Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының



бет26/72
Дата23.10.2023
өлшемі415,15 Kb.
#187658
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ àðìàñûíû

Бағалау критерийлері:


Білім алушы
● Көтерілген мәселеге оқырман тұрғысынан сұрақтар құрастырады және пікірін білдіреді
● Тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) жазады


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей




Уақыты:

15-20 минут




Тапсырма.
  • Мәтінде көтерілген мәселеге оқырман тарапынан сұрақтар құрастырыңыз. Өз пікіріңізді білдіріңіз.




Экологиялық мәселелер
Ғаламдық экологиялық мәселелер – ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер кешені. Зор геосаяси мәселенің экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатыының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы, қоршаған орта мен судың ластануы және т.б. Олар тек барлық елдің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен ғана шешілуі мүмкін.
Қазіргі таңда экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жер құнарлығының жойылуы, мұхит, теңіз суларының мұнай қалдықтарымен ластануы жатады. Теңіз, мұхит суларының ластануынан ондағы тіршілік көзі жойыла бастайды. Мәселен, балықтар мен итбалықтардың қырылуы. Осы мәселелердің алдын алу үшін мұнай өндіру құралдарына арнайы сүзгілерді және ауаны тазарту қондырғыларын орнату жұмыстары қолға алынды.
Экологиялық мәселе біздің елімізде де орын алған. Арал теңізінің суы тартылып, экологиялық апатты аймаққа айналды. Суы тартылып, теңіздің түбі құрғап қалды. Құрғап қалған теңіз түбіндегі зиянды тұзды шаңдар желмен тарайды. Бұл тұздар ауаны ластап, қышқыл жаңбырлардың жаууына әсер етеді.
Экологияның әлемдік мәселеге айналуы ауаның ластануымен тікелей байланысты. Себебі ауаның мемлекеттік шегарасы болмағандықтан, атмосферадағы ауаны қорғау ғаламдық мәселеге айналып отыр.
Қазір де экология мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тіпті экологияны бұзып, ластағаны үшін айыппұл мөлшері де тағайындалып, оның қалыпқа келуіне назар аударылуда.(182 сөз). https://kk.wikipedia.org/wiki/
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет