Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» кмм



бет3/7
Дата25.04.2020
өлшемі462,12 Kb.
#64685
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ж.Джуманбаева Әдістемелік құрал. Психолог

ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп –тамыры ғасырлар тереңінде жатыр.Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде көрініс тапқан.

Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы пікірталастардың негізі болып табылады. Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын мына тұрғыда беруге болады.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын ашу мұғалімнің міндеті. Өйткені, дарынды балалар ертеңгі Егеменді еліміздің өркендеп дамуына, заңғар болашағына жарқын жол ашатын бірден бір байлығымыз.



Мақсаты:

Жан-жақты білімді іскер өздік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру. Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.


Міндеттері:

  • Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру.

  • Шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту

  • Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.

Мен өз тәжірибемде дарынды балаларды анықтау жұмыстарын бастауыш сыныптармен және орта буынмен сонымен қатар жоғарғы буынмен жүріземін.


1.Төменгі сынып оқушыларының қызығушылықтарының картасы. Бастауыш сыныптардың дарындылық қабілеттерін анықтауда мына сұрақтарды қолданамын. Балалардың қабілеттерін зерттеуде бастауыш сынып оқушыларына 35 Сұрақ беріледі. Жауап парағына аты-жөніңізді жазыңыз. Торкөздерге жауаптарды орналастырыңыз, жауаптардың номерлері сұрақтардың номерлерімен сәйкес келу керек. Егер айтылған жағдай сізге ұнаса «+», ұнамаса «-» қойыңыз.

Сонымен қатар әр оқушыға жеке жауап парақшаларын ұсынамын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет