Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Қазaқ тілi мен әдeбиеті » пәнiнен 4-тоқсан бойынша



бет56/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)

«Қазaқ тілi мен әдeбиеті » пәнiнен 4-тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым
Транскрипт


Халық санағы - белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпымемлекеттік статистикалық шаралар. Бұл санақ халықтың дәл сол уақыттағы мәліметін "лезде суретке түсіріп" алуға мүмкіндік береді. Халық санағында сол аумақтағы халықтың саны, құрылымы, әлеуметтік-экономикалық сипаты туралы ақпарат жиналады.
Халық санағы көпшілік елдерде негізгі, ал, кейбіреулерінде - демографиялық және әлеуметтік, экономика мәліметтер жинаудың жалғыз жолы. Сонымен қатар, халық санағы халық өмірінің қырларын таңдамалы түрде немесе үй шаруашылығын есепке алуда қолданылады. Халық санағын жүргізудің ғылыми және ұйымдастырушылық негіздері XX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып болды. Көптеген елдерде тұрақты 5 немесе 10 жыл мерзімде бір жүргізілетін Ұлттық халық санағының бағдарламаларында БҰҰ-ның және өзге де ұйымдардың ұсыныстары есепке алынады. Санақ қорытындылары бойынша халықтың табиғи және миграциялық қозғалысын нақтылауға болады. Халық санағын отбасына және үй шаруасына жүргізеді.
1950 жылдан бері БҰҰ әр 10 жыл сайын бүкіләлемдік халық санағын өткізеді. 2004 жылы әдеттегі онжылдық раунд (1994-2004) аяқталды. XXI ғасырдың басында әлемде халық санағы өткізілмеген бірде-бір ел қалмады. Ұлттық санақ қорытындылары өзара сәйкес келу керек, ал негізгі қорытындылар бүкіләлемдік халық санағының бөлігі болып есептеледі. Бұл өз кезегінде әлемдік экономиканың жаһандану дәуірінде үлкен мәнге ие болып отыр.

1-2. Мәтін бойынша 2 дұрыс жауапты анықтаңыз.


Халық санағында аумақтағы .... ақпарат жиналады.
A. халық санағын өткізеді
В. халықтың саны, құрылымы туралы
С. отбасы және үй шаруасы туралы
D. халықтың әлеуметтік-экономикалық сипаты туралы
E. халықтың мәдениетін, тұрмысын қарастырады
[2]
3-4. Сұрақтарға қысқа жауап беріңіз.
Халық санағы қандай мәліметтер жинаудың жолы болып табылады?
(1) ____________________________________________________________________


Санақ қорытындылары бойынша нелерді нақтылауға болады?
(2) _____________________________________________________________________
[2]
5. Мәтінге сәйкес тұжырымдардың шын-жалған екенін анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет