Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі


Сұрақ: Нанның қасиетіне орай айтылған қандай тыйым сөздерді атап бере аласыз? Жауабыңызды себебімен дәйектеңіз



бет22/73
Дата14.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#172278
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Сұрақ: Нанның қасиетіне орай айтылған қандай тыйым сөздерді атап бере аласыз? Жауабыңызды себебімен дәйектеңіз.
Жалғасы:
«Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.
Кейбір адам қонаққа шақырып отырып «ойбұй, нан қоюды ұмытыппыз» деп жатады, яғни нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз. Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз...
Сұрақ: Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз, не істеу керек екен? Болжамды жауабыңызбен бөлісіңіз.


2-тапсырма. Халқымызда "Көңіл сыйса, бәрі де сыяды" деген, "Ортақ өгізден оңаша бұзау артық" деген де сөздер бар. Ұлттар достастығы тұрғысында сіз осы екі пікірдің қайсысын қолдайсыз? Ойыңызды жинақтап, мәселеге өз көзқарасыңыз бен шешу жолдарыңызды ұсынып эссе жазыңыз. 

Бағалау критерийі


тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.



1

Оқиғаның дамуын болжайды;
Себептерімен дәйектейді;
Оқиғаның аяқталуын болжайды

1
1
1



Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады



2

Пікір бойынша көзқарасын білдіреді;
Дәлелді аргументтер келтіреді;
Стильдік бірізділікті сақтайды;
Эссенің құрылымын сақтайды;
Тілдің эстетикалық көркемдігін сақтайды.

1
1
1
1

1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет