Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет12/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
Бағалау критерийі:

Білім алушы:

Ойлау дағдыларының деңгейі:

  • Мәтінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіреді;

  • Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпіндіқолданып, ойын жеткізеді.




  • Қолдану

Орындау уақыты:

15-20 минут



Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.
Сатушы үшін заңды білмеу тиімді ме?
Сергей Разумов Астана қаласының ұялы телефондар сататын дүкендердің бірінен смартфон сатып алған. Бірақ алғанына көңілі толмаған ол ертесіне тауарды қайтарып бергісі келген. Алайда, сатушы телефонды қайтып алмайды.
– Апарғанымда сараптамадан өткізуімді сұрады. Ал негізі чек те, қорабы да болды. Сараптамасы ақылы екен, жасаттым, бәрі дұрыс деген қорытынды шығарып берді. Енді қайтарып берейін десем, базарға барып сат дейді. Айтуларынша телефон іске қосылған (активирован). Мен оларға заңды ескерттім, елеп тұрған жоқ, – дейді Сергей.
Сергей ол жерге арыз жазып қалдырып, артынша "Әділет" тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамына жүгінген.
– Ол жер мәселе оң шешімін табады деп сендіріп отыр. Қызметтері ақылы екен. Тауардың бағасының он пайызын алады. Олардың қолынан келмесе сотқа жүгінуден басқа амал жоқ, – дейді ол.
Заң бойынша, – дейді  Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская – көңілден шықпаған тауарды басқасына ауыстырып ала ма, қайтарып бере ме немесе жөндеп беретін ақысын өтетіп ала ма тек тұтынушының еркінде, өзі шешуі тиіс.
Ал егер сіз алған тауарда ақау болса, оған ұқсас басқасы (аналогы) қанша қымбат тұрса да сатушы айырмасын қосып төлетпей сізге ауыстырып беруі керек. Сонымен қатар, кепілдік мерзімі соңғы алған тауарға сәйкес ұзартылуы тиіс
Сұранысқа ие емес немесе ескі топтаманы жою мақсатындағы сатылым болса, алған затыңыз сізге қандай да болмасын параметр бойынша сай келмесе, сатушының қайтару мүмкін емес деген ескертпесіне қарамастан, қолыңызда кассалық чегіңіз болса, затыңызды дүкенге 14 күннің ішінде қайтаруға толық құқығыңыз бар. (215 сөз)
https://informburo.kz/kaz/kez-kelgen-satyp-alan-tauardy-aytarua-bolady-ttynushyny-aperne.html

1-тапсырма. Тұтынушы үшін кездескен мәселелер тізбегін атаңыз.


Мәселелер тізбегі:










2-тапсырма.Мәселелердің пайда болу себептері мен салдарын түсіндіріңіз.





Мәселе

Себебі

Салдары








3-тапсырма. Берілген сұрақтардың бірін таңдап жұпта диалогке түсіңіз. Сөйлеу кезінде кідіріс, екпін, интонацияны ескеріңіз.


1. Еліміздегі балалар құқығы қалай қорғалады?


2. Жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың себебі неде?



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіреді



1-2

- мәтіндегі 3 мәселені анықтайды;
- анықталған мәселелердің себебін түсіндіреді;
- анықталған мәселелердің салдарын түсіндіреді.

1
1
1



Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді



3

-тақырып бойынша сұрақ қояды;
-сұраққа қатысты өз ойын білдіреді;
-тақырыпты ашады;
-кідіріс, екпін, интонацияны орынды қолданады.

1

1
1
1





Барлығы







7





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет