Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы 2021 жыл



бет12/12
Дата09.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#131174
түріӨмірбаяны
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
жамбыл
Зейнолла реферат

Шығармалары

Өлеңдер

  • Атаның әлдиі
  • Балаларға
  • Балама хат
  • Бесік жыры
  • Жастық жыры
  • Жаңа жыл
  • Жаңа жыл сәлемі
  • Жеңіс жырын сайраңдар
  • Жүз жасаған жүректен
  • Ленин
  • Ленинградтық өренім
  • Шәкірт балаларға
  • Октябрь толғауы
  • Сәлем саған комсомол
  • Сыйлық
  • Туысқан ел
  • Чапай
  • Халық туысқандығы
  • Өнердің өсуі есік жыры

Айтыстар
Жамбыл мен Айкүміс
Жамбыл мен Құлманбет
Жамбыл мен Шашубай
Жамбыл мен Досмағанбет
Дастандар
Өтеген батыр
Сұраншы батыр
Көрұғлы
Бақ, дәулет, ақыл

Сараң бай мен жомарт кедей

Малы көп бай жылайды қар жауғанда, Бәрін тастар ниеті малға ауғанда. Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр, Әйелі шелек толы сүт сауғанға. Малы көп бай ертемен жейді қаймақ, Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап. Ең болмаса, айранға тойғызса деп, Жатса, тұрса, тілейді «а, құдайлап». Сараң байдың үйіне қонақ келсе, Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап. Кедей жомарт үйіне мейман келсе, Жалғыз қойдың тұрады басын байлап. Бай жалтаң, кедей калтаң, халық дархан, Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң. Елімнің азаматын таныс қылған, От жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!

Ленинградтық өренім

1941 жылдың басында «Кәрілік» атты өлеңінде «Босатып буынымның шегелерін, Сыпырып тұла бойдан күшімді алды» деп кәрілікке мойын бере бастаған ақын 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:

Ленинградтық өренім,

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін…

Жауда қалып Ленинград, Жаралған жоқ көнгелі! — Жасағамын өмірді Жау біткенді жеңгелі; Ұрпаққа үлгі болыңдар, Заманымның өрнегі! Ата-бабаң баяғы Аян еді Жамбылға; Қарсы аттанды жауға жұрт, Көтерілді қалың ел. Жау батпаны жатыр деп, Қайысқан жоқ біздің бел. Келген жауды түйіліп. Жеңген едің бұрын да Жау сүйегі үйіліп Қалған өзен, қырында. Уа, қаһарман, өренім,

Мақтанышым, беделім!..

Қаласындағы Лениннің

Сайып қыран, өренім!

Ұлы Отан соғысы жылдарында патриоттық рухта жазылған толғаулары үшін КСРО Халық Комиссарлар кеңесі 1941 жылы Мемлекеттік сыйлық берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет