Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының



бет41/72
Дата23.10.2023
өлшемі415,15 Kb.
#187658
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ àðìàñûíû

Бағалау критерийлері:
  • Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін анықтайды


  • Оқылым материалы бойынша негізгі ақпаратты іріктеп, конспект жазады




Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей




Уақыты:

15-20 минут


Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.



Тараз жері – тұңған тарих
Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала Аулиеатадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталды. Киелі топырақта б.э. 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым В. Бартольдтің зерттеуіне сүйенсек, Тараздың іргесі б.э.д. қаланған. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. 1 ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға Л.Н. Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел. Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Дуалы екі қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерде, Талас деп атанған шаһардың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген деп көрсетілген.
Тараз еліміздің тарихында зор маңызға ие болуы ХV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының іргесі қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді...Мұхаммед Хайдар Дулат өңір Моғолстан хандығының батыс шеті болғандығын айтып, оны Иса Бұға ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға үлеске берілгендігін айтады.
Темір жол қатынасы 1928 жылдың қоңыр күзінде іске қосылды. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарта түсті. Түркісібтің салынуы ауданда ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің өріс жаюына маңызды ықпал етті.
Орта ғасырда қала Тараз деген атауымен әйгілі болды...Тараз өзінің 2000 жылдық тарихи мерейтойын 2002 жылы атап өтті. Сондай-ақ, көне Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Әсіресе Қарахан билігінде дами бастаған. ХІХ ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы деп аталды. 60-шы жылдарда Ресей империясының құрамына енген. Кейінірек Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендеді. Тарихы мол қала бүгінде Жамбыл облысының орталығы болып табылады.
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген. Сондай-ақ, мұнда Қарахан, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б. кесенелері, Мыңбұлақ сквері, Достық үйі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент, Бақылау мұнарасы, т.б. әлем және республикамызға танымал жәдігерлер мен орындар бар.
Ежелгі Тараз қаласы – І-ХІХ ғғ. қазіргі Тараздың орталық базары аумағында орналасқан. Қалашық маңайын қала үйлері алып жатыр. ХХ ғ-дың бас кезінде ұзын қабырғалар төңірегінде отыздан астам төмпешіктер-қорғандар, қоныстар, некропольдер қалдығы болған. Қазіргі кезде олардың бәрі тегістеліп, үйлер салынған. Сүлейманов көшесінің батыс бөлігіндегі төрткүл және телеорталық ауданындағы қоныс, қаланың солтүстік шетіндегі ұзын дуалдардың жекелеген бөліктері сақталынып қалған. Сонымен қатар, мұнда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі де орналасқан. 30 метрлік ескерткіш қаланың батыс бөлігінде «Тараз-Арена» Спорт сарайына қарама-қарсы бетте тұр.(387 сөз). https://www.astana-akshamy.kz/taraz-zheri-tunghan-tarih/
  1. Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз.




  1. Мақаланың түрлеріне анықтама беріңіз.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. «Тараз жері – тұңған тарих» мәтінінің негізгі ойын сақтай отырып, ықшамдап конспект жазыңыз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет