Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



бет34/53
Дата16.05.2023
өлшемі1,61 Mb.
#176910
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігіні білім бас армасыны О У- дістемелік ка
Mupac Añn

Оқылым


Мәтіндерді оқыңыздар. Композициялық құрылымына назар аударыңыздар.

Күмістінің асуынан асып, ылдидағы елге түспекпін. Қаратаудың аты аңыз асуы осы. Тастары күмістей ақөңез, жалтыр. Жалғызаяқ жолы асу мойнында кеткен қыл арқан секілді, бұлтылдап иретіліп, астымдағы атым әрең ілесіп келе жатқан. Кенет қауырсын судырын естіп, жалт қарадым... Көзіме ыстық басылды. Бұл осы Қаратаумен құрдас кәрі қыран. Жайлау балалары көре қалсақ қол шошайтып: «Қара қарға» деп мазақтайтынбыз. Сол кезде–ақ мойыны жүнсіз тұғын, өзгермепті. Қыран өзге құстардай суық түсе жылы жаққа безіп жоғалмайды. Көрмегелі көп болса да, танығаны. Бауырмалдығына ішім еріді.


«Атамекенді кәрі қыранша сүйсек қой!..» – деп ойладым. Күмісті тасына тұяғын жегізген көлігім бозға шыға тіпті тұралады. Бірер қарлығаш төбемнен шиқылдап ұшып өтті. Киіз үй маңайында қыбыр еткен ешкім көрінбейді, құдық басында қой суаратын әуіт тұр. Ошақ сөнген, от отарға ілесіп кеткен. Қырда қоралы қой шаңытады. Сөз жоқ, осы үй иесінің малы.Атты қаңтарып, шыпта есікті түріп маңдайшаға байладым, ішіне жарық түсті. Шаңырақ күлдіреуішіне қарлығаш ұя салыпты. Шиқылдап иесіз үйді басына көтеріп, еркін ұшып жүр. Шалың шаңыраққа шытына қарады. – Мына мақұлықтар шаңыраққа ұя салып қойыпты. Айдың жаңасына дейін балапан ұшырар. Ұясын бұзып, көше жөнелуге обалсындық тегі...Ақтала сөйлеп отыр. Әрідегі көңіл күйін түсінбес деп ойлады. Қарт мінезі қатты толқытты. Туған табиғаттың титімдей мақұлығына дейін сүйе білген шалдың үлкен жүрегінің лүпілін сездім. Ыстық шай келді. Күн ауа атқа қондым. Бұлекеңнің қос қарлығашы көп жерге шейін шиқылдап шығарып салды. «Жұрттың бәрі табиғатты Бұлекеңше сүйсе ғой, шіркін!». (178 сөз)



  1. Шығарманың композициялық құрылымын анықтайтын қатарларды сәйкестендіріңіз.




1

Оқиғаның басталуы

А

Қара қарғаның бауырмалдығы

2

Оқиғаның дамуы

Ә

Күмісті асуының табиғаты

3

Оқиғаның шешімі

Б

Табиғатты сүю

[2]



  1. Шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетіне баға беріп, себебін түсіндіріңіз.

Кейіпкердің іс-әрекеті: Шалың шаңыраққа шытына қарады. Мына мақұлықтар шаңыраққа ұя салып қойыпты. Айдың жаңасына дейін балапан ұшырар. Ұясын бұзып, көше жөнелуге обалсындық тегі...





Баға

Қойған бағаңызды нақтылаңыз

Жоғары

Не себепті?

Орташа

Не себепті?

Төмен

Не себепті?

[2]

  1. Қаратаумен құрдас кәрі қыран туралы ақпаратты анықтап жазыңыз.

[1]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет