Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Жолың болсын, жолаушы! » бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет8/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
«Жолың болсын, жолаушы! » бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-нұсқа

Оқу мақсаты:

9.3.4.1 мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау;
9.4.3.1 жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы:




- Жазба жұмысында афоризмдерді қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:




  • Қолдану

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқып шығып, екі мәтіннің тілдік ерекшеліктеріндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттеп, талдау жасаңыз. Мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтаңыз.


1-мәтін
«Аспан қарлығаштары», стюардессалар – ең романтикалық мамандықтардың бірі. Жолсеріктің жұмысы біршама ауыр болғанымен, жалақы деңгейі, әлеуметтік жеңілдік пен романтикалық тартымдылығы көптеген қыздарды стюардесса болуды армандауға жетелейді.
Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен қыздар жұмысқа қабылданбайды.
2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. ( 142 сөз)

https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/bt/17803/


2-мәтін



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол көлігімен жолаушыларды 110-нан астам қатынасқа тасымалдау қызметтерін жүзеге асырады. Компанияның темір жол жолаушылар тасымалы нарығындағы үлесі шамамен 90% құрайды, сондай-ақ жалпы жолаушылар көлігі қызметінің көлемі бойынша 50%-ға ие.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ электронды билет сатуды жетілдіру мақсатында Android платформасында жол жүру құжаттары сатылатын «ҚТЖ билеттері» мобилдік қосымшасын іске қосады.
Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурста ресімдеуге болатынын еске салады. bilet.railways.kz немесе билет кассасы, бөгде интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары («QIWI» және «Касса-24» сауда маркаларымен) арқылы немесе пошта бөлімшелерінің қызметтерін пайдалануға, орын болмаған жағдайда, пойыз жөнелтілгенге дейін 7 тәулік бұрын «Күту парағы» қызметін тегін пайдалануға болады.
«Азаматарды билет сатып алғанда бөгде адамның күмәнді қызметін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз сату фактісі анықталған кезде белсенді азаматтық ұстаным танытып, қызметкерлері тұрақты негізде вокзал кешендерінде орналасқан ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің Желілік полиция бөлімдеріне жүгінуге шақырамыз», - делінген хабарламада.(146 сөз)

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2019/12/19/136012/





1-мәтін

2-мәтін

Стилі, себебі







Жанры , себебі







Ұқсастығы







Айырмашылығы







2-тапсырма. Сізге саяхаттау өте ұнайды. Ел-жер көру үшін кезекті саяхатыңызда ұшақты емес, пойызды таңдадыңыз. Жол үстіндегі көрген қызықты оқиғаңыз, кездескен кедергі мен ерекше әсеріңіз туралы 3 күніңізді сипаттайтын күнделік жазыңыз. Күнделігіңізде берілген афоризмді қолданыңыз.
Афоризмдер:
1. Жол сұрамай, жолға түспе.
2. Жол сұраған адаспайды.
3.Жолаушыны жол сынайды.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтіндердің тілдік ерекшелігін, жанрлық ерекшелігін анықтай алады.

1



1-мәтін
Стилі анықтайды

1


Жанрлық ерекшелігін табады

1

2-мәтін
Тілдік ерекшелігі

1

Жанрлық ерекшелігін табады

1

Ұқсастығы

1


Айырмашылығы

1







  • Жазба жұмысында афоризмдерді қолданады




2

Күнделік жазады

1

Берілген афоризмдерді қолданады

1

Барлығы







8





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет