АВТОПОРТРЕТ
БАСЫ: интеллектісіне (ақыл-ойға)байланысты критерий
*Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.
*Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.
*Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.
*Кішкене ақырын салынса,ортада өзін көрсете алмайды.
*Қатты үлкен салынса,өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.
КӨЗІ: үлкен ашылса,сенімсіз(басқалардың пікіріне аса назар аударады).
Кішкене болса,өз-өзімен жүретін(интроверт)ойы бітпейтін адамдар.
КІРПІК: бар болса,салқын адамдар,жоқ болса,тік мінезді.
АУЫЗ: салынса,бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз салынбаса,дипрессияда жүрген адам.
Жымиған ауыз салынса,өзін-өзі қинап,сыпайы болуға тырысатын адам.
Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.
Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз,бұл ештеңегекөңілі толмайтын,енжар адам.
ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.
ҚҰЛАҚ: үлкен болса,сынға қарсы тұратын адам,кішкене болса,сынға назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса,адамның интеллектісінің төмен болуы.
МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді,
Нүкте түрінде салынса,сексуалды проблемасы жоқ.Мұрынның
қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.
ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал ,тұйық, өз парызын жақсы түсінетін адам. Қол төмен қараса,қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса, жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді.Саусақтары бестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды. Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге тырысатын адам.
АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері нашар және жасқаншақтығы көрінеді.
ПОЗАСЫ: егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура салмайтын болса, адамның тұйықтығы.
ДЕНЕСІ: амфаз, басы профиль болса, маңайындағы біреуден жасқанатынын көрсетеді.
Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.
Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін көрсетеді.
Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.
Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: |