Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет3/3
Дата05.11.2016
өлшемі2,45 Mb.
#441
түріАнықтамалық
1   2   3

Шығармалары:
Момышұлы Б. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өнер, 2008.-

Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2000.

Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2002.

Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап.- Алматы: Қазақстан, 1991.

Момышұлы Б. Москва үшін шайқас: Роман.- Алматы: Жазушы, 2009.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Айналған аты аңызға Момышұлы /Құраст. М.Мырзахметов.- Тараз, 2000.

Ахметова З. Шуақты күндер: (Бауыржан Момышұлы туралы естелік- эссе).- Алматы: Жалын, 1987.

Бақбергенов С. Гвардия полковнигі //Есімде қанды майдан жорықтар.- Алматы: Жалын, 1968.

Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер.- Алматы: Білім, 2005.

Бауыржан Момышұлы: Әдебиеттер көрсеткіші /ҚР Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы. - Алматы, 1994.

Бек А. Арпалыс. Волокаламск тас жолы: Повесть.- Алматы: Жалын,1985.

Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз: Роман- диалог (Б.Момышұлы туралы). – Алматы: Жазушы, 2009.

Қалдыбаев М. Ұмытылмас кездесулер: (Б.Момышұлы туралы).- Алматы: Қазақстан, 1989.

Халық сыйы : Б.Момышұлына арналған өлеңдер жинағы.- Алматы: Жалын, 1986.

***
Батыршаұлы С. Өн бойы ар- намыстан жаратылған : (Б.Момышұлы)

//Егемен Қазақстан.- 2010.- 30 қараша.

Бауыржан- қазақтың рухы: (Бауыржантанушы ғалымдардың пікірлері) //Түркістан.- 2010.- 5 тамыз.

Жәкеев С. Баукеңмен болған үш кездесу // Ана тілі.- 2010.- 14- 20 қаңтар.

Кәтімхан М. Б.Момышұлы мен А.Бектің шығармашылық байланысы

//Ақиқат.- 2010.- №8.

Күлмағамбет Е. Батыр Баукең (Момышұлы) //Егемен Қазақстан.- 2010.- 11 қаңтар.

Мәмбетов Қ. Баукеңнің ақындығы ( Б. Момышұлы) //Ақжелкен.- 2010.- №9.

Мәмбетов Қ. Жүрек қанымен жазылған туынды: (Бауыржан Момышұлының шығармалары) // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010.- №10.

Миразова А. Бауыржан Момышұлының педагогикалық ой- пікірлері және мектеп //Алматы ақшамы.- 2010.- 11 желтоқсан.

Молдахметұлы Ж. Бауыржандай батыры бар ел бақытты! : (Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойы Мәскеуде аталып өтті) //Айқын.- 2010.- 11 ақпан.

Молдахметұлы Ж. Мәскеу үшін шайқасқан Момышұлы //Айқын.- 2010.- 15 сәуір.
Мұқай Баққожа

(1948- 2008)


Баққожа Мұқай 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған.

1971 жылы Әл- Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультетін бітірген.

1965- 1966 жылдары Кеген, Нарынқол аудандық газеттерінде еңбек жолын бастаған. 1970- 1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында балалар мен жасөспірімдер әдебиеті бойынша кеңесші болып қызмет істеген.

1990- 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде репертуарлық - редакциялық коллегияда бас редактор, Бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болды. Кейінгі жылдары «Парасат» журналының бас редакторы болып істеген.

Баққожа Мұқай «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдар мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Алғашқы махаббат», «Жеті желі» атты кітаптардың авторы.

Баққожа Мұқайдың шоқтығы биік шығармасы «Өмірзая» романы. Романда ашаршылық кезеңдегі «советтік шындық», яғни өмірдің зілбатпан ауыр салмағы шынайы қалыпта көрсетіледі. Роман 80- ші жылдардағы қазақ идеясы турасында. Сондықтан да ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы- тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының елеулі бір туындысы ретінде, 2000 жылы «Өмірзая» романына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан.

Жазушының «Иірім», «Қош бол, менің ертегім», «Сергелдең болған серілер», «Өзгенің өмірі үшін», «Дүние кезек», «Заманақыр», «Раушан гүлі», «Ерулік», «Тоят түні», «Өмірзая», «Тойы көп үй» атты драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі елуден астам театрларда қойылып, көрермендердің бағасын алған дүниелер.

1982 жылы «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін жазушыға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1995 жылы Қырғызстанның әдебиет жөніндегі сыйлығымен марапатталды.

Баққожа Мұқай М.Колесникова мен М.Колесниковтың деректі материалдар негізінде жазылған «Рихард Зорге» атты кітабын, бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Шығармалары:
Мұқай Б. Таңдамалы шығармалары: 5 томдық. - Алматы: Ана тілі, 006.

Мұқай Б. Жаңбыр жауып тұр.- Алматы: Жалын, 1976.

Мұқай Б. Қош бол, менің ертегім: Екі бөлімді драма. – Алматы: Жазушы, 1976.

Мұқай Б. Өмір арнасы: Повесть.- Алматы: Жалын, 1978.

Мұқай Б. Аққу сазы: Повестер.- Алматы: Жалын, 1980.

Мұқай Б. Жалғыз жаяу: Роман.- Алматы: Жалын, 1983.

Мұқай Б. Мазасыз маусым: Повестер.- Алматы: Жалын, 1986.

Мұқай Б. Тоят түні: Пьесалар.- Алматы: Өнер, 1994.

Мұқай Б. Жеті желі: Хикаялар.- Алматы: жазушы, 1996.

Мұқай Б. Алғашқы махаббат: Хикая мен әңгімелер.- Алматы: Рауан, 1998.

Мұқай Б. Дүние к езек: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1992.

Мұқай Б. Өмірзая: Роман.- Алматы: Жалын, 1998.

Мұқай Б. Ертегідей ертеңім.- Алматы: Ана тілі, 2003.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Жұмабек С. Төрт ауыз сөз: Баққожа Мұқайдың «Мазасыз маусым» жинағы жайлы //Жұмабек С. Сын әуені.- Астана, 2001.

Мұқаев баққожа //Советтік қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-

фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Мұқай Баққожа //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.


***

Адам жанының білгірі: (Жазушы Баққожа Мұқай) // Жетісу.- 2010.- 16 қаңтар.

Дәдебаев Ж. Талант табиғаты: (Жазушы Баққожа Мұқай) //Егемен Қазақстан.- 2008.- 30 қараша.

Елубай С. Нар қазақ пен құл қазақтың күресі: Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баққожа Мұқайға 60 жыл //Жас Алаш.- 2008.—31 қаңтар.

Мәжитұлы Б. Өмірі заяларға араша түскен қаламгер: (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Баққожа Мұқай) //Жас Алаш.- 2008.- 15 сәуір.

Сәрсек Ж. Сарашы: Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, марқұм Баққожа Мұқай // Жас қазақ.- 2008.- 8 ақпан.

Сейдінұлы А. Аға: (Жазушы Баққожа Мұқай) //Алматы ақшамы.- 2008.- 6 қараша.

Сейсенбаева Ж. Өзіндік қолтаңбасы бар болатын: (Жазушы Б.Мұқай туралы) //Ана тілі.- 2011.- 14 шілде.


Мұқанов Сәбит

(1900- 1973)


Сәбит Мұқанов - қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері - Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер. Әке - шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Ел аузындағы жыр – толғауларды, қисса - дастандарды жаттап алып, мақаммен айтып үйренді.

1918 - 19 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында оқыды. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болды. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, Ақмола губерниясы ГПУ- нің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарды. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарады. Осы жылдары Сәбит Мұқанов шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін қалың жұртшылыққа танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезеңде өмірге келді. Осылардың жалғасы ретінде, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Сөз - советтік армия» (1934) өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және тағы да басқа шығармалары қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі үлес болды, ерекше рөл атқарды.

Осы кезге дейін атқарған сан - салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерілеудің басты кепілі – терең білім екенін айқын сезінген С.Мұқанов 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды. Москвадағы Қызыл профессура инситутының әдебиет бөліміне түсіп, оны бітіреді.

«Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Бұл жылдары да ол өндіріп жазумен болды. Мұқанов қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді идеялық – эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол жиырмаға тарта поэма, лирикалық өлеңдер, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгімелер, очерктер, қазақ мәдениетінің тарихы мен этнографиясы туралы «Халық мұрасы», «Қазақ қауымы» т.б. кітаптар жазды. Мұқанов шығармаларының дені кеңестік өмір шындығын суреттеп көрсеткен туындылар. Мұқанов шығармаларының басты кейіпкерлері - елімізде жаңа өмірді құрып, араласып жүрген жасампаз адамдар.

Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында белгілі белес болған туындысы «Ботагөз» романы десек, оның саналы шығармашылық өмірін түгел дерлік қамтыған «Өмір мектебі» трилогиясы шын мәніндегі халық шежіресі болатын. 1988 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Алтын аймақ» кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналған.

С.Мұқанов қазақ халқының ойшыл - демократы, ағартушы - ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірін терең зеттеумен болды, осының нәтижесінде ол «Аққан жұлдыз» романын, «Шоқан Уәлиханов» пьесасын жазды. Бұдан басқа жалынды революционер ақын Сәкен Сейфуллиннің бейнесін сомдаған «Сәкен Сейфуллин» пьесасын жазды.

Сәбит Мұқанов қазақтың ауыз әдебиетін, фольклор және көне жазбаларды зерттеп, жинап бастырды, ағартушы - демократтар туралы зерттеу еңбектер жазды. Ол халықтың арасынан шыққан халық жазушысы болды. Оның қазақ мәдениетін өркендету саласында сіңірген еңбегі кезінде бағаланды. С.Мұқанов бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды, екі рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды.

Сәбит Мұқанов бүкіл саналы өмірін халқына қызмет еткен даңқты жазушы.

Сәбит Мұқановтың мұрасы ғасырдан ғасырға, ұрпақтар игілігі болып қала бермек. Асылы тағылымды бел - белестері бар қоғамымызда туған әдебиет әлемін Сәбит Мұқановсыз, оның әр жанрдағы елеулі еңбектерінсіз көзге елестету қиын.

2002 жылы «Арыс» баспасынан Сәбит Мұқановтың «Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» кітабы жарық көрді. Оның бұл еңбегі алғаш рет бұдан 60 жыл бұрын 1942 жылы басылып шыққан еді.

С.Мұқанов творчествосы сан қырлы, байтақ әлем. Ол - жазушы, ғалым, қоғам қайраткері. Бұл ұғымдардың орнын қанша алмастырсақ та «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» ісі мен есімі еш аласармай, кемел кезең рухына сай рухани өмірі ұзара бермек.
Шығармалары:
Мұқанов С. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2002.

Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар: 6 томдық.- Алматы: ҚМКӘБ, 1956.

Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар: 16 томдық.- Алматы: Жазушы, 1972.

Мұқанов С. Мөлдір махаббат: Роман.- Алматы: Жазушы, 1967.

Мұқанов С. Өмір мектебі.- Алматы: Жазушы, 1978.

Мұқанов С. Балуан Шолақ: Роман.- Алматы: Өнер, 1980

Мұқанов С. Мөлдір махаббат: Роман.- Алматы: Жазушы, 1988.

Мұқанов С. Алтын аймақ: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1988..

Мұқанов С. Ботагөз: Үш бөлімді роман.- Алматы: Жазушы, 1989.

Мұқанов С. Жарық жұлдыз: (Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы).- Алматы: Санат, 1995.

Мұқанов С. Қазақ қауымы: (Тарихтық және этнографиялық шолу).- Алматы: Ана тілі, 1995.

Мұқанов С. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер.- Алматы: Арыс, 2002.

Мұқанов С. Халық мұрасы: Тарихтық – этнографиялық шолу..- Алматы: Жазушы, 2002.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Ергөбеков Қ. Сәбит Мұқанов.- Алматы: Мектеп, 1980.

Кәкішұлы Т., Ахмет К. Сәбит Мұқанов.- Алматы, 2005.

Өмірбаяндық өрнектер /С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби- мемориалдық музейі. – Алматы, 2002.

Сәбит Мұқанов тағылымы: Әдеби- сын мақалалар.- Алматы: Жазушы, 1990.

Сәбит Мұқанов туралы естеліктер: / Құраст.Б.Ыбырайымов, Қ.Ергө-

бек.- Астана: Елорда, 2001.

Тұрысбеков Р. Дүниетаным және шығармашылық: (С.Мұқановтың 20- жылдардағы прозасы).- Алматы: Қазақ университеті, 1993.


***
Бейісқұлов Т. Сәбит Мұқанов қалай аман қалды? : (Қазақ әдебиеті 1930 – жылдары) //Жұлдыз.- 2009.-№2.

Исмагулова Н. Сәбит Мұқанов поэмаларындағы идеялық және эстетикалық мұрат мәселелері //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010.- №7.

Кәкен А. Бар қазақтың жүрегіне жол тапқан: Академик жазушы

С. Мұқановтың туғанына -110 жыл //Түұркістан.- 2010.- 22 сәуір.

Кәкішов Т. Шамырқанған шындық: Сәбит Мұқанов-110 //Қазақ әдебиеті.- 2012.- 17 ақпан.

Кәкішов Т. Кәдімгі Сәбит Мұқанов //Егемен Қазақстан.- 2010.- 28 сәуір.

Кәрібаева С. Таныс әрі бейтаныс метафора: Сәбит Мұқановтың ақындығы //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2009.- №2.

Қирабаев С. «Сирек кездесетін қалам еңбекшісі»: Сәбит Мұқанов-110

//Қазақ әдебиеті.- 2010.-16 сәуір.

Мұқатай Б. Теміртас: (С.Мұқановтың шығармашылығы хақында)

//Қазақ және әлем әдебиет.- 2011.-№ 4.
Мұратбеков Сайын

(1936-2007)


Туған әдебиетіміздің киелі табалдырығын алпысыншы жылдардың басында аттаған талантты топ ішінде жазушы Сайын Мұратбековтің орны ерекше.

Сайын Мұратбеков әдебиет әлемінде шу деп төбе көрсеткеннен өзіндік өрнегімен жұртшылық назарын өзіне аударғаны жақсы мәлім.

Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданының Қоңыр селосында туған.Жазушының балауса балалық шағы Ұлы Отан соғысының отты жылдарына тап келіп, жетімдіктің қамы-тын мойнына киіп еңбекке ерте араласады. Сөйтіп еңбек жолын ол 1954 жылы туған аулындағы ауылшаруашылық артелде колхозшы болып бас-тайды. 1959- 69 жылдары С.Мұратбеков аудандық, сонан соң Алматы облыстық газетінің, «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында аға редактор болып қызмет істейді. Жұмыстан қол үзбестен Қазақ Мемлекеттік университетін бітіреді. 1969 -71 жылдары С. Мұратбеков – КСРО Жазушы-лар одағы жанындағы Жоғары әдеби курстың тыңдаушысы.

1971- 72 жылдары ол Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросын басқарды. 1977 жылдан С. Мұратбеков- республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980 жылдан – Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы. 1984- 86 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, әрі Қазақстан Жазушылар одағы Басқар-

масының хатшысы болды.

Сайын Мұратбековтің тұңғыш шығармасы- «Менің қарындасым» әңгімесі 1961 жылы жарық көрді. Әңгіме кейіпкері сезімінің шынайы-лығымен өз оқушысын баурап алып еді.

Кейінгі жылдары «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973), «Жусан иісі», «Кәмен- тоғай», «Қалың қар» (1989) атты әңгімелері мен повестер кітаптары жарық көді. 1991 жылы «Жазушы» баспасынан С.Мұратбековтің екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді... «Оның жиырмадан аса таңдаулы деген әңгімелері жеке дара тұрған көркемдік әлем сияқты. Бұл әңгімелер болмаған болса, төл әдебиетіміздің бір бүйірі ойсырап, олқы тұрған болар еді»,- деп жазған белгілі сыншы Сағат Әшімбаев, жазушы туралы.

Сайын Мұратбеков шығармашылығының негізгі тақырыбы ауыл өмірі деп танимыз. Ал, шындығына келсек ол өз шығармаларында моральдық үлкен проблемаларды қозғайды, сондықтан да адамгершілік, ар- ождан мәселесіне, жан дүние сұлулығына айрықша назар аударады. Жазушының қай әңгімесін алып қарасақ, адамның адамгершілігі, рухани байлығы ала-қанға салғандай анық сайрап тұрады.

2002 жылы «Атамұра» баспасынан жазушының «Жабайы алма» атты хикаяты қайтадан басылып шықты. Сонау сұрапыл жылдардағы қабырғасы қайысқан балалық шақ пен бүгінгі тұрмыс- тіршіліктегі ұқсас жайттарды жазушы өте тартымды баяндайды.

Жазушының көптеген шығармалары орыс, туысқан халықтар, шетел тілдеріне аударылған. Оның сценарийі бойынша «Тел өскен ұл» атты көркем фильм түсірілді.

2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлы-ғының лауреаты атанды. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар ода-ғының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан респуб-ликасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген.


Шығармалары:
Мұратбеков С. Шығармаларының екі томдығы.- Алматы: Жазушы, 1986.

Мұратбеков С. Шығармалар жинағы.- Алматы: Өлке, 2006.

Мұратбеков С. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1991.

Мұратбеков С. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2003.

Мұратбеков С. Таңдамалы шығармалар: Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1991.

Мұратбеков С. Таңдамалы : Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1981.

Мұратбеков С. Ескек жел: Балалар мен жастар әдебиеті.- Алматы: Раритет, 2004.

Мұратбеков С. Басында Үшқараның..: Хикая.- Алматы Қазақстан, 2010.

Мұратбеков С. Жабайы алма: Повесть.- Алматы: Ан Арыс, 2010.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Әшімбаев С. Кемел келісім: (Жазушы Сайын Мұратбеков творчествосы туралы) //Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. –Алматы,1985.

Владимиров В. Жусан иісі: (Жазушы С.Мұратбековтің творчествосына шолу) // Уақыт және қаламгер: Әдеби сын. 10 кітап.- Алматы, 1984.


***
Айтхожина М. Салқар даланың Сайыны: (Жазушы С. Мұратбеков туралы) //Қазақ әдебиеті.- 2008.-8 ақпан.

Бектасова Г. «Менің қарындасымнан» басталған жол: Жазушы Сайын Мұратбековтің мөлдір әлемі //Түркістан.- 2011.- 17 қараша.

Мұратбекова М. Балалық шақтың «Жабайы алмасы» : (Жазушы Сайын Мұратбековтің осы аттас әңгімесінің кейіпкерлері туралы ) //Қазақ әдебиеті.- 2011.- 21 қаңтар.

Сайын Мұратбеков: (Материалдар) //Жалын.- 2010.- №4.

Сайын даланың Сайыны: (Жазушы Сайын Мұратбеков туралы) //Ақ желкен.- 2010.- №11.
Мұртаза Шерхан

(1932)
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Мыңбұлақ мекенінде туған.

1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.

1960 жылдан 1970 жылдың аяғына дейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің редакторы болды. Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының «Жалын» альманағының, «Жұлдыз» журналының бас редак-торы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болып істеді, 1980- 1989 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қыз-меттерін атқарды. Сол ағынмен «Егемен Қазақстан» газеті редакциясына, Қазақ радиосы мен теледидар комитетіне төрағалық етті.

Шерхан Мұртаза- ХХ ғасырдың қанқұйлы, қиянатқа толы 30- жылдарында «Қазағым, халқым» деп басын тіккен ірі мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловты бүгінгі ұрпаққа танытуда өшпес қазына, асыл мұра боларлық ерен еңбек етіп, «Қызыл жебе» романының бес кітабын жазды. «Қызыл жебе» романы тарихи- революциялық тақырыптағы, сондай- ақ, тарихи тұлғаны сомдаған туынды, қазіргі қазақ прозасындағы үлкен құбылыс болғандығын атап айту қажет. Бұл шығарма тақырыбы, көлемі жағынан ірілігін былай қойғанда, жазушының да тынысы кеңейіп, құлашын кеңге сілтей бастағанын танытады. Жазушы бұл еңбегінен кейін «қайта құру» деп аталған кезеңде «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» сынды ұлттық сана-мызды шайқалта білген трагедияларды дүниеге әкелді.

Халықтық болмысымызды қайта қаусатып кетуі ықтимал жаңа рухани кеселдерімізді әшкерелейтін «Жалғыз үйлік зілзала», «Есек саудасы» атты трагикомедиялық туындылар мен әңгіме- новеллалар жазды.

Проза саласындағы жазушының әдеби шоқтығын көтеріп тастаған көлемді де, мазмұнды туындысы «Қара маржан» романы болды. Романға арқау болған еліміздің үлкен бір өндіріс орталығы болған Қаратау кенші-леріннің өмірі. Осы роман үшін жазушы 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекет-

тік сыйлығын алды.

Шерхан Мұртаза шығармаларының қай- қайсысы болмасын оқыр-мандар тарапынан зор ілтипатқа бөленген, әдебиетімізде елеулі ізі бар кесек дүниелер.

Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз сол-даттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1972) повестері, «41- жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990- 2000), алты томдық және жеті томдық шығармалар жинағы «Қазығұрт» баспасынан жарық көрді.

Жазушының шығармалары орыс тіліне, шетел, басқа да туысқан халықтар тіліне аударылып басылып шықты.

Шерхан Мұртаза қазақ тіліне Г.-Х. Андерсеннің әңгімелерін, Ш.Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жанпида» кітаптарын, М.Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Ла-гиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. Әсіресе Шыңғыс Айтматов шығармалары қазақша сөйлегенде де өзінің көркемдік рухынан айрылмаған.

Шерхан Мұртаза белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты болды.
Шығармалары:
Мұртаза Ш. Екі томдық танымалы шығармалар.- Алматы: Жазушы, 1982.

Мұртаза Ш. Төрт томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1994.

Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2002.

Мұртаза Ш. Жеті томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2005.

Мұртаза Ш. Таңдамалы шығармалар: 2 томдық.- Алматы: Жазушы, 1982..

Мұртаза Ш. Бұлтсыз күнгі найзағай: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1965.

Мұртаза Ш. Белгісіз солдаттың баласы: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1966.

Мұртаза Ш. 41- ші жылғы келіншек: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972.

Мұртаза Ш. Интернат наны: Әңгімелер мен очерктер.- Алматы: Жазушы, 1974.

Мұртаза Ш. Ақындар мен әкімдер: Мақалалар, эсселер, публицисти-

калық толғамдар.- Астана: Елорда, 2002.

Мұртаза Ш. Бойтұмар: Әңгімелер.- Алматы: Раритет, 2006.

Мұртаза Ш. Мыңбұлақ: Әңгімелер мен хикаяттар.- Алматы: Жазушы, 2007.

Мұртаза Ш. Бір кем дүние: Ойтолғау.- Алматы: Жазушы, 2008.

Мұртаза Ш. Ай мен Айша: Роман.- Алматы: Қазақстан, 2008.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Жұмабеков С. Жұлдызы нұрлы суреткер: ( Ш.Мұртазаның шығарма-

шылығы жайлы монографилық очерк).- Алматы: Өлке, 1993.

Жұмабеков С. Шерхан Мұртаза: Жұлдызы нұрлы суреткер: Роман- монолог.- Алматы: Қазығұрт, 2002.

Мәмесейіт Т. Шерхан Мұртаза: (Қаламгерлік, қайраткерлік ғұмыр-

баян).- Астана: Елорда, 2002.

***
Ақыш Н. Тақсіретті балалық шақ: (Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы туралы) // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2008.- №4.

Дүйсенбек Ә. Менің Шерағам: (Ш.Мұртаза) //Жұлдыз.- 2007.- №9.

Елеукенов Ш. «Ай мен Айша» хақында // Әдебиет айдыны.- 2007.-

4 қазан.

Мәмесейіт Т. «Қызыл жебе» роман- эпопеясының танымдық сипаты

// Ұлағат.- 2007.-№ 1.

Мұртаза Ш. Маған бір уыс талқан, бір қасық көже арман еді..: (Жазушымен сұхбат) // Жұлдыздар отбасы.- 2011.- №6.

Нұрғожаев Ж. Әдебиеттің «қызыл жебесі»: (Шерхан Мұртаза)

//Жетісу.- 2010.- 23 қазан.

Тойшыбекова А. Тарихтың сырын, халықтың мұңын танытқан жазушы // Ақиқат.- 2010.- №7.

Тойшыбекова А. Шерхан Мұртазаның азаматтық тұлғасы //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010.- №7.

Тұрысов Е. Заманның мұңды дастаны: Ш. Мұртазаның романдарының кейіпкері Рысқұл Жылқайдаров туралы //Егемен Қазақстан.-2008.- 28 мамыр.

Мұстафин Ғабиден

(1902- 1985)


Қазақ әдебиетінің белгілі өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтыың лауреаты Ғабиден Мұстафин Қарағанды облы-сының Тельман ауданындағы Сартөбе ауылында 1902 жылы туған.

Спаск зауытының табелщигінен бір жыл орысша оқып, екінші жылы сол зауыттағы орыс- қазақ мектебінде бір жыл оқыды, әрі қарай оқуын жал-ғастыруға мүмкіндігі болмайды.

1932- 33 жылдары Ғ.Мұстафин «Қарағанды пролетариаты» газетінде, кейін Новосибирь қаласында (1933-38) қазақ тілінде шығып тұрған «Қызыл ту» газетінде қызметкер болып жұмыс істеген.

Жазушы 1938 жылы Алматыға келеді. Осы кезден бастап ол жазу-шылық жолға біржола бет бұрады.

Ғабиден Мұстафиннің «Өмір мен өлім» (1940), «Шығанақ» (1944), «Миллионер» (1948), «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1959), «Көз көрген» (1963) романдары қазақ, орыс, басқа да тілдерде әлденеше рет ба-сылып шықты.

Ғабиден Мұстафин шығармаларының дені бүгінгі күн тақырыбына арналған. Жазушы өмірде болып жатқан құбылыстарды жіті бақылап, сол өмірде көргендерін сүзгіден өткізіп көркем туынды ретінде оқырманға ұсы-на білді. Оның қай шығармасында болсын, кеңестік кезеңнің келелі проб-лемалары өз көрінісін тапқан.

Ғабиден Мұстафин - қазақ даласындағы үлкен өзгерістерді кең, шебер суреттеп берген жазушы. Оның шығармашылығы туралы Ғабит Мүсірепов: ... «Ғабиден Мұстафин осы дәуірдің ішінде қазақ совет проза-сынан өзінің тиісті орнын алумен бірге әдебиетіміздің бетін бүгінгі өмірге бұруымызға да үлкен жетекші болды. Бұл оның творчестволық биогра-фиясындағы елеулі ерекшелігі»,- деп тамаша айқындап берген болатын. («Суреткер парызы».- Алматы, 1970.- 330 б.).

Жазушы өмірде туындап жатқан келелі мәселелерге оқырман наза-рын аударып отырумен бірге адамзатқа тән ізгі адами құндылықтарды жал-пы жұртқа насихаттап, бойына дарытуды мақсат тұтты. Ол сомдаған Шыға-нақ, Жомарт, Мейрам сияқты образдар адамгершілігі мол, іскер, еңбек сүй-гіш, отаншыл қасиеттерімен ерекшеленеді.

Жазушының алғашқы көлемді туындысы- «Қарағанды» романы, шығарма алғаш рет 1940 жылы «Өмір мен өлім» деген атпен шығып, кейіннен қайта өңделіп «Қарағанды» (1952) деген атпен жарық көрді. Роман қазақ әдебиетінде өндіріс тақырыбын сәтті бейнелеген алғашқы көркем туындылардың бірі болды. Ал «Шығанақ» романында Ғ.Мұстафин оты-рықшылыққа бет бұрған қазақ ауылының өзгерістері баяндалады. Шығанақ Берсиев- өмірде болған адам. Соғыс кезінде ер азаматтар Отан үшін май-данда қан кешіп, ерліктер жасап жатқан кезде ол тылда ерен ерліктің асқан үлгісін көрсетіп, тары өнімінен төрт рет дүниежүзілік рекорд жасайды. Соғыстан кейінгі колхоз өмірін суреттеуге арналған «Миллионер» повесі ауыл шаруашылығындағы жаңа өзгерістерді, тың проблемаларды қамтиды.

«Қарағанды», «Шығанақ», «Миллионер» шығармаларында жазушы өз дәуірінің көркем бейнесін жасауға тер төксе, «Дауылдан кейін» (1959) романында өткен күннің бел- белестеріне көз жібереді. Ғ. Мұстафиннің мемуарлық сипатта жазылған «Көз көрген» (1963) шығармасы өткен ға-сырлардың алғашқы ширегін де қазақ ауылы бастап өткерген саяси- әлеу-меттік оқиғаларды суреттеуге арналған. Оқиға желісі Қазан революциясы-

ның қарсаңы, ауылды кеңестендіру жылдарынан басталады. Жазушы көзі-мен көргендерін, ойына түйгендерін сол күйінде қағазға түсіре отырып көптеген тарихи оқиғаларды еске түсіру арқылы еліміздің өсу белестерін жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен.

Оның романдары ел өмірінің елеулі кезеңдерін бейнелейді. Мысалы, «Дауылдан кейін» романы- революциядан кейінгі ауылдағы жан тартысы, саяси науқандар мен түрлі дүрбелеңдер, «Қарағанды» романы Қазақстанда жаңа өндіріс ашылып, жұмысшы табының қалыптасуы. Ал «Шығанақта» еңбек адамының образын жасай отырып, ауылдағы келеңсіз жағдайларды, асыра сілтеушілікті көрсетеді.

Ғабиден Мұстафиннің романдары бір емес, әлденеше рет қайта басылып шықты, шет тілдерге аударылды. Сөйтіп ғұмыры ұзақ туындылар екенін танытты .

Ғ.Мұстафин тұлға ретінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповпен қатарласып, қазақ әдебиетінің көш басынан лайықты орын алған жазушы.

Ғабиден Мұстафин 1953- 57 және 1961- 64 жылдары Қазақстан Жазушылар одағығын басқарды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Екі рет Ленин ордені, ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған, Абай және Жамбыл аттарындағы республикалық әдеби сыйлықтарды иеленді.

«... Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше ертеңгіні жаздым. Жазушы алдымен өз дәуірінің жыршысы десек, қоғам ішіндегі зор өзге-рістерді ол көрмесе, яки көре тұра жазбаса, дүниеден борыш арқалап кетеді де. Борыш арқалауды сүймедім...» деп жазған еді жазушы. Иә, Ғабиден Мұстафин де- өз заманының , яғни кеңестік кезеңнің перзенті. Шын азамат қай заманда өмір сүрмесін, бәрібір азаматтық болмысын жоғалтпай, пен-дешіліктен биік қала береді.

Ғабиден Мұстафин 1985 жылы дүние салды. Өзінің сексен жылдан аса ғұмырында халқының сөз өнерін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан әдебиет ардагерлерінің бірі болды. Оның шығармалары жаңа ғасырдың кейінгі ұрпақтарына бағдар беретін асыл қазына іспеттес, сондықтан да ұр-пақ игілігі болып қала бермек, оның әр шығармасы халқын рухани сусын-датуға қызмет етті.

«Жастар!.. Сендер енді 15 жылдан соң ХХІ ғасырдың есігін аша-сыңдар. Жаңа ғасырға алып барар тарту- таралғыларыңның ең қымбаты,

ең қадірлісі- мейірім, рақым, қанағат болғай!»- деп өсиет айтып кеткен еді жазушы.

Иә, қазақ халқының ХХІ ғасырдағы жаңа ұрпақтары Ғ.Мұстафинді қазақ әдебиетін, сөз өнерін дамытуға сіңірген өлшеусіз үлесі үшін, оқыр-мандарын бақытты болашаққа бастайтын кемел де көркем ойлар қалдыр-

ғаны үшін де асылындай ардақтап, құрметтей беретін болады.
Шығармалары:
Мұстафин Ғ.Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1981.

Мұстафин Ғ.Бес томдық шығармалар жинағы.- Астана: Елорда, 2002

Мұстафин Ғ.Таңдамалы шығармалар: 2томдық.- Алматы: ҚМКӘБ, 1955.

Мұстафин Ғ.Таңдамалы шығармалар: 4 томдық.- Алматы: Жазушы, 1970.

Мұстафин Ғ. Миллионер: Повесть.- Алматы, ҚМКӘБ, 1950.

Мұстафин Ғ. Қарағанды: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1952.

Мұстафин Ғ. Жиырма бес: Әңгімелер, очерктер, пьесалар.- Алматы: Жазушы, 1965.

Мұстафин Ғ. Туған жерде: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1965.

Мұстафин Ғ. Азамат: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1983.

Мұстафин Ғ. Өмір белестері: Әңгімелер мен ой өрнектері.- Алматы: Мектеп, 1984.

Мұстафин Ғ. Шығанақ: Роман.- Алматы: Атамұра, 2006.

Мұстафин Ғ. Дауылдан кейін: Роман.- Алматы: Жазушы, 2009.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ғабиден туралы естеліктер.- 2 басылымы.- Алматы: Білім, 2007.

Дәдебаев Ж. Ғабиден Мұстафин.- Алматы: Мектеп, 1989.

Кәкішев Т. Байтерек : (Ғ.Мұстафин) //Кәкішев Т. Дәуір дидары- Алматы, 1985.

Кекілбаев Ә. Сарабдал суреткер //Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат: Ой- толғамдар.- Алматы, 1996.

Қайырбеков Ғ. Ғабиден Мұстафин //Қайырбеков Ғ. Алыста жақын жағалаулар – Алматы, 2001.

Қирабаев С. Ғабиден Мұстафин //Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен. – Астана, 2002.

Мұстафин Ғабиден (1902- 1985) //Елтұтқа.- Астана, 2001.

Мұстафин Ғ. Талант- жүрек сыры: (Жазушы өз шығармашылығы жайлы) //Сөзстан.- Алматы, 1980.

***

Алиханов Ш. Мұстафиннің шығармашылық шеберлігі //Ақиқат.- 2008.- №7.



Валиханов Ш. Ғабиден Мұстафин шеберлігінің зерттелуі //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2007.- №11.

Валиханов Ш. Шығарма ажары: Ғабиден Мұстафиннің шығармашы-

лығы хақында.- Жалын.- 2008.- № 6.
Мұхамеджанов Қалтай

(1928- 2001)


Қалтай Мұхамеджанов қазақ әдебиеті мен өнерінің тарих тұрлауына айналып бара жатқан жиырмасыншы ғасырдағы тұғыры биік тұрған дара тұлғасы еді.

Аса көрнекті драматург, театр сыншысы, белгілі қоғам қайраткер, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов 1928 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шіркейлі ауы-лында туған. Балаық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа- тұс келген ол жас-тайынан еңбекке ерте араласты.

1947 жылы ол Ташкенттің театр және көркемөнер инситутына оқуға түседі, кейін Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы театр және көркем-өнер институтына ауысып, оны 1953 жылы бітіріп шығады.

Шығармашылық жолын Қалтай Мұхамеджанов М.Горькийдің «Тоғышарлар», С.Айнидің «Құлдар», Айбектің «Киелі қан» сияқты атақты туындыларын аударудан бастаған.

1950 жылдан бастап ол театр сынына белсенді түрде араласады, небір өткір де, өзекті мақалаларын республикалық баспасөз беттерінде жиі жарилайды. Қазақстан Жазушылар одағына 1958 жылы театр сыншысы ре-тінде қабылданған Қалтай Мұхамеджанов осы саланың қалыптасуына және дамуына көп күш- жігер жұмсады. Келесі жылы М.Әуезов атындағы Мем-лекеттік академиялық драма театрында оның «Бөлтірік бөрік астында» атты тұңғыш драмалық туындысыныңы премьерасы болды.

Мұнан соң «Құдағи келіпті», «Қуырдақ дайын», «Өзіме де сол керек» сияқты комедиялар туып, республикалық және облыстық театрлардың сахналарында тұрақты қойылуының арқасында кеңінен танылып, табысқа ие болды. Сондай- ақ драматургтің «Жат елде», «Біз періште емеспіз», «Көктебедегі кездесу» (Ш.Айтматовпен бірігіп жазған) атты драмалары қа-ақ драматургиясын биік деңгейге көтерген туындылар болды. Соңғы дра-масы («Көктебедегі кездесу») алғашқы қойылымынан кейін- ақ әлем театр-лары сахнасын шарлап кетті. Мәскеудің «Современник» театры қойғанын айтпағанда драматургтің талантты туындылары АҚШ, Англия сияқты ел-дердің сахналарында қойылды. Сөйтіп, Қалтай Мұхамеджановтың «Мұңлы күлкісі» кеңес қоғамын сынауға тиым салынған әлеуметтік- саяси проб-лемаларының әжуәлі астарын әлем жұртшылығына паш етті.

Қ.Мұхамеджанов Қазақстан республикасының Мәдениет Минис-трлігінде, Мемлекеттік кинокомитетте, Қазақстан Жазушылар одағын, Кинематографистер одағын басқарып, «Ара- Шмель» журналында, халық-аралық «Заман- Қазақстан» газетінде бас редактор болды. Өмірінің соңғы жылдары драматург халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы қыз-метін атқарды.

Қазақ оқырмандары Қ.Мұхамеджанов аудармасында шығыс әде-биетінің жауһары болып саналатын «Мың бір түн» ертегісінің 8 томдығы-

мен танысуға мүмкіндік алды. Ш.Айтматовтың жекелеген пьесаларын, «Ақ кеме» повесін аударды.

Қазақ драматургиясы мен театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қалтай Мұхамеджанов «Құрмет белгісі», Халықтар достығы орден-дерімен, сондай- ақ бірқатар Мемлекеттік жоғары наградалармен марапат-талды.

Қалтай Мұхамеджанов 2001 жылы 7 мамырда қайтыс болды.

Қалтай Мұхамеджанов әр жылдары әдебиет пен өнердегі, қоғамдық- әлеуметтік әралуан салалардағы өзгерістерге қаламгерлік көзқарастары мен азаматтық позицияларын ұдайы айқын танытумен өткен суреткер болды. Ол өз шығармаларында адам ойы мен санасының қиял жете бермес қатпарла- рын, мәңгілік сипаттарын қалай өрнектесе, оқырман көрермені де өз көкіре-гінде жазушы тұлғасын дәл сондай сомдағаны аян. Соның арқасында оның шығармалары көптеген тілге аударылды. Ол көзі тірісінде аты аңызға айнал-ған жазушы болды.


Шығармалары:
Мұхамеджанов Қ. . Таңдамалы: Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1978.

Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы: Пьесалар, әдеби сценарийлер, өнер жайлы ойлар.- Алматы: Жазушы, 1989.

Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық.- Алма-

Аты: Атамұра, 1998.

Мұхамеджанов Қ Қазақ пьесалары.- Алматы, 1957.

Мұхамеджанов Қ. Өзіме де сол керек: Пьесалар мен киносцена-

рийлер.- Алматы: Жазушы, 1971.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Жұмабек С. Титан талант- тұрлаулы өнер: (Қ.Мұхамеджанов)

//Жұмабек С. Сын әуені.- Астана, 2001.

Кекілбаев Ә. Алда талай асқар таудай парыз тұр: (Қ.Мұхамеджанов туралы) //Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат: Ой толғамдар.- Алматы, 1996.

Қалтай Мұхамеджанов //Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық. 9– том.- Алматы, 2005.

Құндақбаев Б. Қалтай Мұхамеджанов //Уақыт және театр.- Алматы, 1981.
***

Адырбекұлы К. «Ислам әлемінің жарық жұлдызы еді»: (Қалтай Мұхамеджанов) // Түркістан.- 2011.- 28 сәуір.

Әмірбек К. «Күлмесханды» күлдірген: Драматург Қалтай Мұхамеджа-

нов туралы естелік- эссе // Түркістан.- 2011.- 28 сәуір.

Бағдәулетқызы Ә. Қалтай Мұхамеджанов ХХІ ғасырда //Қазақ әде-

биеті.- 2008.- 27 желтоқсан.

Бельгер Г. Қалтайды түсімде көремін //Түркістан.- 2011.- 28 сәуір.

Кәріпбеков А. Естен кетпес бір кездесу: (Қ.Мұхамеджановпен автордың кездесу – естелігі) //Түркістан.- 2008.- 19 желтоқсан.

Құндақбайұлы Б. Күлкінің хас шебері: (Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов 80 жаста) //Мәдениет.- 2009.-№ 2.

Мұхамеджанова Ф. «Мың бір түнді « аударуға 20 жылын сарп етті: (Жазушы Қ.Мұхамеджановтың жарымен сұхбат) // Айқын.- 2011.- 16 қараша.

Қалтай Мұхамеджанов : (Драматург- жазушы туралы естеліктер) //Жа-

лын.- 2008.- №12.

Оспан С. Қалағаң қалжыңдарын қалай құрастырдым: Қ.Мұхамеджанов-

тың дүниеге келгеніне 80 жыл толуына орай // Ана тілі.- 2008.- 25 желтоқсан.

Сығай Ә. Қазақ драматургиясының абызы: (Қ.Мұхамеджанов)

//Түркістан.- 2008.- 25 желтоқсан.

Уәйіс Е. Қалағаң: (Қ.Мұхамеджанов) //Егемен Қазақстан.- 2010.- 8 қыр-

күйек.
Мұхамеджанов Шәміл

( 1931- 1980)
Алпысыншы жылдары жыр әлеміне дүркірей шыққан бір топ өрелі ақындар легінде Қосжан Мүсірепов, Сағи Жиенбаев, Еркеш Ибраһим сынды ақындар арасында Мұқағали Мақатаев көбірек сырласатын талантты ақын Шәміл Мұхамеджанов та бар еді.

Шәміл Мұхамеджанов 1931 жылы күз айында Торғайда дүниеге кел-ген. Қаладағы Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған қазақ орта мектебінде оқыды. 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл- әдебиет факультетін бітіріп, «Әдебиет және искусство» журналында қызмет істейді. Ақынның балауса өлеңдері 1953 жылы Қостанай облыстық «Боль-шевиктік жол» газетіне шықты.

1959 жылы Ш.Мұхамеджановтың тұңғыш кітабы «Жоғалған көй-лек» кейін «Ана құшағы» (1960), «Адалдық» (1963), «Дала тынысы», «Өмір гүлдері», «Назқоңыр» (1973), «Күн төбеде тұрғанда (1972), «Шағала, көңілім, шарықта», «Жас Қанаш» (1979), «Ақжелең» (1977), «Шабытты шақ» (1981) атты жыр жинақтары жарық көрді.

Ақын әдебиетке жиырма жасында келіп, өзіндік өрнегімен, талант жемісімен қазақ поэзиясына едәуір үлес қосып кетті. Оның ширек ғасыр шығармашылық жолында жиырмаға жуық өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақын лирика жанрында өзіндік шабытымен жазылған мол мұра қалдырды. Ш.Мұхамеджановтың тақырып өрісі кең: туған ана, туған жер, қатар- құрбы, сүйген жар тақырыбынан бастап барлық жырларында нағыз жүрек сөзін айтады, өмір көрінісі мен уақыт тынысы үндесіп жатады. Балғын балалық шағы соғыс кезіне тура келген ақын Ұлы Отан соғысындағы және тылдағы халықтың ерліктерін, әрі соған орай бүгінгі бейбіт өміріміздегі адамдардың ерен еңбегін жырлап өтті.

Ашық аспан, туған жерге деген махаббатын ақын өлеңмен былай өрнектеген:
«Терек- қайың бүршік жара,

Сезім толқын тулай берді.

Жас жүрегім дүрсіл қаға

Көп аңсадым туған жерді.

Сағынышым құс боп ұшты.

Анам болып туған мені

Көрсем дедім құт қонысты.

Елестеді жасыл белес-

Көк өзені тасып жатқан.

Өтті алдымнан жастық елес-

Естігендей болдым бірде,

Қырда жүрген қыздың әнін.

Сол өмірге, сол өңірге

Құлшынамын, қызығамын.

Немесе өмірдің мәні жайлы:

Келген соң бұл өмірге,

Қонақ емес қожасың.

Тозады ғой темірде,

Сен де бір күн тозасың.

Қарамайды уақыт,

Одан бұрын жолға шық.

Жастықта тау құлатып,

Үнемі сен алға асық.

Бар ісіңді тындыр сен,

Бойда қуат барында.

Бәріне де үлгір сен

Осынау дер шағыңда,- деп толғайды ақын.

Бұл шумақтары бүгінгі жас ұрпаққа айтып кеткен өсиетіндей, бүкпесіз сыр айтқандай ой тастайды.

Ш.Мұхамеджановтың «Қошалақ», «Сөнбес махаббат», «Бауыржан туралы» балладалары оқылатын дүниелер. Ақұштап ақын: «Мен Шәміл ағаның «Сөнбес махаббат» поэмасынан соң ақын болдым» дейді екен. Сол сияқты кезінде ақын өлеңдері оқырмандарын елең еткізгені анық. Оның өлеңдері жұмсақ лиризм шағын оқиғаға, көңілді ойға құрылған аққан бұлақтай табиғилығымен ерекшеленеді.

Шәміл Мұхамеджанов аудармамен де белсене айналысып М.Лер-монтов, Т.Шевченко, Я.Райнис, Л.Украинка, Міртемір, Р.Ғамзатов өлеңдерін қазақ тілінде сөйлетті.

Ш.Мұхамеджанов 1980 жылы 15 желтоқсанда дүние салды. Ақын қазасынан кейін «Шағала, көңілім, шарықта» атты бір томдық таңдамалысы, «Шабытты шақ» жыр кітабы шықты. Ақыннның туғанына 70 жыл толуына орай 2001 жылы таңдаулы өлеңдері топтастырылған «Жыр- ғұмыр» атты жинағы жарық көрді. Дүниеден ерте озған ақын Шәміл Мұхамеджановтың жыр әлемінде шамы сөнбей артында қалған мол мұрасы ХХІ ғасырдың жас ұрпақтарының игілігіне айналмақ.

Ақын ғұмыры- оның шығармашылығы болып қала бермек.


Шығармалары:
Мұхамеджанов Ш. Жоғалған көйлек.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.

Мұхамеджанов Ш. Ана құшағы: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1960.

Мұхамеджанов Ш. Қошалақ: Поэмалар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.

Мұхамеджанов Ш. Адалдық.- Алматы: ҚМКӘБ, 1963.

Мұхамеджанов Ш. Көңіл ашар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1968.

Мұхамеджанов Ш. Құлыншақтарым: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1970.

Мұхамеджанов Ш. Күн төбеде тұрғанда: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1972.

Мұхамеджанов Ш. Назқоңыр: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.

Мұхамеджанов Ш. Арқа сүйер асқарым: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1976.

Мұхамеджанов Ш. Ақжелең: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1977.

Мұхамеджанов Ш. Дәуір дауысы: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1978.

Мұхамеджанов Ш. Жас қанат: Поэмалар, балладалар,өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1979.

Мұхамеджанов Ш. Дала тынысы: Өлеңдер мен балладалар.- Алматы: Жазушы, 1980.

Мұхамеджанов Ш. Шабытты шақ : Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жалын, 1981.

Мұхамеджанов Ш. Жыр- ғұмыр.- Алматы: Қайнар, 2001.

Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қаратаев М. Жыр қанатында //Мұхамеджанов Ш. Шабытты шақ: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы, 1981.

Қайырбеков Ғ. Алпыс жылдыққа арналған сөз: (Ақын Шәміл Мұхамед-

жановтың туғанына 80 жыл толуына бюайланысты бұрын жарық көрмеген мақала) //Қазақ әдебиеті.- 2011.- 14 қазан.

Мұхамеджанова М. Менің байлығым балаларым деуші еді: (Ақын-ның жары Мариямен сұхбат /Дайындаған А.Ашанова) // Қазақ әдебиеті.- 2011.- 14 қазан.


Мүсірепов Ғабит

(1902- 1985)


Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, қазақ жазба әдебиеті-не көркемдік үлкен үлес қосқан – Ғабит Мүсірепов. Қазақ әдебиетінде әңгіме, очерк, повесть, драма, роман , публицистика жанрларының қалыптасып, дамуына да Ғабит Мүсіреповтың орны ерекше. Сондай- ақ әдеби- сын мен әдебиеттану саласында да оның еңбегі елеулі. Идеялық мазмұны терең, көркемдік қасиеті көзтартарлық талай туындылардың авторы Ғ.Мүсірепов- қазақ әдебиетіндегі майталман жүйрік сөз зергерлерінің бірі. Оның көркем-дік шеберлігі кейінгі буын қаламгерлердің тағылым аларлық мектебіне ай-налды. Қазақ әдебиетінің дамуына келелі үлес қосқан Ғ.Мүсірепов тек қазақ еліне ғана емес, әлемдік есімі бар ірі суреткер.

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қзақстан облы-сы, қазіргі Жамбыл ауданы «Жаңажол» аулында кедей шаруаның отбасында туған. Өз аулында молдадан оқып, арабша хат таниды. 1916- 18 жылдары Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі класты орыс мектебінде оқып, кейін 1923—26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін тәмамдайды. 1926- 27 жылдары Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды. 1928 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов партия, совет бас-па орындарында жауапты қызметтерде болады.

1928- 32 жылдары Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редак-торы, 1933 жылы ҚазАССР Оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, кейін «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы болып қызмет істеді.

1936 жылы ВКП(б) Қазақстан өлкелік Комитетінің баспасөз бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан Компартиясы саяси- ағар-ту бөлімінің меңгерушісі болды.

Ғабит Мүсірепов 1938 жылдан 1955 жылға дейінгі бірыңғай жазу-шылық еңбекпен шұғылданды.

1956-61, 1964-66 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқар-масының бірінші секретары міндетін атқарды. 1959- 85 жылға дейін КСРО Жазушылар одағы басқармасының секретары болып сайланды, КСРО Министрлер Советі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура сала-сындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болды. 1958 жылдан бері Ғ.Мүсірепов Қазақстан Ғылым акаде-миясының академигі.

Ғ.Мүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. Ол шетелдің прогрессивті жазушыларымен еліміздің достық қарым- қатынасты күшейтіп, нығайтуға үлкен үлес қосты.

Ғ.Мүсіреповтің жазушылық жолы бірте- бірте сатылай өсу жолы. Проза саласында жазушы ең алдымен шағын жанрларда қалам тербеп, ма-шықтанғаны белгілі. Ең алғашқы романы «Қазақ солдаты». Алдымен бұл шығармасын 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесть ретінде жариялады.

Ғ.Мүсіреповтің көрнекті шығармасы «Оянған өлке» романы. Романды жазушы трилогия ретінде ұсынбақ болды. Сол трилогияның бірін-ші кітабы 1953 жылы жарық көрді, ал екінші кітабы «Жат қолында» деген атпен 1984 жылы басылып шықты. Жазушының бұл романдары идеялық мазмұны терең шығарма ретінде бүкіл халықтар әдебиетінің асыл қорынан орын алды.

Ғабит Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі орасан зор. Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен бірге ұлттық драматургияның негізін қалап, іргесін көтеріскен Ғабит Мүсіреповтің есімі қазақ театрының тарихынан елеулі орын алады. Оның әйгілі пьесалары қазақ театрлары сахнасынан күні бүгінге дейін түспейтін тұрақты репертуарына айналды. Оның «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш- Баян- сұлу» сияқты пьесалары халық жырлары негізінде туса да, өз алдына дербес туындылар ретінде танылған еңбектер.

Драматург тарихи белгілі тұлғалардың өмірі жайлы көрнекті драма-лық үлгілер жасады. Оның «Ақан сері- Ақтоқты» драмасы ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік өмірін шынайы бейне-лесе, «Аманкелді» пьесасында жазушы 1916 жылғы ұлт- азаттық қозға-лысын, кеңес өкіметін орнықтыруға халықтың белсене еңбек сіңіруін ай-шықты өрнектермен суреттеп берді. Бұл пьесаларда драматург Ақан сері, Аманкелді сияқты тарихи тұлғалардың шынайы келбетін сахналық шең-берде дұрыс танытты.

Ғ.Мүсірепов бірнеше либретто, сценарийдің де авторы. Ол жазған «Қыз Жібек» операсы мен «Қозы Көрпеш- Баян-сұлу» балетінің либрет-толары қазақ операсындағы таңдаулы либреттоның қатарынан орын алды. Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, Вс. Ивановпен бірге «Аманкелді» атты бірінші қа-зақ киносының сценарийін жазысты, кейін «Махаббат туралы дастан»,

«Қыз Жібек» фильмдерінің сценарийін жазды. Әсіресе соңғы туындысы-мен ол киносценарийдің үлкен шебері екенін танытты.

Ұлттық әдебиеттің тынысын кеңейтіп, халықтардың рухани байла-нысын нығайтатын аударма саласында да жазушының сіңірген еңбектері бар. Бұл ретте оның О.Генридің новеллаларын, М.Горький, М.Шолохов, В.Василевская, И.Эренбург шығармаларын қазақ тіліне аударғанын айтсақ- та жеткілікті. В.Шекспирдің «Антоний мен Клеопатра», А.Н. Островскийдің «Таланттылар мен табынушылар», Мольердің «Сараң», К.Симоновтың «Орыстар» атты пьесалары да ұлттық драматургияның өсіп, өрлеу жолында недәуір көркемдік қызмет атқарғаны сөзсіз.

Жазушының проза, драматургия, аударма саласында сіңірген ең-бегімен қатар қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынына қосқан үлесі де елеулі. Сонау жиырмасыншы жылдардан бастап өмірінің соңына дейін қазақ әде-биетінің даму процесінің көкейкесті проблемалары жайында үздіксіз пікір айтқан аға жазушылардың бірі Ғабит Мүсірепов болды.

Ғабит Мүсіреповтің республикалық газет, журнал, жинақтарда жарияланған әдебиет мәселелері жайлы еңбектері көп. Солардың ең таң-даулысы 1970 жылы «Суреткер парызы», 1982 жылы «Заман және әдебиет», 1986 жылы «Дәуір дидары» деген атпен кітаптар болып шықты. Қазақ әдебиетін өркендетудегі аса елеулі еңбегі үшін Ғ.Мүсірепов үш рет Ленин, екі рет Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше ме-дальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Советінің грамоталарымен мара-патталды.

Ғабит Мүсірепов 1985 жылы қайтыс болды.

Ғабит Мүсірепов туған әдебиетімізге сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі іспетті. Ол ел- жұртына кеңінен танылған, халықтың адал азаматы, қадірмен ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір өміршең еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл бұйымына айналды.


Шығармалары:
Мүсірепов Ғ. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2002.

Мүсірепов Ғ. Шығармалар жинағы: 5 томдық.- Алматы: Жазушы, 1978.

Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар: 3 томдық.- Алматы: ҚМКӘБ, 1955.

Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар: 3 томдық.- Алматы: Жазушы, 1980.

Мүсірепов Ғ. Оянған өлке: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.

Мүсірепов Ғ. Уақыт іздері: Очерктер мен публицистика.- Алматы: Жалын, 1977.

Мүсірепов Ғ. Драмалық шығармалар: Пьесалар, либреттолар, сцена-

рийлер, аудармалар.- Алматы: Өнер, 1982.

Мүсірепов Ғ. Қазақ әйелі: Роман және әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1982.

Мүсірепов Ғ.Жат қолында: Роман.- Алматы: Жазушы, 1984.

Мүсірепов Ғ. Кездеспей кеткен бір бейне: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1987.

Мүсірепов Ғ. Әдебиет кәсіп емес, өнер: Ойлар, толғаныстар.- Алматы: Жалын, 1987.

Мүсірепов Ғ. Тұтқын қыз: Повестер және ой- толғамдар.- Алматы: Балауса, 1993.

Мүсірепов Ғ. Ой- сезім сәттері./ Құраст. С. Дәуітұлы.- Алматы: Жалын, 1996.

Мүсірепов Ғ. Таңдамалы : Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 2002.

Мүсірепов Ғ. Ұлпан: Роман.- Алматы: Раритет, 2006.

Мүсірепов Ғ.Рухыңды түсірме, ұлым.- Алматы: «Азия арна», 2010.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Әбдібаев Х. Талант, талғам, тағдыр: (Ғабит Мүсіреповтің творчество-

сы): Монография.- Алматы: Жазушы, 1971.

Бекбергенов М. Ғабит Мүсіреповтің прозасы.- Алматы: Рауан, 1990. Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов: Монография.- Алматы: Өнер, 1982.

Жұмабеков С. Ғабит Мүсірепов.- Алматы: Мектеп, 1989.

Қирабаев С. Ғабит Мүсіреповтің романдары //Қирабаев С. Тәуелсіз-дік рухымен.- Астана, 2002.

Мүсірепов Ғабит: Туғанына 100 жыл / Құраст. Г.Құдабаева.- Алматы: Өлке, 2001.

Мүсірепов Ғабит: Библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітап-

ханасы.- Алматы, 1994.

Сәрсеке М. Мен білетін ер Ғабең: Эссе.- Алматы: Атамұра, 2002.


***
Бейісқұлов Т. 1937... Ғабит қалай аман қалды?: (Ғ.Мүсірепов)

//Түркістан.- 2008.- 31 қаңтар.

Ғабит Мүсірепов (1902- 1985) //Жұлдыздар отбасы.- 2011.- №21.

Ғабит Мүсірепов. Прозадағы лирик //Рандеву.- 2008.- №8.

Ділдәбекова Ж. Әлемді әлдиімен аялаған: (Ғ.Мүсіреповтің «Ана» тақырыбына жазылған шығармалары) //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010. №3.

Кәкішев Т. Өміршең ойға тоқтау жоқ: (Жазушы Ғ.Мүсіреповпен сұхбат. 25 шілде 1974 жыл) //Жалын.- 2011.- №5.

Қайырбеков Ә. Ғабит көп- Ғабең жалғыз: Ғабит Мүсірепов- 110 //Қазақ әдебиеті.- 2012.- 13 сәуір.

ҚалижановУ. Замана сөзі: Жазушы Ғабит Мүсіреповтің шығармалары туралы //Ана тілі.- 2012.-31 мамыр.

Сәрсекеев Қ. Мүсірепов мұраты: Мүсірепов- 110 //Егемен Қазақстан.- 2012.-21 наурыз.

Мырзабеков Кеңшілік

(1946- 1989)


... Кетті бір адам. Өтті бір ақын дүниеден,

Сезімі менен сөзіне ғана сүйенген.

Сезім мен сөз, сөз бенен сезім қасиеті

Өлтірме оны, сақтай жүр оны..,-


деп өзінің бір ақынға арнап жазған жан күйзелісін білдірген жыр жолдарын бүгінде өмірден ерте кеткен Кеңшілік Мырзабековтың өзіне жазғандай деуге болады. Өзінің айшықты жырларымен Кеңшілік Мырзабеков қазақ поэзия-сына сүбелі үлес қосып оқырмандарына шығармаларынан мұра қалдырып кетті.

Кеңшілік Мырзабеков 1946 жылдың 6 маусымында Қостанай облысы, Жанкелдин ауданының Ақшығанақ ауылында туған. Орта мектеп- ті бітіргеннен кейін Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетіне қызметке орналасқан. Алғашқы өлеңдері «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері беттерінде жарық көрген. 1967 жылы ол «Лениншіл жас» газетіне әдеби қызметкер болып ауысқан. Содан кейінгі жылдары «Жетісу», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»),

«Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакцияларында істеген. Әл- Фараби атын-дағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Өзінің қысқа өмірінде Кеңшілік Мырзабеков бірнеше жыр кітаптар жазып кетті, бүгінде оның өлеңдері жиырмасыншы ғасырдың қазақ поэ-зиясы беттеріне өміршеңдігімен, өзіндік өрнегімен еніп, рухани қазынаға айналып отыр.

Кеңшілік Мырзабековтың алғашқы өлеңдер жинағы «Іңкәр дүние» деген атпен 1972 жылы жарық көрді. Ақын қай тақырыпты алса да сон-шалықты жанға жайлы, жүрекке жылы етіп жырлайды.

Кеңшілік Мырзабековтың «Дүбірлі дәурен» (1976), «Көктем көк-жиегі» (1978), «Революция перзенттері» (1980), «Сәруар» (1981), «Заман-

дас сыры» (1982), «Ауыл мен астана» (1984), «Қасиетті қас қағым» (1985), «Бала-лық шақ балладалары» (1986), «Дәуір- дастан» (1988), «Іңкәр дүние» (1990) жыр кітаптары басылып шықты.

Көне Торғай топырағында туып- өскен ақын қазақ халқының аргы- бергі тарихының көп беттерін кітаптан емес көне көз қариялардан, Аман-келді сарбаздарынан естіп білді. Сондықтан да ақын шығарма-шылығының бір саласы тұтастай революция сарбаздарының ерлік жолдарын жырлауға арналған. Бұл тақырып оның «Көктем көкжиегі», «Революция перзенттері» жинақтарында көбірек орын алған. Сондай- ақ, көзі тірісінде жарық көрген «Дәуір- дастан» жыр кітабы «Дүрбелең» деген поэмамен ашылады, Кең-шілік Мырзабек Аманкелді және оның төрт сарбазының ерлігін ерекше па-фоспен жырлайды. Осы өлеңдерінің бір ерекшелігі ақынның кешегі тарихи оқиғаларды бүгінгі заман көзқарасымен қарап жүректен өткізіп жырлауы. Ақын өзі өмір сүрген кезеңнің көркем шежіресін жыр кестесіне шебер түсірді. Ол өзіннің бала кезінде көкірегіне сақтап, алыстағы ауыл адам-дарының тұрмыс- тіршілігін өлеңіне арқау етіп, айшықты суреттейді. Соғыстан кейінгі жүдеу тұрмыста ашқұрсақ болып өскен өз буынының ой- арманын, қияға құлаш ұрған романтиканы көксеген құрдастарының адам-гершілік болмысын кестелеген өлеңдері көп.


Оқ пен оттың лаулағанын көрмедім,

Жерімді жау жаулағанын көрмедім...

Көрдім бірақ... көп мүгедек, кәріпті,

Көре- көре оларды көз қанықты.

Ести- ести жетім- жесір жоқтауын,

Жырымда да содан салқын қалыпты,-


деп толғайды.

Кеңшілік Мырзабековтың өлеңдері өз алдына, сондай- ақ қала-мынан туған ондаған дастандар және бар. Солардың ішінде «Біржан сал. Қоянды жәрмеңкесі», «Иманжүсіп» поэмасы бар. Есімдері әйгілі, хал-қымыздың ұлттық мақтанышы болған қос саңлақ- Біржан сал мен Иман-жүсіп бейнелерін ақын өзгеше сомдаған.

Кеңшілік Мырзабековтың артында қалған мол мұрасы бар. Ол он жеті жылдың ішінде он жыр жинағын шығарыпты. Ол Е.Евтушенконың бірнеше поэмаларын қазақ тіліне аударды.

Көзі тірісінде ақынның шығармашылығына тиісінше баға берілген жоқ. Талантты ақынның жырлары туған халқымен жасайтыны ақиқат.

Оның рухани өмірін соңында қалған сөзі- кітаптары жалғастырады.

Кеңшілік Мырзабеков 1989 жылы дүниеден өтті.



Шығармалары:
Мырзабеков К. Көктем көкжиегі: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1978.

Мырзабеков К. Сәруар: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1980.

Мырзабеков К. Революция перзенттері: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1980.

Мырзабеков К. Замандас сыры: Жыр кітабы.- Алматы: Жазушы, 1982.

Мырзабеков К. Қасиетті қас қағым: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1985.

Мырзабеков К. Балалық шақ балладалары: Балладалар, поэмалар, өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1986.

Мырзабеков К. Тың туралы толғау. – Алматы: Қайнар, 1987.

Мырзабеков К. Іңкәр дүние: Өлеңдер, балладалар, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1990.

Мырзабеков К. Жолға салдым көшімді: Таңдамалы өлеңдер.- Астана: Елорда, 2002.

Мырзабеков К. Менің мұңым- махаббат: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Атамұра, 2003.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Мырзабеков Кеңшілік //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиог-

рафиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Мырзабеков Кеңшілік //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.

Мырзабеков Кеңшілік //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтама-

лық.- Алматы: Ана тілі, 2004.

***
Әнесұлы Ж. Ұлт ақыны деңгейіндегі дарын: (Кеңшілік Мырзабеков) // Ана тілі.- 2010.- 5 тамыз.

Әнесұлы Ж. Ұлт ақыны Кеңшілік // Жас қазақ үні.- 2010.- 17 ақпан.

Кеңшілікұлы А. Мәңгі сағыныш: (Кеңшілік Мырзабеков туралы естелік) //Жас Алаш.- 2009.- 29 қаңтар.

Мырзалиев Қадыр

(1935-2011)


Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли қазақ поэзиясына сүбелі үлес қосқан, әрі құнарлы да жемісті еңбек етіп, Ұлттық поэзиямызды биік бір белестерге көтерген көрнекті ақын. Ұлттық қазақ поэзиясын Қадыр Мырзалиев поэзиясынсыз көз алдымызға елестету қиын. Оның бүкіл шығармашылық ғұмыры тұтас бір ұлттың тарихы, сол ұлт өмір сүрген қоғам, заман, уақыттың барометрі.

Мырзалиев поэзиясы өзінің философиялық ой- парасатымен, ақын-дық шеберлігімен ерекшеленеді. Оның шығармалары жасөспірім ұрпақтан бастап сексендегі қарттардың жүрегіне ерекше жылулық сезім ұялатады, өзіне тән өрнегімен оқырманына өмірден көріп түйгенді қылаусыз жеткі-зе алады.

Қадыр Мырзалиев ХХ ғасырдың соңғы қырық жыл бедерінде қазір-гі қазақ поэзиясындағы ұлттық сипаттарды бар дауыспен жаңа дәуірде жаңа-ша кескіндеген ақын. Ол қазақ даласының ұланғайыр картинасын кешегісі мен бүгінгіміз арқылы, ұлы тұлғаларымыз бен қарапайым пенделердің небір тағдырларын жырлап, әдебиетіміздің алтын қорын әрқайсысы бір- бір ал-тын асықтай туындыларымен байытқан ақын.

Мырзалиев Қадыр 1935 жылы Батыс Қазақстан облысының Жым-питы селосында туған. Қазақтың Мемлекеттік университетін 1958 жылы бітіргеннен кейін «Балдырған» журналында (1958- 62) әдеби қызметкер, 1962- 65 жылдары «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді. 1968- 73 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі болды.

Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы – «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Мырзалиев елуге жуық поэзиялық жинақтың, балаларға арналған кітап-тардың авторы. «Данышпан» (1961), «Жаңғалақтар» , «Кішкене Қожа-насырлар» (1961), «Ноян- қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Ой орманы «(1965), «Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Күміс қоңырау» (1970), «Алақан» (1977), «Қорамсақ» (1980), «Көкпар» (1981), «Шымыр жаңғақ» (1984), «Биік баспалдақ» (1993), «Алмас жерде қалмас» (2000), «Алаштың арманы» , «Жазмыш» (2001), «Ғибратнама» (2001) т.б. бірқатар өлең жинақ-тары жарияланған. Ақынның «Ой орманы» жыр жинағына 1966 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілсе, ал «Жерұйық» жыр кітабына 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мырзалиев көркем де парасатты жырларында Отан, замандас, бейбітшілік, адам, өмір, заман, туралы іргелі әлеуметтік, азаматтық ой толғайды.

Соғыстың қасіретті күндерін басынан кешкен ұрпақтың тағдыры да ақын жырларында қылаң ұрып тұрады:


...Азаматқа тапшы үйде

Өсті қыран ақ иық.

Жебе істедік ақ шиден,

Жас шыбықтан жақ иіп.

Жігер алған нұсқады,

Жарқылдатып шақпағын,

Қалқан қылып ұстадық

Қара қазан қақпағын.

Содан кейін шекеміз

Шодырайып жүретін.

Түніменен көкеміз

Түсімізге кіретін - дей келе, ақын

...Өмір деген әлемнің

Көрген бәрін бұл балаң.

Айтыңдаршы, мен енді

Адам болмай, кім болам?!

Ақын болмай, кім болам?!- деп толғайды.
Бұл көз жасын көрсетпей, қапалығын сездірмей егілген балалықтың көрінісі.

Мырзалиевтің көптеген өлеңдері қазақ бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулығына енген. Қадыр Мырзалиев мектеп жасына дейінгі бала-ларға, бастауыш сынып оқушыларына арналған ойлы да, ойнақы жаңылт-паштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегілері мен бал-ладалары арқылы қазақ балалар әдебиетіне елеулі үлес қосты.

2001 жылы ақынның «Қазығұрт» баспасынан «Ғибратнама» атты кітабы жарық көрді. Осы баспадан Қадыр Мырзалиевтың таңдамалы туын-дыларының көп томдығы басылып шықты.

Ақын драматургия саласында да еңбек етіп, оның «Сақал саудасы», «Түрт, сайтаным, түрт», «Жаралы жолбарыс» пьесалары көрермендер көңі-лінен шыққан дүниелер.

Мырзалиев- екі жүзге жуық ән текстерінің авторы. Олардың ел ара-сына кең тарағандары жеке жинақ күйінде «Күндер- ай» деген атпен жарық көрді.

Талантты ақынның қаламынан халық фольклорының атақты кейіп-кері Алдар Көсе туралы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты сатиралық комедия мен Махамбет Өтемісовтың ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты драмалық шығармалар да туды.

Қадыр Мырзалиев көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Әлемдік әдебиет өкілдерінің де шығармаларын қазақшалады: П.Овидий, В.Гюго, Г. Гейне, М.Лермонтов, С.Есенин, Райнис. Дж. Родари, Э.Меже-лайтис, К.Кулиев, О.Сүлейменов т.б. Ақынның жекелеген және топтама өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, венгр, болгар, фин тілдеріне аударылды.

Қадыр Мырзалиев- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін жазуға қатысқан авторлардың бірі. Оған 1996 жылы ҚР Прези-дентінің Жарлығымен «Халық жазушысы» атағы берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған (1985 ж.).


Шығармалары:
Мырзалиев Қ. Үш томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1989.

Мырза Әли Қ. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Балауса, 1995.

Мырза Әли Қ. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Балалар әдебиеті, 2006.

Мырза Әли Қ. Таңдамалы: Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2005.

Мырза Әли Қ. Таңдамалы туындыларының көп томдығы.- Алма-ты: Қазығұрт, 2001.

Мырза Әли Қ. Алаштың арманы.- Алматы: Санат, 2001.

Мырза Әли Қ. Еңіреп өткен ерлер-ай..: (Өлең- тарих, өлең- портреттер).- Алматы: Арыс, 2001.

Мырза Әли Қ. Көкейкесті: Өлеңдер мен толғаулар.- Алматы: Ата-мұра, 2004.

Мырза Әли Қ. Жазмыш.- Алматы: Атамұра, 2004.

Мырза Әли Қ. Иірім.- Алматы: Атамұра, 2004.

Мырза Әли Қ. Егіз жолдар: нақылнама.- Аалматы: Жазушы, 2008.

Мырза Әли Қ. Алмас жерде қалмас: Афоризмдер.- Алматы:

Қазы-ғұрт, 2009.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Мырзалиев Қадыр // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-

фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Мырзалиев Қадыр // Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.

Мырзалиев Қадыр //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.

Достықтың «Алақаны»: (Қ.Мырзалиев) //Қайырбеков Ә. Саға.- Алматы, 2003.

Қадыр Мырза Әли //Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық. 9- том.- Алматы, 2005.

Мырзалиев Қадыр //Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2002.
***
Әлімұлы А. Талант тағылымы: (Қадыр Мырза Әлі поэзиясы туралы)

//Ана тілі.- 2009.- 10 желтоқсан.

Қабышұлы Ғ. Қадырия // Ана тілі.- 2011.- 3 наурыз.

Қараева Р. Алаш поэзиясы абызынан айрылды : (Қадыр Мырза Әли

туралы) //Алаш айнасы.- 2011.- 25 қаңтар.

Нәріков А. «Қазақ деген боз інгенге ботамын!»: (Қадыр Мырзалиевтың шығармашылығы туралы) //Қазақ әдебиеті.- 2012.- 20 қаңтар.

Мырза Әли Қ. Ақшаңа сатылмайтын қымбат дерт...(Ақынмен сұхбаттасқан Т. Әсемқұлов) //Алматы ақшамы.- 2011.- 3 наурыз.

Омарұлы Б. Қадырдың сабағы: Эссе // Ана тілі.- 2011.- 19 мамыр.

Сәрсенбай Қ. Көркем күндер: «Сағыныш та бір жанр» атты эсселер мен әңгімелер топтамасынан: «Ақын Қадыр Мырзалиев шығармашылығы

туралы) // Алматы ақшамы.- 2011.-21 сәуір.

Сәрсенбай Қ Ой орманы: Эссе //Егемен Қазақстан.- 2011.- 4 наурыз.

Мырзахметов Естай

(1927)
Естай Мырзахметов 1927 жылы Көкшетау облысы, Щучье ауданы Жарқайың ауылында туған.

Қазақ Мемлекеттік университетінің ( қазіргі Әл- Фараби атын-дағы Қазақ Ұлттық университеті) журналистика факультетін тәмамдаған. Біраз жылдар «Лениншіл жас», облыстық «Ленин туы», «Тың өлкесі», «Көкшетау правдасы» газеттерінің редакциясында қызмет жасап, журналистика сала-сында тер төгіп еңбек етті.

Естай Мырзахметовтің балаларға арналған алғашқы әңгімелер жинағы «Сынық шаңғы» деген атпен 1961 жылы жарық көрді.

Тұңғыш кітабынан соң «Туған күн» (1968), «Он бес жыл өткен соң» (1973, «Өмір сыйы» (1977), «Медет» (1976, 1981), «Көкалдайдың көкшақпағы» (1987) т.б. кітаптары басылып шықты.

Жазушының 41 жасында тағдырдың тауқыметін тартып, бірнеше операция жасатып төсекте жатып жазған шығармалары оқырман қауымның жылы лебізіне ие болды, олардан мыңдаған хаттар алып, ыстық ықыласына бөленді. Сондықтан оның шығармалары тақырыбы жағы-нан күні бүгінге дейін назар аударатын дүниелер. «Көкалдайдың көкшақ-пағы» повесі халқымыздың аяулы ұлдарының бірі Балуан Шолақ-тың өмірі жайлы баяндайды. Естай Мырзахметовтің жас оқырмандарға арнап жазған «Медет», «Өмір сыйы», «Он бес жыл өткен соң» шығармалары адалдық, әділдік, адамгершілік, ізгілік, парасаттылықты уағыздайды, Адами қасиеттерді биік шыңға дейін көтереді.

Сонымен бірге Е.Мырзахметов қазақ халқының ардақтыларына: хандары мен билеріне, атап тайтқанда Абылай хан, Кенесары, Азнабай болыс, Қанай шешен, Шөже өмірлерінен құнды дерек беретін біраз туынды жазды.

Орыс тілінде 1984 жылы «Жазушы» баспасынан «Лучезарная» романы жарық көрді. Естай Мырзахметов Г.Х.Андерсен, М.Нексе, Ш.Усманов шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бүгінде Е.Мырзахметов сексеннен асса да қаламы әлі де талмаған қаламгер. Оған «Қазақстанның еңбек қызметкері» атағы берілді.


Шығармалары:
Мырзахметов Е. Сынық шаңғы: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1961.

Мырзахметов Е. Туған күн: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1968.

Мырзахметов Е. Он бес жыл өткен соң: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1973.

Мырзахметов Е. Медет: Роман.- Алматы: Жазушы, 1976; 1981.

Мырзахметов Е. Өмір сыйы: Әңгімелер мен повесть.- Алматы: Жалын, 1977.

Мырзахметов Е. Он бес жыл өткен соң: Роман.- Алматы: Жазушы, 1979.

Мырзахметов Е. Көгалдайдың көкшақпағы: Повестер, әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1987.

Мырзахметұлы Е. Жолда қалған таяқ: Әңгімелер, хикаят және кейбір толғақты ойлар.- Алматы: Атамұра, 2008.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Мырзахметов Естай //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-

фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Мырзахметов Естай //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.

Мырзахметов Естай //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтама-

лық.- Алматы: Ана тілі, 2004.
Набиуллин Жанғали

(1936)
Жанғали ақын шығармашылығы туралы қазақтың көрнекті ақыны

Ғафу Қайырбеков «Ауқымды тақырып, білік идеяны жырлауға мүмкіндігі мол, ал-ашқы ауру- еліктеуден алыстап, өз орбитасына қарай тартқан өзге-ше мінезді ақынды көрдім»,- деген- ді. Бұл сөздер ақын талантын дөп бас-қан, тани біл-гендігінен туған еді.

Жанғали ақынның өмірді көруі де, қабылдауы да, суреттеуі де ерек-ше бөлек:
...Қара суда қалғыған қараңғыда-

Жүру қайда!-

Мен өзім жүзіп келем.

...Кідірсе сәл кідірген шығар күндер

Кешке қарай әтештің айдарында.

...Жұқарды ма төзім де бекем- берік,

Сілеусін қар жатқандай бетімде еріп,

Налып кеттім,

Тұрмысқа бір шығудан

Күдер үзген кәрі қыз секілденіп!


Ақын шумақтарының өзіндік табиғаты, өзіндік стилі бар екені көрініп тұр, оның өлеңдері оқырмандарын бей- жай қалдырмайды. Оның тырнақалды туындысы «Ақ жаңбыр» кітабы 1968 жылы жарық көрді. Осыдан кейін «Таныс әуендер» (1969), «Ақ сөйле, жүрегім» (1970), «Орда- қаһармандар қаласы» (1972), «Қас- қағым» (1983), «Жырлайды жырлар (1985), «Жоғары кернеу» (1989) тағы басқа жүйелі топтамалары басылып шықты. Ақын өлеңдері адам жанының ықпыл- жықпылын, ойдым- ойдым қалтарыстарын көз алдыңа елестете алады.

Жанғали Набиуллин 1936 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында дүниеге келген. Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың тарих- философия факультетін тәмамдаған. Тұңғыш өлеңдері 1961 жылы жарық көрген «Жас дәурен» атты коллективтік жинаққа енген. Қазір ол бірнеше өлеңдер кітабының авторы.

Ж.Набиуллин көп жылдар бойы Орал облыстық «Орал өңірі» газетін-де, облыстық «Серпер» басылымында, Қазақстан Жазушылар одағының

Орал облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші болып қызмет істеген.Өлеңдері «Қазақ совет поэзиясының антологиясына» (1977) кірген. 2001 жылы Орал қаласындағы «Дастан» баспасынан «Жетінші перне» атты 2 томдық таңдамалы жинағы жарық көрді.

Жанғали Набиуллин тынымсыз ізденіс үстіндегі талантты ақын, оқырмандарына өзінің қаншама сүйкімді жырларын сыйлай беретіні анық.
Шығармалары:
Набиуллин Ж.Ақ жаңбыр: Өлеңдер кітабы.- Алматы: Жазушы, 1968.

Набиуллин Ж.Таныс әуендер: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.

Набиуллин Ж.Ақ сөйле, жүрегі: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1970.

Набиуллин Ж.Орда- қаһармандар қаласы: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1972.

Набиуллин Ж.Қас- қағым: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.

Набиуллин Ж.Жырлайды жырлар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1985.

Набиуллин Ж.Жоғары кернеу: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1989.

Набиуллин Ж.Жетінші перне: Таңдамалы.- Орал: Дастан, 2001.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Набиуллин Жанғали //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-

фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Набиуллин Жанғали //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.

Набиуллин Жанғали //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықта-

малық.- Алматы: Ана тілі, 2004.

Набиуллин Жанғали //Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2002.

***
Қуаныш Т. Суреткер: (Ақын Жанғали Набиуллин туралы) //Жалын.- 2007.- №6.


Найманбаев Қалдарбек

(1939-2004)


Қалдарбек Найманбаев- оқырман қауымға кеңінен танымал, көпшілік ілтипатына бөленген қаламгерлердің бірі.

Қалдарбек Найманбаев Оңтүстік Қазақстан облысының Киров ауданының Бағара селосында 1939 жылы туған. 1961 жылы КазГУ- дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1960 жылдан

бері республикалық жастар баспасөзінде қызмет атқарып келеді. Он жыл бойы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1970- 84 жылдары «Білім және еңбек» («Зерде») журналының, «Жалын» баспасы-

ның бас редакторы, директоры болды. Кейінгі жылдары авторлар құқын қорғау агенттігінің бастығы, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болды. Ал 1992 жылдан бастап- Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары.

Жазушының «Даңқ тұғырында» атты деректі повестер жинағы 1965 жылы жарық көрді. Кейіпкері атағы елге танымал боксшы Әбдісалан Нұрмаханов. Негізінен замандастарымыздың бейнесін, адамгершілігін, адалдығын шынайы махаббатын суреттеген «Қоштасқым келмейді» (1969), «Бастау» (1970), «Үміт өткелі» (1971), «Беймаза қонақ» (1978), «Аптап» (1979), «Шілде» (1982) әңгімелер мен повестер жинақтары, «Көктебе» (1984), «От пен ойын» (1989) романдары жарық көрді.

Осы заман тақырыбына жазылған жазушының «Көктөбе», «От пен ойын» роман- дилогиясы қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шығармалар. Өмір шындығын өзінше өрнектеген екі роман- ел шежіресін шерткен сүбелі туындылар екені сөзсіз. Әлеуметтік тақырыпты таңбалаған роман- дилогияда қазіргі заман мен қоғам бедерленген.

Қалдарбек Найманбаевтың «Біз сені күтеміз, Гүлзат» (1986), «Домалақ арыз» (1987), «Жаңа жыл алдында» (1988) атты пьесалары республикалық және облыстық театрларда қойылды.

Қалдарбек Найманбаевтың замандас бейнесін сәтті айшықтаған туындылары орыс, украин, неміс, словак, чех, болгар, түрік, өзбек т.б. ше-тел тілдеріне аударылған.

Кеңес дәуіріндегі әр дәрежелі Советтер мен Парламент депутаты болып сайланды. Ол осындай жауапты қызметтер атқара жүріп, қаламын

да қолдан түсірген емес.

1991 жылы «Жазушы» баспасынан Қалдарбек Найманбаевтың екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді.

Шоқтығы биік шығармалар жазып, жан дүниемізді байытқан кемел жастағы, таланты толысқан жазушы Қалдарбек Найманбаев толымды туындыларымен туған әдебиетімізге сүбелі үлес қосқан қаламгер.


Шығармалары:
Найманбаев Қ. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2005.

Найманбаев Қ. Таңдамалы шығармалар: Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1991.

Найманбаев Қ. Даңқ тұғырында: Очерктер.- Алматы: Жазушы, 1965.

Найманбаев Қ. Қоштасқым келмейлді: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1969.

Найманбаев Қ. Бастау: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1970.

Найманбаев Қ. Сол бір түн: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазу-шы, 1975.

Найманбаев Қ. Үміт өткелі: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1975.

Найманбаев Қ. Беймезгіл қонақ: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1978, 1980.

Найманбаев Қ. Аптап: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1979; Фрунзе, 1984.

Найманбаев Қ. Шілде: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазу-шы, 1982.

Найманбаев Қ. Көктөбе: Роман.- Алматы: Жазушы, 1989.

Найманбаев Қ. От пен ойын: Роман.- Алматы: Жазушы, 1989.

Найманбаев Қ. Аптап: Хикаяттар мен әңгімелер.- Алматы: Раритет, 2008.

Найманбаев Қ. Даңқ тұғырында: Деректі хикаяттар.- Алматы: Білім, 2009.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Найманбаев Қалдарбек //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Найманбаев Қалдарбек //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықта-

малық.- Алматы: Ана тілі, 2004.
***
Байғұт М. Сағыныш саздары: (Жазушы Қалдарбек Найманбаев туралы) //Егемен Қазақстан.- 2010.- 28 шілде.

Балғабаев С. Асыл азамат: ( Жазушы Қ.Найманбаев) //Егемен Қазақс-

тан.- 2009.- 13 наурыз.

Раушанов Е. Ақ жал арғымақ: (Жазушы Қалдарбек Найманбаев тура-лы) //Қазақ әдебиеті.-2008.- 10 қазан; Жас қазақ үні.- 2009.-21 наурыз.

Сегізбайұлы К. Тұғыры мығым тұлға еді: (Қайраткер - қаламгер Қ.Найманбаев) //Қазақ әдебиеті.- 2009.- 27 ақпан.
Нәжімеденов Жұмекен

(1935- 1983)


Өлеңдерінде өзге ақындарға ұқсамайтын дара мінезі мен ойлау диалектикасы бар, өнерді өмірге балаған қамшының сабындай қысқа өмірінде қазақ поэзиясын рухани биікке көтеріп кеткен қазақтың біртуар ақыны Жұмекен Нәжімеденовтың есімі ұлтымыздың руханият тарихында асқақ аталады.

Ақынның бітім- болмысы, даралығы мен өзіндік қолтаңбасы төңірегінде әлі де пікір пішіні кең көлемде ағытыла қойған жоқ.

«Жұмекен, сөз жоқ ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын өзіндік ақындық жаратылыс, өзіндік ақындық бейнесі бар, көп ойлап, көп оқитын, көп ізденетін ақын. Алған тақырыбын да, оны өлеңге айналдыру жолдарын да Жұмекен оңайлатып, арзандатып алмайын дегенді үздіксіз ойлайды»,- деп жоғары баға берген Әбділда Тәжібаев.
Анау келген кім болды екен, біліп келші, кім екен?

Батырлық па?- Өз төрімде күтіп алам, түнетем.

Байлық болса қулау болар, тура қара көзіне.

Кім де болса, алдамасын, алданбасын өзі де.

Қайғы болса артындаоның қуанышы бар шығар,

Бірі кірлеп, бірі жуып кеудем менің аршылар.

Бақыт болса, денем әлсіз көтере алман (өз ойым),

Арман болса өмірбақи арқалайын, төзейін...

Адалым боп арнап келсе- барым әзір, көңіл хош,

Түсір жылдам, атын байла, қырауын қақ, тонын шеш,-


деген жолдарынды керемет пәлсапалық ой, түйін жатқанын айқын көруге болады.

Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданының «Қошалақ» ауылында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт- аспаптары факультетінде (1956-1959) оқыған.

1971-73 жылдары М.Горький атындағы әдебиет институты жанын-дағы Жоғары курсты бітірген.

Ж.Нәжімеденов еңбек жолын қарағанды қаласының шахтасында қарапайым жұмыс істеуден бастаған.

1959- 1965 жылдары «Жазушы» баспасында, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісіболған.

1966- 1971 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағында әде-

би кеңесші қызметін атқарған.

1974- 78 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте, 1978- 83 жылдары «Мектеп» баспасында қызмет істеген.

Алғашқы өлеңдері елуінші жылдар ішінде баспасөз бетінде жариялана бастаған Жұмекен Нәжімеденовтың тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Содан кейінгі уақыт ішінде Ж.Нәжімеденовтың өлеңдері мен поэмаларының оннан астам жинағы үш рет таңдамалы шығар-малары, үш томдық шығармалар жинағы , үш романы, аударма кітаптары басылып шықты.2001 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан «Қасірет пен қайсарлық» атты таңдамалы өлеңдері жарық көрді. Шығармаларында Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыл өмірі, ел тіршілігі, жастар өмірі суреттелген. «Ақ шағыл» (1973), «Кішкентай» (1975), өнер адамдары жайлы жазылған «Даңқ пен дақпырт» (1977) романдары жарық көпрді. Ақынның «Күй кітабы» шығармасында Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина күйлері өлеңде өрнектеліп, поэтикалық тілге түсірілген.

Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңіне 1959 жылы композитор Шәмші Қалдаяқов жазған «Менің Қазақстаным» әні күні бүгінге дейін еліміздің мерейін биіктететін, исі қазақтың сүйіп орындайтын әніне айналып, 2006 жылдан бері Мемлекеттік әнұран орнында орындалып келеді.

Жұмекен Нәжімеденов Саади, А.Фаиз, Незваль, Н.Хикмет туын-дыларын қазақ тіліне аударды. Ақынның бірқатар шығармалары алыс және таяу шетел халықтары тілдеріне аударылған.

Жұмекен Нәжімеденов 1983 жылы дүниеден өтті. Оның асқақ жырлары талай ұрпақтың рухани игілігіне айнала бермек, ал өзі поэзия көгінде жарқ етіп көрінген аққан жұлдыздай халқының санасында, есінде қалатынына күмән жоқ. Ж.Нәжімеденовтың шығармашылық шеберлігі Қ.Юсуповтың монографиясына арқау болған (1995).


Шығапмалары:
Нәжімеденов Ж. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2005.
Нәжімеденов Ж. Үш томдық шығармалар жинағы.- Алматы:Жазушы, 2006.

Нәжімеденов Ж. Үш томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2010.

Нәжімеденов Ж. Балауса: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.

Нәжімеденов Ж. Сыбызғы сазы: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.

Нәжімеденов Ж. Өз көзіммен: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1964.

Нәжімеденов Ж. Жоқ, ұмытуға болмайды: Поэма.- Алматы: Жазушы, 1965.

Нәжімеденов Ж. Жарық пен жылу: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1966.

Нәжімеденов Ж. Күй кітабы: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1967.

Нәжімеденов Ж. Мезгіл әуендері: Лирика.- Алматы: Жазушы, 1968.

Нәжімеденов Ж. Ұлым саған айтам: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1970.

Нәжімеденов Ж. Гүл туралы баллада.- Алматы: Жазушы, 1971.

Нәжімеденов Ж. Мен туған күн: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1972.

Нәжімеденов Ж. Ақ шағыл: Роман.- Алматы: Жазушы, 1973.

Нәжімеденов Ж. Кішкентай: Роман.- Алматы: Жазушы, 1975.

Нәжімеденов Ж. Даңқ пен дақпырт: Роман.- Алматы: Жазушы, 1977.

Нәжімеденов Ж Жеті бояу: Өлең. Баллада. Мысал.- Алматы: Жалын, 1978; Жазушы, 1979.

Нәжімеденов Ж. Ашық аспан: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1981.

Нәжімеденов Ж. Темірқазық: Өлеңдер, толғаулар, поэмалар. 2 басыл-

ым.- Алматы: Жазушы, 1982.

Нәжімеденов Ж. Қыран қия: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1984.

Нәжімеденов Ж. Менің топырағым : Жыр кітабы.- Алматы: Жазушы, 1985.

Нәжімеденов Ж. Ұрпағым, саған айтам: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1988.

Нәжімеденов Ж. Қасірет пен қайсарлық: Таңдамалы өлеңдер.- Астана: Елорда, 2001.

Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Нәжімеденов Жұмекен //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Нәжімеденов Жұмекен Сабырұлы (1935- 1983) //Атырау: Энцикло-

педия.- Алматы: Атамұра, 2000.

Жұмабек С. Қасірет пен қайсарлық жырлары: (Ж.Нәжімеденов)

//Жұмабек С. Сын әуені.- Астана,2001.

Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасы: 1960-80 жж. Қазақ лирикасын-дағы кейбір жанрлық- стильдік ізденістер.- Алматы, 2001.

Кекілбаев Ә Қалтқысыз сыр, қайсар жан: (Ж.Нәжімеденов) //Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат: Ой- толғамдар.- Алматы, 1996.

Медетбеков Т. Әр сөздің тасасында асылы бар: (Ақын Ж.Нәжімеде-нов) //Нәжімеденов Ж. Ұрпағым, саған айтам.- Алматы, 1988

Серікқалиев З. Темірқазық: ( Жұмекен Нәжімеденов) //Серікқалиев З. Жандауа.- Астана, 2004.

***
Бекмұратұлы С. Жұмбағы мол Жұмекен ақын: тірі болғанда 75 жасқа толар еді- ау //Алматы ақшамы.- 2011.- 26 қараша.

Дарынды ақынның даналық поэзиясы: (Жұмекен Нәжімеденов тура-лы) // Ана тілі.- 2010.- 22 қыркүйек.

Есдәулет Ұ. Жыры жұмбақ Жұмекен (Нәжімеденов) //Қазақ әдебие-ті.- 2010.- 31 желтоқсан.

Нәжімеденова Н. Арқалы жырдың тұғыры: (Ақын Жұмекен Нәжімеде-

новтың жарымен / сұхбаттасқан Қ.Кенжеғалиқызы ) // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 26 желтоқсан.

Нұрғазыұлы А. Жаңа эпос : (Ақын Жұмекен Нәжімеденов туралы)

//Алматы ақшамы.- 2009.- 26 қараша.

Шыныбеков Ж. Елім деп жерім деп жырлап өткен ақын: (Жұмекен Нәжімеденов) //Алматы ақшамы.- 2010.- 21 қыркүйек.
Ниязбеков Рафаэль

(1943)
Өрт түсірмей елімнің өзегіне,

Арна болып тартылдым өзеніне

Көктем болып жүгірдім қарсы алдынан

Көкжал болып қарамай көжегіне.

Араласып ардагер ел есіне

Төгіп өттім нөсер боп егісіне.

Желбіреген туы боп тұрмасам да,

Желі болып тартылдым жемісіне.

Жұлдыз шашып қараңғы түндеріне,

Жарқын жүзбен қарадым күнде еліме.., -
деп жазған Рафаэль Ниязбеков алпысыншы жылдардың аяғы, жетпісінші жылдардың басында қазақ әдебиетіне келген тегеурінді толқынның алдыңғы легінен көрінген ақындардың бірі.

Ол алғашқы өлеңдерімен- ақ әдебиет сүйер қауымды елең еткізген болатын. Өмірдің өзінен ақиқат іздеген балаң ақынның алғашқы өлеңдері таудан аққан кәусар бұлақ тәрізді болса, енді сол бұлақтардан арналы өзен құралғандай Рафаэль Ниязбеков шығармашылығы кемеліне толып терең дарияға айналып отыр. Оны бұл биікке көтерген сүйікті поэмалары, таби-ғатты қорғауға арналған өлеңдер циклі, халқымыздың мұңы мен зарын дөп басқан жырлары. Содан бері 1969 жылы шыққан «Келер күндер» өлеңдер жинағынан кейін бірнеше жыр кітаптары жарық көрді: «Қаратау мен Алатау» (1971), «Темірқазық» (1973), «Жалын кешкен» (1975), «Жер жанары» (1977), «Биіктей бер, тауларым» (1983), «Бәйтеректер жел өтінде тұрады» (1989), «Жетіген» (1990), «Тамұқ отына жанбаған» (1977).

Рафаэль Ниязбеков 1943 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданының Жданов атындағы совхозында дүниеге келген. Әдеби жолын Талас аудандық газетінен бастаған.

1978 жылы ҚазГУ- дің филология факультетін тәмамдаған. 1967 жы-лы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 1971- 77 жыл-дар аралығында «Жұлдыз» журналында қызмет істеген, кейін «Жазушы» баспасында редактор болды.

Рафаэль Ниязбеков проза жанрына да сүбелі үлес қосты. Оның «Ота-ғасы» (1978), «Қаңтар» (1981) повестері, «Қызыл үй» романы (1986), «Тас құдай» (1996) шығармалары проза өлкесіне көрнекті қаламгердің келгенін тағы бір көрсетті. Рафаэль Ниязбековтың шығармаларының тақырыбы ау-қымды: «Отағасы» повесі Отан соғысынан кейінгі ауыл өмірі жайлы баян-даса, «Жауатарда» туған халқымыздың басынан өткен тарихи бір кезең шынайы суреттеледі. Ал «Тас құдай» романында коллективизация кезеңін-дегі ауыл өмірі, Голощекин саясатынан аштыққа ұрынып, қырылған қазақ халқы жайлы ащы шындық турасында баяндалады.

Рафаэль Ниязбековтың шығармашылығына тән қасиет- оның ақты ақ, қараны қара деп шырылдаған шындықты сескенбей жазуында, осыған куә «Тамұқ отына жанбаған» поэмасы . Поэма ел азаматы Асанбай Асқаровтың қызыл империя кесапатына ұшырап, азап шеккен қилы тағдырын шынайы суреттейді.

Ақынның 2002 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Қыдыр ғұмыры» халқымыздың аяулы азаматы Дінмұхаммед Қонаев өміріне ар-налған. Ақынның «Шешендер» атты поэмасына Ичкерияның мемлекеттік сыйлығы берілді (1998).

Рафаэль Ниязбеков- Қазақстан Жазушылар одағы Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың лауреаты.



Шығармалары:
Ниязбеков Р. Келер күндер: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.

Ниязбеков Р. Қаратау мен Алатау: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.

Ниязбеков Р. Темірқазық: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.

Ниязбеков Р. Жалын кешкен: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.

Ниязбеков Р. Жер жанары: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.

Ниязбеков Р. Отағасы: Повестер.- Алматы: Жалын, 1978.

Ниязбеков Р. Өркен: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1980.

Ниязбеков Р. Қаңтар: Повестер.- Алматы: Жалын, 1981.

Ниязбеков Р. Биіктей бер, тауларым: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.

Ниязбеков Р. Қызыл үй: Роман.- Алматы: Жазушы, 1985.

Ниязбеков Р. Бәйтеректер жел өтінде тұрады: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1989.

Ниязбеков Р. Шешендер: Шер дастан.- Алматы: Жібек жолы, 1996.

Ниязбек Р. Тас құдай: Роман, повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1996.

Ниязбек Р. Тамұқ отына жанбаған: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Мерей, 1997.

Ниязбек Р. Тыңда мені, замана! – Алматы, Сөздік- словарь, 2001.

Ниязбек Р. Қыдыр ғұмыр.- Алматы: Жалын, 2002.

Ниязбек Р. Жүрегімде- ғасырлардың салмағы: Өлеңдер.- Алматы: Қазақпарат, 2003.

Ниязбек Р. Жібек жолы: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 2005.

Ниязбек Р. Айбозым менің: (Елбасы жайлы өлең- роман).- Астана: Күлтегін, 2006.

Ниязбек Р. Күркіреп өткен күндерім: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 2008.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ниязбеков Рафаэль //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Ниязбеков Рафаэль //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықта-

малық.- Алматы: Ана тілі, 2004.


***
Дүйсенбайұлы Е. Егемен елдің ержүрек ақыны : (Р.Ниязбек шығарма-

шылығы туралы) //Егемен Қазақстан.- 2010.- 2 қыркүйек.



Нұржекеұлы Бексұлтан

(1941)
Қалың оқырмандардың көкейіне қонақтап, көңілдерін суаратын шығармаларымен кең танымал бүгінгі күн жазушыларының бірі- Бексұлтан Нұржекеұлы. Оның өзге жазушылардан оқшауланып тұратын үрдісі бар. Ол – мәңгілік махаббат тақырыбы. Осынау қасиетті ұғымды жазушы қыз- келін-шектер бейнесі арқылы алға тартудан бір танбай келеді. Әйел затының асылдығын шебер ұқтыратын Б.Нұржекеұлы туындылары сол үшін де елдің аузынан түспейді.

Бексұлтан Нұржекеұлының алғашқы әңгімелер мен повестер жи-нағы «Күй толғақ» деген атпен 1972 жылы жарық көрді. Кейін «Күтумен өткен ғұмыр» (1974), «Бірғана махаббат» (1977) сияқты көлемді повестері «Бір өкініш, бір үміт» (1980), «Ерлі- зайыптылар» (1989), «Жау жағадан алғанда» (1990), «Әйел жолы жіңішке» (1999) атты күрделі романдарға жалғасты. Бұл туындылардың қамтыған тақырыптары саналуан.

Кеңес үкіметі кезеңдеріндегі күйзелістер, асыра сілтеу, ашаршы-лық, соғыс сойқаны, тылдағы тынымсыз еңбек, шындық пен жалғанның, махаббат пен зұлымдықтың бітіспес күресі, елдік, ерлік бәрі де қамтылған. Бақыт пен бақытсыздық, үміт пен өкініш, қуаныш пен қайғы- заман тынысы арқылы да, адам тағдыры арқылы да терең суреттеледі.

Б.Нұржекеұлы шығармаларында адамның өзін- өзі немесе өзгені түсінуі немесе түсінбеуі, бұдан туындайтын өзара келісім, не тартыс сырлары ерекше сыршылдықпен суреттеледі.

Бексұлтан Нұржекеұлы 1941 жылы 22 ақпанда Алматы облысының Октярь ауданындағы Жамбыл атындағы колхозда туған. 1965 жылы КазГУ- дің филология факультетін бітірді. 1965- 68 жылдар аралығында Панфилов ауданына қарасты Үшарал орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болған, кейін Панфилов аудандық комсомол комитетінде екінш, бірінші хат-шы қызметін атқарған.

Б.Нұржекеұлы 1972 жылы «Жалын» альманағы проза бөлімінің меңгерушісі, ал 1973- 76 жылдары «Жұлдыз» журналының очерк және пуб-лицистика бөлімінің меңгерушісі болды. 1976 жылдан 1986 жылға дейін «Жалын» баспасында бас редактордың орынбасары, бас редакторы болды. Осы жылдары Б. Нұржекеұлы қазақ ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жинақтап, толықтырып кітап етіп шығарды. Сондай- ақ ақын Қастек Баян-баевтың ұсынысымен «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасын» жүйелеп шығарғандығын баспа жұмысындағы бір елеулі табысы деп санауға болады.

Бексұлтан Нұржекеұлы кейіпкерлерінің тұлғасын, болмыс- бітімін шынайы суреттейтін, терең махаббат сезімдерін әдемі етіп әспеттеп мү-сіндеуі арқылы оқырман жүрегіне жол тапқан жазушы.

Бексұлтан Нұжекеұлы «Құрмет» орденінің, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін жазушының соңғы жылдары «Әйел жолы жіңішке», «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты сезім тебіренісіне толы шығармалары оқырмандардың ілтипатына ие болған көркем туындылар. Белгілі өнер саңлақтары мен қазақ халқының көне тарихына қатысты зерт-теу мақалалары да қалың оқырманға танымал. 1993 жылы жазушының екі томдық шығармалар жинағы басылып шықты.

2002 жылы «Атамұра» баспасынан «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты кітабы жарық көрді. Жазушының бүкпесіз шындықты жазғанын сезген саналы оқырманның оның шығармашылығына деген ілтипаты арта түспек.
Шығармалары:

Нұржекеұлы Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Роман, повесть, әңгімелер.- Алматы: Жалын, 2006.

Нұржекеұлы Б. Екі томдық шығармалар.- Алматы: Жазушы, 1993.

Нұржекеев Б. Күй толғақ: Әңгімелер мен повестерь.- Алматы: Жазушы, 1972.

Нұржекеев Б. Күтумен өткен ғұмыр: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы, 1974 ; 1982.

Нұржекеев Б. Бір ғана махаббат: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы, 1977.

Нұржекеев Б. Бір өкініш, бір үміт: Роман.- Алматы: Жалын, 1980.

Нұржекеев Б. Күтумен кешкен ғұмыр: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы, 1982.

Нұржекеев Б. Өзендер өрнектеген өлке: Тарихи- этнографиялық

эссе.- Алматы: Жазушы, 1984.

Нұржекеев Б. Найманбаев Әсет //Найманбаев Ә. Шығармалар.- Алматы, 1988.

Нұржекеев Б. Ерлі зайыптылар: Роман.- Алматы: Жазушы, 1989.

Нұржекеев Б. Жау жағадан алғанда: Роман.- Алматы: Жалын, 1990

Нұржекеев Б. Әйел жолы жіңішке: Роман.- Алматы: Жалын, 1998.

Нұржекеұлы Б. Бейтаныс әйелдің құпиясы: Әңгімелер.- Алматы: Атамұра, 2002.

Нұржекеұлы Б. Ойұшқын.- Алматы: Жалын, 2002.



Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Нұржекеев Бексұлтан //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Нұржекеұлы Бексұлтан //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.

Құрманғалиев Қ. Халқын сүйген қаламгер: (Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы ) //Құрманғалиев Қ. Қоңыр күз күмбірі.- Алматы, 2002.
***
Алтай А. Қаламмен кешкен тағдыр : (Жазушы Бексұлтан Нұржекеев туралы) //Ана тілі.- 2011.- 24 ақпан.

Біздің Бекең келіншектер көзімен: (Жазушы Б.Нұржекеұлы) //Алматы ақшамы.- 2011.- 26 ақпан.

Құрманғалиев Қ. Бексұлтанбаян: (Б.Нұржекеев) // Егемен Қазақстан.- 2011.- 22 ақпан.

Құрманғалиев Қ. Сөзбен сомдалған ескерткіш: (Жазушы Б.Нұржекенің көркемдік құпиясы) // Қазақ әдебиеті.- 2008.- 1 тамыз.

Нұрғожаев Ж. Махаббат мүсіншісі: Жазушы Б.Нұржекеев- 70 жаста

//Жетісу.- 2011.- 26 ақпан.

Нұржекеұлы Б.Жазушылықтың құдіреті- ғұмыр бойы білу мен үйренуге ұмтылумен өтесің : (Жазушымен /сұхбаттасқан Қ.Дүйсен)

//Жұлдыздар отбасы.- 2011.- №4.

Пірәлиева Г. Әйел. Ана. Махаббат: (Жазушы Б.Нұржекеевтің шығармашылығы) //Әдебиет айдыны.- 2008.- 21 ақпан.

Сегізбайұлы К. Махаббат- мәңгі жыр: (Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы туралы) //Қазақ әдебиеті.- 2011.- 18 ақпан.


Нұрпейісов Әбдіжәміл

(1924)


«... Қазақ халқының ХХ ғасырын нұрландырған, оған мағыналы мазмұн мен өміршең рух дарытқан біртуарлар шоғырының ішінде Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің де төрден орын алатынына еш күмән жоқ»,- деп жазды белгілі жазушы Дулат Исабеков Ә.Нұрпейісов шығармашылығы туралы өзінің бір көлемді мақаласында.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің есімі қазақ халқының мәдени- рухани әлеміндегі ең бір көрнекті құбылыс ретінде төрткүл дүниеге мойын бұрғызып отыр.

ХХ ғасырдың ең сүргін де сұрқылтай оқиғалардың куәгері ретінде алапат оқиғаларды басынан өткеріп, белшесінен кешті.Замандасының кейіпкеріне айналды.

Суреткер ретінде Әбдіжәміл Нұрпейісов ғасырдың алапат та, асқақ болмысын, өзінің кіндік жұртын мысал ете отырып, нағыз өнер тілімен жырлап бере алды. Ғасыр басындағы сергелдең («Қан мен тер»), ғасыр ортасындағы сұрапыл («Курляндия»), ғасыр соңындағы сүргін («Соңғы парыз») біртұтас сабақтастығымен көркем полотно құрайды.

Кешегі аумалы- төкпелі замандағы дала тұрмысының қат- қабат шежіресін шерткен « Қан мен тер» трилогиясы бұл күндері әлем оқушысының бағасын алған шығарма болды. 1974 жылы Ә. Нұрпейісов осы трилогиясы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.

Нұрпейісов сол тарихи кезеңдегі халық өкілдерінің қайталанбас, дара, күрделі тағдырын, типтік бейнесін жасады (Еламан, Қасен, Сүйеу).

Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұрпейісов 1924 жылы Қызылорда облысының Арал ауданының Құланды ауылында туған. 1951- 52 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, кейін Мәскеудегі әдебиет институтын бітірді (1956). 1962- 64 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды. Әдебиетке қырқыншы жылдардың екінші жартысында араласа бастады. Тұңғыш шығармасы «Курляндия» романы (1950) Отан соғысы тақырыбына жазылған. Бұл роман Жамбыл атындағы республикалық сыйлыққа ие болды. Шығарманы автор қайта өңдеп, толықтырып 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен жариялады. Романда халықтар достығы, адам-гершілік, моральдік, патриоттық тақырып терең ашылған.

Жазушының «Қан мен тер» трилогиясы бойынша пьесасы М.Әуе-зов атындағы Қазақ драма театрының репертуарынан 1974 жылдан тұрақты орын алды. 1976 жылы «Қазақфильм» киностудиясы шығарма негізінде көркем-суретті кинофильм түсірді.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Сең» романы (1983) тақырыбының, көтерген мәселесінің көкейкестігімен назар аудартады. Қазіргі заман тынысы, бүгінгі таңдағы экологиялық проблемалар төңірегіндегі тебі-реністер, адамның өз ар- ожданы алдындағы жауапкершілігі жайында сөз болады.Шығарма орыс тілінде «Долг» деген атпен жарық көрді. Романдағы оқиға суы тартылып бара жатқан Арал теңізіне, табиғатқа деген екі түрлі көзқарастың төңірегінде өрби келіп, қазіргі заманның елеулі проблемалары-на тіреледі.

Жазушының «Соңғы парыз» кітабы (1998) осы тақырыптың жа-ғасы іспеттес. Романда тек Арал қасіреті ғана емес, бүкіл ғасыр бойы көрген қазақ халқының бүкіл адамзатқа куәгер болған драмасы сурет-теледі. Романдағы оқиға сырт көзге бір тәулікше болғанымен сюжеттің ішкі кеңістігінің мейлінше ауқымдылығымен оқиға уақыты өрбіп отырады. Роман 2002 жылы Мәскеуде орыс тілінде басылып шықты.

Әбдіжәміл Нұрпейісов очерк және әдеби- сын мақалалар жанрында да еңбек етіп келеді. Л.Н.Толстой, Ф.М. Достоевский, И.С.Тургенев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Айтматов шығармашылығына арналған кітабы «Толғау» деген атпен қазақ, орыс тілдерінде басылып шықты.

Ә.Нұрпейісов – көркем аударма саласында да біраз тер төккен жазушы. Ол А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің әңгімелерін, Назым Хикметтің және испан жазушысы А.Кэссонның пьесаларын қазақ тіліне аударды.

Ә.Нұрпейісовтің шығармалары туысқан халықтар және шетел тілдеріне аударылған.

Ә. Нұрпейісов Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдарымен марапатталған. Ұлттың бір ғасыр аясындағы тарихи- әлеуметтік болмысын көркемдікпен кестелеген жазу-шының еңбектері бүгінде адамзаттың рухани игілігіне айналды.

1985 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.


Шығармалары:
Нұрпейісов Ә. Төрт томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1981.

Нұрпейісов Ә. Курляндия: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1950.

Нұрпейісов Ә. Күткен күн: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1958.

Нұрпейісов Ә. Қан мен тер: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.

Нұрпейісов Ә. Күткен күн: Роман.- Алматы: Жазушы, 1967; 1979.

Нұрпейісов Ә. Қан мен тер: Роман.- Алматы: Жазушы, 1964; 1966.

Нұрпейісов Ә. Қан мен тер: Роман. 1-3 кітап.- Алматы: Жазушы, 1970; 1973; 1976; 1977; 1991.

Нұрпейісов Ә. Толғау: Әдеби портреттер.- Алматы: Жазушы, 1972.

Нұрпейісов Ә. Сең үстінде.- Алматы: Жалын, 1980.

Нұрпейісов Ә. Сең : Роман.- Алматы: Жалын, 1983.

Нұрпейісов Ә. Ақ бидай туралы аңыз: Очерктер.- Алматы: азушы,1985.

Нұрпейісов Ә. Соңғы парыз: Роман.- Алматы: Жазушы, 1998; 1999.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Нұрпейісов Әбдіжәміл //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Нұрпейісов Әбдіжәміл (22.10.1924) //Түркістан: халықаралық энцикло-

педия.- Алматы, 2000.

Кекілбаев Ә. Самғау мен құлдырау (Ә.Нұрпейісов) //Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат.- Алматы, 1996.

Омаров І. «Қан мен тер» романы //Омаров І. Әдеби толғамдар.- Алматы, 1988.

Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер» қалай жазылды?: (Жазушы өз шығарма-

шылығы жайлы) //Сөзстан.- Алматы, 1980.


***
Анастасьев Н. Ә. Нұрпейісов- адамзат тағдырының жыршысы: (Ә.Нұрпейісовке 85 жыл) //Ана тілі.- 2009.- 22 қазан; //Таң- Шолпан.- 2009.- №5.

Қадырбаева Н. «Соңғы парыз»- соны шығарма //Қазақ әдебиеті.- 2009.- 15 мамыр.

Қыдырәлі Д. Әбдіжәміл әлемі //Қазақ әдебиеті.- 2009.- 16 қазан.

Суреткерлік ерлік: (Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов романдары туралы отандық және шетелдік қаламгерлердің айтқан пікірлері мен берген бағалары) //Егемен Қазақстан.- 2009.- 21 қазан.

Шарманов Т. Саяқ: (Жазушы Ә.Нұрпейісов туралы) //Айқын.- 2010.- 14 сәуір.

Нұрпейісов Рахметолла

( 1927)


Өлең кітаптарымен қазақ оқырмандарына белгілі ақындардың бірі- Рахметолла Нұрпейісов.

Рахметолла Нұрпейісов Алматы облысындағы Қаракөл деген жерде 1927 жылы 5 желтоқсанда туған. Панфилов атындағы педагогикалық училищені бітірген соң, КазГУ- дің (қазіргі Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін тәмәамдайды.

Р.Нұрпейісов «Қазақстан пионері», «Түрксиб» теміржолшылар газетінде, Қазақ радиосы мен « Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында қызмет істеді.1970 жылдан 1983 жылға дейін Алматы облыстық партия комитеті аппаратында үгіт және насихат бөлімінде жұмыс істеді. Ақынның алғашқы жыр кітабы «Туған өлкем» деген атпен 1962 жылы жарық көрді.

Ақынның өзі туып- өскен мекені Жетісу сипаттарын, достық пен адамгершілікті жыр- өлеңдеріне арқау етеді. Оның жыр жинақтары «Аққу қаздар» (1969), «Гүлдер, гүлдер» (1971), «Қапшағай» (1972), «Қоңырөлең» (1974), «Мейірім» (1971), Туған өлке әуендері» (1978), «Жайтолқын» (1979), «Сал самал» (1985), «Думанды мекен» (1988) өмір сырларын, уақыт тыны-сын, табиғат сипаттарын тебірене жырлаған туындылар.

Өлең кітаптарын оқи отырып ақынның поэзияның әлеуметтік нысанасын берік ұстағандығын аңғаруға болады.
...Осынау күйлі дүние,-

Ырғағын аңдып бақсам мен,

Ән болып кіріп үйіме,

Тілдесіп жатыр аспанмен.

Ырғақтар мені қоршаған,

Пернеге менде қол соғам,

Жақсы бір лебіз соқса одан...
деген шумақтарында сыршыл ақын өз дарынының ырғақтарын айнала-сындағы дүние көркінен, сұлу табиғат сипаттарынан сүйсіне тапқанын білдіреді, өлең бейнелерімен әсем өрнектейді.

Р.Нұрпейісовтың әр жылдары жарық көрген «Жайтолқын», «Сал самал», «Думанды мекен» т.б. жыр кітаптары оның ақындық шеберлігін белгілі бір белеске көтерген туындылар.

Рахметолла Нұрпейісов Н.Тихонов, В.Маяковский, А.Барто, М.Сергеев, Н. Полякова өлеңдерін, орыс және армян поэзиясының анто-логиясын, Фаиз Ахмад Фаиздың «Шығыс саздары» кітабын аударуға ат салысқан.

Шығармалары:
Нұрпейісов Р. Туған өлкем: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.

Нұрпейісов Р. Аққу қаздар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.

Нұрпейісов Р. Гүлдер, гүлдер: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1971.

Нұрпейісов Р. Қапшағай: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1974.

Нұрпейісов Р. Қоңырөлең: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1974.

Нұрпейісов Р. Мейірім: Өлеңдер, поэма.- Алматы: Жазушы, 1974.

Нұрпейісов Р. Туған өлке әуендері: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1978.

Нұрпейісов Р. Жайтолқын: Өлеңдер мен толғаулар.- Алматы: Жалын, 1979.

Нұрпейісов Р. Сал самал: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1985.

Нұрпейісов Р. Думанды мекен: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1988.

Нұрпейісов Р. Алтын тұғыр: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1991
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Нұрпейісов Рахметолла //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Бекхожин Қ. Өлеңнің өр белесіне қанат қақ: (Рахметолла Нұрпейісов шығармашылығы) //Бекхожин Қ. Өлең өткелдері.- Алматы, 1986.

Нұршайықов Әзілхан

(1922- 2011)


Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов Семей облы-сының Жарма ауданының Ақбұзау ауылында 1922 жылы туған. Алматыда-ғы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семей педагогикалық ин-ститутында оқыған. 1947-48 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде істеген. Соғыстан кейін КазГУ- дің филоло-гия факультетін бітірді (1949). Біраз жыл Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қыз-метін атқарды.

1968- 1973 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакция-ында бөлім меңгерушісі, кейін Қазақ Ғылым Академиясының әдебиет және өнер инситутында ғылыми қызметкер болып істеді.

Әзілхан Нұршайықов творчестволық жолын ақын және публицист ретінде бастады. Өлеңдері мен очерктері, публицистикалық мақалалары мерзімді баспасөз бетінде, соғыс жылдары майдан газеттерінде жария-ланып тұрды. Тың игерушілерге арналған «Алыстағы ауданда» (1958) очерктер жинағынан кейін «Тың астығы», «Ертіс жағасында», «Жомарт өлке» (1960), «Алтын соқпақ» (1967) кітаптары жарық көрді. Осы туын-дылардан кейін жазушы көркем прозаға ауысты. Оның әңгіме, повесть, новелла секілді жанрларды дамытудағы алатын орны ерекше.

Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан туған «Ескі дәптер», «Махаб-бат жыры» (1964), «Әсем» (1966), «Ботакөз» атты лирикалық повестері жастар-дың өмірін, арманға толы ой- сезімдерін жан- жақты айшықтауға арналған. Бұл шығармалар кезінде оқырманның лайықты бағасын алған туындылар болды. Ал жастардың ой- арманы, адал достығы, махаббаты туралы «Махаббат қызық мол жылдар» (1970) романы қазақ әдебиетінің жетпісінші жылдарының елеулі шығармасы болды. Қазақ жастарының бүтіндей бір ұрпағы осы романның рухымен тәрбиеленді. Роман қазір де оқырманның сүйіп оқитын шығармасы, себебі кітапта шынайы махаббат сезімі қазақи мінезімен, қазақи қылығымен суреттелген. Шығарманың

қазақ оқырманына ұнайтыны да осыдан. Бұдан басқа да замандастарымыз-ды әсіресе, жастарымызды патриотизм рухында тәрбиелейтін «Тоғыз толғау» (1977), «Невель түбінде» (1977), «Автопортрет», қазақтың ұлы жазушылары М.Әуезов пен С.Мұқа-новтың келбетін сомдаған «Екі естелік» (1985), «Өмір өрнектері» (1987) атты әдеби күнделігін жазды. «Тоғыз толғау» повесі Мәлік Ғабдуллин монологі түрінде жазылған шығарма. Ал 2000 жылы жарық көрген «Қалам-гер және оның достары» шығармасы Мұқан Иманжановтың өмірі мен шығармашылығына арналған.

Әзілхан Нұршайықовтың аты аңызға айналған Бауыржан Момыш-ұлын «Ақиқат пен аңыз» шығармасы арқылы қалың оқырманмен бетпе- бет кездестірді. Бұрын- соңды қазақ әдебиетінде кездеспеген жанр роман- диа-лог арқылы жазушы өзінің кейіпкерін қаһармандықтан көркем шығарма кейіпкеріне айналдырып, қаламгерлік шеберлігін тағы айқындай түсті. Бауыржан Момышұлының отансүйгіштігі, ел намысы жолындағы ерен ерлігі бүгінгі жастарға, атамекенді сүйе білу сезімі қазақ халқы үшін қасиетті сезім екенін паш етті. 1980 жылы Әзілхан Нұршайықовқа осы роман- диалогиясы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді.

Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің өмірін үлгі ету арқылы жас ұрпаққа патриоттық, ең-бекшілдік, намысшылдық, адалдық тәрбиесін беруді мақсат етеді. Ә.Нұр-шайықов ізгілік пен жауыздық, ерлік пен ездік тақырыбына жазды, әсіресе жастар жағы жазушының жарқын романтизміне елікті. Әзілхан Нұршайы-қовтың кітаптары «Жазушы» баспасынан бірнеше дүркін орыс тілінде де басылып шықты. Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан «Истина и легенда» (1980), «Дорогой памяти» (1985) кітаптары жарық көрді. «Ақиқат пен аңыз» роман- диалогы украин, чех, өзбек, қырғыз тілдерінде шығып, жеке шығармалары туысқан халықтар тілдеріне аударылды.

Ә.Нұршайықовқа әскери- патриоттық әдебиетті дамытуға қосқан үлесі үшін А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлық берілді (1987).

Әзілхан Нұршайықов И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың «Адамның тағдыры», П.Павленконың «Жарияланбаған хат» әңгімелерін, А.Якобсонның «Қорқау» пьесасын қазақ тіліне аударды.

Бүгінде жауынгер- жазушы Әзілхан Нұршайықов ұрпағымызды ерлікке, адамгершілікке жетелеген шығармаларымен танымал көрнекті қаламгер. Оған 1990 жылы Қазақстанның Халық жазушысы құрметті атағы берілді.



Шығармалары:
Нұршайықов Ә. Төрт томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1992.

Нұршайықов Ә. Таңдамалы: 2 томдық.- Алматы: Жазушы, 1980.

Нұршайықов Ә. Таңдамалы шығармаларының он томдығы.- Алматы: Қазығұрт, 2005.

Нұршайықов Ә. Алыстағы ауданда: Очерк және әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ,1956.

Нұршайықов Ә. Тың астығы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1958.

Нұршайықов Ә. Ертіс жағасында.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.

Нұршайықов Ә. Жомарт өлке.- Алматы: ҚМКӘБ,1960.

Нұршайықов Ә. Махаббат жыры: Повесть.- Алматы: ҚМКӘБ,1964.

Нұршайықов Ә. Әсем: Лирикалық повесть.- Алматы: Жазушы,1966.

Нұршайықов Ә. Алтын соқпақ: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1967.

Нұршайықов Ә. Алтын соқпақ: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1967.

Нұршайықов Ә. Батырдың өмірі.- Алматы: Жазушы, 1969.

Нұршайықов Ә. Жер туралы жыр: Очерктер.- Алматы: Қазақстан, 1974.

Нұршайықов Ә. Мен журналистпін: Публицистика.- Алматы: Қазақстан,1977.

Нұршайықов Ә. Автопортрет: Әдеби портреттер, естеліктер, әскери жазбалар.- Алматы: Жалын, 1981.

Нұршайықов Ә. Тоғыз толғау: Повесть- монолог.- Алматы: Мектеп, 1977.

Нұршайықов Ә. Қамбар батыр.- Алматы: Жалын, 1981.

Нұршайықов Ә. Махаббат қызық мол жылдар: Роман.- Алматы: Жазушы, 1970, 1972, 1979, 1980.

Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз: Роман- диалог.- Алматы: Жазушы, 1976,1 978, 1980.

Нұршайықов Ә. Коммунизм туралы сөз: Очерктер.- Алматы: Қазақстан, 1982.

Нұршайықов Ә. Екі естелік: М.Әуезов пен С.Мұқанов туралы хикая- эсселер.- Алматы: Жалын, 1985.

Нұршайықов Ә. Өмір өрнектері: Әдеби күнделік.- Алматы: Жазушы, 1987.

Нұршайықов Ә. Жамбылға хат: Әскери естеліктер.- Алматы: Атамұра,

1996.


Нұршайықов Ә. Қаламгер және оның достары: Эпистолярлық роман.- Алматы: Өлке, 2000.

Нұршайықов Ә. Махаббат қызық мол жылдар.- Алматы: Атамұра, 2002.

Нұршайықов Ә. Боздақтар.- Алматы: Санат, 2005.

Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз: Роман- диалог.- Алматы: Жазушы, 2009.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Нұршайықов Әзілхан //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Қазыбеков Н. Ақиқаты- аңыз, аңызы- ақиқат //Қазыбеков Н. Ой таразысы: Сын мақалалар.- Алматы,1991.

Қалақбаева С. Әзілхан Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер: Монография.- Алматы: Қазығұрт, 2004.


***
Әзілхан Нұршайықов: (Қайтыс болуына байланысты материалдар)

//Қазақ әдебиеті.- 2011.- 18 ақпан.

Әлім Қ. Әзиз жүрек Әзаға: (Жазушы Әзілхан Нұршайықов) //Жұлдыз.- 2011.-№9.

Есенқарақызы Х. Әз- аға, сізде арман жоқ: (Ә. Нұршайықов)

//Түркістан.-2012.-5 сәуір.

Кенжегарина А.З. Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы Бауыржан бейнесі арқылы отансүйгіштік пен елжандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеу мәселесі //Білім.- 2009.- №6.

Көлбаев Т. Толарсақтан саз кешіп, қалам ұстап...(Ұлы Отан соғысы ардагері, жазушы Ә. Нұршайықов туралы) // Жас қазақ үні.- 2009.- 5 мамыр.

Махаббат жыршысы //Дала мен қала.- 2011.- 21 ақпан.

Ыдыросов Ә. Әзаға: (Әзілхан Нұршайықов) //Жұлдыз.- 2012.-№1.


Нысаналин Аян

(1942)
Қазақ поэзиясында өзіндік үні, өзінше ойы бар ақындардың бірі- Аян Нысаналин.

Алғашқы жыр жинағы «Көктем кешікпейді» деген атпен 1968 жылы жарық көрді. Кейін «Көзайым» (1972), «Сүмбіле» (1978), Иірім» (1982), «Тыныс» (1986), «Мәуе» (1990) өлеңдер жинағы және «Алыстағы алау» (1970), «Үлкен жол» (1983) әңгімелер кітабы басылып шықты.

Ақын өлеңдері туған өлкесіне деген ыстық сезім, сағынышын әсерлі теңеумен, әсерлі суретпен елестетеді. Заман туралы, уақыт жайлы ақындық парызды терең сезінген ақын өмірге деген борышын өтеуде ерекше толғаныспен жырлайды:


Не таптым, нені аңсадым, нені іздедім?

Ой буды жұттым дала, теңіз лебін.

Дертті екем тіршілікке ғашықтықтан,

Жасады жүрегіме ол ең ізгі емін.

...Жол тербеп, туған жердің тұр шілігін,

Дүние сиқыр тартып сыршыл үнін.

Бәлкім- ау, дермін әлі дерт жамалар,

Сонда да тәтті қандай тіршілігім.

Ұйқысыз кейде таңды таңға ұрыппын.

(Сәулеге ұмсынды әлем сән құрып тым).

Өмір- ай, соғып кеудем жартасына,

Қайтадан жаңғырықтай жаңғырықтың!


Өмір суреті осындай. Бұл ақынның суреткерлігімен қатар ойшылды-

ғына тәнті ететін жыр.

Ақын біздің жасампаз өмірімізді жарқын дауыспен жырлайды, алуан тақырыптарға үн қосады.Оның өлеңдерінен адам мен табиғат, жастық пен махаббат, сәулелі сезім мен жан жарқылдары нәзік көрініс табады.

Аян Нысаналин – көңіл күйін, махаббат сезімін назды шертетін лирик ақын. Сыршыл ақын бірнеше жырларында махаббат пен ғашықтық сезімді ардақтап, өз ойын әсерлі өрнектермен жеткізеді.

Аян Нысаналин 1942 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданының Жетімтау ауылында туған. 1962 жылы Алматы кинотехникумын бітірген соң біраз уақыт кино жүйесінде қызмет істеген.

Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтында оқи жүріп, КСРО Жазушылар одағы жанындағы қазақ әдебиетінің кеңесшісі болды.

1973-79 жылдары Аян Нысаналин республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі болды. Кейін А. Нысаналин Қазақстан тұтынушылар одағы кітап саудасы басқармасының бастығы қызметін атқарды.

1989-99 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы болып жұмыс істеді.

«Көктем кешікпейді» жыр кітабынан бастап Аян Нысаналин жеті- сегіз жыр жинақтарын, үш- төрт әңгіме, «Параметр» атты сын- мақалалар жинағын жеке- жеке етіп және туысқан халықтар әдебиетінің өлеңдерін аударуысуда үлкен үлес қосқаны тағы бар. Және ақын қанша елдің поэзиясын аударса, өз шығармалары да сонша елдің тіліне аударылған деуге болады.

Әдебиетімізге осыншалық еңбек сіңірген ақын қазір де мерзімді баспасөздің әдеби ағымындағы буынды жерлерінде әлі күнге дейін еңбек етіп келеді. Демек, мұның өзі ақынның әдебиет әлеміндегі небір тарихи шежі-релерге тікелей куә екендігін білдірсе керек.

Ақын шығармашылығы жайлы орыс ақыны Евгений Винокуров әділ баға бере келіп, оның әрбір өлеңінен өзі туралы, өзіне жақын туыстары, өз өлкесі туралы көп нәрсе білгенін ерекше ілтипатпен атап өткен болатын «Смена» журналы бетінде.

1999 жылы «Өркениет» баспасынан шыққан Аян Нысаналиннің «Жансарай» атты кітабы өз дәуірінің дарабоздары болған тұлғалар жайында қызықты сыр шертеді, соны деректер береді. Әл- Фараби, әзірет Сұлтан, Әмір Темір, Асанқайғы, Төле би, Сүйінбике және басқа да тұлғалар жайлы әңгі-мелері азаматтық пен ақындық топшылауларға толы.

Ақынның 2003 жылы «Гүлтәж» атты жыр жинағы жарық көрді. Сонымен қатар ақын аудармасында Антуан де Сент-Экзюперидің негізгі шығармалары қазақ тілінде басылып шықты.

Шығармалары:
Нысаналин А. Көктем кешікпейді: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1968.

Нысаналин А. Алыстағы алау: Әңгімелер.- Алматы: Жзушы, 1970.

Нысаналин А. Көзайым: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1972.

Нысаналин А. Күн қайдан көтеріледі: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.

Нысаналин А. Сүмбіле: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1978.

Нысаналин А. Иірім: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1982.

Нысаналин А. Үлкен жол: Әңгіме.- Алматы: Жалын, 1983.

Нысаналин А. Тыныс: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1986.

Нысаналин А. Мәуе: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1990.

Нысаналин А. Жансарай: Толғамдар.- Алматы: Өркениет, 1999.

Нысаналин А. Гүлтәж: Жыр жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2003.

Нысаналин А. Төрттаған.- Алматы: ҚазАқпарат,2008.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Нысаналин Аян //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиог

рафиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Нысаналин Аян //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.

Бекхожин Қ. Ойлы ақынның әсем өрнектері: (А. Нысаналин) // Бек-

хожин Қ. Әдебиет хақындағы ойлар, толғаныстар мен естеліктер.- Алматы: Жазушы, 1986.
***
Оспан С. Аянның алтынкүрегі: (Ақын Аян Нысаналиннің шығарма-

шылығы туралы) // Жас Алаш.- 2012.- 17 мамыр.



Нілібаев Әубәкір

(1928)
Қазақ поэзиясында өзіндік бетін танытқан, өзінің ой жүйесін өлең-мен өрнектеген қаламгердің бірі- ақын Әубәкір Нілібаев.

Әубәкір Нілібаев Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зайсан педагогикалық училищесін, кейін КазГУ- дің фило-логия факультетін бітірген. Туған ауданының мектептерінде ұстаздық еткен.

1959 жылдан Ә.Нілібаев журналистік жұмысқа ауысып, Зайсан аудандық «Достық», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет істеді. Біраз уақыт Қазақстан Жазушылар одағында фольклор секциясының кеңесшісі, ал 1984- 89 жылдары поэзия бөлімінің меңгерушісі болды. 1993- 95 жылдары «Парасат» журналында қызмет істеді.

Әубәкір Нілібаев «Таңғы тыныс» (1964), «Болашақ осылай басталған» (1970), «Ақ марал» (1970), «Жыр жалау» (1972), «Қоңыр жел» (1973), «Алаулаған армандар» (1974), «Көңіл көзі» (1976), «Аққу- қаздар» (1977), «Іңкәр жүрек» (1978), «Күнім менің» (1980), «Жер жүрегі» (1984), «Жихан жиһазы» (1987), «Асыл адам» (1989), «Мың сөз» (2001) жыр жинақтарының авторы. Адамның жасампаз ұлылығы, адамзат болашағы, биік адамгершілік пен махаббат, бүгінгі замандастарымыз, халықтар достығы ақын шығармаларының өзегі болып табылады.

Ә.Нілібаевтың лирикалық өлеңдері мен эпикалық дастандары философиялық терең ойлы, көпті көрген, көп оқыған адамның өз тұжы-рымдары өрнекті, аса көркем болып келді. Бұл жөнінде кезінде белгілі ақындарымыз Қалижан Бекхожин, Қадыр Мырзалиев, Сағынғали Сейітов атап айтқан болатын.

Соңғы кезде Әубәкір Нілібаевтың мерзімді баспасөз беттерінде өзінің философиялық еңбектерін жиі- жиі жариялап жүр. Бұған «Қазақ әдебиетінде» (1998) жарық көрген «Санамыз сақ, құлағымыз түрік болсын», «Жалын» журналында басылған «Мәдениет философиясы және философия мәдениеті» атты жалпы мәдениет жайлы терең ой- толғамдары дәлел.

Ақын шығармашылығының тағы бір белесі- ол аудармашылығы. Ақын Эжен Потьенің жырларын, Эсхилдің «Бұғаудағы Прометей» дастанын, «Буырқанған бұла жыр» деген атпен шыққан Азия және Африка ақындарының жырлары, түрік ақыны Юнус Еміренің «Нұрлы әлем» таңдамалы өлеңдер жинағын, Пәкістан ақыны Мұхаммед Икбалдың «Таң самалы» жыр жинақтарын тәржімалады. 2002 жылы үнді эпосы «Махаб-харата» «Өлке» баспасынан жарық көрді.

Өзінің түбегейлі түйінді әлемі бар суреткер ақынның өмір дастанына бір сәт назар аударайықшы:
Жеңіске жеткізетін не нәрсе?

Құштарлық.

Ұятқа ұшырататын не нәрсе?

Іштарлық.

Ісіңді баянды ететін не нәрсе?

Тым орынсыз асықпау.

Қателікке ұшыратпас не нәрсе?

Көңіліңді тасытпау.

Кім болады адамның,

Өмірде нағыз тірегі?

Тынбай соққан жүрегі,

Өршіл арман тілегі.


Адамға өмір тағылымын ақын осылайша байыппен жеткізеді.

2001 жылы «Сөздік- словарь» баспасынан Ә.Нілібаевтың «Мың сөз» атты шығыстың классикалық рубаят үлгісімен жазылған кітабы жарық көрді.

Әубәкір Нілібаев бұл кітабында өмір тәжрибесін ой елегінен өткізіп, бүгінгі тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің өміріндегі проблемалық мәселелерді поэзия тілімен сөз етеді. Ана тілімізді ардақтау, ұлтымыздың намысын жоғары ұстау, биік адамгершілік, кіршіксіз таза махаббат бұл кітаптың негізі лейтмотиві.
... «Білгенге «Мың сөзімнің» мәні терең,

Білместің көзі соқыр, жаны керең.

Мейлі бүгін бағалар, бағаламас,

Бағалар келер ұрпақ, кәміл сенем»,-


деп ақын жас ұрпаққа ақындық жүректен үлкен үміт артады.

Соңғы жылдары ақын ерте дәуірде өткен қытай философтары Лао- цзы, Конфуций, Чжуан- цзының еңбектерінің қазақша тәржімасыменен айналысып жүр.



Шығармалары:
Нілібаев Ә. Таңғы тыныс: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1967.

Нілібаев Ә. Болашақ осылай басталған: Поэма.- Алматы: Жазушы, 1970.

Нілібаев Ә. Жыр жалау: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1971.

Нілібаев Ә. Қоңыр жел: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1973.

Нілібаев Ә. Алаулаған армандар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1974.

Нілібаев Ә. Аққу- қаздар: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1977.

Нілібаев Ә. Іңкәр жүрек: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1978.

Нілібаев Ә. Күнім менің: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1980.

Нілібаев Ә. Жер жүрегі: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1984.

Нілібаев Ә. Жиһан жиһазы: Өлеңдер, аңыздар, поэмалар.- Алматы: Жалын, 1987.

Нілібаев Ә. Асыл адам: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1989.

Аспанда күн сөнбесін: Жыр жинағы /Құраст. Ә Нілібаев.- Алматы: Жазушы, 1985.

Жеңіс нұры: Жыр жинағы /Құраст. Ә Нілібаев.- Алматы: Жазушы, 1985.

Дастанұлы Ә. Мың сөз.- Алматы: Сөздік- словарь, 2001.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Нілібаев Әубәкір //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-

фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Нілібаев Әубәкір //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.

Сейітов С. Тағысын тағылар, кімдер олар?: (Ә.Нілібаевтың шығарма-

шылығы туралы) // Сейітов С. Өлең өлкесінде: мақалалар мен зерттеулер.- Алматы: Жазушы, 1984.

Мазмұны:
Құрастырушыдан..............................................................................................2

Иманасов С........................................................................................................3

Иманбаева Ш.....................................................................................................5

Иманжанов М....................................................................................................7

Исабай Қ............................................................................................................9

Исабеков Д.......................................................................................................11

Кекілбаев Ә......................................................................................................13

Кенжеахметұлы С............................................................................................17

Көбеев С...........................................................................................................20

Қабанбай М......................................................................................................23

Қабышұлы Ғ....................................................................................................24

Қайсенов Қ.......................................................................................................28

Қайырбеков Ғ..................................................................................................32

Қалиев С..........................................................................................................36

Қамбаров Қ......................................................................................................38

Қаназ М............................................................................................................40

Қанапиянов Б...................................................................................................42

Қанатбаев Д.....................................................................................................44

Қанахин Ө........................................................................................................46

Қапалбекұлы Н...............................................................................................49

Қаупынбаев Т..................................................................................................51

Қашқынов Ж....................................................................................................53

Қожахметова М...............................................................................................55

Қойшыбаев Б...................................................................................................57

Құдайбердіұлы Ш...........................................................................................59

Құмарова Ш.....................................................................................................62

Құрманалин М.................................................................................................64

Құтлуқов А.......................................................................................................66

Қыдырбекұлы Б...............................................................................................66

Лекеров А.........................................................................................................68

Лушникова Н...................................................................................................69

Мағауин м........................................................................................................71

Майлин Б.........................................................................................................74

Мақатаев М.....................................................................................................77

Мариковский М..............................................................................................80

Мархабаев А.- Х.............................................................................................81

Мәуленов С.....................................................................................................83

Медетбеков Т..................................................................................................86

Мекебаев А......................................................................................................89

Молдағалиев Ж...............................................................................................92.

Молдағалиев Т................................................................................................94

Момышұлы Б..................................................................................................97

Мққай Б.........................................................................................................100

Мұқанов С.....................................................................................................102

Мұратбеков С................................................................................................105

Мұртаза Ш.....................................................................................................107

Мұстафин Ғ...................................................................................................110

Мұхамеджанов Қ..........................................................................................113

Мұхамеджанов Ш.........................................................................................116

Мүсірепов Ғ...................................................................................................118

Мырзабеков К................................................................................................122

Мырзалиев Қ..................................................................................................124

Мырзахметов Е..............................................................................................128

Набиуллин Ж.................................................................................................129

Найманбаев Қ................................................................................................131

Нәжімеденов Ж.............................................................................................133

Ниязбеков Р...................................................................................................136

Нұржекеұлы Б...............................................................................................138

Нұрпейісов Ә.................................................................................................141

Нұрпейісов Р..................................................................................................144

Нұршайықов Ә..............................................................................................145

Нысаналин А.................................................................................................149

Нілібаев Ә......................................................................................................151

Шығаруға жауапкер: Сәуенова Қ.С.-

ақпараттық – библиографиялық

бөлімнің кеңесшісі


Редактор: Сапақова Г.С.-

Жамбыл атындағы мемлекеттік

жасөспірімдер кітапханасының директоры

Жамбыл атындағы МЖК- ның

ғылыми- әдістемелік кеңесінің шешімімен

10.04.2012 ж. қабылданған







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет