Тыңдалым
Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер жетістіктерімізді қанағат тұтып, әр ісімізді ізгілік жолмен атқаратын болсақ, өзімізді бақытты сезінетін боламыз. «Қанағат қарын тойғызады» дейді халқымыз. Ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Бақыт - бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да сонда! Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, интернет, ұялы телефоннан табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже - аталарымыз тіпті оқи алмай, балалық бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он алты жасқа келгенімізбен, әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ, абзал достарым! Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың бақытын, қуанышын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.
Автор көзқарасы мен көңіл күйін білдіретін тірек сөздерді белгілеңіз.
Бақыт
Кемшілік
Ризашылық
Табыс
Ұмтылу
Мәтіннің негізгі ойын білдіретін қатарды белгілеңіз.
Адамның риза болуы керек