Балл
|
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы
|
Балл
|
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
|
5
|
Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
|
5
|
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды.Талқылау кезінде
өз ойын жетік жеткізе алады.
|
4
|
Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
|
4
|
Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.
|
3
|
Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды.
|
3
|
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.
|
2
|
Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.
|
2
|
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде қолдаусыз
өзін көрсете алмайды.
|
1
|
Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді.
Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
|
1
|
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға
қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға аз қатысады.
|