Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (3-тоқсан)



бет66/82
Дата06.12.2023
өлшемі2,79 Mb.
#195336
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (3-тоқсан)

*Тапсыр
ма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма
лар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау
уақыты, мин

Балл

1-6

10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау;
10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру;
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

Толық жауапты қажет ететін
сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды.
Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, Көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды.



Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі).

10

1-7

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

Көп таңдауы
бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны, құрылымы негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және сөздік қолданысына талдау жасайды.

15

10




1-3

10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш

Жазбаша

Оқушылар ұсынылған 3

25

10




құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық

толық

тақырыптың бірін таңдап, жазба










жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;

жауапты

жұмысын орындайды.










10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық

қажет

Жазылым жұмысында берілген










құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз

ететін

тақырып бойынша эссе, екіжақты










ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі);

сұрақтар

пікір, баяндама тезисін жазады.
















Оқушының жазылым барысында










10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және




жанрлық,стильдік










стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды




ерекшеліктерді ұстануы, тілдік










қолданып, нұсқаулық жазу;




құралдарды орынды қолдануы,










10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін




берілген жанрды талапқа сай










қолдана білу.




жазуы бағаланады.







Барлығы

40 минут

30

Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ нұсқа


Тыңдалым және айтылым
Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]

А мәтіні



Нанотехнология – бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз - бір метрді миллиардқа бөлгендегі ұсақ бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). Нанотехнология – осындай кішігірім өлшемдермен айналысатын ғылым. 1986 жылы сол кездегі студент Эрик Дрексел «Жасампаз машина» атты футуристік эссесінде алғаш рет «молекулярлы технология» деген сөз тіркесін қолданған болатын. Эрик Дрессел фантаст-жазушы Станислав Лемнің тұжырымдамаларына өз ойындағы қиялдарды үстей отырып, «Саналы тіршілік ортасының» негізгі бейне-кескінін ойлап шығарған. Осы болжамға сәйкес, XXI ғасырда нанороботтар мен технологиялар әрбір ағзаның, заттың құрамына енгізіледі де, адамзат өзін қоршаған әлеммен бірге тұтастай саналы суперкомпьютерге айналады. «Нанотехнология» деген сөзді өзіміздің қазақ тілінде түсіндіретін болсақ, «кішкентай өлшемді технология» дегенді білдіреді. Бұл жерде «нано» сөзі «миллиардтың бір бөлшегі» деген мағынаны береді. Қысқасы, кез келген заттың миллиардтан бір бөлшегі бастапқы тегінен ерекшеленді де, басқа физикалық қасиеттерге ие болады. Міне, осы заңдылық арқылы, яғни, материяның белгілі бір күйден екіншісіне өту кезіндегі өзгерістер арқылы өмірге, бұрын ешкімге белгісіз жаңа технология еніп жатыр. Қазіргі заманауи «сандық» технологиялармен үйлесімді жұмыс істейтін электронды құрылғылар – осы нанотехнологияның жемісі десек, қателесіп отырған жоқпыз. Бұған мысал ретінде байланыс саласындағы талшықты-оптикалық жүйелерді жатқызуға болады. Яғни, ешқандай сым-баусыз ақпараттарды бір нүктеден екінші нүктеге ауа ағынындағы талшықтарды өз еркіміз бойынша басқару арқылы оп-оңай жеткізе аламыз. Менделеев кестесіндегі көптеген химиялық элементтер нанотехнологияның әсерінен өзгерістерге ұшырап, басқа да бір қасиетке ие болып жатқаны осылайша анықталған болатын. Қысқасы, на­нотехнология адамзат өмі­рін­дегі ең төңкерісті жаңалықтардың бірі болды десек, артық айтқандық емес. Ал оның бүгінгісінен бола­ша­ғы әлдеқайда «жемісті». (230 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/321/
Ә мәтіні.
“Байлықты, кедейшілікті жаратқан — құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес”. Дәстүрлі қазақ қоғамында материалдық байлықтан рухани игілікті жоғары қоятын “Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деген моральдық ұстаным қалыптасқан. Осы рухани принцип қазақ қоғамындағы әлеуметтік құндылықтар мен құқықтық нормалардың имандылыққаәділеттілікке негізделуіне себепші болды. Соған қарамастан, қазақ халқы байлықты адам мұратының, әлеуметтік құндылықтардың бірі ретінде бағалаған. “Түстік өмірің болса, күндік мал жи” деген нақыл  соның айғағы. Мал — дала өркениетіндегі байлықтың басты өлшемі болды. Мыңғырған мал өсірген байлар дәстүрлі қазақ қоғамындағы экономика және әлеуметтік жүйенің негізін құрады. Олар ауылдастарына, руластарына көмектесіп, мешіт-медреселер ұстап, алғашқы газет-журналдарға демеушілік жасап, талантты жастарды шет елдерде оқытып, қоғамдағы рухани Байлықтың сарқылмауына, өсіп-өркендеуіне ықпал етті. Кеңес заманында материалдық байлық ортақтастырылып, жалпыхалықтық меншік ұранымен бірте-бірте адамдарды байлықтан жатсындыру саясаты жүргізілді. Мұның өзі әміршілдік-әкімшілдік жүйе құрсауының орнығуына, бұл құрсау әлсіреген кезеңде ортақ байлықты талан-таражға ұшыратуға, нәтижесінде адамдардың байлықты молайтуға деген ынтасының әлсіреп, қоғам дамуының әлем өркениеті көшінен кенжелеп қалуына соқтырды. КСРО ыдыраған соң, дербес мемлекеттігін қайта қалпына келтірген Қазақстанда қоғамды демократияландыру, экономиканы ырықсыздандыру процесі жүзеге асты, әлем өркениетінің үлгісімен байлықты меншіктену нысандарының барлық түрін қорғауға мемлекет кепілдік береді. (180 сөз)
kk.wikipedia.org




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет