Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (2-тоқсан)



бет52/82
Дата06.12.2023
өлшемі2,79 Mb.
#195336
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (2-тоқсан)

*Тапсыр
ма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма
лар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау
уақыты, мин

Балл

1-4

10.1.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

Толық жауапты
қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды. Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, Көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Екінші оқушы да осы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Оқушының сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануы бағаланады.

Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі).

10

1-2

10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу;



Толық жауапты
қажет ететін сұрақтар

Бірге есептегенде көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Жанры, көзделген аудиториясы, мақсаты, мазмұны, стилі, тіліне салыстырмалы талдау жасай отырып, екі мәтіннің ұқсастығы және айырмашылығы анықтайды.

15

10



7

10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің

Жазбаша

Оқушылар ұсынылған төрт тақырыптың бірін

25

10




жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне

толық

таңдап, жазба жұмысын орындайды.










сай тілдік құралдарды орынды қолданып,

жауапты

Жазылым жұмысында берілген тақырып










интервью жазу;

қажет ететін

бойынша интервью, әңгіме, көпшілік алдында










10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша

сұрақтар

сөйлейтін сөзді жазып, пікір білдіреді.










көркемдегіш құралдарды ұтымды




Оқушының жазылым барысында жанрлық,










қолданып, шығармашылық жұмыстар




стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік










(өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;




құралдарды орынды қолдануы, берілген










10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып,




жанрды талапқа сай жазуы бағаланады.










әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді
















салыстырып, маңызды тұстары мен
















үрдістерді талдап жазу;
















10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік
















нормаларды сақтай білу.













Барлығы

40 минут

30

Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]


А мәтіні
АЛТЫН АДАМ
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, əлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз əлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын əйгілейтін бай мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мəртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сəн-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дəстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ
Қазақтардың жəне Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тəжі ғана емес, күллі түркі əлемінің бесігі саналды. Дəл осы өңірде біздің дəуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақ тастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси жəне мəдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі жəне отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның жəне əлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мəселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы əлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Əбу Насыр Əл-Фарабиді дүниеге əкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан. ( 254 сөз)
Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы
Ә мәтіні.
Еуразиялық экономикалық одақтың күретамыры экономика десек, сол экономиканы өркен­детудің бір тармағы - интеграция. Жалпы, интеграция дегеніміз - кеңей­тілген экономикалық кеңіс­тік құру мақсатында егеменді мемле­кеттерді біріктіру үдерісі. Онда тауар, инвестиция және жұмыс күші еркін айналымда болады. Әлемдік тәжірибеде интеграциялық бірлес­тіктердің еркін сауда айналым аймағы, Кеден одағы, ортақ нарық, эко­­номикалық одақ, бірыңғай эко­­­номикалық кеңістік сияқты ұйым­­­­дастырушылық-құқықтық ны­­сандары бар. Бүгінгі таңда рес­­пуб­л­икамыз еніп отырған Кеден одағы тауар айналымының кеңіс­тігін қалыптастырып, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге ықпал етуде. Үстіміздегі жылды еуразиялық интеграция үдерісі үшін маңызды жыл деп атауға болады. Сөз реті келгенде айтып өтсек, Елбасының Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясы жиырма жылды артқа тастап, қиын жолдан өтті. Тұтастай алғанда, интеграция – жеке элементтерді біртұтас бүтін дүниеге біріктіру деген сөз. Ар­тық­шылығы еш саясатсыз таза эко­номикалық тұрғыда жұмыс істеу деп те түсінген дұрыс. Бұл орайда, біздің ауданымыз­дағы рес­публика жұртшылығына кеңінен танымал «Райымбек Агро» («Айналайын» сүт өнімдері), «Филип Моррис Қазақстан», «Джей Ти Ай Қазақстан» (темекі өндірісі), «Амкор Табако Қазақстан» (темекі қорабын шығаратын өндіріс), «Берикап Қазақстан» (қақпақтар өндірісі), «Дархан МНМ» (арнайы әскери аяқ киім өндірісі), «Danon Berkut» (сүт өнімдері), «Sonik» (профильді трубалар өндірісі), «Медиатекс Н» (бас киім өнімдері), «Даму» индустриялық орталығы сынды кәсіпорындарды ерекше атай отырып, осы өндіріс орындарынан түсетін пайда еселенер деген үміт бар. Өйткені, үзіліссіз жұмыс істеп тұрған өн­д­іріс орнының құрылғылары ескіргенде, қандай да бір бөлшегі жарамсыз болып ауыстыруға тура келгенде сол қажеттілікті сырттан әкелуге тура келмей ме? Міне, сонда Еуразиялық экономикалық одақтың пайдасын зауыттар мен фабрикалар көретіні анық. Ал ауданға келетін пайда өндіріс орны қажеттілігін қолжетімді бағаға сатып әкеліп орнатса, шығаратын өнімінің өзіндік құны арзандығын сақтамай ма? Ол дегеніміз, шикі­затқа сұраныс артып, тіпті, қосым­ша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік тудыру болып табылады. Сондықтан, Еуразиялық эконо­микалық одақтан күтеріміз көп. (260 сөз)


https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет