант иесі, қазақ прозасының танымал шебері Ғаббас Қабышев бүгінде шығармашылық тіршіліктің қайнаған ортасында. Ұлттың жаңғыру үрдісі, бүгінгі шырғалаң да әрі күрделі үмітті өмір тынысы қаламгер қаламына да қайрат қосқандай. Осындай шабытты шақ үстінде қырық жылдан астам суреткерлік ізденіс үстінде жүрген қаламгердің сан қырлы жемісті қызметі мен парасатты азаматтық тұлғасы туралы лебіз білдіру шарт деп санаймыз.
Ардың сөзін айта білген жазушының тұлғасы әмәнда биік, жүзі жарқын. (А.Егеубаев)
Шығармалары:
Қабышев Ғ. Тарихта қалғың келеме?: Әзіл- сықақ әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1978.
Қабышев Ғ. Күлемізбе, қайтеміз...?: Сықақ әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1983.
Қабышев Ғ. Халіңіз қалай?: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1986.
Қабышұлы Ғ. Кадр мәселесін... мәселе шешеді: Әзіл- сықақ, әжуа- мысқыл.- Алматы: «Шабыт» шағын кәсіпорны, 1995.
Қабышұлы Ғ. Жетім жиналыс: Әзіл- сықақ әңгімелер, екі хикая.- Алматы: Жазушы, 1997.
Қабышұлы Ғ. Көлденең кітап: Сатиралық әңгімелер.- Алматы: Нұрлы әлем, 2000.
Қабышұлы Ғ. Екі хикаят: «Сайыңнан саяқ құрлы сая таппай...»; Гүл аңсаған бір ғұмыр.- Алматы: Нұрлы әлем, 2000.
Қабышев Ғ. Арыңның сөзін айта біл. Скажи все по совести: Мақалалар, хаттар.Статьи, письма.- Алматы: Нұрлы әлем, 2001.
Қабышұлы Ғ. Сағыныш сазы: Сырсандық.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
Қабышұлы Ғ. Удай уәде: Әзіл- сықақ әңгімелер, аудармалар, фельетондар.- Алматы: Жазушы, 2004.
Қабышұлы Ғ. Гүл аңсаған бір ғұмыр: хикаяттар, әзіл- сықақ.- Алматы: Қазығұрт, 2005.
Қабышұлы Ғ. «...изация: Таңдамалы (әзіл- сықақ).- Алматы, Ана тілі, 2005.
Қабышұлы Ғ. Тарғыл тірлік: Хикаяттар.- Алматы: Атамұра, 2006.
Қабышұлы Ғ. «Адамның кейбір кездері...»:Жинақ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2006.
Қабышұлы Ғ. Анау- мынауизация: Әзіл- сықақ әңгімелер және аудармалар жинағы. –Алматы: Көшпенділер, 2008.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қабышев Ғаббас //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Қабышұлы Ғаббас //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.
Қайсенов Қасым
(1918-2007)
Жауынгер жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Асубұлақ ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Туған аулында орталау мектепті бітірген соң 1934 жылы Өскемен қаласындағы Саяси - ағарту техникумына түсіп, оны 1938 жылы бітіреді. Сөйтіп, арнайы орта білім алып, облыстық Оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істейді. Ал 1939 жылдың қысында Әскери мектепке түседі де, оны 1941 жылдың күзінде бітіріп шығады.
Қасым Қайсенов партизан болмаса, жазушы болар ма еді? Жау тылында өткізген 1125 күннің әр сағаты мен әр минутінде кездесіп отырған қилы - қилы оқиғалар тізбегінен ой қорытып, қалам ұстамаса, армандар мен қиялдар құзар шың биігіне қиялап болса да шыға алар ма еді? Сондықтан Қасым Қайсеновтың ең әуелі әскер қатарына шақырылғаны, содан соң әскери барлаушы ретінде жау тылына аттанғаны қандай жақсы болған. Өйткені ол тумысынан жазушы болған жоқ, бірақ оның тумысынан «партизан» болғаны анық еді. Партизан болуға бала Қасымның мүмкіндігі көп- ақ еді. Ол аулында «қара тентек» атаныпты. Бала күнінде шешесінің айтқа деп пісіріп қойған бір астау қызыл бауырсағын далаға апарып, «ал, айтшылаңдар!» деп балаларға таратып бергені, соған бола шешесінен таяқ жегені - бұл бала күндегі «партизандық». Өзінің «Сәтсіздік» деген әңгімесінде бұл оқиғаны Қасым жақсы суреттеген.
Кереку қаласында әскерге бірге алынған Хамза Әмірбаев сынды ақын жігіт бір ретте Қасымға қарап отырып: «Қасым, сен туа біткен әскери адамсың, жаугершілік уақытта сен тегін өлмейсің. Сенде қайсарлық та, қаталдық та бар. Сен жастығыңды ала жатасың... Түбінде сенен бірдеңе шығады. Сен қожырайып тұрасың. Үлкен командир болып кетуің де мүмкін»,- дейді.
Хамза Әмірбаев майдан даласында өліп кетеді. Өзінің «Арманда кеткен ақын» деген деректі әңгімесін Қасым Хамзаға арнаған еді. Хамза айтқан қаталдық пен қайсарлықты ту ғып ұстаған Қайсенов небір қиын - қыстау жорық жолдарынан өтті. 1941 жылдың 20 қарашасында Қасым Қайсенов Оңтүстік батыс майдан штабының қарамағына жіберіледі. Сол жерден 1942 жылдың 6 желтоқсан айында арнайы тапсырмамен гитлершілер басып алған Украина жеріне, жау тылына жасырын партизан орталығының жетекшісі болып барады.
1942 жылдың жазында Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Ол жау жайлаған тылында жүріп, Молдова, Украина жерінде, Карпат тауларының қалың қойнауларында, Чехословакия мен Румыния жерлерінде баса - көктей кірген басқыншыларға қарсы ашық та, астыртын да айқасқа шықты. Партизан құрамаларын құрысуға қатысып, партизан отрядтарына басшылық етті. 1944 жылдың аяқ кезінде бұл елдердің жері фашистерден толық азат етілген соң, Қ.Қайсенов өзінің туған жеріне қайта оралады. «Кавказ- менің екінші Отаным» дейтін М.Лермонтов сияқты Қ.Қайсенов «Украина- менің екінші Отаным» дейтін дәрежеге жетті. Украин халқының ардагер ақсақалдары, партизандық қозғалыстың Ковпак, Федоров сынды көсемдері Қасым Қайсеновтың небір қиын тапсырмаларды орындап келетініне қатты риза болушы еді.
Осының бәрі өмір еді, «мені жаз», «мені суретте» деп өз - өзінен сұранып тұрған қадау - қадау тақырыптар еді. Соғыстан кейінгі жылдарда Қасым Қайсенов осы тақырыптардың әмбесімен сырласып, мұңдасып, қайсы бірімен достасып, қайсы бірімен ақылдасып, соларды іріктеу, сұрыптау қарекеттерін бастан өткізіп келген сияқты. Өйткені ол соғыстан кейін іле-шала кітап жазбаған. Оның тұңғыш кітабы тек 1955 жылы, яғни жеңістен кейінгі он жылдан соң ғана жарық көрген. Кітап аты - «Илько Витряк».
Сол 1955 тен күні кешегі 1992 жылға дейін Қасым Қайсеновтың қазақ, орыс, украин, қырғыз тілдерінде 28 кітабы шықты. Жазушы Қайсеновтың кітаптары жасандылықтан аулақ, ойдан шығарылған ойжота әңгімелерден таза, соғыс күндерінің партизандар қимылының нақты шежіресі. Кейіпкерлері де өмірде бар адамдар.
Деректі әңгімелер болған соң жазушы оқиғаларды суреттеп, баяндауда шалқып та кетпей, бетінен қалқып та өтпей, жорық көріністерін көз алдыңызға қаз - қалпында, нақпа - нақ күйінде әкеліп отырады. Мәселен, отыз бір әңгімеден тұратын «Жау тылында» атты шығарманың осындайлық ерекшелігі бірден көзге түсер еді. Ал қайсы бір әңгімелерде болып өткен оқиға айы, күніне дейін дәл аталар еді.
Жазушы Қ.Қайсеновтың кейбір деректі повестерін оқып отырып, көркем суреттеудің кәдуілгі үлкен шығармаларға тән стилін байқауға болады. «Жау тылында» атты шығарманың «Алғашқы сапар» әңгімесінде партизан - жазушы жолдастарының бәрінен айрылып, орман ішінде жалғыз қалғанын баяндайды. Аштықтан өзегі талып, өксіп - өксіп жылағысы келеді. Сөйтіп отырғанда қалғып кетіп, түс көреді. Түсінде құлын -тайдай тебісіп бірге өскен ағасын, қарындастарын, інілерін көреді. Жазушының шегініс жасап, балалық шаққа саяхаттап кететін осынау бір тұстары өте - мөте әдемі, есте қаларлық көркем суреттер.
Ұлы Отан соғысы кезінде ересектермен бірге он бір, он екі жастағы жасөспірім жеткіншектерде дұшпанға қарсы күреске шыққаны мәлім. Осы бір шындық Қасым Қайсенов шығармашылығында өз көрінісін ойдағыдай тапқан. Аталмыш тақырыпқа жазушы негізінен екі повесін арнайды. Соның бірі – «Жас партизандар», екіншісі - «Жау тылындағы бала».
Жасөспірім партизандардың отрядқа келуін, олардың өсу, тәжрибе алу эволюциясын жазушы өте сәтті өрнектейді. «Жау тылындағы бала» повесіндегі Сережа мен Боря образдары иланымды да нанымды. Сережаның шын аты - Серік. Серік Мергенбаев. Әкесі шекарада, әскери қызметте. 1941 жылы 22 маусымда шешесі Жамал мен Серік әкесіне қонаққа келеді. Дәл сол күні соғыс басталып кетіп, әкесі Жомарт Мергенбаев шешесі мен екеуін ауылға қайтарып жібереді де, өзі майданға аттанады. Бірақ жау ұшақтары бомбалап, поездың быт - шыты шығады, өртенеді. Серіктің шешесі қаза табады. Содан Серік партизандар отрядына келіп қосылады.
Шығармашылығының незгі бөлігін партизан қозғалысына арнаған жазушы Қасым Қайсенов, өзінің бастан кешкен қым - қуат, шытырман оқиғаларын жазып халқына, еліне белгілі, аты аңызға айналған жазушыға айналды. Жазушының сонадайдан «мен мұндалап» тұрған, есте қалардай сомдалған кесек образ - тұлғалары аз емес. Жау тылында өткізген 1125 күннің ұмытылмас шежіресі көз алдында көлеңдейді де тұрады. Бұл шежірені ол өзінің партизан достарының күн сайын, сәт сайын қыл үстінде жүрген өмірімен, солардың ерлік істерімен қабыстыра жазады.
Қасым Қайсенов өз шығармаларының өміршеңдігімен, қаламының қуаттылығымен өзін - өзі таныта білген жазушы.
Қасым Қайсенов Отан соғысы орденінің 3 дәрежесімен, сондай-ақ «Чехословакия партизаны», Украинаның 3 дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, атаулы қарулармен марапатталған. Әскери шені - полковник.
Шығармалары:
Қайсенов Қ. Таңдамалы: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1987.
Қайсенов Қ. Жау тылында. –Алматы: Жалын,1977.
Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары: Әңгімелер.- Алматы: Жалын,1978.
Қайсенов Қ. Ағалар туралы аңыз: Естелік- әңгімелер.- Алматы: Балауса, 1992.
Қайсенов Қ. Естеліктер мен жазбалар.- Алматы: Атамұра, 2002.
Қайсенов Қ. Жау тылындағы бала: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Атамұра, 2003.
Қайсенов Қ. Жау тылында: Повесть.- Алматы: Астана, 2005.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Әлімбаев М. Хас батыр Қасым Қайсенов //Әлімбаев М. Көргендерім көңілде.- Алматы, 1992.
Қасым Қайсенов // Түркістан: Халықаралық энциклопедия.- Алматы, 2000.
Мәуленов С. Партизан соқпақтары //Мәуленов С.Сыр мен жыр.- Алматы,1991.
Партизан Қасым Қайсенов.- Алматы: Жазушы,1997.
Сланов Ғ. Алтай баласы.- Алматы: Жазушы,1973.
Талғаров Х. Партизан сыры: Поэма //Талғаров Х. Менің алтын боса-
ғам: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы,1974.
***
Ахметжан Т. Қарапайым Қайсенов: (Партизан – жазушы Қ.Қайсенов туралы) //Әдебиет айдыны.- 2008.-19 маусым.
Қабышұлы Ғ. Қаскең (Қайсенов) //Қазақ әдебиеті.- 2010.- 7 мамыр.
Қабышұлы Ғ. Қазақтың қаһарманы Қасым (Қайсенов) // Парасат.- 2008.-№ 8.
Қайсенова А. Қасым екеуіміз 70 жыл тату – тәтті өмір сүрдік : (Жазушы Қ.Қайсеновтың жарымен сұхбат) // Жұлдыздар отбасы.- 2008.- №24.
Нұразхан Е. Долбар оймен дау көтер ме, ағайын!: (Қ.Қайсеновке қатысты деректер) //Жас Алаш.- 2010.-24 маусым.
Нұразхан Е. Қайсенов хатшысының күнделігінен //Алматы ақшамы.- 2010.- 6 мамыр.
Нұразхан Е. Айтылмаған әңгімелер: (Қ.Қайсенов туралы естеліктер)
//Жалын.- 2008.№7.
Смағұл Б. Қаһарман Қасымның екі арманы: (Қайсенов) //Түркістан.- 2008.-9 қазан.
Тұрлымбеков Б. Қасым Қайсенов шығармаларының деректілігі //Жұл-
дыз.- 2008.-№4.
Тұрлымбеков Б. Қайсеновтің шағын жанрдағы шеберлігі //Ақиқат.- 2008.-№4.
Қайырбеков Ғафу
(1928-1994)
Ғафу Қайырбеков – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясында өнер тудырған аса көрнекті ақындардың бірі. Ана тілінде алғаш рет ұйқасты сөз құрастырып, өлең жаза бастағанынан өмірінің соңғы күндеріне дейінгі жарты ғасыр ішінде ол өте өнікті еңбек етіп, туған әдебиетіне мол да қымбат мұра қалдырды. Табиғатында ақын болып жаратылған дарынды жастың шығармашылық қабілеті ерте ашылды да, бірден - бірге жедел жетіліп, тез қалыптаса бастады. Жас ақын деген атаққа сонау мектеп қабырғасында - ақ ілінді.
Ғафу Қайырбеков 1928 жылы 15 тамызда Қостанай облысының Жангелдин ауданында, Торғай кентінде туды. Алғашқы негізін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин қалап кеткен мектепте оқыды. Ұлы Отан соғысы басталғанннан кейін оқуын үзіп, еңбекке араласты: аудандық мекемелердің бірінде кеңсе қызметін атқарды. Майданға кеткен ерінің орнын басып, еңбекке араласқан әйел туралы «Ана қуаты» атты өлеңі аудандық газетте жарық көріп, тұңғыш рет баспасөз бетінде жарияланды.
Ғафудың ақындық өнерінің алғашқы нәр алған көзі - Ыбырай Алтынсариннің мектеп оқулықтарындағы шығармалары мен ел аузында сақталып қалған халық поэзиясының асыл мұралары, сондай- ақ Торғай топырағында шабытты өлең жырларымен атағы шыққан Ахметхан Әбіқаев, Нұрхан Ахметбеков сынды суырып салма ақындықтың дүлдүлдері еді. Солардан естіген жыр дастандарды домбыраға қосып, шабыттана айтқаны жас ақынның «өлеңшілік» даңқын одан сайын арттыра түскен.
Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Ғафу 1946 жылы Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық курсына түсіп, оны бітіргеннен кейін ауылда бірер жыл мұғалім болып істеді. 1948 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетіне түсіп, төрт жылдан кейін бітіріп шығады.
Оқуын бітіргеннен кейін Қазақстан Жазушылар одағының қарамағына жіберіліп, ұзақ жылдар бойы «Жазушы» баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары болып істеді.
1954 жылы оның «Құрдас» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Сонан кейін арасына бірер жыл салып жыр жинақтары дүркіндете туындай бастады.
«Қосбасар» (1956), «Дала қоңырауы» (1957), «Таулар сөйлейді» (1960), «Арал әуендері» (1961), «Алғашқы асу» (1964, бірінші таңдамалысы), «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Большевик ауыл» (1967), «Алтын бесік» (1969), «Көсемнің нұрлы атымен» (1970), «Сарыарқа саздары» (1972, екінші таңдамалысы), «Қанатты жылдар» (1976), «Асу алда» (1977), «Жұлдызды тағдырлар» (1980), «Маңғыстау мұнаралары» (1983), «Туған топырақ» (1985), «Күн теңескен» (1986), «Ана туралы жыр» (1987), «Шұбалаң» (1988).
Бұл аталғандар - ақынның үлкен поэзиядағы тың туындылары. Олардың сыртында Ғ.Қайырбековтің поэзияда балалар әдебиетіне қосқан үлесі өз алдына. Атап айтқанда, «Балықшы Иван» (1951), «Балқурай» (1962), «Күн баласы» (1963), «Ақ көйлекті шал» (1968), «Алғашқы қоңырау» (1982).
Негізгі шығармашылық бағыты поэзия бола тұрып, Ғафу прозаға да, әдеби сынға да қалам тартып көрген. Оның «Ақ желкен» (1976), «Жел қайық» (1980) атты проза кітаптары, «Бір кеменің үстінде (1981) атты сын кітабы бар.
Қазақстанның халық жазушысы Ғ.Қайырбеков- табиғатында ақын болып туған дарын. Ақындық оның өмірінің мақсат - мұраты ғана емес, философтарша айтқанда, өмір сүрудің әдіс – тәсілі , негізгі түрі болды. Өлеңсіз өткен өмір - ол үшін өмір емес, зая кеткенге есеп. Біраз күн өлеңнен қол үзіп кеткенде айтқан : «Көп болды, қалам, сырласпай, ақындық құрмай, өлді- ау күн» деген өлең жолдары қызыл сөз емес, шыны.
Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, ол арқалы, аруақты ақын. Табиғат берген дарынды, өлеңнің өршіл шабытын аруақтың күшіне теңесе, артық емес. Ғафудың естелік ретінде кейінірек жазған «Ақынсың ғой сен!» өлеңін еске түсірейік.
Он екі жасар бала жалаң аяқ өзен жағасында жұмыртқа теріп жүргенде, ойда жоқта, мынадай бір жағдай болады:
«Кенет бір кезім,
Өзімнен - өзім,
Сөйледім дейсің,
Өлең боп сөзім.
Таңданып соған
Тұрғанда маған
Үн қатты жан - жақ,
Үн қатты далам:
Ақынсың ғой сен!».
Әлгі оқиғаға өзінен - өзі таң боп, есі кеткен бала әжесіне жүгіріп келіп баян етеді ғой. Сонда «көп білгіш» әжесі:
«Жүзінде нұры ұйып,
Тыңдады ол, сонан соң
Тіл қатты жымиып:
«Ақынсың ғой сен!»
Дүниежүзілік поэзияда мәңгілік саналатын тақырыптар бар. Олар махаббат тақырыбы, табиғат тақырыбы. Туған жер тақырыбы. Өзінің туған жерін жырға қоспайтын ақын болған емес. Соны қанша жырласа да, өздерін- өздері қайталамай, ылғи да бір шабытпен, соны сезіммен жырлайтындары ғажап. Бұл орайда, Ғафу Қайырбековтің өзі туған Қостанай - Торғай өлкесін жырлаудағы үнемі үдері жаңғырып, тасып - төгіліп жататын шабыт тасқындылығы ерекше сүйсінтеді. Мұны біз ақынның «Беласар» қос томдығына кірген өлеңдерден анық байқаймыз.
Ғ.Қайырбековтің шығармашылық мұрасында кең тынысты эпикалық туындылар ерекше орын алады. Өзі кейін келе дастандар деп атаған мұндай шығармаларының «Қызбел суреттері» аталатын алғашқы үлгісін жаңа талап жасөспірім кезінде жазған. Елуінші жылдардың бас кезінде дүниеге келген «Махаббат туралы аңыз», «Он жеті» сияқты шығармалар да жас ақынның қаламын қатайтуына едәуір септігін тигізген. Осындай азды – көпті тәжрибемен келіп, бірден Ыбырай Алтынсарин тәрізді ірі тұлға жайындағы кесек поэма жазуға құлаш ұруы батылдықтың белгісі болатын. Автордың абыройына қарай, сол батылдық зор жеңіске жеткізді. «Дала қоңырауын» әдеби жұртшылық жылы қабылдады да, ол бірден жеке басылым түрінде 1957 жылы жарық көрді.
Бұдан кейінгі сүйікті шығарма – «Таулар сөйлейді» - Қарағанды
көміршілерінің өмірін суреттеуге арналған. «Жұлдызды тағдырлар» елімізде тың және тыңайған жерлерді игеру тақырыбы көтеріледі. Ақынға осы шығармасы үшін 1980 жылы республикалық Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді.
Ғ.Қайырбеков өзінің ұзақ жылдардағы шығармашылық өмірінде аудармашылық еңбекпен көп айналысты. Қазақ тілінде Пушкиннің төрт томдық, Лермонтов пен Некрасовтың екі томдық шығармалар жинағын шығару кезінде осы ақындардың көптеген өлеңдерін аударды. Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясы сияқты күрделі туындыларды қазақша сөйлеткен топтың ішінде болды.
Ғафу кеңестік орыс ақындарын да көп аударды. Көпшілігімен тығыз шығармашылық ынтымақта болды. Павел Железнов, Олег Шестинский сияқты ақындармен арадағы достық осындай жемісті ықпалдастық пен қарым - қатынас игі әсерін тигізді. Нәтижесінде оның он екі жинағы Алматы мен Мәскеудің баспаларынан орыс тілінде басылып шықты. Солардың соңғысы «Белый парус» деген атпен өзінің ақын баласы Бақыттың аудармасында жарық көрді.
Ғ.Қайырбеков Қазақстанның Халық жазушысы (1992), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халықтар Достығы орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Шығармалары:
Қайырбеков Ғ. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт,
2008.
Қайырбеков Ғ. Шығармалары.- Алматы: Білім,1998.
Қайырбеков Ғ. Бел асар:Таңдамалы. Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1978.
Қайырбеков Ғ. Жер астындағы жұлдыздар: Поэма мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1965.
Қайырбеков Ғ. Большевик ауыл: Дастан және өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1967.
Қайырбеков Ғ. Көсемнің нұрлы атымен: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1970.
Қайырбеков Ғ. Қанатты жылдар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: жазушы, 1973.
Қайырбеков Ғ. Торғай толқыны: Поэма, баллада мен өлеңдер.- Алматы: жазушы, 1974.
Қайырбеков Ғ. Ақ желкен. Елтінжал: Повестер.- Алматы: Жалын, 1976.
Қайырбеков Ғ. Асу алда : Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.
Қайырбеков Ғ. Қарқаралы басында: Көркем очерктер жинағы.- Алматы: қазақстан,1967.
Қайырбеков Ғ. Жел қайық: Повесть.-Алматы: жалын,1980.
Қайырбеков Ғ. Жұлдызды тағдырлар: Дастан мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1980.
Қайырбеков Ғ. Бір кеменің үстінде: (Қазақ поэзиясы хақында).- Алматы: Жазушы, 1981.
Қайырбеков Ғ. Толассыз толқын.- Алматы: Қайнар, 1981.
Қайырбеков Ғ. Сарыарқа саздарыӨлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1972.
Қайырбеков Ғ. Маңғыстау маңғыздары : Жыр кітабы.- Алматы: Жазушы, 1983.
Қайырбеков Ғ. Туған топырақ: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1985.
Қайырбеков Ғ. Күнтеңескен: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1986.
Қайырбеков Ғ. Өмір оттары: Повесть- эссе.- Алматы: қазақстан,1987.
Қайырбеков Ғ. Ана туралы жыр: Ән- өлеңдер.- Алматы: Өнер, 1987.
Қайырбеков Ғ. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,1988.
Қайырбеков Ғ. Шұбалаң: өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Эазушы, 1989.
Қайырбеков Ғ. Елтінжал: Повесть- эссе.- Алматы: Өнер,1990.
Қайырбеков Ғ Балқурай: Поэма мен балладалар.- Алматы: Рауан,1993.
Қайырбеков Ғ. Үш қиян: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1993.
Қайырбеков Ғ: Көнсадақ : Өлеңдер мен дастандар.- Алматы: Атамұра, 2003.
Қайырбеков Ғ. Атамекен: Очерктер.- Алматы: Қайнар, 2005.
Қайырбеков Ғ. Алыста жақын жағалау: Әдеби мемуарлар.- Алматы: Білім, 2006.
Қайырбеков Ғ. Құрдастар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Раритет,
2008.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Әлім Қ. Сырбай мен Ғафу: Эссе- хикаят.- Астана: Фолиант, 2003.
Ғафу Қайырбеков //Қазақ әдебиетінң тарихы: 10 томдық. 9 том.- Алматы, 2005.
Сәрсекеев Қ. Ғафекең //Сәрсекеев Қ. Портреттер: Әңгіме- эсселер.-Алматы: Қайнар, 1999.
Сәрсенбаев Ә. «Дала қоңырауы!»: (Ғ.Қайырбековтің поэмалары жайлы) // Сәрсенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.- Алматы,1986.
***
Ержанова С. «Алматы да көшесі бар Гогольдің...»: (Ақын Ғ.Қайырбековтің шығармашылығы туралы) //Қазақ әдебиеті.- 2008.-7 қараша.
Жаманғараева А. Ғафудың ақындық ортасы // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010.-№7.
Жұмағалиев Қ.Дархан дарын: (Ақын Ғ.Қайырбековтің шығармашы-
лығы туралы) //Егемен Қазақстан.- 2008.-15 тамыз.
«Қырық кітабым бір төбе, Байрон бір төбе» //Түркістан.-2008.-2 қазан.
Хамзина Б. «Ғафекеңмен өте мағыналы ғұмыр кештім» : (Қазақстанның халық жазушысы , Көрнекті ақын Ғафу қайырбековтің аяулы жары Бәдеш Хамзинамен болған жүздесу) //Ана тілі.- 2011.- 20 қаңтар.
Қалиев Сұлтан
(1943)
Балалар жазушысы Сұлтан Қалиев 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. 1961 жылы Жамбылдағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1967 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының №61 сегіз жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. 1967-1973 жылдары қазақ радиосының музыка, балалар редакциясының редакторы, аға редакторы, 1973-1991 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан бері «Ұлан» газетінің бас редакторы.
Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек етеді. Жекелеген өлеңдері орыс, украин, өзбек, грузин, түрікмен, қарақалпақ, әзербайжан тілдеріне аударылып, «Сәлем саған, мектебім» атты кітабы 1983 Фрунзе қаласындағы «Мектеп» баспасынан қырғыз тілінде жарық көрді.
Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі», С.Михалковтың «Степа ағай», Р.Ғамзатовтың «Менің атам» поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен, Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері, «Жанымның жарық жұлдызы» романы жеке кітап болып шыққан. Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ. Мұхамади, Қ.Тәңірқұлиев т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
«Еңбектегі ерлігі үшін» (1970), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен марапатталған. ҚР Жастар одағы мен Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Мәдениет қайраткері» атақтары берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары:
Қалив С. Сыныққа сылтау: Мысалдар.- Алматы: Жазушы, 1967.- (Тұңғыш кітап).
Қалив С. Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1968.
Қалив С. Дүрбі: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1970.
Қалив С. Қасиетті тақия: Поэма мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1972.
Қалив С.Төлебай Әжімов : Очерк.- Алматы: Жазушы,1973.
Қалив С. Сәлем саған мектебім!: Өлеңдер: Мектеп жасындағы балаларға арналған.-Алматы: Жазушы,1975.
Қалив С. Кішкентай астроном: Өлеңдер, поэмалар,жұмбақтар.- Алматы: Жалын,1977.
Қалив С. Теміртесер: Сықақ, мысалдар, өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1979.
Қалив С.Бақыт деген не?: Өлеңдер, ертегілер.- Алматы: Жалын,1980.
Қалив С. Мен мектепке барамын: Өлеңдер, ертегі, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.- Алматы: Жалын, 1982.
Қалив С. Әйт, шу, тұлпарым!: Өлеңдер, ертегілер.- Алматы: Жалын,1986.
Қалив С. Қандай болып өсемін: Өлеңдер, жұмбақтар,жаңылтпаштар, ертегілер.- Алматы: Балауса,1994.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қазыбеков Н. Балаға балдай сөз //Қазыбеков Н. Ой таразысы: Сын мақалалар.-Алматы,1991.
Қалив С. Баланың жүрегіне жол іздедім: /Көрнекті балалар ақыны, «Ұлан» газетінің бас редакторы Сұлтан Қалиевпен әңгімелескен А.Қабышева //Ақ желкен.- 2008.- №1.
Қалиұлы С. «Бұрыннан қаламгер болуды қаладым ғой»: ( Балалар жазушысы Сұлтан Қалиевпен / әңгімелескен И.Сқақова) //Бала Би.- 2011.-№1-2.
Қамбаров Қапан
(1921- 2005)
Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Қапан Қамба-
ров талай кітаптарымен оқырмандарына танымал. Қаламгер әсіресе көзімен көрген соғыс жайлы, соғыс ауыртпалығын тартқан тылдағы еңбеккерлер, ауыл адамдары жайлы бірнеше романдар жазды. «Қанды жыр» деген дило-
гиясының бірінші кітабы «Ашыну» 1987 жарық көрді, екінші кітабы «Жаза» 1994 жылы «Жазушы» баспасынан шықты.
Түркістан педучилищесін бітіргеннен кейін ауыл мектебінде мұғалім болып істеген. Соғыс басталғанда Батыс Украинада майдан шебінде болған. Көптеген дерек мәліметтерді архивтен пайдалана отырып жазушы «Жаза» кітабына Панфилов дивизиясының майдандағы ерен ерлігін арқау етіп алған.
«Ақадырдың ақ шағаласы» атты романы (1982) Жеңістің 25 жылдығына арналған. Романда қазақ әйелдерінің махаббатына беріктігі, адалдағы әсерлі баяндалған. Кейінгі жылдары жазылған «Махаббаттың тұрағы» (1994), «Қаракөзайым» (1996), «Меңсұлу» шығармалары махаббат тақырыбына арналған, бұларды оқырман жастар оң ықыласымен қабылдады.
Қапан Қамбаров очерк, публицистика жанрында да көп тер төккен қаламгер. Ол «Алтай аясында», «Таудағы қала», «Ақ жалын», «Туған жер» очерктер мен әңгімелер жинағының авторы.
Соғыстан кейін Қапан Қамбаров Қазақтың Абай атындағы педагогика институтын бітіріп, «Оңтүстік Қазақстан», «Коммунизм туы» облыстық газеттерде, «Социалистік Қазақстан» редакциясында көп жылдар бойы қызмет істеді. «Социалистік Қазақстан» ( қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті редакциясының әдебиет және өнер бөлімінде жұмыс істеп жүрген жылдары қазақ өнерінің саңлақтары Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов, Сәбира Майқанова, Әбілхан Қастеев және тағы басқалары жайлы жазып газет оқырмандарын олардың өмір жолымен, шығармашылығымен кеңінен таныстырды.
Жазушы 20 жылдай Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде көркем аударма мәселелері жөнінде дәріс берді. «Ерлік эпосы» деген Ұлы Отан соғысын жырлаған дастандар туралы 1979 жылы ғылыми монография жазды.
Қапан Қамбаров еліміздің тәуелсіздігіне, Түркістан қаласының 1500 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» атты 3 кітаптан тұратын деректі роман жазып, оны жасы сексенге қадам басқанда аяқтады. Оның бұл шығармасы өзі туып өскен қаласы Түркістанның әлемдік тойына тартқан тартуы болды.
2000 жылы Қапан Қамбаровқа «Түркістан қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Қапан Қамбаровтың «Ашыну» романы мен «Көксеңгір» повесі орыс тіліне аударылып, республикалық «Простор» журналында жарияланды. Ол көркем аудармаға ден қойып, М.Кольцовтің, А.Довженконың, Н.Ановтың, В.Ванюшиннің бірнеше әңгімелерін, «Гүлшешек» кітабын қазақ тіліне аударды. Көркем шығарманы ұлт тілдерінен тікелей тәржімалау хақында «Түпнұсқа және аударма» деген кітап жазды, кандидаттық диссертация қорғады. «Жорық жырлары», «Өшпес жалын» ғылыми-зерттеу еңбектері де жеке-жеке кітап болып жарық көрді.
«Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ұлы Отан соғысына қатысушы», «Георгий Жуков» және басқа 12 жауынгерлік - мерекелік медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.
Шығармалары:
Қамбаров Қ. Алтай аясында: Очерктер мен әңгімелер. – Алматы; ҚМКӘБ, 1959.
Қамбаров Қ. Ақ жалын: Очерктер. – Алматы: Қазақстан, 1969.
Қамбаров Қ. Көксеңгір: Повесть. – Алматы: Жазушы, 1972.
Қамбаров Қ. Туған жер: Очерктер. – Алматы: Қайнар, 1974;
Қамбаров Қ. Ертісте: Повестер. – Алматы: Жалын, 1978.
Қамбаров Қ. Ерлік эпосы: Монография. – Алматы: Жазушы, 1979;
Қамбаров Қ. Ақадырдың ақ шағалалары. – Алматы, 1982.
Қамбаров Қ. Ашыну: Роман. – Алматы: Жазушы, 1987.
Қамбаров Қ. Жаза: Роман. – Алматы: Жазушы, 1994.
Қамбаров Қ. Махаббаттың тұрағы: Отбасылық роман. – Алматы: Атамұра, Қазақстан, 1994.
Қамбаров Қ. Қаракөзайым: Ғашықтық роман. – Алматы: Шартарап, 1996.
Қамбаров Қ. Сейітқасымның жұлдызы:Деректі хикаят. –Алматы: Қазақстан, 1996.
Қамбаров Қ. Ақадырдың ақ шағалалары. – Алматы. – 1982.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қамбаров қапан // Советтік Қазақстан жазушылары :Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы: Жазушы, 1987.
Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.
Қаназ Молдахмет
(1942)
Молдахмет Қаназдың есімі республикамыздың әдебиет сүйер қауымы-
на өзіндік айтар ойы мен қолтаңбасы бар жазушы ретінде танылуы жетпісін-
ші жылдардың басы.
Оның повестері қазақ балалар әдебиетін, жасөспірімдердің ақ жүрегі, арманшыл шақтарын шынайы өрнектеген шығармалар ретінде толықтыра түсті. Оның өз замандастарының соғыс жылғы тағдырына зер сала қалам тербеген «Чика - Дабылдың баласы» повесі 1971 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық конкурста жүлделі орынды иеленді. Өмірдің өзінен ойып алған тақырып, қазақы болмыс пен шынайы балалық тұрғысынан баяндалатындықтан болар, оқырман атаулыны бейжай қалдырмады.
Молдахмет Қаназдың шығармашылық жолы мұнан әрі қарай жарасымды жалғасын тапты. 1973 жылы «Жазушы» баспасынан оның «Сонар» атты повестер мен әңгімелер жинағы шықты.
Араға жылдар салып жарық көрген М.Қаназдың «Жер кіндігі» (1975), «Арна» (1978), «Ақ тайлағым – ай» (1980), «Құм қойнау» (1984), «Жаңбырлы жаз» (1991), «Қияндағы күн нұры» (1993) т.б. туындылары жазушы ой - өрісінің кеңейіп, сөз шеберлігінің шыңдала түскенін айғақтайды.
2001 жылы «Өлке» баспасынан жазушының «Жанқожа» кітабы жарық көрді. Бұл шығарма ғұмыр бойы Хиуа, Қоқан басқыншыларына қарсы күресумен өткен, 1856- 1857 жылдары Сыр бойы шаруаларының патша үкіметіне қарсы көтерілісінің басшысы Жанқожа батырға арналған. Жазушы бұдан басқа «Жанқожа» атты үш актілі тарихи драма, бірнеше танымдық проблемалық зерттеу мақалалар жазды.
«...Жазушы Молдахмет Қаназов шығармашылық тағдырындағы бізге ерекше ұнайтын сәт - оның балалық балдәуреніне бұрылған сәті еді», «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары» аталатын повестері жазушының өзіне шығармашылық тыныс, баларға рухани ырыс болды деп білеміз»,- деп жазды белгілі сыншы Құлбек Ергөбеков жазушы шығармашылығы жайлы.
М.Қаназдың балалар жайлы шығармалары аспан қандай тұнық, ауа қандай таза, айдын көл қандай мөлдір, адамдар қандай мейрімді дегенді айтады. Оның шығармалары көбіне кәдімгі ана мен бала, әже мен немере, әпке мен бауыр арасындағы қарым – қатынасқа құрылады. Уақыт шындығын арқау еткен «Чика - Дабылдың баласы» повесі қазақ аулынан ата - ана тапқан неміс баласының тағдырына арналса, «Ақ тайлағым- ай» повесіндегі кішкене бала Сәнім тәтесінің қайдағы бір көксауды тең көріп күйеуге қашып кеткенін ұқпай әлек. Осындай балардың ішкі - сыртқы әлемін, қылықтарын, пиғыл - ниетін шебер айшықтау жазушының ең үлкен шеберлігі, табысы.
Молдахмет Қаназ 1942 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Бекбауыл станциясында дүниеге келген. 1963 жылы Шымкент педагогика институтының филология факультетін тәмамдаған. 1963- 1978 жылдар аралығында Қызылорда облысы Қазалы ауданында мұғалім, аудандық газет редакциясында, партия, кәсіподақ жүйесінде қызмет істеді.
1978 жылдан 1985 жылға дейін республикалық «Жалын» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1985-1992 жылдары М.Қаназ шығармашылық жұмыста болды. 1993 жылдан бастап М.Қаназ ғылыми - көпшілік «Денсаулық» журналының бас редакторы болып істейді.
Молдахмет Қаназдың орыс тілінде «Свет далекого солнца» (1982), «Старая зимовка» (1985), «Чика - сын Д абыла»» (1991), «Экспресс из полынной степи» (1989) кітаптары жарық көрді.
М.Қаназ ақын - жыраулар жайлы да қаламгерлік қарымын жарқырай көрсете білді, бірнеше зерттеу мақалалар жазды.
Әңгіме, повестері мен мақалалары көптеген жинақтарға енген.
М.Қаназ орыс жазушысы В.Карповтың «Тірілей ұсталсын» романын, болгар жазушысы Елин Пелиннің бірнеше әңгімелерін, Иордан Мелеевтің «Шатырұстар мырза» повесін қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар орыс жазушысы В.Распутиннің әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалады.
М.Қаназ 1975 жылдан Қазақстан жазушылар Одағының, 1996 жылдан Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
Шығармалары:
Қаназ М.Сонар: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы, 1973.
Қаназ М Жер кіндігі: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1975.
Қаназ М Арна: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1978.
Қаназ М Ақ тайлағым- ай: Повестер.- Алматы: Жалын, 1984.
Қаназ М Құм қойнау: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: жазушы, 1984.
Қаназ М Жаңбырлы жаз: Әңгімелер мен повестер.- Алматы, Жазушы, 1988.
Қаназ М Армандай алыс жағалау.- Алматы: Жазушы, 1993.
Қаназ М Жанқожа. –Алматы: Өлке, 2001.
Өмір мен шығармашылығы туралы:
Жұмағалиұлы А. Өрелі өнеге, рухани үлгі: Жазушы М.Қаназ туралы)
//Айқын.- 2012.- 28 наурыз.
Қаназ М. Ел кедей болса да, мейрімді еді..(Жазушымен /сұхбаттасқан Ы.Дәбей) // Қазақ әдебиеті.- 2012.- 17 ақпан.
Мәкеналы Ж. Дария дарын: (Жазушы Молдахмет Қаназдың шығармашылығы жайында) // Алматы ақшамы.- 2012.- 15 наурыз.
Мұсаев А. Ой тегеуріні өзгеше : ( Жазушы Молдахмет Қаназ туралы)
//Жалын.-2012.- №3.
Қанапиянов Бақытжан
(1951)
«Ақынмын! Енді бұрылман,
Өйткені қысқа өмір шын.
Түнгі жұлдыздай жырымнан
Тіршілік оты көрінсін!- деп бедерлі жырлар жазып, жырқұмар қауымның жылы ілтипатына бөленіп жүрген қарымды ақындардың бірі - Бақытжан Қанапиянов. Ол өлеңдерін орыс тілінде жазады. Бақытжан Қанапиянов оннан астам жинақ шығарып, кітаптары әр тілде Америка, Англия, Ресей мен Украинада жарық көрді.
Иранғайып, Жұматай, Есенғали, Дәуітәлі сияқты белгілі ақындар оның өлеңдерін ана тіліне аударып, қазақ оқырмандарын да разы етті.
Мәскеудің жастар баспасынан шыққан «Бұтақ» жыр кітабы Б.Қанапиянов өлеңдерін бүкіл одақ оқырманына, одақтан тыс жерлерге де жеткізді.
Чернобыльдегі атом электр станциясы жарылғанда жанқиярлық еңбек еткен өз жерлестерін жырға қосты, публицистикалық қарымы күшті тамаша жырлар жазып, кейін «Припять үстіндегі ләйлек» деген атпен Алматыда және Киевте жеке жинақ болып басылып шықты. Бұл жырлар алапат апатты көрсетуімен ғана емес, оның болашақтағы зардаптарын ескертуімен де құнды. Табиғат тыныштығын бейнелі сөзбен кестелеген «Бұлан», «Елік» атты өлеңдері осының бір куәсі.
Бақытжан Қанапияновтың «Сөз соңы» дастаны сұрапыл соғыс кезінде неміс басқыншылары ақырғы оғы қалғанша шайқасқан сегіз қазақ жауынгерін тірідей өртеп жіберген тың деректер негізінде халқымыздың абзал есімдерін қайта тірілтіп берген шығарма.
Туған жұртына жан - тәнімен қызмет етуді басты борышы санайтын ақын елінің жақсысын жарқыратып көрсетуді қашанда мұрат тұтады.
Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов 1951 жылы 4 қазанда Көкшетауда туған. Алматының №15 мектебін бітірген соң Қазақ политехникалық институтына түсіп, оны 1974 жылы бітіреді. Біраз уақыт Қазақстан Ғылым Академиясының металлургия институтында инженер болып істеген. 1976- 1977 жылдары Б.Қанапиянов Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематографистер институты жанындағы кинорежиссерлер мен сценарийстер дайындайтын жоғары курста оқиды. Содан бері ақын Б.Қанапиянов поэзия мен киноөнерін қатар дамытып келеді.
Бақытжан Қанапияновтың алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында жарияланған.
1981- 1983 жылдары Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітіріп, «Жалын» баспасында аға редактор болып істеді, біраз уақыт Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болды.
«Тыныштықты сезіну» (1982) Алматыда, «Бұтақ» атты жыр кітабы (1985) «Молодая гвардия» баспасынан басылып шықты.
«Чувство мира», «Ветвь» өлеңдер жинағы және «Послесловие» поэмасы үшін 1986 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
1995 жылы АҚШ- тың Бостон қаласынан «Тыныштық мезеті» атты кітабы ағылшын тілінде жарық көрді.
Қазақ тілінде шыққан «Тікшырқау» деген өлеңдер мен поэмаларын қазақ оқырмандары жылы қабылдады.
Бақытжан Қанапиянов тәржіма саласында тынымсыз еңбек етіп, тер төгіп жүрген ақын. Ол Абай, Жамбыл, Кенен, Шәкәрім мен Мағжан өлеңдерін орыс оқырмандарына жеткізіп, қазақ жырының інжу - маржаны «Қыз Жібек» дастанын орыс тілінде сөйлетті.
Орыстың бүгінгі әйгілі ақыны Андрей Вознесенский «Кіндік Азия қиырлары үлкен керуен жолдарын ғана емес, ұлы дауылдар да туғызады. Олар әлемге ақындар да береді. Ақындарының өлеңдері бөгеттерді бұзып- жарып, кедергілерді көктей өтіп жатады. Ақын Б.Қанапиянов алақұйын әңгүдік дәуіріміздің ырқына көнбей, қасақана жыр төгетіндердің бірі» - деп жазды. Бұл сөздер ақын шығармашылығына берілген әділ баға десек артық болмас.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының иегері (1999), «Алтын лираның үміткері» атты Дүниежүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты (2003). Көкшетау қаласының құрметті азаматы (2001).
Әдебиет пен өнер саласы ордаларында әртүрлі жауапты қызмет атқарған Б.Қанапиянов 1990 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті.
Шығармалары:
Қанапиянов Б.Тікшырқау:леңдер мен поэмалар.- Алматы: Жібек жолы,
2000.
Қанапиянов Б. Мәңгілік алау //Октябрь нұры: Публицистика. – Алматы, 1988.
Қанапиянов Б. Ғұмыр жолын тұйықтап :Өлеңдер //Жұлдыз.- 2011.- №9.
Қанапиянов Б. Нан иісі: Әңгіме //Қазақ әдебиеті.- 2010.- 26 ақпан.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ақын жеңістері: (Уфада өткен түркі тілдес поэзия аудармашыларының «Ақ тырна» атты І Халықаралық конкурсында Бақытжан Қанапиянов «Лирика» номинациясы бойынша 1- орынды иеленді) // Қазақ әдебиеті.- 2011.-9 желтоқсан.
Қанапиянов Б. «Біздің әдебиетке не жетіспейді»: (Ақынмен сұхбат-
тасқан Э.Якия) // Әдебиет айдыны.- 2007.- 13 желтоқсан.
Қанапиянов Б. Бұдан жиырма жыл бұрын: (Өзінің шығармашылығы туралы және мемлекет қайраткері, этнограф- ғалым Өзбекәлі Жәнібековпен кездесуі жайында) // Қазақ әдебиеті.- 2006.- 17 қараша.
Қанатбаев Дүйсенбек
(1940)
Әдебиетіміздің өрісі кеңейіп, өркені биіктеген кезеңдердің бірі- алпысыншы жылдары жыр әлеміне сапарын бастаған ақындардың бірі Дүйсенбек Қанатбаев оқырман жұртшылықтың назарынан тыс қалған емес. Ол өзінің әйгілі «Адыраспанымен» жұрттың бәрін жалт қаратты.
Дала аңызақ қақтаған
Алтыннан қазір су сыйлы.
Өмірде тыным таппаған
Қып- қызыл шағыл сусиды.
Жалбарын, жалын, өл мейлі
Татырмайды аспан нәр.
Тек оған көңіл бөлмейді
Шөлдегі адыраспандар.
Исі мен кермек дәмі үшін
Оны ешкім көзге ілмейді.
Сонда да бұзбай болмысын
Өзінше ол да гүлдейді.
Даланың долы желі де
Жұлқиды адыраспанды.
Сонда да ол өскен жерінен
Екі елі ажыраспайды..,- деген жолдарында үлкен мән- мағына жатыр. Ол туған жерге деген үлкен сүйіспеншілік. Тұла бойы өттей ащы адыраспанның өскен жерінен екі елі ажыраспайтын қайсар мінезі оқырманды ойландырары сөзсіз.
Ақын Дүйсенбек Қанатбаевтың ең негізгі тақырыбы да, шығармашы-
лық тағдыры да - сахара кеңістік, дала. Ол өз шығармалары арқылы дала образын ажарлы бояу, тың теңеулермен толықтырды. Оның қай өлеңі болма-
сын ақын қаламының қажырын айқын танытатын дүниелер.
Дүйсенбек Қанатбаев әрбір қадамынан күні бүгінгі кемелденген шағына дейін өз замандастары бастарынан кешкен ірілі - уақты әлеуметтік өзгерістерді «менің тағдырым осы ғой» деген сеніммен ақындық жүрегінен өткізумен келеді. Адамның кейбір шақтарын табиғаттың кейбір сәттерімен қылаусыз қабыстырып, олардың ішкі мазмұн-иірімдері арқылы бір - бірін ірілендіріп шынайы суреттеу ақын поэзиясының басты ерекшелігі. Және ақын жырлайтын дала мен туған жер тек қана телегей - теңіз кеңістік пен түндігінен жібектей ширатылған шаңырақ емес, тарихпен біте қайнасқан шежіре.
Туған халқының кешегісі мен бүгінгісі, қуанышы мен қайғысы, атамекен тағдыры ақын өлеңдерінің өзегі. Оның қаламынан туған «Жазира» (1966), «Жол басы» (1968), «Серпер» (1970), «Жеті Жұлдыз - жеті қарақшы»(1973), «Ағын сулар әуені» (1975), «Мың сүрлеу» (1977), «Песня бегущей воды» (1978), «Он бесінен толған ай» (1979), «Арнадым саған» (1982), «Аспан асты, жер үсті» (1984), «Сейтқұл туралы аңыз» (1985), «Иек асты, қиян шет» (1988), «Таңның атысы, күннің батысы» (1989), «Жатаған ымырт, биік таң» (2000), т.б. өлең кітаптары қазақ поэзиясына қосылған елеулі үлес болды. Оның лирикасының тағы бір ерекшелігі - екінің бірінің көзіне түсе бермейтін ұлттық салт- сананың тереңінен сыр тартуында. Ақын өлеңдерінде жалаң уағыз, өсиет айту жоқ, әйткенмен, халыққа тән өнегелілік тынбастан үн қатқандай болады. Сондай- ақ Д.Қанатбаев адам мен табиғат арасындағы үндестіктен сұлулық іздеумен қатар, сөзбен сурет салуға бейімділік танытады. Дүйсенбек Қанатбаев - өзіндік қолтаңбасы, қалыпты тыныс - тіршілігі бар поэзия иесі.
Дүйсенбек Қанатбаев көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп жүрген ақын. Басқаны былай қойғанда, түрікмен халқының классигі Мақтымкули жырларының ана тілімізде сөйлеуі - ақын талантының тағы бір қырын танытқандай. Сол сияқты ол Петрарканың сонеттерін, орыс, украин, түрікмен ақын - жазушыларының көптеген шығармаларын қазақшалады.
Ақынның өлеңдері орыс, украин, түрікмен, башқұрт тілдерінде жарық көрді.
Дүйсенбек Қанатбаев 1940 жылы Түркменстанның Красноводск ауданы Сүлмен селосында туған. 1957 жылы Красноводск қаласының медицина училищесін бітіргеннен кейін фельдшерлік қызмет істеген.
Ақынның алғашқы өлеңдері Красноводск қаласында қазақ тілінде шығатын «Жұмысшы» газетінде жарияланды.
1960 жылы Д.Қанатбаев Алматыға келіп Қазақ Мемлекеттік университетіне түсіп, оның филология факультетін тәмамдайды. Әдеби еңбек жолын қазақ теледидарының әдеби – драмалық хабарлар редакциясында редактор болудан бастаған Дүйсенбек, 1979-1982 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, 1984- 1986 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. 1987 жылдан республикалық радиода әдебиет, мәдениет және өнер бөлімінің бас редакторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998).
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Шығармалары:
Қанатбаев Д. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2011.
Қанатбаев Д. Жеті қарақшы- жеті жұлдыз.- Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.
Қанатбаев Д. Ағын сулар әуені.- Алматы: Жазушы,1975.
Қанатбаев Д. Мың сүрлеу, соны соқпақ: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.
Қанатбаев Д. Он бесінен толған ай: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1979.
Қанатбаев Д. Арнадым саған: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1982.
Қанатбаев Д. Сейтқұл туралы аңыз: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1985.
Қанатбаев Д. Иек асты қиян шет: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1988.
Қанатбаев Д. Таңның атысы, күннің батысы: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1989.
Қанатбаев Д. Жатаған ымырт, биік таң: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 2001.
Қанатбаев Д. Арыстардың менде бір жалғасымын: Өлеңдер, толғаулар, балладалар.- Алматы: Жазушы, 2004.
Өмірі мен шығармашылығы:
Исаділ А. Адыраспан жырдың құнары: (Ақын Дүйсенбек Қанатбаев туралы) //Алаш айнасы.- 2010.-1 қараша.
Құлиев Ж. Сұлу жырдың су төгілмес жорғасы..: (Ақын Дүйсенбек Қанатбаевтың шығармашылығы жайлы) // Қазақ әдебиеті.-2011.-18 қараша.
Медетбек Т. Кеңістіктің кемел жыршысы: (Ақын Д.Қанатбаев) //Ана тілі.-2010.-11 қараша.
Қанахин Өтебай
(1923-1990)
Өтебай Қанахин 1923 жылдың 17 желтоқсанында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Он үш жасында әскер қатарында болған Өтебай Қанахин қайтып келген соң 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факултетін бітірген. Әдебиетке елуінші жылдары келді. 1953 – 1960 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, 1960 жылдан Қазақстан КП ОК- нің нұсқаушысы, мәдениет секторының меңгерушісі, 1963 – 1966 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактор, 1966 – 1969 жылдары Қазақстан КП ОК – нің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969 – 1970 жылдары «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс» журналында бөлім меңгерушісі, 1975 – 1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық редакциялық алқасының бас редакторы қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді. «Ауыр күндер», «Мұрагер» (1958 ), «Көл жағасында» (1960 ), «Маздақ» (1964 ), «Жас дәурен» (1966), «Жер басып жүрсем» (1968), «Дәмелі» (1962), «Жүрек қалауы» (1974), «Бақыт бәйшешегі» (1976), «Құдірет» (1979), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986), «Ата қоныс» (1990), тағы басқа кітаптардың авторы.
2001 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген Өтебай Қанахиннің «Бақыт бәйшешегі» кітабына жазушының соңғы жылдарда жазған әңгімелері мен повестері топтастырылған. Кітап екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жауынгер жазушы сонау сұрапыл соғыс кезіндегі майдан көріністерін суреттей отырып, совет жауынгерлерінің асқан ерлігі мен адамгершілігін нанымды бейнелейді. Екінші бөлімде бүгінгі жасампаз өмірімізде халық бақытына лайықты үлес қосып келе жатқан ізгі жандардың мақсат - мұратын, қилы тағдырын алдымызға жайып салады.
Оқырман жұртшылық «Бақыт бәйшешегін» оқи отырып қарапайым адамдардың бойындағы асқан патриоттық сезімнен нәр алады, олардың азаматтық, адамгершілік істерін үлгі тұтады. Жас жандардың ыстық сезімі мен мөлдір махаббатын жүрекке түйіп қана қоймайды, сонымен бірге әлі де болса бойымыздан арылмаған өзімшілдік, тоғышарлық мінездерден бойын аулақ салады. Ө.Қанахин шығармаларындағы образ жасау өзгешеліктерімен танысып, жазушының өзіндік өрнегін таниды.
Автор «Майдан көріністері» әңгімесінде батальон командирі - капитан Николай Иванович Захаров пен батальон комсоргі, лейтенант Бексұлтан Есқараевтың бейнелерін сомдап жасаған. Әсіресе, Есқараевтың ішкі жан дүниесіне терең үңіліп, сол арқылы қайрымды да адал, ақылды да парасатты қазақ жауынгерінің жан дүниесін ашады. Захаров сияқты коммунистің қамқорлығына өзінің ерлігімен, адамгершілігімен танылған Бексұлтан бейнесінің оқырман көңіліне берік ұялайтыны сөзсіз
Сондай- ақ «Қосалқы позиция» әңгімесіндегі сержант Қойшыбаев, «Қарындастағы» старшина Б.Тасболатова, «Капитан Қамбаровтағы» Е.Қамбаров, «Барлаушы қыздардағы» аға сержант М.Дайрабаева, тағы басқа басты кейіпкерлер - шоқтығы биік тұлғалар.
Кітаптың екінші бөліміндегі хикаяттар сериялары қызықты жазылған. Көлемі шағын дүниелер болғанымен, айтар ойы мол, құнарлы дүниелер.
Ө.Қанахин әңгімелерінің басым көпшілігінде өзін Ө. Қанахин мың құбылтып, кейбір елеусіз нәрсенің ауқымын мейлінше кеңітіп, айтар ойын мүмкіндігінше аз сөзбен жеткізіп отырады. Күрделі проблемалардың сырын ашып, маңызды мәселелердің көк жиегін көрсетеді.
«Кім не дейді», «Тойдан кейін», «Ерлі – зайыпты Көбеевтер», «Бір тал шаш», «Тұңғыш ұл», тағы басқа әңгімелері жас ерлі - зайыптылар өмірі жайлы сыр шертеді. Алғашқы әңгімеде Зибагүлдің өмірге жеңілтек көзқараспен қарайтыны, көрсе қызар, озбыр, нағыз дүниеқор екені бейнеленеді. Ал «Тойдан кейін» деп аталатын әңгімелері Бейсенғалиға сүйіп қосылған Гүлмира, қытымыр Перизаттың ықпалымен отбасы шаңырағын шайқалтады. «Сылқым жігіт» повесінде автор кейбір жеке адамдардың, жеке басының қамын ойлайтын тоғышар жандардың арам пиғылдарын көрсетеді. Мұнда бір мекемеде қызмет жасайтын бірнеше адамның мінез - құлықтары ашылады. Автор оқырмандарды өмірде болатын кездейсоқ жағдайлардан сақтандырады.
Біз, міне, кітапты қызыға оқып, «Бақыт бәйшешегі» деген повеске де жеттік. Шығарма мазмұны, оқиға желісі бейнебір фильмдегідей көз алдыңнан жанды сурет болып жатады.
Повестің басты кейіпкерлері қоғам мүлкін көздің қарашығындай қорғап, халықтың игілігіне жаратуға ат салысады. Олар туған өлкесін сүйіп, адамдарға адал қызмет жасауға дайын.
«Бақыт бәйшешегі» повесі әскерлік міндетін үлкен абыроймен атқарып, енді елге қайтып келе жатқан сержант Қайыржан деген жас жігіттің поезд үстіндегі халінен басталады. Қайыржан тым мазасыз. Ол өзінің сүйген қызы Нұрбикеден хат алған. Сол хатты қайта - қайта оқып, елге жеткенше дегбірсізденуде. Жас жігіт жалын атқан шағында өзінің сүйіктісін әлсін- әлсін ойлап, бойды кернеген ыстық сезім мен махаббат ләззатына масайып келеді. Сол бір арманға қашан қолы жеткенше көңіл құрғыр алабұртып шыдатар емес. Алайда, Нұрбике сертте тұрмаған. Басқаға тұрмысқа шыққан. Ал, Нұрбикенің атынан Қайыржанға хат жазған басқа қыз болып шығады. Ол қыздың есімі – Балдай. Қайыржан үшін бұл кездейсоқ жағдай. Алайда оның өмірге деген сүйіспеншілігі кемімей, Балдайға деген махаббаты біртіндеп ояна бастайды. Жазушы осы бір қызық оқиғаларды нанымды суреттейді. Ақырында Қайыржан мен Балдайдың мақсаттарына жеткенін айтады. Бұдан соң Өтебай Қанахин «Құдірет» деген кітабын жазды. Сол «Құдіретті» іздеп жүріп, таласа оқыған жастарды талай көреміз.
Өтебай Қанахин М.А.Шолохов, А.М.Кожевников повестерін тәржімалады, бірқатар шығармалары орыс, украин, белорус, өзбек, армян, тәжік, татар, башқұрт, қырғыз және неміс тілдеріне аударылған.
Жазушы «Қызыл Жұлдыз» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Шығармалары:
Қанахин Ө. Көл жағасында: Әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1960.
Қанахин Ө. Дәмелі: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.
Қанахин Ө. Маздақ: Повесть және әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1964.
Қанахин Ө. Жас дәурен: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1966.
Қанахин Ө. Жер басып жүрсем: Хикая, триптих және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1968.
Қанахин Ө. Ауыр күндерде: Повесть.-Алматы: Жазушы, 1969.
Қанахин Ө. Тұңғыш махаббат: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1966.
Қанахин Ө. Албырт шақ: таңдамалы повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1975.
Қанахин Ө. Өз аулымен: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1976.
Қанахин Ө. Дәмелі: Роман.-Алматы: Жалын, 1978.
Қанахин Ө. Құдірет: Роман.-Алматы: Жазушы, 1979.
Қанахин Ө. Қарлығаш: Әңгімелер.- Алматы: Жалын,1988.
Қанахин Ө. Ата қоныс: Повесть- эссе.- Алматы: Жазушы, 1990.
Қанахин Ө. Құдірет: Роман.- Астана: Елорда, 2001.
***
Қанахин Ө. Арпалыс: Әңгіме // Таң- Шолпан.-2008.-№5.
Қанахин Ө. Соқыр теке: Әңгіме // Жұлдыз.- 2008.- №11.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Серікқалиев З. Кейіпкер кім?: (Ө.Қанахиннің «Құдірет» романы туралы) //Серікқалиев З. Жан дауа.- Астана, 2004.
***
Асабаев З. Азамат: Жазушы Өтебай Қанахин туралы бір үзік сыр
//Алматы ақшамы.- 2008.- 30 қазан.
Исабаев Қ. Бізді әдебиет жақындатты.- Өтебай Қанахин- 85 //Қазақ әдебиеті.- 2008.-27 желтоқсан.
Қапалбекұлы Нағашыбек
(1950)
Нағашыбек Қапалбекұлы 1950 жылы 16 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қызыләскер ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын Жамбыл аудандық «Екпінді еңбек» газетінде (қазіргі Атамекен) корректорлықтан бастап, Н.Қапалбекұлы кейін радиотілші, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, осы газеттің редакторы болды. Нағашыбек Қапалбекұлы халықаралық Жамбыл қорының бас директоры, республикалық Қарасай қорының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облыстық бөлімшесінің төрағасы сияқты қоғамдық жұмыстар атақарып, белсенді қайраткерлік танытты. 2000 жылғы 1 қарашадан бастап Республикалық кітап музейінің директоры болып істейді.
Шығармашылығын мектепте өлең жазудан бастаған, Нағашыбек Қапалбекұлы бүгінде 13 кітаптың авторы. 1980 жылы «Жалын» баспасынан оның «Еңлікгүл» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көрді. «Дос жүрегі», «Таудан түскен тұман», «Қызыл елік», «Махаббатсыз өмір жоқ», «Жерошақтың түтіні» атты повестер мен әңгімелер жинағы жеке - жеке кітап болып шықты.
Нағашыбек Қапалбекұлы тарихи тақырыптарға жиі барады. Атақты бабамыз Жамбыл және ақындық төңірегі жөнінде ізденіп, зерттеп, ел мен жер, өткен мен бүгін жайлы сабақтастыра отырып, танымдық тағылымы мол дүниелер жазды. Оның кейіпкерлері – қазақ елінің біртуар перзенттері: Қарасай, Шапырашты Наурызбай, Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Өтеген секілді дулығалы батырлар, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Өтеп, Әбдіғали, Есдәулет секілді дуалы ауызды ақындар, Төле би, балуан Шолақ, Сарыбай би, Мақыш балуан, Құртқа тәуіп, Түктібай қобызшы тағы да басқа тарихи тұлғалар.
Қарасай батыр жайлы «Қарасай, Қарасай», Жамбыл жайлы «Киелі - қызыл жолбарыс» деген сондай- ақ, Сарыбай би Айдосұлы, Мақыш балуан Райымбекұлы туралы кітаптары да оқырмандарынан өз бағасын алды.
«Жамбыл әлемі» атты үш тілдегі фотоальбом, «Ата тағылымы», «Оспанханнан қалған сөз», «Іңкәр сезім- сырлы әуен» тағы да басқа жинақтар құрастырды. Бірнеше телефильм мен видеофильмдерге сценарий, бір пьеса жазды.
Халықаралық Жамбыл атындағы және республикалық Төле би қорлары сыйлығының лауреаты Нағашыбек Қапалбекұлы - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қарасай ауылының құрметті азаматы.
Н.Қапалбекұлы –Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Оннан астам кітабын оқырман қауымға ұсынған қаламгер бүгінде нағыз кемел шағында. Батырлар мен ақындар елі аталған Жамбыл ауданының түлегі қоғамдық қызметімен қоса шығармашылық жолында да тынбай еңбектеніп келеді.
Шығармалары :
Қапалбекұлы Н. Еңлікгүл.- Алматы: Жалын, 1980.
Қапалбекұлы Н. Дос жүрегі: Повестер мен әңгімелер.- Алматы : Жлын, 1991.
Қапалбекұлы Н. Қызыл жолбарысты қызырлы би.- Алматы: Айтұмар, 1993.
Қапалбекұлы Н. Махаббатсыз өмір жоқ: Әңгіме.- Алматы: Айтұмар, 1994.
Қапалбекұлы Н. Киесі –қызыл жолбарыс: Повесть.- Алматы: Балауса, 1996.
Қапалбекұлы Н. Мақыш балуан: Повесть.-Алматы, 1999.
Қапалбекұлы Н. Жерошақтың түтіні: Повестер.- Алматы: Мерей, 2002.
Қапалбекұлы Н. Ұлағатты үш ардақты: ( Сарыбай би Айдосұлы, Андас датқа Стамбекұлы, сәулетіне дәулеті сай Медеу Пұсырманұлы туралы).- Алматы: Мерей, 2004.
Қапалбекұлы Н.Жамбыл ата: Повесть, әңгіме, естелік, зерттеулер. – Алматы: Мерей, 2006.
Қапалбекұлы Н. Қарасай батыр – ұраным: Зерттеу мақаласы мен пьесасы.- Алматы: Тамыр, 2007.
Қапалбекұлы Н. Біздің ауыл тау жақта: Хикаяттар мен әңгімелер.- Алматы: Өнер, 2007.
Қапалбекұлы Н. Құртқа тәуіп Сұлтанқожаұлы: Зерттеу еңбек.- Алматы, 2008.
Қапалбекұлы Н. Аспанқора аңызы: Ертегі, әфсана, аңыздар.- Алматы,2010.
Өмірі мен шығармашылығы:
Исмаилов О. Бабаларды қадірлеген қаламгер: Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы- 70 жаста // Жетісу.- 2010.- 13 наурыз.
Мекебаев А. Қаламгер қарымы: (Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы)
//Қазақ әдебиеті.- 2010.- 12 наурыз.
Қаупынбаев Төлен
(1938)
Қаламының қызуын қалың оқырманға ұсынып жүрген жазушылардың бірі –Төлен Қаупынбаев 1938 жылы 6 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қаратоған аулында дүниеге келген.1958 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ағылшын факультетіне түсіп оқыды. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультін бітірген соң, «Лениншіл жас» ( қазіргі «Жас Алаш»), «Ауыл» газеттерінде, «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы», «Қазақстан» баспаларында бөлім меңгерушісі болып істеген. Алғашқы туындылары 1956 жылдан бастап республикалық басылымдарда жариялана бастады.
Төленнің тұңғыш әңгімелер жинағы «Тау тұлғасы» кезінде әдебиет әлеміне аттаған алғашқы баспалдағы болған. Араға біраз жылдар салып «Жазушы» баспасынан «Бетегелі бел» кітабы жарық көрді. Әңгімелерінде жазушы ауыл өмірі, дала тіршілігін әсерлі баяндайды. «Қызыл дәндегі» алдыңғы буын ағалардың ізгілік дәстүрлерін маңдай терімен өз бақытын тапқан еңбек ардагерлері Сабыржан, Рақым адамгершілік қарым - қатынастың, азаматтық парызды сезіну жауапкершілігінің ұлағатты үлгісін жеткізіп жатыр. «Тау тұлғасы» шығармасы да Жерұйық өлкедегі өмір, қайнаған тірлік жазушылық шеберлікпен келісіп кестеленген. Өз табиғатын терең түсініп, буырқанған тау өзенімен бірге ағып өзінің жауынды, қарлы, таулы өлкесін қаламгер өз шығармаларына өзек еткен. Оның деректі туындылары «Жазира», «Ашылмаған аралдар», «Шұғыла», «Нан мен тер»,
«Кең құлаш» кітаптары осыған дәлел. Деректіліктің тізгінін ұстай отырып, адам тағдырын, ел мен жер тағдырын жүрек лүпілімен жырлайтын жазушы еркін әңгімелейді. «Кең құлаш» кітабында ол Қазақстан ғалымдарының еңбегі мен өмір жолын жан - жақты саралайды.
Әдебиетші ретінде Төлен Қаупынбаевтың Қабан жырау мұрасына жанашырлық еңбегін айрықша атап өткен дұрыс. «Алтын қазық» деген атпен 1993 жылы жарыққа шыққан кітабы әдебиет тарихынан өз орнын алған еңбек. Жазушы Қабан жырау ғұмырына қатысты өз түсінік - танымы мен бірқатар белгілі жазушы - журналистер, ел адамдары естеліктерін де жұртшылыққа аян етіп отыр.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған Т.Қаупынбайұлының «Білім» баспасынан 2001 жылы «Аққу саздары» кітабы жарық көрді.
Төлен Қаупынбаев Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Жазушы соңғы жылдары тарихи тақырыпқа батыл барлау жасап, батыр бабалар өмірінен деректі туындылар жазып жүр. «Бабалар аманаты», «Албан шежіресі», «Бауыржан батырға барғанда» атты кітаптары осыған куә.
Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың екі мәрте иегері.
Шығармалары:
Қаупынбаев Т. Жазира.- Алматы: Қайнар, 1975.
Қаупынбаев Т. Ашылмаған аралдар. – Алматы: Жалын, 1976.
Қаупынбаев Т. Шұғла.- Алматы: Қайнар, 1979.
Қаупынбаев Т. Тау тұлғасы: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1981.
Қаупынбаев Т. Бетегелі бел: Повестер, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1986.
Қаупынбаев Т.Кең құлаш: эссе, очерктер.- Алматы: Жалын, 1989.
Қаупынбаев Т. Нан мен тер.- Алматы: Қайнар, 1991.
Қаупынбаев Т. Бабалар аманаты: тарихи эсселер, аңыздар, очерктер.- Алматы: Жалын, 1996.
Қаупынбаев Т. Албан шежіресі.- Алматы: Тоғанай,1997.
Қаупынбаев Т. Киелі керуен: Әдебиет туралы ойлар, эсселер.- Алматы: Тоғанай Т., 1999.
Қаупынбаев Т. Сырылған семсер: Эсселер, тарихи очерктер, толғамдар, аңыздар.- Алматы: Тоғанай Т., 1999.
Қаупынбаев Т. Бауыржан батырға барғанда: Жеңіс сарбаздары туралы жыр: Эсселер, очерктер, әңгімелер.- Алматы: Тоғанай Т., 2000.
Қаупынбаев Т. Аққу саздары: Роман- эссе.- Алматы: Білім, 2001.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қаупынбайұлы Т. //Қазақстан жазушылары.ХХ ғасыр: Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004.
Айтбайұлы Т. Таңдау: (Жазушы Төлен Қаупынбайұлының шығарма-
шылығы туралы) // Әдебиет айдыны.- 2008.- 1 мамыр.
Қашқынов Жеңіс
(1942-2006)
Жеңіс Қашқынов - әдебиеттің поэма, баллада, өлең, очерк, толғау, публицистика жанрында бір сыпыра еңбек сіңіріп, тер төккен ақындардың бірі.
Ақын Жеңіс Қашқыновтың шығармашылық жолына шолу жасасақ, бал дәурен балалықты, жалынды жастықты, туған әсем табиғатын, ел ардақ тұтқан адамдарды, өткен тарих шежірелерінен хабардар боламыз.
Тоқырауыным келемін,
Сағындым, талды өзегім.
Сағыныш оты басылып,
Сүй құшып мені, өзенім!
Кезуден сені талмаймын,
Құсың боп ұшып шарлаймын.
Жағаңда туған ұлыңмын,
Бұлбұлың болып сайрайын,- деп
туған елін жырлаған ақын Жеңіс Қашқынов 1942 жылы 4 наурызда Жезқазған облысының «Қуаныш» деген селосында туған.
1964 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің филология факультетін бітіреді.
Алғашқы еңбек жолын республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редакциясында бастаған, 1965-1983 жылдары қазақ радиосында әдебиет редакциясын басқарды. Кейін Мемлекеттік Баспа комитетінде, біраз жыл «Мектеп» баспасында істеді.
Алғашқы өлеңдері 1959 жылы «Пионер» журналы мен «Қазақстан пионері» газетінде жарияланды.
Ақын туған жерінің жыршысы екенін әр кітабындағы жырларынан көрінеді, сол сияқты халқымыздың соғыс жылдарында ерлігі біраз поэма, балладаларына арқау болған. «Ескерткіш», «Жеңгем әні», «Ерлік әні», «Қыран мен жылан» т.б. шығармалары осыған дәлел. Жеңіс Қашқыновтың «Қызыл сұңқар» поэмасы Сәкен Сейфуллинге арналған.
Ақынның ел өмірінен, күнделікті тұрмыс тақырыптары – семья, достық жайындағы жырларынан өзіндік өрнек тапқан өлеңдерін табуға болады.
Табиғатты жырлағанда да ақын оны адам тағдырымен, әрекетімен байланыстыра жырлайды. Оның әрбір жырында нақтылы сюжет, нақтылы адам бар, яғни тағдыр бар. Оның дастандары, балладалары оқиғалы ұзақ өлеңдер. Солардың ішінде «Жеңгем әні», «Арлан туралы», «Қыран тағдыры». «Жеңгем әні» - соғыс кезіндегі қазақ ауылының ауыр тағдыры жеке бір көрініс арқылы елес береді. «Күйеуіңнен хат келді, соның сүйіншісіне ән салып бер»- деп өтініш жасағанға әйел байғұс ән салады, хат екені рас екен, бірақ хат әкелуші ашып оқымаған ғой. Ол- «қара қағаз» болып шығады.
Ақын - өз уақытының перзенті. Өмірде көзбен көріп, көңілге түйген ойларын өлең тілімен қарапайым жеткізеді. «Он тоғызыншы биіктен» поэмасы осыған куә.
2001 жылы ақынның өлеңдер мен дастандары енген «Алыптар мен арыстар» жыр жинағы жарық көрді. Бұл жинақта қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күресіп өткен алыптар мен арыстар бейнесі сомдалған. Абылай хан мен Кенесары, Бұқар жырау тұлғалары бүгінгі ұрпаққа үлгі - өнеге ретінде ұсынылады.
Он алты жыр кітаптарын шығарған автор өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдаван, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған. Оның көптеген өлеңдеріне әндер шығарылған.
Жеңіс Қашқыновтың өлеңіне жазылған «Астана жыры» жаңа Астана гимніне айналды. Бұл әнді Париж бен Мәскеуде «На-На» ансамблі қазақ тілінде шырқады.
Жеңіс бірқатар бауырлас елдер ақындары жырларын ана тілімізге аударған.
Жеңіс Қашқынов 1965 жылдан СССР Журналистер одағының, 1973 жылдан СССР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы.
Шығармалары:
Қашқынов Ж. Тұлпар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.
Қашқынов Ж. Достар: Өлеңдер,ертегілер, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1971.
Қашқынов Ж. Қазыбек Нұржанов: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1972.
Қашқынов Ж. Соқпақтар: Өлеңдер, толғаулар,балладалар.- Алматы: Жазушы, 1973.
Қашқынов Ж. Ағаны жұрт мақтайды: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.
Қашқынов Ж. Найзатас: Поэмалар мен өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 1977.
Қашқынов Ж. Ашылған сыр: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жалын, 1978.
Қашқынов Ж. Заңғар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1979.
Қашқынов Ж. Диқан мерейі: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.
Қашқынов Ж. Он тоғызыншы биіктік: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1988.
Қашқынов Ж. Қоңыраулы сағат: Өлеңдер, ертегілер, аңыздар, поэмалар.- Алматы: Жалын, 1989.
Қашқынов Ж. Ақжолтай Ағыбай батыр: Очерк. Балдырғандар үшін.- Алматы: Балауса, 1996.
Қашқынов Ж. Атыңнан айналайын атамекен: Толғаулар, деректі әңгімелер, сапарнама, ой өрнектері.- Алматы: Әуен, 2001.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қашқынов Жеңіс //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы: Жазушы, 1987.
Қашқынов Жеңіс //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.
Қожахметова Мағира
(1946)
Сонау жетпісінші жылдары шағын әңгімелерімен газет- журнал беттерінде көріне бастаған Мағира Қожахметова- бүгінде кітаптары оқырман назарын аударған танымал жазушы.
Жазушы шығармалары философиялық толғауларымен, ой парасат-
тылығымен, тәрбиелік мәнімен, көркем тілімен ерекше. Оның шығармала-
рының дені әсемдік әлемі, адам жанының тазалығын іздеу.
Мағира Қожахметованың өнер қайраткерлері жайлы деректі әңгімелер топтастырылған «Әлем- әуен» жинағын оқыған кезде өнер құдіретін, жан дүниеңді тазартатын әсем әуенді сезінесің. «Жылы шырай», «Күннің алтын сынығы» жинақтарында адамның жан дүниесі адалдықты тілейтіні,табиғат пен адамдықтың үндестігі бейнеленеді.
«Жылы шырай» повесіндегі «Күй - кісен» кейіпкері көлде туған мылқау Ая сұлу да, зерек болып өскенімен өмір соқпағына кезігіп, өзін- өзі қорғай алмай, қас - қабақтың жылылығының аздығын, азғынның алдауына түсуін, кейіпкердің қасіретті психологиясын автор өте нанымды суреттейді. Адам өзі өмір сүрген ортаның кісенденуінде екенін түсінесің, тіршілікке айналадағы адам жылуы қажет екенін М.Қожахметова өмірдің өзінен алып жазушылық шеберлікпен суреттейді.
«Жантәсілім» романында талқаны шығып егін астында қалған ата- бабасының бейітін таба алмай жүрген қазақтар әңгімеленеді.
Қазақтың тілі мен дінінен айырған тың көтеру дабылының әкеп соққан нәтижесі туралы тақырып қозғауы Мағира Қожахметованың батымдығын аңғаруға болады.
М.Қожахметова басқаларға кіріптар кезіміздің өзінде - ақ қазақтарды толғандырып жүрген тақырыпты көтеріп, өзінің жазушылық бет - бейнесін көрсеткен әйел жазушылардың бірі.
Мағира Қожахметова 1946 жылы Көкшетаудың Зеренді ауданындағы Қошқарбай ауылында дүниеге келген. Көкшетаудың кітапхана техникумына оқуға түсіп, оны жақсы тәмамдап шығысымен Қазақтың Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, 1969 жылы бітіреді. Оқуын бітірісімен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, кейін «Қазақстан әйелдері», «Денсаулық» журналдарында қызмет істейді. Осы жылдары М.Қожахметова көптеген ғылыми - танымдық мақалалары, шығармашылық портреттері, эстетикалық эсселерімен оқырмандарға танылуымен қатар «Күннің алтын сынығы», «Әлем- әуен», «Жылы шырай», «Жантәсілім» сынды әңгіме, повестері, романдарымен өзіндік көркем бояу- нақышы бар дарынды прозашы ретінде де қалыптасты.
Халқымыздың аяулы ақыны Мәриям Хакімжанованың архивінен естеліктер, өлең, мақалаларын тауып алып, «Бар қазаққа ана едің» атты кітабын құрастырып жарыққа шығарды.
Жазушының 1997 жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Адам құпия» кітабы айтарлықтай күрделі дүние, жұртшылықтың ой - қиялына келе бермейтін, тылсым сырларды ашатын рухани - ғылыми толғаныстардан тұрады. Осылайша жазушы таным әлеміне терең бойлай білді.
Жан- жағына өзінің шапағатын төгер жақсы қасиет тек дүние танымы
кең жандарға ғана тән екендігін ескерсек, М.Қожахметованың шығармашылығының өрісі де өрнекті шындықтан өріс тапқандай, өз оқырманын ойға шақырады, қатпарлы сырдың тұңғиығына жетелейді.
Мағира Қожахметованың 1980- 1990 жылдар аралығында жазылып, баспалар тартпаларында талай жыл бойы жатқан «Жантәсілім» романының бірінші кітабы жарық көрді. Бұл бізді өшіре жаздаған ғасырға алғысын мысқылдап айтып, ардақтыларымызды жалмаған аждаһа жылдарға алғаш қарғыс жаудырған қасіретті туынды болатын.
Бүгінде Мағира Қожахметова қазақтың бар баласын бауырына басып, олардың болашағы туралы тынымсызданып жүріп ауқымды істер тындырып жүр. 1996 жылдары «Ай», «Ақ желкен» атты балаларға арналған журналдарында қызметтер атқарды. 2002 жылдан бастап балаларға арналған «Балбұлақ» журналын шығарып келеді.
Шығармалары:
Қожахметова М. Күннің алтын сынығы: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1980.
Қожахметова М. Әлем- әуен: Увертюра. Портреттер. Эсселер.- Алматы: Өнер, 1983.
Қожахметова М. Жылы шырай: Повесть, әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1988.
Қожахметова М. Адам- құпия: (Жан, тән, рух туралы түсінік).- Алматы: Ана тілі,1997.
Қожахметова М. Жантәсілім: Роман.-Алматы: Ана тілі, 2002.
Қожахметова М. Жападан- жалғыз: Повесть және әңгімелер.- Алматы:Ана тілі, 2006.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Бөпежанова Ә. Теңіз дәмі тамшыдан білінеді: ( Жазушы М,Қожахметованың шығармашылығы туралы) // Беталыс: Жастар жастар туралы: Әдеби –сын мақалалар жинағы.- Алматы, 1984.
Барманбекова Г. Жан шуағы: (М.Қожахметованың адами болмысы) // Жалын.- 2012.-№3.
Барманбекова Г. Жаратылыстағы ең күрделі жұмбақ- адамның өзі болар... немесе Мағираның рухани эволюциясы// Аружан.- 2012.-№3.
Кенжеғалиқызы Қ. «Заманның жүгі жотасында...»: Жазушы Мағира Қожахметова шығармашылығы жайында оқырманның ой толғауы // Жас Алаш.- 2011.- 13 қазан.
Қожахметова М. Қазақ әйелінің орны- өнерде: (Жазушы- журналист Мағира Қожахметовамен сырласу / Әңгімелескен Т.Алдабергенқызы) // Түркістан.- 2007.- 7 наурыз.
Қойшыбаев Бейбіт
(1945)
Жасөспірімдер прозасына жетпісінші жылдардың ортасында арманшыл да албырт кейіпкерлерінің дүниетанымдық болмысын өзіндік өрнекпен айшықтап, сыршыл әңгімелерімен әдебиетке келген жазушылардың бірі Бейбіт Қойшыбаев.
Әркез жарық көрген «Ай нұры», «Алтын діңгек», «Комсомол ордендері», «Киелі мұра», «Қара алтын қайдан шығады?», «Жас қалам» атты әңгіме повестерден тұратын кітаптары мен «Дүние - кілт» романын оқыған қауым жылы қабылдады.
Содан бері оның қаламынан бірталай шығармалар туды, жас замандастары өмірінен жазылған әңгімелері мен повестерін, «Киелі мұра», «Дүние - кілт», «Жазықсыз жапа шеккендер» шығармаларымен қатар «Бақытжан Қаратаев», «1905 жыл» сияқты тарихи романды ұсынды.
Дегенмен жазушы Қойшыбаевтың әдебиеттегі қаламгерлік қолтаңбасын айқындаған тарихи тұлғалар тағдыры жөнінде осы соңғы он- онбес жыл көлемінде жазылған публицистикалық шығармалары. Тарихи тұлғалар тарихына бүгінгі тәуелсіз шындығымыздың тұрғысынан бүкпесіз айтып өзінің көзқарасын көрсете білу мәнерімен ол публицистикалық тамаша эсселердің тұтастай бір шоғырын жазды.
Халқының мұңын мұңдап, ел болашағының іргесін қаласқан қазақтың бір туар азаматтары, тарихи тұлғалар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Сұлтанбек Қожанов, Темірбек Жүргенов, Нәзір Төреқұлов, Халел Досмұхамедов т.б. туралы мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген Б.Қойшыбаевтың очерк - портреттері жұртшылықтың көңілінен шықты. «Мен ресми оқулықтардың шолтиған беттерін толтыруды армандадым»,- деп жазды жазушы «1905 жыл» романының бірінші бетінде оқырманға арналған сөзінде.
Сонымен бірге Б.Қойшыбаев тарихтан өткен халықтың халықтығын танытқан, қазақ халқы тарихынан хандардың алатын орны туралы танымдық дүниелерімен жас оқырмандардың ой - санасын өрбітуге бірден бір атсалысты.
Бейбіт Қойшыбаев 1945 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Байқадам селосында туған. 1968 жылы Қазақ мекмлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін Байқадам селолық кәсіптік - техникалық училищесінде, республикалық «Казсельхозтехника, бірлестігінде істеген. «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында, 1980- 83 жылдары «Білім және еңбек» журналында бас редактор болды. «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясында да қызмет істеді. Біраз жыл Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратында жауапты қызметте болды.
1986 жығы оқиғаға Бейбіт Қойшыбаев ұлт намысы үшін жастардың іс- әрекетіне әділ баға беріп, әкімшіл - әміршіл жүйенің үстемдік саясатына батыл пікір айтып, «ұлтшылдығы» үшін партиялық жолмен жазаланды, қызметтен босатылды. Ол шындық пен әділеттің алдында өз биігінде қалды.
Бейбіт Қойшыбаев әдеби - шығармашылық еңбек жасаумен бірге түрлі қоғамдық қызметтер атқарып, күнделікті өмірімізге белсене араласып, азаматтық танытып жүрген сезімі сергек қаламгер. Осы тұрғыдан жазушының азаматтық тұлғасы да жастарға үлгі боларлық.
Шығармалары:
Қойшыбаев Б. Ай нұры: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1977.
Қойшыбаев Б. Алтын діңгек: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1978.
Қойшыбаев Б.Комсомол ордендері: Балаларға арналған деректі әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1980.
Қойшыбаев Б. Киелі мұра: Повесть.- Алматы: Жалын, 1983.
Қойшыбаев Б. Қара алтын қайдан шығады?: Суретті кітапша.- Алматы: Жалын, 1984.
Қойшыбаев Б. Дүние- кілт: Роман.- Алматы: Жазушы, 1987.
Қойшыбаев Б. Жас қалам: Әңгімелер.-Алматы: Қазақстан, 1990.
Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер.- Алматы: Қазақстан, 1990.
Қойшыбаев Б. Біз табыстар қиырлар: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жалын, 1990.
Қойшыбаев Б. Бақытжан Қаратаев.- Алматы: Ана тілі, 1993.
Қойшыбай- ұрпағы Б. Мың тоғыз жүз бесінші жыл: Роман – хроника.- Алматы: Шабыт,1993.
Қойшыбай- ұрпағы Б. Саттар Ерубаев. – Алматы: Ғылым, 1993.
Қойшыбай- ұрпағы Б. Рух: мақалалар мен очерктер.- Алматы, 1993.
Қойшыбай- ұрпағы Б. Ар- қуат: публицистикалық хроника.- Алматы, 2000.
Қойшыбаев Б.Ұлт театры шаңырағын көтеруші.- Алматы: Арыс, 2000.
Қойшыбааев Б. Сен ғана: Роман.- Алматы: Жазушы, 2002.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қойшыбаев Бейбіт // Қазақстан жазушылары.ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.
Қойшыбаев Б. Мақсат –тарих арқылы тәрбиелеу: (Жазушы өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімелейді./ Әңгімелескен Б.Хабдина) // Жас қазақ үні.- 2010.- 16 шілде.
Құдайбердіұлы Шәкәрім
(1858-1931)
Құдайбердіұлы Шәкәрім - ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл аулында туған. Ата- анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленеді.
Өлеңмен жастайынан әуестенген ақын өмір бойы өз шығармашылығында Абай салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да ол Абайдың шәкірті, рухани мұрагері болып саналады.
Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады. («Жастық шақ туралы», «Кәрілік», «Кел, жастар, біз біртүрлі жол табайық»), адам ниетінің түзулігін, адалдықты жырға қосты, оқу - білімге шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті жырлады («Жастарға», «Анық асық әулие», «Шын сырым»).
Шәкәрімнің 1878 жылдан бастап 1904 жылға дейін жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен 1912 жылы жеке кітап болып, Семейде басылып шыққан.
Шәкәрім өзі өскен ортадан ру таласы, күншілдік, тақ таласы сияқты жағымсыз құбылыстарға сын көзімен қарады. Бұл мәселелерді «Қалқаман- Мамыр» (1888), «Еңлік - Кебек» (1891), «Айсұлу - Нартайлақ» поэмаларында, «Әділ - Мария» романында көрсете білді, ақиқатты ашық айтудан тайсалмады..
«Ләйлі- Мәжнүн» (1907) поэмасында ақын көпшілікке белгілі шығыстық сюжетті негіз етіп алып, адал махаббат жырын шертті, оқиғаны реалистік сипатта баяндады.
1917 жылғы Қазан төңкерісін үлкен үмітпен қарсы алып, оған өзінің өлеңдерін арнады, бірақ кейін бұл тақырыпқа терең бармайды. Шәкәрімнің халық арасында беделі жоғары болғанына қарамастан, «Кеңес өкіметінің жауы» деген айып тағылып түрмеге жабылды. Көп ұзамай абақтыдан босап шыққанымен, 1931 жылы дұшпандардың қолынан қаза табады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» аталатын философиялық, «Мұсылмандық шарты» деген трактаттар авторы, көптеген орыс және шығыс әдебиетінің озық үлгілі аудармалары Шәкәрім қаламынан туған. А.С.Пушкиннің «Дубровский» және «Боран» повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың, Физули мен Хафиздің туындыларын қазақша тәржімеледі. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең мазмұнымен, сыншыл да шыншыл әуенімен ерекшеленді. Шәкәрімнің «Дубровскийі» қазақ әдебиетіндегі табысты туындысы болды. Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындықпен, аудармашылықпен шектелмейді. Оның суреткер ретіндегі мұрасының бір тармағы - проза болса, автор мүлде басқа тұрғыдан көрінетін бір арна - тарих пен философия. Ғалам болмысы, замана тұрпаты, адам табиғаты, мұсылмандық шарты, ар, иман, ұждан сынды үш анық, хандар шежіресі, ел тарихы туралы көп толғанып Шәкәрім өмірдің мәні жайында да көп жазды. Ақын әлеуметтік өмірдің әр алуан сұрқын байқай білді және оларға қатынасын айқын білдіріп отырған. Әсіресе, қазақ қоғамына, оның қауымдық, ұлттық ерекшеліктеріне, оқу - білімнің аздығына, ауызбірліктің жоқтығына байланысты жәйттарды батыл көтерген. Оның шығармашылығындағы бағалы, көркем шығармалары мен орынды идея пікірлері, ой - толғамдары да осы мақсатқа бағынған.
Шәкәрімнің әдеби мұрасы саналуан: философия, этнография, әдет - ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды. Оның «Жиырма үш жасымда», «Насихат», «Ажалсыз әскер», «Сұраған жанға сәлем айт» әндері ел арасында кең тараған әндер болды. Сол кезде Шәкәрімнің әндерін жатқа білмейтін адамдар Тобықты елінде кемде - кем болған.
Ал Шәкәрім «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты жинағына енген.
Шәкәрім Құдайбердіұлы - ұлы тұлға, үлкен жазушы, аудармашы. Оның мұралары күн өткен сайын жаңа қырынан көрініп, оқушысына рухани күш берері сөзсіз. Оның поэмалары ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиетіне қосылған үлкен мұра.
Шәкәрім қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік ұлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер. Сондықтан қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында оның алатын орны өзгеше.
Ел тәуелсіздігін алысымен, халқы оның жарқын есімімен қайта табысты.
1958 жылы Шәкәрім толық ақталды.
Шығармалары:
Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер мен дастандар, қара сөздер.- Алматы: Жазушы, 1988.
Құдайбердіұлы Ш. Жолсыз жаза: Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: Жалын, 1988.
Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалары.- Алматы: Рауан, 1990.
Құдайбердіұлы Ш. Түрік– қырғыз һәм хандар шежіресі.- Алматы: Қазақстан, 1991.
Құдайбердіұлы Ш. Үш анық.- Алматы: Қазақстан: «Ғақлия» ғылыми- әдебиет орталығы, 1991.
Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты.- Алматы: Қазақстан, Мерей, Ақиық, 1993.
Құдайбердиев Ш.Аманат: Әндер.- Алматы: Өнер, 1989.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Әбдезұлы Қ. Даналық философиясы ( немесе Шәкәрім данышпандығының танымдық жаңа тағылымдық болмысы) // Әбдезұлы Қ. Таным көкжиегі.- Алматы, 2009.
Құдайбердіұлы Шәкірім (1858-1934) //Абай: Энциклопедия.- Алматы, 1995.
Мағауин М. Ақиқат жолы: (Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858-1931) //Дала даналары.- Алматы,2001.
Шәкәрім Құдайбердіұлы //Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық. 9 том.- Алматы, 2005.
***
Айтқазин Т. Ғұламаның әлеуметтік – философиялық ойлары //Абай.- 2011.- №2.
Әбдізғазиұлы Б. Шәкәрім поэзиясы және дәуір тынысы : (мақалалар)
// Абай.-2011.- №2.
Мағауин М. Шәкәрімге қатысты үш дерек //Жұлдыз.- №4.
Жұртбай Т. Шәкерім мұрасы қалай ақталды? // Түркістан.- 2012.- 15 наурыз.
Шәкәрім Құдайбердиев (1958-1931) //Аңыз адам.- 2011.- №16.
Құмарова Шәрбану
(1936)
Қазақ әдебиеті көгінде жұлдыздай жарқыраған талантты қыз - келіншектердің ортасында жазушы Шәрбану Құмарованың орны да, жөні де бөлек деп айтуға болады. Өйткені Шәрбәну қара сөзбен жырлауды мұрат тұтқан қазақ қыздарының көшбасшысы.
Шәрбану Құмарова 1936 жылы Алматы облысының Есік қаласында туған. 1961 жылы КазГУ- дің филология факультетін бітірген. Сол жылы «Социалистік Қазақстанның» (қазіргі «Егемен Қазақстан») әдебиет және мәдениет бөліміне әдеби қызметкер болып орналасқан. 1966-1969 жылдары Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы Кинематография комитетінде істеп, 1969-1971 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат») журналының жауапты хатшысы болған. Одан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық театрының әдеби бөлімін басқарған. Біраз жыл республикалық «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызметті атқарды.
Шәрбану Құмарова - тілге, ойға бай көптеген кітаптар берген қаламгер. «Сәуірдің ақ таңы», «Қыз сыры», «Қазбауыр бұлттар», «Әйел шырағы», «Жердің тұзы» т.б. кітаптары қалың оқырманның сүйінші шығармасына айналды. Кезінде алғашқы туындылары жайында жазушыға әдебиетіміздің алыптары Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов жылы лебіздерін білдіріп, болашаққа үлкен үміт күтетіндерін нысаналап айтқаны нағыз көрегендік десек те болады.
Шәрбану Құмарова қазақ қыз - келіншектерінің ішінен бірінші прозашы болды. Алғашқы шығармасы «Сәуірдің ақ таңы» кітабына кезінде оқырман шынайы бағасын берді, кейінгі кітаптары да қолдан қолға өтіп жастардың іздеп жүріп оқитын басылымдарына айналды. Қай - қайсын алсақ та жазушы шығармалары кейіпкерлерінің бойынан бір - біріне ұқсамайтын, өзгеше тағдырлармен ұшырасасыз. Олардың әрқайсысының жан азабының, күйзелісінің кәдімгі жұмыр басты пендеге тән психологиялық сан алуан қайшылықтардың соншалықты шебер берілуінің куәсі боласыз.
Жазушының әр шығармасының негізгі өзегі - әйел тағдыры болып келеді. Ол әдебиетімізде қам - қарекетімен бұрын соңды ұшыраса бермейтін әйел мінезінің қырларын шеберлікпен аша түседі. «Егіз меңді Мадонна» әңгімесі - бұл әңгімесінде жазушы бүгінгі қиындықтардың, ауыртпалықтың басты салмағы ең алдымен әйелдің иғына түсіп отырғанын шынайы суреттеген, осылайша қоғамдағы қайшылықтарға жауап іздейді. Бір ғана әйелдің күнделікті қам - қарекеті арқылы оқырманына қоғам өміріндегі кінәратты нанымды жеткізе білген.
«Жердің тұзы» (1991) атты повесінде де жас қыз - келіншектердің тағдырлары әсерлі баяндалған. Жазушы кейіпкерлерінің қай - қайсы да өмір- өзеннен оп - оңай өте алмайды, бірде малтығады, бірде тұншығады, бірде қайраңда қалады.
2003 жылы «Ана тілі» баспасынан Шәрбану Құмарованың «Сезім патшалығы» романы жарық көрді. Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер, оның әсерінен отбасында, жас жұбайлар арасында жаңа құбылыстар пайда болып, жаңа қарым - қатынастар романның өзекті тақырыбы болып отыр.
Романда бүгінгі өмір қайшылықтары, ерлі зайыптылардың өмір кешуі, оқиғалардың қат - қабат желісімен оқырмандарын баурап алады.
Шәрбану Құмарова жазған драмалық шығармалар өз алдына бір төбе.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999). «Құрмет» орденінің иегері
Шығармалары:
Құмарова Ш. Қыз сыны: Әңгіимелер.-Алматы: ҚМКӘБ,1961.
Құмарова Ш. Терезелер: Әңгімелер.-Алматы: ҚМКӘБ,1964.
Құмарова Ш. Қос шынар: Повесть және әңгімелер.-Алматы: Жазушы,
1968.
Құмарова Ш. Сәуірдің ақ таңы: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1971.
Құмарова Ш. Қазбауыр бұлттар: Екі повесть.- Алматы: Жазушы, 1976.
Құмарова Ш. Қызыл қайың : Повестер.- Алматы: Жалын,1980.
Құмарова Ш. Әйел шырағы: Роман, повестер, әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1985.
Құмарова Ш. Жердің : Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,
1991.
Құмарова Ш. Құлжа жолы: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы,1997. Құмарова Ш. Сезім патшалығы: Роман.- Алматы: Ана тілі,2003.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Елғондинова З. Қазақ прозасының айымы: Шәрбану Құмарова- 75
//Қазақ әдебиет.-2011.- 20 мамыр.
Құмарова Ш. «Мені жазушы еткен ортам...»- дейді Шәрбану Құмарова: (Жазушымен /сұхбаттасқандар З.Жұманова, Ж.Нармаханова)
// Қазақ әдебиеті.-2007.- 13 шілде.
МолдағалиевТ. Шәрбану: (Жазушы Ш.Құмарова туралы) //Егемен Қазақстан.-2007.- 19 қаңтар.
Құрманалин Мұхтар
1927-2011)
Мұхтар Құрманалин 1927 жылы Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауданында, Аралтөбе елді мекенінде туған. Ашаршылық жылдары ата - анасы Сыр бойына қоныс аударып, балалық шағы Қазалы ауданында өткен. Жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін Қазалыдағы педагогикалық училищеге, сонан соң Қызылорданың Н.В.Гоголь атындағы (қазір Қорқыт баба атында) педагогикалық институтына түскенімен, тұрмыс жағдайының қиындығына байланысты оқуын одан әрі жалғастыра алмады. Бірнеше жыл ауыл мектептерінде ұстаздық етті. 1958 жылы журналистік қызметке ауысты. Осы жылдары оның өлеңдері облыстық, республикалық мерзімді баспасөз бетінде жариялана бастады. Содан бергі жылдар ішінде М.Құрманалиннің бірнеше жыр жинақтары, очерк кітаптары, балаларға арналған кітапшалары жарық көрді. Балаларға арнап М.Құрманалин «Әткеншек», «Ашық сабақ», «Қағаз қайық» тәрізді жыр жинақтарын жазды, «Жалын» баспасы ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалар-
дың республикалық жабық конкурсына қатысып жүлде алды.
Мұхтар Құрманалин оқырман қауымға лирикалық, эпикалық шығармалары арқылы танымал. «Шалқар теңіз» (1968), «Аспан» (1971), «Көңілімде бір күй бар» (1972), «Мөлдір моншақтар» (1975), «Алыстағы найзағай» (1977), «Сәлем» (1981), «Домбыра сазы» (1983) ақынның оқырмандармен сырласатын жыр жинақтары.
Мәскеулік ақын Вл.Савельевтің аударуымен «Вечный огонь» деген жыр жинағы орыс тілінде басылды.
Ақынның 1987 жылы «Көңіл күнделігі» таңдамалысы жарық көрді.
Ақын мектептегі, облыстық газеттегі қызметтеріне қоса Қазақстан Жазушылар одағының Ақтөбе облысындағы кеңесшісі болып ұзақ уақыт қызмет атқарды.
Ерлік жырларын елмен бірге кешіп өскен ақынның шығармаларында соғыс тақырыбы өксік жасты көзінде ұстап, жүрегімен ерлікке үндеген. Тарихы да, тағылымы да мол Ырғыз, Қарабұтақ өңірі ақынның кіндік кесіп, талантын ұстаған болашақ үлкен өмірге қанат қаққан мекені. Сол мекеннің жусаны, сылдырап аққан өзені, ауыл өмірі, бәрі де қаламгер көңіліне ыстық. Сондықтан қандай өлең жазбасын Мұхтар Құрманалин туған жерге деген ыстық сезімін өлеңмен шебер өрнектей алады.
Мұхтар Құрманалиннің өлеңдеріндегі азаматтық үн, ел тынысы, туған жерге деген махаббат ақын жырларының арқауы, негізгі өзегі. Өз дәуірінің шежірешісі ретінде ақын өткен мен бүгіннің байланысы туралы толғайды, балаларға арналған жырларында дүниетанымның түрлі құбылыстарын түсінуге болады.
М.Құрманалин «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Шығармалары:
Құрманалин М. Әткеншек : Балаларға арналған өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ,1963.
Құрманалин М. Жұлдызды сауыншы.- Алматы:Қайнар,1967.
Құрманалин М. Шалқар теңіз: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1968.
Құрманалин М. Аспан: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.
Құрманалин М. Көңілімде бір күй бар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1972.
Құрманалин М. Мөлдір моншақтар: Өлеңдер мен балладалар.- Алматы: Жазушы, 1975.
Құрманалин М. Алыстағы найзағай : Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1977.
Құрманалин М. Сәлем: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1981.
Құрманалин М. Домбыра сазы: Жыр кітабы.- Алматы: Жазушы, 1983.
Құрманалин М. Ашық сабақ: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1984.
Құрманалин М. Көңіл күнделігі: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1987.
Құрманалин М. Қағаз қайық: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1990.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Құрманалин Мұхтар //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы,1987.
Құрманалин Мұхтар //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтама-
лық.- Алматы,2004.
Құтлуқов Абдуғопур
(1942)
Құтлуқов Абдуғопур 1940 жылы 1 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. 1962 жылы Үрімші қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. 1962 жылдан 1969 жылға дейін Алматы облысы Шелек ауданының Байсейіт селосында орта мектепте ұйғыр әдебиеті мен тілінен сабақ беріп ұстаздық еткен.
Абдуғопур Құтлуқов біраз жыл «Иени Һаят» республикалық ұйғыр газетінде қызмет істеді. Оның алғашқы өлеңдері осы газет бетінде жарық көрген. Тырнақалды өлеңдер кітабы «Гүл мен жан» 1969 жылы «Жазушы» баспасынан басылып шықты. Бұдан кейін «Зайтуна» (1971), «Асия» (1973), «Ержүректер» (1977), «Чимангүль» (1979) жыр кітаптары шықты.
Ақынның топтама жырлары орыс, қазақ, қарақалпақ, өзбек тілдеріне аударылған.
Шығармалары:
Құтлуқов А. Гүл мен жан: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1969.
Құтлуқов А. Зайтуна: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.
Құтлуқов А. Асия: Өлеңдер.- Алматы: жазушы, 1973.
Құтлуқов А. Ержүректер: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.
Құтлуқов А. Чимангүль: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1979.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Құтлуқов А. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы,1987.
Құтлуқов А. //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы,2004.
Қыдырбекұлы Балғабек
(1929- 1995)
Балғабек Қыдырбекұлы қазақ оқырмандарына шебер журналист, көрнекті публицист, саңлақ сатирик, батырлар мен ақындар рухын тірілткен тарихшы қаламгер, сөз төркіні мен салт - дәстүр түпқазығын зерделеген зерттеуші ретінде танылды.
Балғабек Қыдырбекұлы 1929 жылы 15 сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданының Таран селосында туған. Қазақ мемлекеттік университетін 1950 жылы бітірген. 1950-1987 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, фельетонист, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редакторы, сондай - ақ Журналистер одағы басқармасының төрағасы болып қызметтер атқарған. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
Балғабек Қыдырбекұлы ірілі - ұсақты 18 кітап шығарды. 1958 жылы «Ешкімге айтпа» деген алғашқы кітабынан бастап «Шайтанның шатағы», «Ақпа құлақ» (1978), «Мысық тұтқыны» (1979), «Қара сандық» (1969), «Ұрының еншісі» (1972), «Ақымақтың миы» (1993) деген сықақ, этнографиялық әңгімелерінің жинақтары, «Жетім бала» поэмасы (1977), «Алатау» романы оқырмандар қауымынан жоғары баға алды. Оның бірқатар сықақ әңгімелері орыс тіліне аударылып «Черный сундук», «Сквозняк» деген атпен жеке – жеке кітап болып жарық көрді..
Қазақтың біртуар ұлы Ораз Жандосовтың өміріне арналған кітабы 1967 жылы «Қазақстан» баспасынан басылып шықты.
Қазақтың кеңестік дәуірдегі өмірін кең бейнелеп танытуда Балғабек Қыдырбекұлының екі кітаптан тұратын «Алатау» романының өзіндік орны бар. Онда әсіресе, халықтың азаттық, тәуелсіздік жолындағы ой - арманы, күресі жақсы суреттеледі..
Қазақ халқының бастан кешірген кеңестік асыра сілтеулер, елдің аштыққа ұшырауы мен белсенділіктің түп - төркінін ашуда жазушы ойлы пікірін айтты. Романда Алатауды жайлаған елдің тарихы мен тұрмыс - салтына байланысты көп деректер бар.
Балғабек Қыдырбекұлы ел жұртының өткені мен бүгіні жайлы үлкен тақырыпты игеруінің өзі «Алатау» романы айқындайды.
Жазушы Еңбек Қызыл Ту , халықтар Достығы орденімен марапаттал-
ған.
Шығармалары:
Қыдырбекұлы Б. Ешкімге айтпа: Фельетондар жинағы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1958.
Қыдырбекұлы Б. Шайтанның шатағы: сықақ әңгімелер.- Алматы: Жазушы 1966.
Қыдырбекұлы Б. Ораз Жандосов: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1967.
Қыдырбекұлы Б. Шойынқұлақ: Фельетондар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1968.
Қыдырбекұлы Б. Қара сандық: Сықақ әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1969.
Қыдырбекұлы Б. Маздаған шырақ: Очерктер жинағы.- Алматы: Қазақстан, 1971.
Қыдырбекұлы Б. Ұрының еншісі: Сықақ әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972.
Қыдырбекұлы Б. Жетім бала: Екі бөлімді дастан.- Алматы: Жазушы, 1977.
Қыдырбекұлы Б. Ақпа құлақ: Сықақ әңгімелер, фельетондар, очерктер.- Алматы: Жазушы, 1978.
Қыдырбекұлы Б. Мысық тұтқыны: Сықақ әңгімелер. Фельетондар. Әзіл- оспақтар. Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1979.
Қыдырбекұлы Б. Алатау: Роман. І кітап.- Алматы: Жазушы, 1986.
Қыдырбекұлы Б. Алатау: Роман. ІІ кітап.- Алматы: Жазушы, 1991.
Қыдырбекұлы Б. Ақымақтың миы: Сықақ, әзіл- оспақ және этногра- фиялық әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1993.
Қыдырбекұлы Б. Түгел сөздің түбі бір: (Оқу құралы).- Алматы: Қазақ университеті, 1993.
Қыдырбекұлы Б. Қым- қиғаш жылдар: Очерктер, публицистика, эссе, фельетондар.- Алматы: Санат,1998.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қыдырбекұлы Б. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Қыдырбекұлы Б. //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.
Лекеров Асқар
(1912-1964)
Асқар Лекеров 1912 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз аулында кедей шаруа отбасында туған. 1932-1934 жылдары Асқар Лекеров Алматыдағы «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында істеген. 1936- 1938 жылдары Алматыдағы журналистер институтында оқып, бітіргеннен кейін «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында істеген.
Асқар Лекеров 1941 жылдан Ұлы Отан соғысының аяғына дейін майданда болған. Майданнан қайта оралған соң 1946 жылдан «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында қызмет істейді, кейінгі жылдары «Әдебиет және искусство» журналы редакторының орынбасары болып істеді. 1954 жылдан өмірінің соңына дейін Асқар Лекеров Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы») редактор болып істеген.
Асқар Лекеров әдебиетке 1934 жылдан бастап араласты, кішігірім очерк, әңгімелер жазудан бастады. Оның шығармалары 1937 жылдан бастап мерзімді баспасөз беттерінде жарияланды.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы «Достар» деген атпен шықты. Шығармаларының негізгі тақырыбы майдангерлердің қаһармандығы, қарапайым адамдардың адамгершілігі, жаңа өмір құру жолындағы ерен еңбектері. «Сөнбейтін жұлдыздар» (1957), «Ең қымбатты» (1959), «Гауһар» (1965), «Ой көзімен» (1965) атты повесть, әңгіме, очерктер жинақтары жарияланған. «Түз гүлі» (1968), «Өмір оты» (1969), «Таңдамалылары» (1975) жазушының дүниеден өткеннен кейін жарық көрген шығармалары азаматтық және көңіл - күй лирикалық жанрдағы мазмұнды туындылары болып қазақ поэзиясына қосылды.
Асқар Лекеров қытай жазушысы Дин - Линнің «Санған өзені үстіндегі күн нұры» кітабын және «Ауған ертегілерін» қазақ тіліне аударған.
Асқар Лекеров Ұлы Отан соғысы майданындағы ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз, І, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдарымен марапат-
талған.
А.Лекеров өзінің қысқа өмірінде үлкен мұра қалдырған қаламгер. Асқар Лекеров 1964 жылы дүниеден өтті.
Шығармалары :
Лекеров А. Достар: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1955.
Лекеров А. Сөнбейтін жұлдыздар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1957.
Лекеров А. Гауһар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1965.
Лекеров А. Түз гүлі: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1968.
Лекеров А. Өмір оты: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.
Лекеров А. Ауған ертегілері: Аударма.- Алматы: Жазушы, 1984.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Лекеров А. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Лекеров А. //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.
Лушникова Надежда
(1940)
Бұрқыратып өлең жазып, арқаланып айтысқа түсіп, ұлты орыс болғанымен үкілі домбыраны серік етіп, қазақи сөздің майын тамызып
жүрген тамаша ақын Надежда Андреевна Лушникова қазақ оқырмандарына кеңінен танымал.
Надежда Лушникова Алматы облысының бұрынғы Қаскелең ауданына (қазіргі Қарасай) қарасты Шамалған аулында 1940 жылы дүниеге келген. Надежда Лушникова 1961 жылы Қызылордадағы Мәншүк Маметова атындағы педучилищені, содан кейін 1969 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетінің қазақ бөлімшесін бітірген.
Өлеңді жазып та, суырып та шығарады. 1963 жылы Қызылордада облыстық айтысқа қатысып, жүлдегер болды. Шымкенттік Қалдыбек Әлімқұловпен айтысы киноға түсірілді («Айтыс», режиссері Т.Дүйсебаев)
Жастайынан Жетісу жеріндегі ақын - жыраулардың шығармаларын құлағына құйып өскен Н.Лушникова Сүйінбайдың, Жамбылдың, Үмбетәлінің дәстүрін ұстап жыр өрнектеді, бірнеше мәрте айтысқа қатысты. 1964 жылы Шымкент қаласында өткен өлкелік айтыста жарқ етіп көрініп, тағы да жүлдегер атанды. Содан кейін де аудандық, облыстық және
республикалық әртүрлі айтыстарға қатысып, жұртшылықтың құрметіне бөленді. Ақ параққа тізілген жазба өлеңдері де көпшілік көңілінен шықты. Ақынның алғашқы өлеңдері 1958 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған болатын. Содан кейін жарық көрген «Елім менің» (1962), «Көңіл хошы» (1970) жыр кітаптары Надежда Лушникованың жан -жақтылығын паш етті. «Көңіл хошы» жыр жинағы үшін оған Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. Біраз жыл ұстаздық еткен ақын Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаев әдеби - мемориалды мұражайында директор болып, осы өңірдегі көне аспаптар мен халық мұраларының да жинаушысы болды.
Бүгінде жасы жетпістен асқан Надежда Лушникова Жетісу жерінен шыққан жас буын ақындарға қамқорлық жасап, ақындар тобына бағыт - бағдар беріп жүр.
Шығармалары:
Лушникова Н. Елім менің.- Алматы, 1962.
Лушникова Н Көңіл хошы.- Алматы: Жазушы, 1970.
Лушникова Н Сағынарсыңдар мені де: Өлең жырлар.- Астана: Елорда, 2002.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Лушникова Н. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Лушникова Н. //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.
***
Анықбай Е. «Мәдениеттің өскені ел - жұрттың, әлеуметтің жаңа рухының өскені деп бағалаймын»: (Ү.Кәрібаев атындағы әдеби-мемо- риалдық мұражай директоры, ақын Н.Лушниковмен сұхбат) //Алаш айнасы.- 2012.- 6 сәуір.
Лушникова Н. Қазақтың жырымен жылындым: (Үмбетәлі мұражайы-
ның шырақшысы, ақын Н. Лушникова) //Егемен Қазақстан. – 2011. – 25 наурыз.
Лушникова Н. Халқымыздың бір қызы дара туған: (Ақынмен әңгіме-
лескен А. Кірқабақов) //Денсаулық. – 2011. - № 2
Жұмаділова Ш. Өлеңмен өрілген өмір: (Ақын Надежда Лушникова)
//Жетісу. – 2010. – 20 ақпан.
Лушникова Н. «Өлең – жыр таңдайына ұя салған»: (Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев музейінің директоры, ақын Н. Лушниковамен сыр – сұхбат) Жұлдыз. – 2010. - № 5
Байжан К. Қазақтың сары келіні: (Ақын Надежда Лушникова туралы )
//Егемен Қазақстан. – 2007. – 24 қаңтар.
Мағауин Мұхтар
(1940)
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында 1940 жылы туған.
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін 1962 жылы, ал қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын 1965 тәмамдаған, бүгінде ол әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты.
Мұхтар Мағауин 1965- 1967 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1967-1970 жылдары «Жазушы» баспасында, сонымен қатар, «Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді. 1976-1983 жылдар аралығында ҚазПИ- де доцент, аға қызметкер болып істеді, кейін «Жазушы» баспасында бас редактор болды. М.Мағауин 1988 жылдан бастап, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
Мұхтар Мағауиннің тұңғыш әңгімесі «Кешқұрым» 1964 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланды. Соғыстан кейінгі бейбіт ауыл өмірі мен қала тіршілігі, қазіргі интеллигенция, студент жастар өмірі мен халықтар достығы тақырыптарына арналған.
«Ақшақар» (1969), «Бір атаның балалары» (1973), «Қиядағы қыстау» (1977), «Көк кептер» (1979), «Көк мұнар» (1971), «Көк балақ» (1978), повестер мен әңгімелер жинақтары, «Аласапыран» роман - дилогиясы жарық көрді.
Мұхтар Мағауин – ең алдымен прозашы, үлкен романист. Әдебиетке араласқан 40 жылға жуық уақыт ішінде жазушы қаламынан ғылыми еңбектерін есепке алмағанда ондаған әңгіме, «Көк мұнар», «Көк балақ», «Аласапыран», «Сары қазақ» «Шахан шері» романдары мен «Мен» атты мемуар туды.
Мұхтардың кең құлашты романист ретінде танытқан, көркемдік ізденістерінің шыңы болып саналатын «Аласапыран» дилогиясы. Көтерген тақырыбы бұрын із түспеген, сонылығы жағынан болсын, жазушы шеберлігінің кемелдігі болсын бұл роман - қазақ әдебиетіне қосылған үлкен үлес болды.
1964 жылы Мұхтар Мағауинге «Аласапыран» тарихи роман - дилогиясы үшін Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Сонау Алтын Орда, Ноғайлы дәуірінен бергі қазақ хандығының тарихын терең зерттеген жазушының суреткелік шеберлігі «Аласапыранда» жақсы үйлесім тапқан. Сібірдегі Көшім хандығы, мұнаралы Мәскеудегі орыс патшалығы ретімен тізіліп өтіп жатады.
Мұхтар Мағауиннің жаңа туындысы «Мен» деп аталатын ғұмырбаяндық шығармасында жазушы өз шығармашылық өмірі туралы сыр шертеді.
Мұхтардың жыраулар мұрасын зерттеудегі еңбектері қазақ әдебиеті тарихына қосқан сүбелі үлес болды. «Қобыз сарыны» монографиясында хандық дәуірінде өмір сүрген ақын, жыраулардың шығармашылығын зерттеп жүйеледі. Оның Шәкәрім сынды тұлғалардың шығармасы түгіл, атын атау мүмкін болмай тұрғанда өлеңдерін орысшаға аудартып «Қазақ поэзиясының антологиясы» деген атпен 1978 жылы Ленинградта бастырып шығарғанын ерлік деуге болады.
Жазушының таңдаулы әңгімелері мен повестері орыс тіліне аударылып, «Тазының өлімі» (1978), «Жыланды жаз» (1984), «Лирикалық шегініс» (1986) деген атпен республикалық және орталық баспалардан жарық көрді. Бірқатар шығармалары шетел және туысқан халықтар тілдеріне аударылды.
Мұхтар Мағауин Н.Погодиннің «Кремль куранттары» пьесасын, С. Моэмнің әңгімелер жинағын, ағылшын жазушысы Г.Хаггардтың «Сүлеймен патшаның кепіші» атты романын қазақ тіліне аударды.
Жазушы бүгінде шығармашылығы кемелденген шағында.
«... Сонымен алдымызда жаңа ХХІ ғасыр тұр. Ол бізге жаңалық болғанымен, арыдан келе жатқан қазақ халқы мен қазақ әдебиеті үшін көп бекеттің біріндей ғана. Көш керуен әлі тоқтаған жоқ. Соның алдыңғы легінде көш бұйдасын соза тартып Мұхтар Мағауин кетіп барады»,- деп жазды Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов.
Жазуды қасиет тұтқан, сөзді сиқырдай көрген, ойды - даналық, ақылды білім санаған, қазақ даналығы, қазақ кейпі мен қазақ сөзі жатыр.
Шығармалары:
Мағауин М. Шығармалар жинағы: 13 томдық: 1962-2002 жж..- Алматы: Қағанат, 2002.
Мағауин М. Таңдамалы шығармалар: Екі томдық.- Алматы: Жазушы,1990.
Мағауин М. Бір атаның балалары: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1974.
Мағауин М. Қияндағы қыстау: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жалын,1977.
Мағауин М. Көк кептер: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1979.
Мағауин М. Ұлтсыздану ұраны: Зарлы толғау. -Алматы: Алаш, 2004.
Мағауин М. Алдаспан: Көне қазақ поэзиясының антологиясы. ХҮ- ХҮІІІ ғасырлар.- Алматы: Атамұра, 2006.
Мағауин М. Қобыз сарыны. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары: Монография.- Алматы: Атамұра, 2006.
Мағауин М. Жармақ: Роман.- Прага: ArtFocus,2007.
Мағауин М. Қыпшақ аруы: хикаяттар.- Алматы: атамұра., 2007.
Мағауин М. Аласапыран: Тарихи дилогия.- Алматы: Жазушы,2009.
Мағауин М. Ғасырлар бедері: Әдеби зерттеулер.- Алматы: Жазушы, 1991.
Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ- ХҮІІІ ғасырлар): 3 кітап.- Алматы: Ана тілі,1992.
Мағауин М. Шахан шері және басқа шығармалар, 1983- 1993 жыл.- Алматы: Жазушы, 1993.
Мағауин М. Өмір жыры: Өнер адамдары туралы әңгімелер мен хикаяттар.- Алматы: Өнер,1994.
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі: Деректі толғам.- Алматы: Қазақстан, 1995.
Мағауин М. Ұлттың күре тамыры: Көсемсөз, ой- толғаулар. 1992- 1999 жж. –Алматы: Қағанат, 1999.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Мұхтар Мағауин //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Мағауин Мұхтар //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.
Мұхтар Мағауин //Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық.9 том.- Алматы, 2005.
***
Бектасова Г. Мағауиннің «Шыңғыс ханы»: ( ХІІ- ХІІІ ғасырлар көлеміндегі Орталық Азия болмысын кеңінен қамтитын деректі тарихи роман) //Түркістан.- 2012.- 5 сәуір.
Елшібек Ж. Алаштың алмас қылышы: (Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин- 70 жаста) //Айқын.- 2010.- 5 ақпан.
Жанпейіс Н. Заманалар жүгін көтерген туынды: ( М.Мағауиннің 2002 жылы «Қағанат» баспасынан жарық көрген 13 томдық шығармалар жинағы хақында) // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 14 мамыр.
Қабылов Ә. Мұхтар Мағауин прозасындағы ирония //Ұлағат.- 2011.-№1.
Қасқабасов С. Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романы //Қазақ әдебиеті.- 2010.- 15 қаңтар.
Мәуленов А. Қазіргі қазақ романының постмодерндік нышандары:
(М.Мағауиннің «Жармақ» романы негізінде) //Жұлдыз.- 2011.- №3.
Майлин Бейімбет
(1894-1939)
Қазақ әдебиетіне өлшеусіз еңбек сіңіріп өзінің көп қырлы талантын халқына арнаған қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Бейімбет Майлин.
Бейімбет Майлин Қостанай облысының Таран ауданында 1894 жылы туған. Алғаш ауыл молдасынан сауатын ашып, кейін Уфадағы медреседе оқып білім алды. Әдеби қызметін «Еңбекші қазақ» газетінен (1922-23) бастап, Қостанайдағы «Ауыл» газетінде, «Ауыл тілі» газетінде редактор болды. 1932- 37 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор қызметін атқарды.
Алғаш жазған өлеңдері 1912 жылдан бастап газет, журнал бетінде жарияланды. «Шұғаның белгісі» повесі, «Болған іс» әңгімесі (1915) «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланды. Осы кезеңнен бастап Бейімбет Майлин өлеңдерімен қатар прозалық шығармаларды да өндірте жазды. Мерзімді басылымдар бетінде публицистикалық мақала, очерк, фельетон т.б. жанрларда қалам тартты.
Майлин өлеңдерінде дәуір шындығы үлкен шабытпен бейнеленген. «Мұқтаждық» (1913), «Мал» (1914), «Жазғы қалып» (1915), «Қанды тұман» (1916), «Қазаққа» (1917) т.б. өлеңдерінде қазақ өмірінің көкейкесті мәселелерін қозғайды, кедейлердің мұң - мұқтажын, үстемтап өкілдерінің озбырлығын, әйел теңсіздігін өлеңіне өріс етті. Кейінгі жылдары жаңа өмірді, еңбек адамдарының ерен істерін жырлады. Бұл топқа Майлиннің Мырқымбай жайындағы өлеңдері мен поэмалары («Мырқымбай», «Кедейдің кейістігі», «Қарасор», «Бер, Мырқымбай қолыңды», «Әй, Мырқымбай») жатады. Мырқымбай образы Майлин поэзиясында типтік дәрежеге көтерілген образ, ол еңбекші қазақ кедейдің сомдалған күрделі образы.
Майлин қазақ поэзиясының поэма саласында қарымды қалам тартып, өмір шындығының сан қатпар қырын суреттеді. «Байдың қызы» (1917), «Рәзия қыз» (1919), «Қашқан келіншек» (1921), «Маржан» (1923) поэмаларында қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады.
Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі көтерген мәселесі, көркем шеберлігі жөнінен қазақ әдебиетіндегі айтулы туындылардың бірі. Повесте өмір шындығы өзінің барлық ақиқаттығымен көркем суреттелген.
Бейімбет Майлин - әңгіме жанрының шебер ұстазы. Оның шеберлікпен жазылған «Қанды кек» (1916), «Сексен сом» (1918), «Күлпаш» (1922), «Талақ» (1923), «Айранбайдың Мұқышы» (1930) т.б. сатиралық және көркем әңгімелері өмір шындығының қызықты шежіресі іспеттес.
Майлин қаламынан туған прозалық шығармалардың көлемдісі - «Азамат Азаматович» романы. Алғаш «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының 1930 – 31 жылдардағы санында жарияланып, 1934 жылы жеке кітап болып жарық көрді. Романда қазақ ауылының кеңес кезіндегі өмірі, қазақ интеллигенциясының алғашқы өкілдерінің тағдырының алуан қырлары суреттеледі.
Новелла, әңгіме, фельетон, очерк, повесть, роман жанрларының көрнекті үлгілерін туғызған Майлин прозасы - өзіне тән ерекшелігі бар, көркемдік тәсілі бар көрнекті проза. Оқиғалары мен фактілерінің нақтылығы, ақиқаттығы, өмірден алынатындығы, образдарының айқындығы, сөйлемдерінің келте, қысқа болғанымен оралымдылығы жазушыға тән ерекшелік.
Қазақ драматургиясына да Бейімбет Майлин үлкен үлес қосты. Ол ірілі- уақты 20 пьеса, либретто, сценарийдің авторы. Оның тұңғыш драмалық шығармасы - «Шаншар молда» пьесасы, 1916 жылы жазылып, ауыл сахнасында қойылды. Бұдан кейін «Әмеңгер» (1918), «Қаламқас» (1919), «Неке қияр» (1926), «Протокол» (1929), «Сәлде» (1927), «Талтаңбайдың тәртібі» (1930), «Шұға» (1933), «Жалбыр», «Аманкелді» т.б. 1936 жылы Майлин жазған (В.Иванов, Ғ.Мүсіреповпен бірге) сценарий бойынша «Аманкелді» кинофильмі түсірілді. Бейімбет Майлиннің либреттосы бойынша «Жалбыр» операсы қойылды (музыкасы Е.Брусиловскийдікі).
Өзінің өлшеусіз талантын әдебиетке арнаған Бейімбет Майлин Сталиндік репрессияның құрбаны болды, ол 1939 жылы дүниеден өтті, алайда 1958 жылы толық ақталды.
Жазушының туған жеріндегі облыстық драма театры, кейбір мектеп, бірқатар қаладағы көшелер Б.Майлин есімімен аталады. Қазақстан Жазушылар одағы Бейімбет Майлин атындағы әдеби сыйлық тағайындады.
Шығармалары:
Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2002.
Майлин Б. Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1986- 1988.
Майлин Б. Таңдамалы: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1977.
Майлин Б. Қанжар: 1928-1930 жылдары жазылған өлеңдері.- Семей, 1932.
Майлин Б. Асулардан асқанда: Әңгімелер.- Алматы: Қазбаспасы, 1933.
Майлин Б. Қос жетім.- Алматы, Қазбаспасы, 1933.
Майлин Б.Он бес үй.- Қызылорда: Қазбаспасы, 1933.
Майлин Б. Майдан: 4 перделі, 7 суретті.- Ақмола: Қазбаспасы, 1933.
Майлин Б. Екі пьеса.- Алматы: ҚМКӘБ, 1934.
Майлин Б. Талтаңбайдың тәртібі: 3 перделі4 суретті.- Алматы: МКӘБ, 1934.
Майлин Б. Шұға: 4 перделі драма.- Алматы: ҚМКӘБ, 1935.
Майлин Б. Алтын сандық: Әңгімелер жинағы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1935.
Майлин Б. Маржан: Поэмалар.- Алматы- Қазан, ҚМКӘБ, 1935.
Майлин Б. Мырқымбай.- Алматы: ҚМКӘБ, 1935.
Майлин Б. Біздің жігіттер: 5 перделі пьеса.- Қызылорда: Қаз. баспасы, 1936.
Майлин Б. Қырманда: Повесть.- Алматы-Қызылорда: ҚМКӘБ, 1936.
Майлин Б. Жалбыр: 4 перделі, 8 картиналы музыкалы пьеса.- Алматы: ҚМКӘБ, 1937.
Майлин Б. Өтірікке бәйге: (Ертегі).- Алматы: ҚМКӘБ, 1937.
Майлин Б. Байшұбар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.
Майлин Б. Повестері мен әңгімелері.- Алматы: Мектеп, 1972.
Майлин Б. Қызыл жалау: Роман, повесть, әңгіме, фельетон, очерктер.- Алматы: Жазушы, 1979.
Майлин Б. Раушан- коммунист.- Алматы: Мектеп, 1980.
Майлин Б. Кемпірдің ертегісі: 1916 жылдың оқиғасынан бір сурет.- Алматы: Жалын, 1982.
Майлин Б. Ел сыры: Повестер, әңгімелер, фельетондар, өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1994.
Майлин Б. Тұңғыш құрбан: Белгісіз шығармаларының жинағы.- Алматы: Рауан, 1994.
Майлин Б. Шұғаның белгісі: Повестер, әңгімелер.- Алматы-Астана: Елорда, 1999.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Байменшин С. Майлиннің Бейімбеті.- Алматы,1994.
Байменшин С. Бейімбеттіңсөзстаны.- Алматы, 1996.
Бейімбет Майлин- жазушы.- Алматы: Өнер, 1994.
Бейісқұлов Т. Дарын даралығы.- Алматы; 1994.
Жармағамбетов Қ. Бейімбет Майлин.- Алматы, 1961.
Ордалиев С. Сөз зергері: (Б. Майлиннің творчествосы туралы).- Алматы: Жазушы, 1982.
***
Асылбекұлы С. «Шұғаның белгісі» баянының жазылу тарихы
//Жұлдыз.- 2008.-№10.
БейісқұловТ. Бейімбет Майлин- жазықсыз құрбан //Жас қазақ.- 2008.-22 ақпан.
БейісқұловТ. Сүйген жар: «Халық жауының» жары Гүлжамал Майли-
наның ерлігі //Түркістан.- 2011.- 26 мамыр.
БейісқұловТ. Бейімбеттің қазасы //Жұлдыз.- 2009.-№8.
БейісқұловТ. Біз білмейтін Бейімбет (Майлин) //Ана тілі.-2009.- 19-25 қараша.
Рахманова Н. «Раушан коммунистегі» автор мен кейіпкер //Жұлдыз.- 2010.- №2.
Мақатаев Мұқағали
(1931-1976)
Мұқағали Мақатаев ХХ ғасырдың төл перзенті және қазақ поэзиясындағы шығармашылығы күрделі нар ақындардың бірі.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданының «Қарасаз» деген жерінде туған. Аудандық газетте әдеби қызметкер, қазақ радиосында диктор, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
М.Мақатаевтың алғашқы өлеңдері Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған.
Мұқағали Мақатаевтың «Аппосианата» (1962), «Ильич» (1964), «Мавр» (1970) поэмаларымен қатар, «Қарлығашым келдің бе?» (1968), «Дариға - жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмірдастан» (1976), «Өмір - өзен» (1978), «Бәсіре» (1981), «Соғады жүрек» таңдамалы 2 томдық (1982), «Шолпан» (1984), «Қош, махаббат» (1988) атты поэзиялық жинақтары ұлттық әдебиетімізге қосылған үлкен үлес болды.
Мұқағалидың бүкіл шығармашылығына жүгінсек, ақынның бүкпесіз ашық сырласуға ден қоятыны. Шым - шым тереңіне тартқан ақын жүрегінің құпиясы, өлең сиқыры, сыршылдығы оқырманын еріксіз еліттіреді. Бұл ақынның творчестволық принципі, әрі мұраты болған ең басты қасиеті.
Өлеңімсіз өмір сүрмес болыппын,
Өлеңімсіз өмір де жоқ борықпын.
Ақындық бір жазылмайтын дерт екен,
Ақындық бір ауру екен, соны ұқтым.
Ақындық деген лапылдаған өрт екен,
Ақындардың жанып өту- серті екен.
Бықсымаспын, шалам қалмас артымда,
Жана алмасам, ерте келдім, ерте өтем,- деген жолдардан ақын болмысын нақты көруге болады. Өмірі - өлеңге, өлеңі - өмірге айналған мұндай шынайы туындылар Мұқағали шығармашылығының көркемдік биіктігін көрсететін дүниелер.
Ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жерге деген бар махаббаты жыр болып төгіледі, оның табиғат сұлулығын көруі, сезінуі өзгеше.
Апырмай,
Туған жер- ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым- ай,
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім...
Ақынның жүрегі, алау сезімі туған өлкесінің тағдырымен біте қайнасып кетеді.
«Бізде туған жер туралы ән де, өлең де аз емес. Ал соның іішінде М.Мақатаевтың туған жерге арнап жазған өлеңдерінде өзгеше жылу, сыршылдық, жан - жүйені шымырлатар қасиет бар. Қай - қайсымыз болсақ та толқи, тебірене әндеткіміз кеп тұрады. Мұнда, туған жер туралы өлеңдерде, сырт шолу, жадағай желпіну, жер байлығын жалпылай атап, жадағай тамашалау жоқ та, ішпей сүйсіну, құштарлану, толғану бар»- деп ой түйіндейді қазақтың белгілі ақын қызы Фариза Оңғарсынова.
Бүгінде ақынның өлеңдеріне жазылған әндер қалың жұршылық арасына кең тарап жүрегіне жол тауып, үлкен эстетикалық сұлулыққа бөленуде.
Мұқағали Мақатаев ХХ ғасырдағы ұлы ақындарымыздың бірі, оның бүкіл шығармашылық ғұмыры қалың оқырман қауымның, халықтың жүрегіне ұялаған.
«...Халқының қалтқысыз бағасын алған Мұқағали жырлары келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзартып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұрат санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат, құнды»,- деп жазды ақын Әділғазы Қайырбеков ақынның 1991 жылы шыққан жарияланбаған жырларына жазған алғысөзінде.
Иә, ақиық ақынның жырлары мәңгі тозбас асылдай боп, ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық.
Небәрі 45 жыл ғұмыр кешіп, соның 30 жылын қазақ поэзиясын көркемдік тұрғыдан байытуға, көркейтуге, Хантәңірдей биікке көтеруге арнаған ақын ұлттық көркем санамызда да биік шыңға көтеріле бермек.
Мұқағали поэзиясын түсіну көзінің тірісінде ғана емес, дүниеден озған соң да толастаған емес...
Дүниеге ақын көз жұмған соң «Өмір - өзен», «Соғады жүрек» (екі томдық), «Бәсіре», «Шолпан», «Қош, махаббат», «Аманат» сияқты кітаптардың келуі, оқырмандар қолына тиюі осының кепілі бола алады. Оның «Өмірдастан» таңдамалысы да оқырман қолына ақын өлген соң барып тиді.
Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев мол қазыналы мұрасын ХХІ ғасырдағы ұрпағына аманаттап үлгерген. Ақын туындылары өзі дүниеден өткен соң ғана Мемлекеттік сыйлыққа екі рет ұсынылды. Бірінші рет 1984 жылы ақын көз жұмғаннан кейін сегіз жыл өткен соң, екіншісі 2000 жылы «Аманат» атты жыр жинағы. Ақынның туғанына 70 жыл толуы қарсаңында «Атамұра» баспасынан жарық көрген жыр кітабына Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының берілуі қандай ғанибет!
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деген ақын болжамының, ақын сенімінің құдіретіне қайран қаласың! Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, парасатын кемелдендіре түсті.
Ұлы ақынның поэзиясы әр ұрпақпен бірге жүріп, бірге көшіп, бірге тұратын мәңгілік асыл рухани қазына болып табылады.
Мұқағали Мақатаев жыр аудармасы саласында американың ақыны Уолт Уитменнің өлеңдерін, В.Шекспирдің сонеттерін, италия ақыны А.Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады.
Мұқағали Мақатаев 1976 жылы 45 жасында дүниеден өтті.
Ақынның туған жері Қарасазда мұражайы ашылып, туған ауданында қазақ орта мектебіне есімі берілді. Қазақстан Жазушылар одағы 1985 жылдан бері үздік әдеби шығарма авторларына берілетін Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындады. Алматыда бір көшеге Мақатаев есімі беріліп, ескерткіш орнатылды.
Шығармалары:
Мақатаев М. Шығармалары: Көп томдық толық жинағы.- Алматы:: Жалын, 2006.
Мақатаев М. Шығармалары: 4 томдық.- Алматы: Жалын, 2001.
Мақатаев М. Шығармалары: 3 томдық.- Алматы, Жазушы, 1991.
Мақатаев М. Бәсіре: Өлеңдер, толғаулар, дастандар.- Алматы: Жалын, 1981.
Мақатаев М. Қош, махаббат: Прозалық шығарма.- Алматы: Жазушы, 1988.
Мақатаев М. Жырлайды жүрек: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1989.
Мақатаев М. Күнделік.- Алматы: Жалын, 1991.
Мақатаев М. Жылап қайттым өмірдің базарынан: Жыр кітабы.- Алматы: Жалын, 1994.
Мақатаев М. Аққудың қанатына жазылған жыр: Өлеңдер, поэмалар, аудармалар.- Алматы:: Шартарап, 2001.
Мақатаев М. Аманат: Жыр жинағы.- Алматы: Атамұра, 2002.
Мақатаев М. Өмір- өзен: Өлеңдер мен дастандар.- Алматы: Раритет, 2005.
Мақатаев М. Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Ан Арыс, 2009.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қаупынбайұлы Т. Аққу саздары: Роман: эссе.- Алматы: Білім, 2001.
Мұқағали: Естеліктер. / Құрастырған А.Әбдіқалов.- Алматы: Жалын, 1995.
Мұқағали Мақатаев // Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық. 9 том.- Алматы, 2005.
***
Адамзаттың ақыны: М.Мақатаев- 80 //Қазақ әдебиеті.- 2011.- 22 шілде.
Айтақын Ә. Ақын аманаты парыз // Парасат.- 2001.- №3.
Алаштың ақиық ақыны: ( Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған мақалалар) // Егемен Қазақстан.- 2011.- 27 шілде.
Алпысбаев Қ. «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін...»: М.Мақатаев-80 //Қазақ әдебиет.- 2011.-22 шілде.
Әлімқұлов Қ. Мұнартқан мұң мақамдары: (М.Мақатаевтың шығарма-
шылығы туралы //Жетісу.- 2011.- 2 шілде.
Дәуітұлы Т. «Райымбек, Райымбек» поэмасының жариялануы жайлы... //Жас Алаш.- 2011.- 8 ақпан.
Жарқынбеков С. «Жазылар естеліктер мен туралы!» : М.Мақатаев- 80
//Ана тілі.- 2011.- 3 ақпан.
Мұқағали Мақатаев (1931- 1976) //Жұлдыздар отбасы (Аңыз адам) .- 2011.-№3.
Мариковский Павел
(1912- 2008)
Көрнекті жазушы - натуралист, биология ғылымының докторы, пофес-
сор Павел Иустинович Мариковский 1912 жылы Ресей Федерациясының Хабаровск өлкесіндегі Вяземская станциясында туған.
Қиыр Шығыс медицина институтын бітіріп, КСРО Ғылым Академия-
сының Қиыр Шығыс филиалында энтомолог болып істеген.
Павел Мариковский 1946 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының зоология институтында ұзақ жылдар жұмыс істеген. Жәндіктер биологиясы мен энтомологиясы лабораториясының меңгерушісі, көптеген ғылыми еңбектердің, екі монографияның авторы.
П.Мариковский ғылыми жұмыспен бірге жазушылықпен айналысады. Оның жәндіктер туралы ондаған кітаптары жұршылыққа кеңінен таныс. Бірқатар кітабы Бүкілодақтық конкурстарда жүлделі орынға ие болған.
Оның шығармашылығы жас оқырмандарға жәндіктер туралы танымдық мәлімет беріп, ой - өрісін кеңейтуге зор әсер етеді.
Жазушы – натуралист Павел Мариковскийдің Балқаш көліне арналған «Забытые острова» (1991), «Вокруг синего озера» (2000) атты танымдық шығармалары бар.
П.Мариковский Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдарымен марапатталған. Ғалым жазушының кітаптары энтомология саласындағы бағалы да, қажет еңбектер.
Жазушының шығармалар тізімін орыс тілінде берілген бөлімнен қараңыз.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Мариковский Павел //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-
графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Мариковский Павел //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анық-
тамалық.- Алматы, 2004.
Мархабаев Абдул- Хамид
(1938)
Қазақ қаламгерлері арасында фантастика жанрында жазып жүрген жазушы, ұстаз, ғалым Абдул-Хамид Мархабаев 1938 жылы Қызылорда облысының Арал ауданындағы Аван ауылында туған.
1984 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты.
А.-Х. Мархабаев біраз жыл ұстаздық етті, 1970-жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында бас редактор, Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте редактор болып істеген.
А.- Х. Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» кітабы 1972 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Жазушының бұл тұңғыш кітабы фантастиканы түсінетін оқырмандарды елең еткізген еді. Осы кітабының атынан – ақ автордың ұлтжандылығын байқасаңыз, кітапты оқыған соң қазақи ұлттық нышандар арқылы да фантастика әлеміне емін - еркін енуге болатынына көз жетеді. Келесі шығармасы «Арал әуендері» (1981) Арал тағдырына ғарышаралық маңыз беріп, оқырманның жанын тебіренткен шығармалар. Бұл кітаптар фантастика жанрына ден қойған жастардың, шетелдік тақырыпқа көп әуестенбей ұлттық нышандағы төл фантастикамыздың шығуына жол ашқан дүниелер еді. Бүгінде кемелерін тот басқан, әрі құмға көміліп жатқан Арал трагедиясы жазушы
А.-Х.Мархабаевтың шығармашылығының негізгі діңгегі болып алған.
Республикамыздағы фантастика сүйер қауымның басылымына айналған «Зерде» журналында қызықты сюжеттер бере отырып, А.-Х. Мархабаев айналасына талантты жас жазушыларды жинап, тағылым беріп отырады. Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінде болашақ журналистерге дәріс бере отырып, теориялық еңбектер жазды.
1998 жылы «Ана тілі» баспасынан «Қазақ фантастикалық әдебиеті» атты сүбелі ғылыми танымдық деңгейінің шыңын пайымдайтын оқулық кітабы жарық көрді. Бұл бүгінгі заманғы жоғары оқу орындарындағы білім алып жатқан студенттерге, аспиранттарға арналған мазмұнды оқу құралы .
Ол тұңғыш рет фантастика жанрына ден қойып кандидаттық диссертация қорғады. Кейінгі жас жазушылар қиял әлеміне еркін сүңгуі үшін, өзі жақсы меңгерген жанрына шақырғандай «Қолыңды әкел, келешек» деген теориялық танымдағы кітабын дүниеге әкелді.
Сонымен қатар А.-Х. Мархабаев «Ислам = Ғылым + Журналистика: шәкірттерге бағышталған дәрістер» (1996) кітабының авторы. 2002 жылы «Санат» баспасынан А.-Х. Мархабаевтың фантастика жанрын зерделеуге арналған «Қиялгер қисындары» атты зерттеу кітабы жарық көрді.
А.-Х. Мархабаев біраз қиялгер жазушылардың шығармаларын, атап айтқанда В.Михайловскийдің «Шексіздікке шеру» романын қазақ тіліне аударды, аудармашылық шеберлігін көрсетті. Жазушының шығармалары орыс, украин, молдаван басқа да туысқан халықтар тіліне аударылған.
Қазақ фантастикасына арналған көптеген әдеби - сын мақалалары мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келеді.
Шығармалары:
Мархабаев А.- Х. Ғарыштағы қымыз. Фантасика: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972.
Мархабаев А.- Х. Қолыңды әкел, келешек. Қазақ фантасикасы кеше, бүгін және... –Алматы: Қазақстан, 1978.
Мархабаев А.- Х. Арал әуендері. Фантасика: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1981.
Мархабаев А.- Х. Қазақ фантастикалық әдебиеті: даралау, қарастыру, дәйектеу. –Алматы: Ана тілі, 1998.
Мархабаев А.- Х. Жарылқаушы...- Алматы: Шартарап’ С, 1998.
Мархабаев А.- Х. Қиялгер қисындары: Ғылыми- танымдық зерделеу- зерттеулер. – Алматы: Санат, 2002.
Мархабаев А.- Х. Ислам = Ғылым + Журналистика: Шәкірттерге бағышталған дәрістер.- Алматы, 2002.
Мархабаев А.- Х. Қызық қиял: Хикаяттар.- Алматы: Раритет, 2008.
Мархабаев А.- Х. Жұлдыздар жарығы жерге жетеді: Фантаситка.- Астана: Педагогика- Пресс, 2010
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
А.-Х Мархабаев //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Мархабаев Абдул - Хамид //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анық-
тамалық.- Алматы, 2004.
***
Әбдәкәрімов С. Абдул- Хамид : Фантаст жазушы: (Профессор А.-Х. Мархабаев туралы сыр) //Әдебиет айдыны.- 2008.- 31 қаңтар.
Қирабаев С. Шыншыл қиял жоқшысы: (Абдул- Хамид Мархабаевтың шығармашылығы туралы) //Қазақ әдебиеті.- 2010.- 29 қазан.
Мәуленов Сырбай
(1922- 1993)
«... Қазақ әдебиетінің осынша рухани кемелденуіне белсене атсалысқан үлкен тіректі тұлғаның бірі Сырбай Мәуленов деп білемін... Оның шын жібектей майса әуезді, тұнық бұлақтай мөп - мөлдір, кәусар көлдің жағасында өскен бал құрақтай сылдырлы да сыңғырлы, сыпайы да сұлу лирикасы тоталитаризм тоңы мұздатып тастаған оқырман қауым көңілін сағына күткен көктемдей бірден жібітті. Содан бастап-ақ қазақ поэзиясының лирикалық сарылы күшейіп, тереңдей түсті»,- деп жазды Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбай ақынның «Өлеңім- өмірім менің» деп аталатын жыр жинағына жазған алғысөзінде.
Жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген Сырбай Мәуленовтің таңғы шықтай таза, өрнекті өлеңдері қазақ халқының өмірінің жарқын беттерін ашады. Дәуір келбетін, тарихымыздың өткен жылдардағы дәріс сабағын, Отан соғыстың отты жылдарын, жауынгерлердің ерліктерін өзіне тән айшықпен баяндайды. Сондықтан да Сырбай Мәуленов адамды нағыз сыршыл сезімімен де, ойымен де, көркемдік бейнесімен де бірден баурап алатын, шынайы поэзияның орнығуына ең бір ықпал ете білген ақын.
Соғыс пен бейбітшілік, өмір мен уақыт, қарттық пен жастық, достық пен махаббат, лирикалық қаһарманның Отанына деген перзенттік жүрек діріліне толы толғанысы табиғат суреттерімен келіп ұласады.
Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Сырбай Мәуленов 1922 жылы Қостанай облысы, Жанкелді ауданындағы Торғай селосында туған.
1940 жылы Қызылорда педагогикалық инситутына оқуға түсіп, екінші курсында әскерге алынып, Отан соғысына аттанған.
Соғыстан кейінгі жылдары Қостанай облыстық газетінде (қазіргі «Қостанай таңы») бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып, 1951- 1955 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, 1957- 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып істеді. 1964- 1971 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналының, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды.
Сырбай Мәуленов қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. «Өлеңдер» атты тұңғыш кітабы 1948 жылы жарық көрді. «Жолдас» (1954), «Жас жүрек» (1956), «Жол үстінде жалындар» (1963), «Жұлдыз жырлар» (1963), «Қызыл арша» (1969), «Найзағай жарығы» (1973), «Бозқырау» (1976), «Тау гүлдері», «Шалқар», «Жалын» (1979), «Жаңбырсыз күз» (1980), «Шуақ», «Алтын тасқын» (1981), «Жұлдыз жүрек» (1985), «Күзгі бұлттар» (1987), «Мизам» (1990) т.б. жыр кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланған. 1966 жылы «Шаңқай түс» жинағы, 1972 жылы таңдамалысының 2 томдығы басылып шықты.
1981-1984 жылдары ақынның таңдамалы шығармаларының 3 томдығы жарық көрді.
Ақын қайтыс болғаннан кейін «Ақшамның қызыл қанаты» (1994), «Өлеңім - өмірім менің» (1997) жыр кітаптары жарық көрді. Соңғы жинаққа ақынның таңдаулы өлеңдері іріктеліп берілген. Оның «Жаңа көктем» (1956), «Дала таңы» (1957), «Көгілдір таулар (1964), «Жер нәрі» (1970), «Апрель жапырақтары» (1972), «Таңдамалы лирикалары» (1967), «Жапырақтар жанады» (1972) жыр жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды.
Сырбай Мәуленов мерзімді баспасөзге белсене қатысып, көптеген мақалалар мен очеркте жазды. «Жер нәрі» атты әдеби портреттер мен очерктер жинағы, «Үркер төбеде тұр» (1971) кітабы естеліктер мен портреттерден құралған. Соңғы жинаққа Абай, Ыбырай, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қасым Аманжолов, М.Тұрсынзаде т.б өмір жолын қысқа әрі көркем бейнелеген. «Шыңдағы шұғыла» жинағы Отанымыздың 50 жыл ішінде қол жеткен табыстарын баяндайды.
Сырбай Мәуленов балаларға арнап «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала жолбарыс», «Қорқақ торпақ» т.б. өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сонымен қатар С.Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А.Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.Маяковский, А.Блок, С.Есенин, Н.С.Тихонов, Ә.Науаи т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. С.Мәуленов І дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.
Су сыбырлап ағады,
Сыбырының сыры бар.
Жел аймалап соғады,
Көкейімде жыры бар.
Жастық дәурен барады,
Алды - артына қарамай.
Жарық жұлдыз ағады,
Қол созамын баладай.
Ағып жұлдыз, зулап жел,
Тоқтамасы ол анық.
Бұл өмір де бұраң бел,
Бір жасайтын балалық!- деп жазған Сырбай Мәуленов қазақ поэзиясының аққан жарық жұлдызындай 1993 жылы 13 қаңтарында дүниеден өтті.
Өз өлеңдерімен ақын қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға үлкен үлес қосып, жаңа белеске көтеріп кетті.
Бүгінде ақынның туған ауылы Мелісайдағы орта мектепке, Қазақстанның үш қаласы : Алматы, Арқалық, Қызылорданың көшелеріне ақын есімі берілді.
Ақынның әдеби мұрасы ұрпақтан ұрпаққа өтетін өміршең рухани азық боларына дау жоқ.
Шығармалары:
Мәуленов С. Шығармалар жинағы: 3 томдық.- Алматы: Жазушы, 1982.
Мәуленов С. Таңдамалы өлеңдер жинағы: 2 томдық.- Алматы: Жазушы, 1972.
Мәуленов С. Таңдамалы өлеңдер. 1938- 1958.- Алматы: ҚМКӘБ, 1958.
Мәуленов С. Сыр мен жыр: (Туған әдебиет туралы ойлар).- Алматы: Жалын, 1991.
Мәуленов С. Ымырт.- Алматы: Қайнар, 1992.
Мәуленов С. Өлеңім- өмірім менің: Жыр жинағы.- Алматы: Санат, 1997.
Мәуленов С. Алыс кетіп барамын: Өлеңдер.- Алматы: Атамұра, 2003.
Мәуленов С. Өлеңдер, поэмалар, балладалар, аудармалар.- Алматы: Ан Арыс, 2010.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Әлім Қ. Сырбай мен Ғафу: Эссе- хикаят.- Астана: Фолиант, 2003.
Ергөбек Қ. Бұлбұл ақын, бұла жыр //Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар.- Алматы, 2003.
Жұмабек С. Найзағайдың жарығы: (С.Мәуленов) //Жұмабек С. Сын әуені.- Астана, 2001.
Жыр тұлпары, сыр сұңқары Сырағаң. /Құрас. К.Мәуленкеліні, Қ,Сырбайұлы.- Алматы: Атамұра, 1996.
Сырбай Мәуленов //Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық. 9 том.- Алматы, 2005.
Қайырбеков Ғ. Еңселендірер естеліктер: (С. Мәуленов) //Қайырбеков Ғ. Саға.- Астана, 2003.
Оспанов С. Сырбай Мәуленов- журналист, публицист: Оқу құралы.- Алматы: Ғылым, 2001.
Сәрсекеев Қ. Алдаспан ақын: (Сырбай Мәуленов) //Сәрсекеев Қ. Портреттер: Әңгіме- эсселер.- Алматы, 1999.
***
Әнесұлы Ж. Жыр тұлпары Сырағаң ( Мәуленов) //Әдебиет айдыны.- 2007.- 26 шілде.
Раушанов Е. Жанның жұпар жаңбыры : (Сырбай Мәуленов туралы)
//Жас Алаш.- 2009.- 24 қыркүйек.
Сәрсекеев Қ. Өтті дүние дөңгеленіп бір елес: (Ақын Сырбай Мәуленов туралы естелік) //Қазақ әдебиеті.- 2008.- 27 желтоқсан.
Ыбырайым Б. Ақ түн, қара жұлдыз..: (Ақын С. Мәуленовтің шығармашылығы туралы) // Қазақ әдебиеті.- 2008.- 14 наурыз.
Медетбеков Темірхан
(1945)
Қазақ поэзиясына жетпісінші жылдары қосылған өзіндік қолтаңбасы бар, бүгінде елімізге танымал ақындардың бірі- Темірхан Медетбеков. Ақынның тұңғыш жинағы 1970 жылы шыққан «Жанымның жас құрағынан» бастап соңғы жылдары жарық көрген «Тағдырлы жылдар жырлары» (1999) жыр кітабына дейінгі аралықта қаншама асу, белестер жатыр. Атап айтқанда, «Сапар алдында» (1973), «Алыс шақырымдар» (1975), «Мәртебе» (1977), «Әуедегі толқындар» (1980), «Көгершін қауырсындары» (1982), «Дауыс» (1984), «Жүректегі ендіктер» (1987), «Сырым бар саған айтатын» (1989), «Аңқа кептірген аңызақ» (1992), «Тынышыңды алам дүние» (1998), «Тағдырлы жылдар жырлары» (1999).
«Тағдырлы жылдар жырлары» жыр кітабы жайлы жұртшылықтың, оқырман қауымның ой - пікірі, ықыласы мен тілектері аз айтылған жоқ.
Темірхан Медетбеков 1945 жылы 6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданының Аманкелді атындағы колхозда туған. Орта мектептен кейін Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтында оқыған. Қазақ теледидарында, «Жазушы» баспасында, Маңғыстау облыстық газеті, «Егемен Қазақстан» газетінде, Ұлттық қоғамдық - саяси журнал «Ақиқаттың» бас редакторы болып қызметтер атқара жүріп, көптеген жыр кітаптар жазды. Ақын өмір - тірлікте сан алуан құбылып, әр алуан сипат алып жататын небір ұғымдардың өміршең философиясын поэзия тілінде шынайы шеберлікпен жеткізеді. Оның өлеңдерінде адам, табиғат, өмір сияқты ұғымдар соншама асқақ, отаншылдықпен мейлінше астасып жатады.
Ақын уақытпен, заманмен сыр бөліскенде әр алуан тақырыптарды қозғайды. Ақынның «Тағдырлы жылдар жырлары» кешегі кеңестік идеологияның темір тәртібіне түбегейлі бас иіп, қалыптан шықса қателестің деп жазаланатын замандағы қазақтың зар - мұңын, араман - мұратын жырға көшірген киелі кітап.
Тегінде, Темірхан Медетбеков Адам болмысын - оның Жан дүниесінің қалтарыстарын жалықпай ақтарып, айдай әлемге ақиқатын ашып айтуға құштар.
Бәрі қымбат
Арзан бірақ жиғаның.
Арзандады көкірекке құйғаның.
Дүниенің бәрі қымбат,
Бірақ та,
Арзандады арыңменен иманың,
Жақын етіп қияндағы алысын,
Жауға шығып арын берген ар үшін,-
Көшелердің мүйісінен сығалап
Көк тиынға көзін сатты намысым.
Мұндай шумақтар оқырманның ой - санасын сілкіндіріп, уақытқа өкпесін, заманға ренішін, адамға ескертуін жеткізетін шумақтар. Ақын жырлары қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді қозғап туған еліміздің, жеріміздің тағдырына қатысты ой - толғаныстарын өлеңмен өріп, шебер жеткізеді:
Бұл өмірде аз ба, көп пе үлесің-
Бәрібір сен!-
Жылайсың да, күлесің...
Ғұмыр бойы еркіңнен тыс - өлгенше
Қос ниеттің қоршауында жүресің.
Енді мұны түсін мейлі,
түсінбе,-
Мейлі, сенің аппақ болсын ісің де-
Жүресің сен, ғұмыр бойы өлгенше
Қара ниет, ақ ниеттің ішінде.
Жанып тұрса біреуіңнің шырағы,
Құрту, жою біреуіңнің ұраны.
Қара ниет күлін шашып құтырып,
Аппақ ниет нұр себелеп тұрады.
Өмір сені қаншама әлі сілкеді,
Өмір сені қаншама әлі тінтеді...
Қара ниет жақса саған күйесін,
Аппақ ниет ақ бұлт болып сүртеді,- дейтін өлең жолдарында ақын өмір қайшылықтарын, тіршілік драмасын әсерлі суреттейді ( «Тағдырлы жылдар жырлары»).
Темірхан Медетбек - сын саласында да тер төгіп жүрген ақын, оның көптеген проблемалық мақалалары оқырман қауымға кеңінен таныс. 2001 жылы «Өлке» баспасынан Темірхан Медетбектің әдебиет туралы ойларын жинақтаған «Баба дәстүрдің мұрагері кім?» деген атпен жеке кітап болып шықты.
Ақынның өлеңдері орыс, украин тілдерінде жарық көрген коллективтік жинақтарға енген. Темірхан Медетбеков украин ақыны Валерий Гужваның, өзбек ақыны Еркин Вахидовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Ақын поэзиядағы тамаша жыр кітаптары үшін Қазақстан Жазушылар одағының Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты болды. Темірхан Медетбекке «Тағдырлы жылдар жырлары» жыр жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бүгінде Темірхан Медетбек шығармашылығы жан - жақты толысқан кемел шағында, оқырман қауымға талай жыр кітаптарын тарту етер деп ойлаймыз.
Адамзаттың арман – тілегін, табиғаттың бояуы мен реңін - бәрін сөзбен сомдап соғып, жүрегінде қорытып, тоқыған Темірхан ақынның өлеңдері ұлтымыздың рухани әлеміне қосылған құнды қазына.
Шығармалары:
Медетбеков Т. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2007.
Медетбеков Т. Таңдамалы: 2 томдық.- Алматы: Жібек жолы, 2005.
Медетбеков Т. Жанымның жас құрағы: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1970.
Медетбеков Т.Сапар алдында: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.
Медетбеков Т. Алыс шақырымдар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы. 1975.
Медетбеков Т. Мәртебе: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.
Медетбеков Т. Әуелгі толқындар: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1980.
Медетбеков Т. Көгершін қауырсындары: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1982.
Медетбеков Т. Дауыс: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1984.
Медетбеков Т. Жүректегі ендіктер: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1987.
Медетбеков Т. Сырым бар саған айтатын: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1989.
Медетбеков Т. Аңқа кептірген аңызақ: Өлеңдер, балладалар, поэма.- Алматы: Жалын, 1992.
Медетбеков Т. Абай әлемі.- Алматы: Ер Дәулет, 1995.
Медетбеков Т. Тынышыңды алам, дүние.- Алматы: Рауан, 1998.
Медетбеков Т. Тағдырлы жылдар жырлары: Өлең- жырлар .- Алматы: Атамұра, 1999.
Медетбеков Т. Баба дәстүрдің мұрагері кім?: (Туған әдебиет туралы ойлар).- Алматы: Өлке, 2001.
Медетбеков Т. Толғауы тоқсан дүние: Публицистикалық ой- толғаулар, эсселер.- Астана: Астана полиграфия, 2008.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Жұмабек С. Л. Ойлы да асқақ жырлар орбитасы: Ақын Т.Медетбектің жырлары жайлы //Жұмабек С. Сын әуені.- Астана,2001.
Құрманғалиев Қ. Көрнекті қаламгер, өрнекті өлеңдер: (Темірхан Медетбеков) //Құрманғалиев Қ.Қоңыр күз күмбірі.- Алматы: Санат, 2000.
***
Ақсұңқарұлы С. Тоныкөк пен Темірхан: (Ақын Т.Медетбековтің шығармашылығы туралы) //Жас Алаш.- 2009.- 26 қараша.
Кеңшілікұлы А. Ар- ұяттың тепсеңі: (Ақын Темірхан Медетбектің поэзиясы туралы) //Жас Алаш.- 2010.-20 шілде.
Түменбай Қ. «Біз де болғанбыз» деп мақтанбайды : (Ақын Темірхан Медетбеков туралы) //Ақиқат.- 2010.-№12.
Хаменова Б. Оның ұраны- шындық: ( Ақын Темірхан Медетбек шығар-
малары хақында) //Жалын.- 2008.- №11.
Хаменова Б. Темірхан Медетбек поэзиясындағы табиғат пен көркемдік //Бастауыш мектеп.- 2008.-№9-10.
Мекебаев Адам
(1940)
Адам Мекебаев 1940 жылы 19 сәуірде Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін «Ақжар» совхозында мұрап болып істеген.
1960 - 1965 жылдары аралығында Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) оқып тәмамдаған.
1965 жылдың наурыз айынан бастап республикалық «Лениншіл жас» газетінің әдеби қызметкері, 1966 жылы Қызылорда облыстық халық творчествосы үйінде, 1967 жылы облыстық мәдениет басқармасында, облыстық өлкетану мұражайында істеген. Ал 1971- 1973 жылдары «Қайнар», 1975- 1981 жылдары «Жазушы» баспасында редактор болып істеген.
Адам Мекебаевтың тұңғыш кітабы «Жадыра» 1970 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Кейінгі жылдары «Жезтырнақ» (1973), «Дала мінезі» (1976), «Аңызақ» (1978), «Құпия қойма» (1979), «Бойжеткен» (1982) повестер жинағы, «Дауылды жер», «Періште келіншек», «Қазына сыры» деген романдары оқырман қауымның ілтипатына бөленген дүниелер.
Адам Мекебаевтың қай шығармасын алсақ та, пәлсапалық астар жатады. Жазушы не нәрсені де жалаң айтып қоймайды, ар жағында терең түйін жатады. Жазушының «Дауылды жер», «Періште келіншек» романдарының көркемдігі, ұлт дәстүрінің басқа идеологияның ықпалымен бүліншілікке ұшырау сыры жанға батқан оқиғалар арқылы шебер суреттелуі оның тұғырын биіктетіп тұратын туындылар.
Отаршылдықты бастан кешіп, кейін орталық жүйе қысымынан зақымданған (деформацияға ұшыраған) ұлттық сана трагедиясын жазу Адам Мекебаевтың бүкіл шығармашылық тынысы лейтмотивіне айналған. Оның «Жаза», «Жар жағалаған қыз», «Аңызақ», «Бойжеткен», «Жезтырнақ» повестері ұлттық сана күйзелісін өз бетінше саралап көруді мұрат тұтқан туындылар.
Жазушының кейінірек жарық көрген «Дауылды жер» романы да жазбақ түгіл айтуға тиым салынған Қазақстан жерінен ғарышқа ұшырылған зымырандардың халыққа тигізер орасан зор залалына, яғни, экологиялық апатты аймақ тақырыбына арналған шығарма.
Ал «Қазына сыры» романы жазушының қаншалықты өскенін, шеберліктің жетер биігіне жеткеніне тағы да көз жеткізеді. Оның қарыштап өсу үстінде екендігін дәлелдей түседі. Жазушы романда коммунистік насихаттың ықпалымен әуліккен белсенділердің бейнесін жасау арқылы сол дәуірдің тұтастай тыныс – тірлігін бере тұра, өзек өртеген өмір шындығы жарқырап ашылады.
«...Әрине, жазушы назар аударатын тағдыр, оқиға, тартыс әртүрлі. Бірақ оларды біріктіретін салт - сана, дағды - дәстүр, дін мен тілдің деформацияға ұшырауы екенін Адам Мекебаевтай шебер суреттеген жазушы сирек дер ем»,- деген белгілі сыншы Зейнолла Серікқалиевтың сөздері жазушы шығармашылығына берілген әділ баға деуге болады.
Мәскеудегі «Советский писатель» баспасынан «Лебединая печаль», 1987 жылы «Суховей» повестер жинағы орыс тілінде жарық көрген.
Жазушы 2001 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Шығармалары:
Мекебаев А. Жадыра: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1970.
Мекебаев А.Жезтырнақ: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1973.
Мекебаев А. Дала мінезі: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1976.
Мекебаев А. Аңызақ: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1978.
Мекебаев А. Құпия қойма: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1979.
Мекебаев А. Бойжеткен: Повестер.- Алматы: Жалын, 1982.
Мекебаев А. Періште келіншек: Роман.- Алматы: Жазушы, 1983.
Мекебаев А. Дауылды жер: Роман.- Алматы: Жалын, 1988.
Мекебаев А. Айтылмай қалған аңыз: Повестер мен роман.- Алматы: Жазушы, 1990.
Мекебаев А. Жер кіндігі апат: Роман, повестер.- Алматы: Жазушы, 1992.
Мекебаев А. Қазына сыры: Роман.- Алматы: Жазушы, 1994.
Мекебаев А. Аяқталмаған айқас: Пьеса.- Алматы: Өнер, 1983.
Мекебаев А. Аяқталмаған айқас: Екі бөлімді драма // Замандастар: Пьесалар жинағы / Құраст. У.Уайдин.- Алматы, 1983.
Мекебаев А. Жар жағалаған қыз: Повестер.- Астана: Елорда, 2002.
Мекебаев А. Мың жарым жылдық қате: Ойтолғамдар.- Алматы: Білім, 2003.
Мекебаев А. Айлы түннің көлеңкесі: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жалын, 2007.
Мекебаев А. Құпия қойма: Роман, хикаят.- Алматы: Жазушы, 2008.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Адам Мекебаев //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Мекебаев Адам //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.
***
Тебегенов Т. Халық дүниетанымының суреткері: (Жазушы Адам Мекебаев) //Ана тілі.- 2010.- 15-21 сәуір.
Тебегенов Т. Ашаршылық ақиқаты туралы роман : (Жазушы А. Меке-
баевтың «Құпия қойма» романы туралы) //Жұлдыз.- 2009.- №9.
Ысқақбай М. Кісілікті үлкен суреткер: (Жазушы Адам Мекебаев)
//Қазақ әдебиеті.- 2010.- 23 сәуір.
Молдағалиев Жұбан
(1920-1988)
Қазақ лирикасының көркемдік қазынасын байытуға, жаңашыл санамен молықтыруға елеулі үлес қосқан, «Мен- қазақпын мың өліп, мың тірілген»,- деп әлемге жар салып кеткен қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Орал облысының Тайпақ ауданында дүниеге келген. Мектептен кейін төрт жыл ауылшаруашылық техникумында оқыған.
1940 жылдан 1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан. Майданда саяси жетекшінің орынбасары, батарея комиссары, әскери журналист болды. Әскерден келген 1948-1957 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті, «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды. Бұдан кейін Ж.Молдағалиев ұзақ жылдар Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып қызмет атқарды.
Тұңғыш кітабы «Жеңіс жырлары» 1949 жылы жарық көрді. Осы кезден бері ақынның 40 шақты кітабы жарық көрді. 1958-1965 жылдары
1 томдық, 1970 жылы екі томдық таңдамалылары, 1979-81 жылдары 3 томдық шығармалары басылды.
Жұбан Молдағалиевтің орыс тіліндегі өлең жинақтары Мәскеу, Алматы баспаларында шықты.
Ақынның поэзиясында азаматтық әуен мен нәзік лиризм шебер үндесіп жатады. Оның бірнеше поэмалары қазақ халқының тарихына арналған. «Жесір тағдыры» поэмасында (1961) қарапайым қазақ әйелінің күрделі тағдыры суреттелсе, «Жыр туралы жырда» (1957) татар халқының ардагер ұлы Кеңес Одағының батыры Мұса Жәлелдің соғыстағы ерен ерлігіне арналған.
Жұбан Молдағалиев ұшқыр ойлы ақын ғана емес, халқын сүйе білген ұлтжанды азамат болды. Оның «Мен - қазақпын» поэмасы әрбір қазақтың жүрегіне шоқ тастап, ақынның өзін ғана емес, ұлтын да, ұлттық әдебиетін де аспандата бір көтеріп тастады. Поэмада туған халқымыздың кешегісі мен бүгінгісі, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, мінез - құлқы ақындық шабытпен, асқақ үнмен жырланады. Туған елінің азаматы болғандығын мақтан тұтады. Туған жердің қадірі мен қасиетін үлкен жүрекпен жырлаған ақын.
...Төзер адам шарпыса да жалынға,
Сағынышқа қияр бір сәт жарын да.
Көлеңкеде көзден таса күн жоқта,
Туған ел тек күндіз - түні жаныңда.
Туған елді анам демей не дейін,
Туған елді панам демей не дейін,
Сол арқылы асқақ менің ән - жырым,
Сол арқылы биік менің мерейім,- шумақтары Жұбан Молдағалиевтің ақындығы мен азаматтығының астасуы мен бас қосуынан хабар беріп жатқандай әсер қалдырады.
Қазақ халқының композиторы Құрманғазыға арналған «Кісен ашқан» (1969) поэмасы үшін ақынға 1970 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Қызыл қайың» (1973) поэмасы да осы шығармаға үндес. «Айттым сәлем» лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды. Халқымыздың ұлылығын, жасампаздығын дәріптейтін «Қыран дала» (1974) және «Сел» (1975) поэмалары үшін Жұбан Молдағалиев 1978 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ол сонда-ақ СССР Қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты және А.Фадеев атындағы алтын медальдің иегері.
«Байқоңыр баспалдақтары» поэмасында (1977) қазақ халқының қол жеткен табыстарын шабыттана жырлайды.
Жұбан Молдағалиевтің азаматтық тұлғасын биіктете түскен тұс 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орай келіп еді. Алқа топ алдында шындықты шымбайға батыра тайсалмай айтқан Жұбан Молдағалиев үлкен жүрек тек үлкен ақында ғана болатынын тағы бір айқындай түсті.
Жұбан Молдағалиев көркем публицистика саласында да жемісті еңбек етті. Әдеби процеске етене араласып, көптеген сын мақалалар жазды. Сонымен қатар ақын орыс әдебиетінен аудармалар жасады. Ақынның шығармалары туысқан халықтар тілдерімен қатар ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, венгр, моңғол т.б. тілдерге аударылды.
Жұбан Молдағалиев Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі рет ІІ дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1985 жылы оған Қазақстанның Халық жазушысы» деген құрметті атағы берілді. Жұбан Молдағалиев 1988 жылы 6 қазанда 68 жасында қайтыс болды. Ақынның туған жері Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданыдағы бұрыңғы «Өлеңші» совхозына Жұбан Молдағалиевтің есімі берілді. 2000 жылы Орал қаласында ақынға ескерткіш қойылып, 80 жасқа толу мерей тойы өтті.
Шығармалары:
Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: Үш томдық.- Алматы: Жазушы, 1981.
Молдағалиев Ж. Таңдамалы шығармалар.- Алматы: Көркем әдебиет, 1958.
Молдағалиев Ж. Байқоңыр баспалдақтары: Дастан және өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.
Молдағалиев Ж. Кісен ашқан: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1988.
Молдағалиев Ж. Қыран дала: Өлеңдер мен поэмалар. –Алматы: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1990.
Молдағалиев Ж. Мен қазақпын: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Раритет, 2007.
Молдағалиев Ж. Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Ан Арыс, 2010.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Жұбан Молдағалиев. Ақын туралы естеліктер.- Орал, 1990.
Жұбан Молдағалиев: Әдебиеттер көрсеткіші.- Алматы: Өнер, 1990.
Жомарт жүректің жалыны: (Жұбан Молдағалиев шығармашылығы)
//Сейітов С.Өлең өлкесінде.- Алматы,1984.
***
Ақбай Ж. Жасын: Жұбан Молдағалиев есімі ел есінде //Егемен Қазақстан.- 2010.-1 қазан.
Ақшолақов Е. Мен қазақпын деп жүрекпен айтқан Жұбан ақын
(Молдағалиев) // Жұлдыз.- 2010.-№12.
Бекхожина З. Дәуірмен дәуірлес: (Жұбан Молдағалиев туралы) //Дала мен қала.- 2010.- 22 қараша.
Иманасов С. Алаңсыз жүрген кезі жоқ: (Ж.Молдағалиев туралы)
//Қазақ әдебиеті.- 2010.- 19 қараша.
Қирабаев С. Жұбан (Молдағалиев) // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 6 тамыз.
Молдағалиева С. Жұлдызымыз жарасқан құтты шаңырақ болдық:
(Ақын Жұбан Молдағалиев және Желтоқсан- 86) //Ана тілі.- 2010.- 9 желтоқсан.
Оспан С. Қазақ намысының найзағайы: Жұбан Молдағалиевтің туғанына – 90 жыл //Түркістан.- 2010.- 18 қараша.
Рәш М. Мен білетін Жұбан (Молдағалиев) //Ақиқат.- 2011.- №10.
Молдағалиев Тұманбай
(1935- 2011)
Өлең әлеміне алғашқы үн қосқан албырт шағынан бастап - ақ өзінің лирикалық тебіренісімен өлең сүйгіш оқырманын айрықша сүйсіндірген ақындардың бірі - Тұманбай Молдағалиев. «... Қазір кемеліне келген тұста көптеген өлең кітаптардың авторы болған Т.Молдағалиев поэзиямыздағы көрнекті, мерейлі ақын»,- деп жазған Қалижан Бекхожин ақын шығармашылығы туралы.
Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық мемлекеттік және жастар одағы сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу селосында туған. 1959
жылы КазГУ-ді бітіргеннен кейін «Лениншіл жас» газетінде, «Пионер» журналында, 1959- 71 жылдары «Жазушы» баспасы жанындағы балалар және жастар әдебиеті бас редакциясы мен «Жалын» баспасының (1976-77),
«Жалын» альманағының бас редакторы (1977- 84), 1986 жылдан кейін «Балдырған» журналының бас редакторы болып қызмет атқарған.
Тұманбай Молдағалиевті нәзік те , сыршыл ақын ретінде танытқан 1957 жылы шыққан «Студент дәптері» атты тұңғыш өлеңдер жинағы. Содан бергі өткен 40 жылдан астам уақыттан бері ақынның бүгінгі замандастарының тіршілік - тынысын, арман - мақсатын, адал махаббатын шабытпен жырлаған қырықтан астам жыр кітаптары жарық көрді. Соның ішінде «Кәмила» (1960), «Көктем таңы», «Құралай» (1961), «Алатау қызы» (1964), «Зулайды күндер» (1965), «Жүрегім менің сапарда» (1966), «Ескерткіш» (1969), «Жүрек ояу қашанда» (1972), «Қош көктем» (1974), «Махаббат оты сөнбейді» (1975), «Жиырма бесінші көктем» (таңдамалы, 1980), «Жаз ортасы»(1982), «Тынық мұхит дәптері» (1985), «Отан деп соққан жүрегі» (1988), «Алыста қалған жылдар, ұмытылмас жандар» (1989) поэмалар жинақтары т,б. жыр кітаптары бар.
Тұманбай Молдағалиев «Жүректегі жазулар» жинағы (1981) үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, «Жаңа дәптер» (1967) жинағы үшін жастар сыйлығына ие болды.
Тұманбай Молдағалиев шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ақын өзінің ақындық, азаматтық өмірінің мәні мен мағынасын осы поэзиядан тапқан. Атамекен, туған елге деген сүйіспеншілік, ел мен жер тағдыры жайлы жазылса да ақын өлеңдерінің өзегінде халық өмірінің шындығы, халық тағдырының табиғаты, адамның адамға деген құрметі мен ізеті айқын сабақтасып, астасып жатады. Ақынның соғыс жылдарының шындығы туралы шығармаларында жүрек толғанысы, соғыстың қайғы - қасіреті, халық басындағы ауыртпалық, күтумен өткен ғұмыр көркем де, шынайы суреттеледі.
Қазақ поэзиясында жастық шақтың сыры, махаббат, адамның адамға деген сүйіспеншілігінің қадірі мен қасиетін жырлаған ақындардың ішінен ерекше дараланып тұратын ақын да Тұманбай Молдағалиев.
Ақын өлеңдері халық әндері секілді әуенді болып келеді және әнге өзінен өзі бейімделіп, лайықталып тұрады. Сондықтан да Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдеріне жазылған әндер көрнекті әншілердің орындауында қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, тіпті 60- шы жылдарда жазылған әндері күні бүгінге дейін орындалып жүр.
1984 жылы ақынның «Әнім сен едің» ән текстері жеке кітапша болып шықты. Жинаққа халық арасына кең тараған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні», «Куә бол», Шәмші Қалдаяқовтың «Әнім сен едің», «Бақыт құшағында», Әсет Бейсеуовтың «Шақырады көктем» т.б. әндер енген.
Ақынның бірнеше жинақтары Мәскеу, Алматы баспаларынан орыс тілінде басылып шықты. Көптеген шығармалары туысқан халықтар, шетел тілдеріне аударылды. Т.Молдағалиев Д. Байронның, М.Ю.Лермонтовтың, Ұйғынның , Зүлфияның, Д.Жамараевтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
Балаларға арнап жазған «Құралай», «Етекбай атам үйінде» кітаптары жарық көрді.
«Тұманбай мына тұрмыстың нәзік те жіңішке жағына, сұлу жағына, тұрмыс болғанда адам мен адамның ара - қатынасын арқау еткен мәселелерге көбірек назар аударды. Әсіресе, жастық шаққа, махаббат тақырыбына табан тірейтін ақын. Оның ең басты ұстанған бағыты, діттеген мақсаты - өмірдегі адалдық пен пәктік, ақтық мәселелерді ақындық жүрекпен барлайды»,- деп жазды Қазақстан Халық жазушысы Хамит Ерғалиев.
Тұманбай Молдағалиев- Тәуелсіз Қазақстанның Гимнін жазуға қатысқан авторлардың бірі.
Тұманбай Молдағалиев 1957 жылы «Тың жерді игергені үшін», 1970 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары:
Молдағалиев Т. Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1990.
Молдағалиев Т. Екі томдық шығармалары. – Алматы: балауса, 1995.
Молдағалиев Т. Таңдамалы туындыларының көп томдығы: 14 томдық.- Алматы: Қазығұрт, 2004.
Молдағалиев Т. Алыстағы жылдар, ұмытылмас жандар: Поэма.-Алматы: Жалын, 1989.
Молдағалиев Т.Құралайым: жаралы жүрек жырлары: Жыр жинақ.- Астан: Күлтегін, 2004.
Молдағалиев Т. Дос құшағын жайғанда: Өлеңдер: 1 том.- Алматы Жазушы, 2005.
Молдағалиев Т. Жадымдасың жастық шақ: Өлеңдер: 2 том.- Алматы: Жазушы, 2005.
Молдағалиев Т. Ғашық жүрек: Ақынның ел арасына кең тараған әндерге жазылған өлеңдер.. – Алматы: Өнер, 2007.
Молдағалиев Т. Мәңгі жас көңіл: Өлеңдер.- Алматы: жалын, 2007.
Молдағалиев Т. Қар жауып тұр: Өлеңдер.- Алматы: жазушы, 2008.
Молдағалиев Т. Баларға базарлық: Өлеңдер.- Алматы: Балалар әдебиеті, 2011.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Албырт шақтың жалынды сырлары: (Тұманбай Молдағалиев туралы)
//Бекхожин Қ. Өлең өткелдері.- Алматы, 1986.
Тұманбай Молдағалиев //Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Өлең сөздің патшасы. Алматы, 1991.
Молдағалиев Т. Өлең – менің өз анам: (Өз өмірі мен шығармашылығы туралы) //Сөзстан: 5 кітап.- Алматы, 1984.
60- 80 жылдардағы қазақ лирикасындағы дара стильдік ерекшеліктер: (Т. Молдағалиевтің шығармашылығы туралы) //Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика.- Алматы, 2001.
Тұманбайдың ақындығы: (Мақалалар).- Алматы: Атамұра, 2005.
***
Ақниет жырдың алыбы, махаббат, жастық жыршысы Тұманбай ақын
(Молдағалиев) //Түркістан.- 2010.- 20 мамыр.
Байжан О. Ақын Тұманбай Молдағалиев шығармашылығындағы ақындық тұлға //Ақ желкен.- 2008.- №5.
Иманасов С. Тұманбай туралы толғам: (Ақын Т.Молдағалиев) //Қазақ әдебиеті.- 2012.- 16 наурыз.
Молдағалиев Т. «Бақытты болыңдар, айналайындар!»: (Ақын Т.Мол-
дағалиев туралы материалдар) //Ұлан.- 2010.-16 наурыз.
Тобағабыл Т. «Таңдап алған талайғы бір арманым»: (Тұманбай Мол-
дағалиевтың шығармашылығы жайында) //Қазақ әдебиеті.- 2010.- 19 наурыз.
Момышұлы Бауыржан
(1910- 1982)
Ел ішінде аты аңызға айналған қазақ халқының біртуар тұлғасы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Момышұлы Бауыржан – Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Б.Момышұлы жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. 1932 жылы кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған аулына қайтып оралған соң, ол біраз қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал- майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман - сау алып шығады. Соғыстың қызылшаң айларында болған Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылды. Б.Момышұлының осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылып басылды.
Соғыстан кейін Б.Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери - педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы академиясында сабақ береді.
1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Б.Момышұлы біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген - білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған өмір шындығын бейнелейтін роман, әңгіме, повестері қалың оқырманның іздеп оқитын шығармаларына айналды. Олар бірнеше рет Мәскеу, Калинин, Алматыда қайта басылып шығады. Оның алғашқы кітаптары - «Бір түннің тарихы» (1956), «Біздің семья» (1956).
Б.Момышұлының кейінгі шығармаларында жауынгерлердің әскери мінез - құлқының қалыптасуы, халықтың майдандағы ерен ерлігі шынайы суреттеледі. Оның «Москва үшін шайқас» кітабы Панфилов дивизиясының жауынгерлік жолдары мен ерліктерін баяндайды.
Б.Момышұлы бірнеше орден, медальдармен марапатталды. Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Елінің ер ел екенін бүкіл дүниеге паш еткен Бауыржан Момышұлын Халқы тірісінде –ақ «батырым» деп танып, ардақтады, ал бұл атақ Отан соғысы біткенінен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін оған «Халық қаһарманы» деген құрметті атақ берілді.
Б.Момышұлы 1982 жылы қайтыс болды.
Б.Момышұлына арнап қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов «Қыран қия» атты поэма қалдырып кетті. Күләш Ахметова «Болашақ үшін», Ж.Бөдешов «Қасиет пен өсиет», Жақсылық Сәтібеков «Домбыра мен қылыш», М.Қалдыбаев «Ай мүйізді ақ серке», Т.Молдабаев «Бауыржан дастан» дейтін поэмалар жазды.
Қазақтың белгілі жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы бүкіл халықтың сүйіп оқитын кітабына айналды. Сәбит Мұқановтан бастап Б.Момышұлына арнап ұзын саны алпыстан асатын ақындар өлең жазыпты.
Б.Момышұлы – «Москва үшін шайқас» көркем фильмнің және бірнеше деректі фильмдердің бас кейіпкері.
... «Алтын да, алмас та емес жарқылдаған.
Бір сый бар, аға, саған тартылмаған.
Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер
Сыйдан да он есе артық даңқың маған», - деп қазақ жырының құлагері Мұқағали Мақатаев жырлап кеткен еліміздің біртуар тұлғасы Бауыржан Момышұлы өсиетінен, өмірінен ұрпағы ғибрат алатыны, жыл өткен сайын оның бейнесі биіктей беретіні анық.
Б.Момышұлының есімі Алматы, Тараз қалаларының көшелеріне, туған жері Ассыда орта мектепке берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |