1-бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»
1-НҰСҚА
Оқу мақсаты:
7.2.1.1 -мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.
7.3.6.1 -мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
Бағалау критерийі:
Білім алушы Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды.
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды.
1-тапсырма. Суретте берілген ақпаратты "ПОПС формуласымен" түсіндіріңіз.
2-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеріңіз, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізген сөйлемдеріңізді жазып шығыңыз. Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?
Дүние жүзіндегі адамдардың 90 пайызға таман ғаламторды пайдаланады екен. Яғни күннен-күнге интернет жүйесінің маңызы артып келеді. Ақпараттық технология заманында аталған ғылым жетістігі өміріміздің бір бөлшегіне айналғандай.
Ғаламтордың пайдасы қандай? Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз емес. Ғаламтордан электронды кітаптарды (e-book reader) оқудың да мүмкіндігі жетеді. Іздеген кітабыңызды интернет арқылы тауып алып, смартфон (түрлі гаджеттер) арқылы оқи аласыз. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де аз. Смартфонға жүзден астам кітапты жүктеуге болады. Сөйтіп, қалаған кітабыңыз смартфоннан әп-сәтте табылады. Ал смартфондағы жазбаларды қалаған уақытыңызда оқи беруге болады. Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен, қазір инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Ол үшін сіздің жеке парақшаңызда 10 мыңнан астам және одан да көп жазылушы болуы тиіс. Инстаграм игілігін білетіндер өзінің өнімін онлайн сауда жасап сата алады. Сондай-ақ, әлемторда түрлі онлайн курстарға жазылуға мүмкіндік бар. Мәселен, тіл үйренуге, ас мәзірін жасауға, іскерлік қабілетті шыңдауға арналған курстар. Біз тізген қызмет түрлері ғаламтордың аз ғана мүмкіндігі. Әлемдік желінің пайдалы тұстары өте көп.