Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі


бөлім. «Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және



бет65/82
Дата06.12.2023
өлшемі2,79 Mb.
#195336
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

бөлім. «Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма»

Сізге уақыт машинасына мініп, роботтар заманына сапар шегу мүмкіндігі туды делік. Роботтардың сізді қатты таңғалдырған іс-әркеттері туралы көркемдегіш құралдарды қолдана отырып әңгіме жазыңыз.



  1. бөлім. «Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль»

«Белгілі бір мемлекеттерде әлеуметтік теңсіздік мәселесі түпкілікті жойылады» деген пікірді тақырып етіп алып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеп «келісу, келіспеу» эссесін жазыңыз.Эссе жазу барысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтауды ескеріңіздер.



  1. бөлім. «Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер»

«Сіз болашақта табысы мол, ойы мен есебі сай архитектор болуды армандап жүрсіз. Осы кездің өзінде сіздің сызған жобаларыңызды белгілі бір компаниялар пайдалана бастады. Демек, сіздің болашақта сұранысқа ие архитектор болуға мүмкіндігіңіз бар. Осы жолы сізге еліміздегі бір ірі компания сәулетті ғимараттардың жобасын сызуды ұсынды. Егер көңілдерінен шықса, қомақты табысқа кенелуіңіз әбден мүмкін. Сіз ойлана келе жобасын жасап шықтыңыз. Енді сол жобаңызды қалай салу керектігін түсіндіріп, құрылысшыға арнап нұсқаулық жазыңыз. Олай болса, іске сәт!»


Балл қою кестесі

Жазылым


Балл

Сипаттама

9-10

Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.
Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.
Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.
Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. Сауаттылықтың деңгейі жоғары.

7-8

Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.
Құрылымы сәйкес және сақталған.
Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық. Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.
Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.

5-6

Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.
Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.
Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.
Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.
Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.

3-4

Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.
Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді.
Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде.
Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.
Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.

1-2

Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.
Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.
Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес.
Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

0

Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.
Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет