Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» кмм


Аты-жөні Математика және техникалық



бет7/7
Дата25.04.2020
өлшемі462,12 Kb.
#64685
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ж.Джуманбаева Әдістемелік құрал. Психолог
1 апта Білімді бақылау сұрақтары
Аты-жөні

Математика және техникалық


Гуманитарлық аймақ


Сурет өнері


Дене шынықтыру

және спорт


Қарым-қатынас қызығушылығы


Табиғат және жаратылыстану


Үй шаруашылығы


1

Болат Ермұхамет






















2

Серікбай Айгерім






















3

Салимкерей Бекет






















4

Есен Айханым






















5

Құндызбек Ақбота






















6

Жомартхан Әділет























7

Жұмаділда Медина






















8

Жылыс Еркеғали






















9

Көкрекбай Жанболат






















10

Тілеуберген Рамазан






















11

Ерқадыр Арайлым






















12

Қарқабат Темірлан






















13

Қаршыға Әлихан






















14

Қазақбай Мұхаммедали






















15

Манатбек Жанель






















16

Абдималик Назерке






















17

Мұратәлі Бексұлтан






















18

Мустафа Алия






















19

Орынбасар Ернұр






















20

Өмірәлі Әділ






















21

Колябек Қадыржан






















22

Жанарқұл Іңкар






















23

Болат Аянат






















24

Мырзаш Маржан

























Қорытынды:

10

7

3

11

3

13

5







40%

27%

10%

45%

13%

54%

22%



9 «Б» сыныбы



Аты-жөні

Интеллектуалдық


Шығармашылық


Ғылымилық


Көркемдік-бейнелік

Музыкалық


Әдебиетшілік


Әртістік


Техникалық


Жетекшілік


Спорттық


1

Ахмет Салима































2

Әбілда Арайлым































3

Смаил Арайлым































4

Сармантаев Бекболат































5

Серікбай Әліби































6

Көпес Жәния































7

Кайролла Жантөре































8

Мұрат Омар































9

Элдияров Нурмухмет































10

Ерланқызы Амина































11

Чапай Ринат































12

Тательбекова Мерей































13

Жұмабек Еркеназ































14

Ақжігіт Еркебұлан































15

Нұртайқызы Жария































16

Зарлых Арсылан


































Қорытынды:

5

5




3

1

2

1

6

6

7







31%

31%




18%

6%

12%

6%

37%

37%

43%



10 «А» сыныбы



Аты-жөні

Интеллектуалдық

Шығармашылық

Ғылымилық

Көркемдік-бейнелік

Музықалық

Әдебиетшілік

Әртістік

Техникалық

Жетекшілік

Спорттық

1

Алғабек Медел































2

Амантай Дарын































3

Асылхан Наргиз































4

Атықай Мерейлім































5

ДжазылбековКуаныш































6

Ержанқызы Жанира































7

Ерхан Айнұр































8

Көпбосын Диас































9

Қазбек Аруна































10

Нұрлыбек Аружан































11

Нұржанқызы Анеля































12

Орынбасар Хадиша































13

Орынбасар Әбдина































14

Сатылған Бекжан































15

Тоқтарбек Мерей































16

Шорабек Ерсұлтан































17

Орынбасар Анипа































18

Жаңылов Еркебулан































19

Атамқұлова Мерейім































20

Балтабай Салтанат































21

Абдраим Тогжан































22

Қаршыга Аружан































23

Қайып Жәния


































Қортынды:

13

9

2

7

2

6

3

1

8

5







56%

45%

8%

30%

8%

26%

13%

4%

34%

21%

Әр сынып бойынша жеке-жеке қорытынды жасап болғаннан кейін, жалпы жоғарғы сыныптар бойынша төмендегідей қорытындысын жасаймыз.



5-10


Сыныптар бойынша жалпы саны

97

98

27

69

43

60

63

52

83

87












ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.

Мектеп – білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.

Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады.

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.

Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық — педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт.

Дарындылық — жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Дарындыларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми — білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.

Міндеттері:
— оқу процесін тиімді ұйымдастыру;

— өзін-өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;

— жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;

— жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау.

Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:

1.Шығармашылық:


-ойлау;
-қабілет.

2.Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік).



  • күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;

  • пәнге қызықтыру.

3.Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:

  • сөйлесуде;

  • тәртібінде.

Келесі кезең — бағалаушылық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.

  1. Дарынды оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.

  2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.

Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс.

  1. Танымдық - оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.

  2. Логикалық - оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау.

  3. Шығармашылық - шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің псикологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймыз:

- «сенің қолыңнаи бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен’ деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;

- оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;

Шығармашылық ойлап - табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды балалар пәндерді оқу барысында өздерінің «шығармашылық қабілеттерін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.

Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:

- Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;


- Жан-жақты ақпараттандыру;

- Коммуникативті бейімдеу;

- Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:

- Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;

- Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;

- Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;

- Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады

1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;


2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға — пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге.

ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.


ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
Ертедегі Қытайда  дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі  бала деп атаған. Расында дарынды балаларды  киелі бала деп  атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап,  оларға дұрыс жол сілтеу қажет.

 Жалпы педагогика-психология  ғылымында  «дарындылық» мәселесіне  қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде.  Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық - ол жоғары потенциялы  бар,  шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми -техникалық  мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін - адам.

И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын  көрсетті. Олар:

1. Ақыл –ой деңгейінің  жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.

2. Мектептің жекеленген  пәндеріне  және әр түрлі  іс-әрекетіне қабілетті балалар,

3. Қабілеттері  айқындалмаған потенциалды балалар.

Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған  тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның  қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа  біткен қасиет деген.

Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық  адам баласының  даму барысында  тәрбиеге байланысты  дейді. Сонымен дарынды бала- ол кім?

Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол  өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.

Бірініші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Ой - өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға сектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл - ойының кемеңгерлігі сонша – оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің  жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде?

Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады. Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:

- арнайы психометриялық тест;

- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)

- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;

- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау;

- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;

- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау;

- арнай психодиогностикалық тренинг;

       Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлекметтік дарындылық.

       Дарындылықты анықтау сауалнамалары  балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз пстхологиялық сапаларын дәлірек  анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары  бала бойындағы қөайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру  қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады.

Ол қабілетті балалар диогностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан  оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диогностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диогностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі - теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диогностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады.

Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін  диогностикалаудың барлық  түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын  сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.

Психологиялық педагогикалық зерттеулердің  нәтижесі бойынша  дарынды баланың  бейнесі анықталды.

 1. Интеллектуалды және ақыл - ой  белсенділігі бар  бала сөйлеу  белсенділігінің  жоғарлығымен,  ойының,  байқағыштығымен, 

ұшқырлығымен мәселені шешуде  жан – жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында  көсем болумен,  есте сақтауының  беріктігімен т.с.с  қасиеттерімен ерекшеленеді.

2. Бейнелеу өнері бар бала-  сурет салуға көп уақыт бөлінуінен,  көргенін есте сақтауымен,  сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.

3. Әнге қабілеті  бар балалар- ән сабақтарына  аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық  бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.

4. Қозғалыстың белсенділігі  бар бала  жаттығуларды орындауда  тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына  дене күші  күшті болып келеді.

      Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.

    Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар  дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған. Кейде біз, баланы дарынсыз дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.


А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынды:

Кешенді бағалау принципі. Баланы зерттеу жан-жақты және кешенді болуы керек. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен басқа психо - физикалық қасиеттері мен құбылыстарының мүмкіндігінше кең аймағын зерттеуіміз қажет. Зерттеуші үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды.

Кешендік бағалау принципіне тікелей қатынасы бар бағалаудың сапалы жақтарында есте ұстау қажет. Бұл арада бала психикасының құрылымындағы жеке функциялары мен қабілеттерінің даму деңгейінің сәйкестілігін анықтау туралы сөз болып отыр.



Ұзақ мерзімдік принцип.

Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің бір уақыттық шара болуы мүмкін емес. Бұлай жасауға осы мәселенің теориялық жағынан қарастырылу деңгейі ғана емес,сонымен қатар осы үрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу деңгейінде мүмкіндік бермейді.



Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі.

Бір реткі зерттеуге арналған кәдімгі диагностикалық әдістемелердің кемшілігіне баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады. Сонымен қатар,бір реткі тапсырмалар бір уақыттық диагностиканың қызметін атқарады, олар кейбір жағдайларда балаларда табиғи стресстен туған қателіктердің алдын алуға да мүмкіндік бермейді.

     Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын өзгертуге, яғни оларды ең әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасайды. Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ұзақ мерзімдік диагностиканы жүзеге асыруға сол арқылы бір реттік зерттеуде міндетті түрде болатын кейбір психологиялық бөгеттерді шектеу мүмкін болады. Тренингтің көмегімен ұзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан құтыла отырып, өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.

Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру принципі.

Көптеген мамандар баланың дарындылық деңгейін бағалауда қанша актуальды жағын бағаласақ, сонша потенциалдық мүмкіндігін бағалау керек дегенді айтады. Бұдан басқа, педагогикалық және әлеуметтік жағынан баланың сол сәттегі істегені емес, одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.



Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі.

Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады. Дегенмен, бұл арада біздің мүмкіндіктеріміздің шектелетінін ұмытпау керек.



Әр түрлі мамандардың қатысу принципі.

Диагностикалық зерттеулерде психологтардан басқа педагогтар, физиологтар, ата-аналар және балалар қатысуы қажет. Балалар тек зерттелуші арналған арнайы өңделген, әдістемелік құралдары болуы керек. Тек осы мәліметтерді қатар қойып салыстыру ғана шынайы көріністі бере алады.



Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принципі.

Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностиалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, келесі ретпен жүзеге асыруға болады:



-Ұйымдастыру деңгейі.

Алдын-ала ізденіс кезеңі. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері.

     Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б.

     Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет».

Практикалық психологтар интеллектуалдық даму деңгейін анықтау (Д.Венслер,Дж.Равен), шығармашылық ойлауды бағалау (Е.П.Торренстің, Дж.Пилфордтың тесттері) шығармашылық ойлаудың қысқа тұлғаның бағыттылығын анықтаудың дәстүрлі әдістемелерін қолдана отырып, баланың психикалық ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасын ұсынады.

     Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.



-Бағалаушылық - коррекциялық кезең.

Бұл кезең диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Олар продуктивті ойлауды психо-әлеуметтік аймақты физикалық мәліметтерді дамытуға бағытталған.

      Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.

- Өзін бағалау кезеңі.

Бұл кезеңде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар дарынды баланың ереғкше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады.



-Қорытынды іріктеу кезеңі.

Жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады.

Жоғарыда аталған балалар дарындылығын диагностикалаудың принциптеріне сүйене отырып, біз балалар ерекшелігін зерттеуге нақты әдістемелер ұсынамыз.Ұсынылған әдістемелер 6-9 жастағы балаларды зерттеуге арналған. Сонымен қатар, авторлар бұрынғы бар тесттерді қолданбайтынын айта кету керек. Балалар дарындылығын зерттеуге арналған стандартты тесттер қазіргі ғылыми әдебиеттерде жан - жақты берілген .

         

Дарынды балаларды  Психологиялық әдістер көмегімен анықтамас бұрын психологиялық тренингтер, түрлі ойындар жүргізген дұрыс.

Тренинг тақырыбы: «Қабілет және дарындылық»

Тренинг мақсаты: Дарындылық және қабілет ұғымы туралы түсінік беру. Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану. Тренинг арқылы бір-бірімен жағымды қарым-қатынас орнату.

Түрі: ойын-жаттығулар, тренинг, шағын лекция

Тренинг барысы:

I. Шаттық шеңбері

II. Шағын лекция «Қабілет және дарындылық»

III. «Мен неге қол жеткізгім келеді?»

IV. «Көңіл күйімізді жаттықтыру»

V. «Кім екенін тап» ойыны

VI. «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы

VII. Жаттығу «Суретті аяқта және жалғастыр»

VIII. Жаттығу «Мінез сапалары тізімі»

IX. Тренинг: «Мақсатқа жету»

X. Жаттығу «Келесі кездескенше!»
Трениг жүрісі:

I. Шаттық шеңбері

Барлығымыз шеңбер жасап тұрайық. Қазір шеңбер бойымен кезекпен менің оң жағымдағы отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді айтыңдар. «1-2 сөйлем арқылы қай сыныпта оқитының, өзіңнің атың, өзіңнің мінезің, қабілетің, қызығушылығың туралы айту керек. Танысу біткен соң, таныстырудың қалай өткені туралы пікірталас жүргізіледі. Психолог топқа мынадай сұрақтар береді. Кімнің таныстыруы сіздің есінізде қалды және оның   таныстыруы сізге несімен ұнады?



II. Шағын лекция: «Қабілет және дарындылық»

Қабілет

Қабілет деген ұғым өмірде жиі қолданылады. Мысалы: мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Қабілет дегеніміз белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің, қиысып келуін айтады.



Бейімділік және қабілет

Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптпасады. Бейімділік - адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділікті қандайда бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге болады. Мысалы: 2-3 жасар баланың музыка үніне құлағының елендеуі, онда музыкалық қабілетке байланысты табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді..



Дарындылық

Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. Дарындылық туа бітетін ерекше қасиет, ал қабілеттілік әр адамда болатын еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарындылық атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін.


III. «Мен неге қол жеткізгім келеді?»

Мақсаты: Сәттілікке бағыттау, актерлік қабілетті дамыту.

Нұсқау: Кішкене уақыт тыныштықта отырып, неге қол жеткізгіңіз келетінін ойлаңыз? Нені үйренгіңіз келеді? Өз ойыңызды ым-ишара арқылы қалай жеткізу жолын ойлаңыз. Қалғандары: не туралы хабарлап тұрғаныңызды шешеді.

Талдау:

Басты мақсатты таңдау қиын болды ма?

Осы мақсатқа жететініңізге сенесіз бе?

Ол үшін не істеу керек?

Басқа сыныптастар ойларынан нені ұқтыңыз?
IV. «Көңіл күйімізді жаттықтыру»

Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жаттықтыра алуға арналады.

Психолог: Бүгін мен сендерге актер болуды үйретемін. Мен
сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.

1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер 

2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты, мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.

3. Жылап тұрған адамды көрсету.

4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету

5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу
V. «Кім екенін тап» ойыны

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі

Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап, тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді.


VI. «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы

Мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін арттыру, босаңсу, оптимист болу мүмкіндігін қалыптастыру.

Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіздер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз, ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.

Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт, қуаныш, сәттілік, серпіліс сәттерін еске түсірген шығар?

Тағыда жұлдызыңды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз! Және сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға қол жеткізесің. Аспаннан мұқият түсіріп алып, алдыңызға ептеп қойыңыз, жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.

Енді екі қолыңыздың алақанымен тізеңді, сирақ бойы, аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз. Көзіңізді ашыңыз, қағаз алып, түрлі түсті қарындаштармен өз жұлдызыңды әдемілеп салыңыз. Қиып алып, біздің жұлдызды аспанымызға орналастырайық.

Енді құрметті оқушылар, сіздің әрқайсысыңыздың әдемі жұлдыздарыңыз әр тренинг сайын бізге мейірімділік, достық, өзаракөмек, қолдау сәулесін шашып тұрады. Соңғы сабағымызда әрқайсысыңыз өз жұлдызыңызды алып кетесіз, ол сізді білім жолында, емтихандарда және өміріңізде серік болады. Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар бір-біріне ұқсамайды, яғни өзіміз сияқты алуантүрлі.


VII. Жаттығу «Суретті аяқта және жалғастыр»

Мақсаты: психофизиологиялық кедергілерді жою, топты біріктіру.

Нұсқау: Бір-бір ақ бет алыңыз және ең жағымды түсті қарындаш алыңыз. Мен қол соққаннан кейін, тілегіңізге қарай сурет салуға кірісесіз. Тағы қол соқсам суретіңізді сол жақ көршіңізге бересіз, ол суретті толықтырып салады. Содан соң тағы қол соғамын, сурет әрі қарай шеңбер бойынша келесі қатысушыға беріледі, жаттығу сурет ең бірінші иесіне жеткенше жалғасады.

Мүмкін өз суретін толықтырғысы келетіндер бар болса, өзгерткісі келсе мүмкіндік беріледі.



Талдау:

Туынды сізге ұнады ма?

Сезіміңіз, көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.

Басқа адамның суретін, ойын жалғастыру қиын болды ма?


VIII. Жаттығу «Мінез сапалары тізімі»

Мақсаты: Оқушыларға өз күштерін тексеруге, өзін терең білуге, шығармашылық жұмыстануға кедергі келтіретін мінез қасиеттерін өзгертуге көмектесу.

Нұсқау: Төмендегі сапалар тізімін қарап шық. «+», «-», «?»-белгілерін пайдалан. «+»-сол сапа сізде бар; «-»-сол сапа сізде жоқ; «?»-сенімді болмаған жағдайда;

Мінез сапалары

«+», «-», «?»

Қандай қасиеттерді өзгерткіңіз келеді?

Өзіме ұнаймын

Басқалардан сақтанам және оларға ренжимін

Адамдар маған сене алады

Әрдайым бет әлпетімді мейірімді кейіпте ұстаймын

Әдетте дұрыс пікір білдіремін

Жиі жөнсіз әрекет етемін

Адамдар менің жанымда болуды қалайды

Өзімді ұстай аламын

Өмір маған ұнайды

Ұстамсызбын

Өзіме-өзім ұнамаймын

Өзім үшін өзім ойлаймын

Уақытымды бос жұмсаймын

Өз мамандығым жөнінде хабар-дармын

Өз күшімді нығайта алмаймын

Мен әдетте қате пікірлер айтамын

Адамдар маған ұнайды

Өз қабілеттерімді дамытпаймын

Аададар арасында болуды қала-маймын

Өзіме разы емеспін

Басқалар пікіріне тәуелдімін

Өз қабілеттерімді қолданамын

Өз сезімдерімді білемін

Өзімді түсінбеймін

Өзімді еркін сезінбеймін

Адамдар менен қашқақтайды

Уақытты ұтымды пайдаланам



Талдау:

Қандай қасиеттерді өзгерткіңіз келеді және неге?


Тренинг: «Мақсатқа жету».

Жаттығу «Келесі кездескенше!»

Мақсаты: Өзара түсінушілік пен сенімді арттыру, қатысушылармен кері байланыс жасау.

Құрал: Жұмсақ ойыншық.

Нұсқау: Менің қолымдағы сиқырлы күн. Ол жарық, жылу, қуаныш, бүгінгі күн бақытын шашады. Сіз бір-біріңізге сиқырлы күнді жалғай отырып, бүгінгі тренинг жөнінде әсерлеріңізді бөлісесіз және қатысушыларға өз тілегіңізді білдіресіз.

Талдау:

Бүгінгі тренингтен не алдыңыз?

Жаңа нені білдіңіз?

Алдағы өміріңізде нені қолданасыз?



«Жіпті шешу» ойыны.

Қатысушылар топтасып отырады. Әр топқа шиеленіп байланған жіп таратылады. Қатысушылар сол қолдарын артқа ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешулері керек. Кәне, қай жұп жеңімпаз атанады екен?


Қорытынды. Тапсырманы орындау қиын болды ма? Жіпті шешу барысында қандай көңіл-күйде болдыңыздар?
«Грек жаңғағы» жаттығуы.

Барысы: жаттығуды өткізу үшін грек жаңғағы қажет. Жаңғақтың саны қатысушылардың санына сәйкес болуы қажет. Жүргізуші жаңғақты ортаға шашып, әрбір қатысушыға бір-бірден алу ұсынылады. Қатысушыларға қолдарындағы жаңғаққа мұқият қарап, оның құрылысын, жекелеген ерекшеліктерін есте сақтап қалу керектігін айтады. Бұдан кейін жүргізуші жаңғақтарды жинап алып, қобдишаға салып, араластырып, ортаға қайтадан шашады. Әрбір қатысушының міндеті өз жаңғағын табу. Әркімнің жаңғағы өзінің көзіне бірден түседі. Әр жаңғақ өз иесін тапқан соң жүргі


зуші талдауға көшеді. Кім қалай өз жаңғағын есте сақтады, қандай жолмен оны тапты (белгілі бір ерекшелігіне қарап тапты ма, әлде бәрі алып болғанша күтті ме)?

Бірінші көзге жаңғақтың бәрі бірдей сияқты болғанымен біраз уақыт жіберіп, мұқият қараса олардың әр түрлі, бірін екіншісімен шатастыруға болмайтынын көруге болады. Оқушылар да сол сияқты әр түрлі, есте қалатындай әркімнің өзіндік жеке ерекшелігі, дарындылығы болады. Бірақ оны біз көре, түсіне білуіміз қажет.



«Есіміңді атап, өзіңді затқа теңе» жаттығуы.

Мақсаты: жайлы шығармашылық атмосфера қалыптастыру


Барысы: әр қатысушы кез келген затты ойлап, сол заттың орнына өзін қойып, ерекшелігін, пайдасын айтуы қажет. Мысалы: менің есімім Айгүл, мен өзімді компьютерге теңеймін. Компьютердің пайдасы зор, ақпарат көзі.

«Алтын балық» жаттығуы.

Мақсаты: байқағыштық қабілет пен зейінді дамытуға арналған.


Барысы: алдарыңызда тұрған алтын балықтарды ұстап алуға тырысуымыз қажет. Жүргізушінің бір қолы су, ал екіншісі балық болады. Жүргізушіге мұқият қарап отырып, балық судан шыққан кезде жылдам шапалақ ұсоғып үлгеріміз қажет.

«Интервью» жаттығуы

Мақсаты: байқағыштық қабілет пен зейінді дамытуға арналған.


Барысы: алдарыңызда тұрған алтын балықтарды ұстап алуға тырысуымыз қажет. Жүргізушінің бір қолы су, ал екіншісі балық болады. Жүргізушіге мұқият қарап отырып, балық судан шыққан кезде жылдам шапалақ соғып үлгеруіміз қажет.

«Суреттерді аяқтайық » жаттығуы

Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .

Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .

«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы

Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту

Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал .

« Менің көңіл-күйім » жаттығуы

Мақсаты : оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
«Мен басқаның көзімен» жаттығуы

Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды .


«Атомдар мен молекулалар» жаттығуы

Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .


Афирмациялар

« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,

« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда »
«Таңғажайып дорба» ойыны

Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды .


Мен қандай адаммын ?

Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі .

Менің қиыншылықтарым

Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі .

Есте қалған қызықты оқиға

Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады .

Ұқсастық шегі

Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі

Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады . «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың .


« Ең жақсы » ойыны

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа мынадай нұсқау беріледі .Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты


«Жағдайлы волейбол» ойыны

Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады , сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа қағып алмайды


« Кездесу » ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады .


Ассоциация « Жанұя »

Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап береді .



« Сиқырлы жұмыртқа» ойыны

Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады .



« Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуы

Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады .



« Өкпені еріту » жаттығуы

Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін, көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз .



«Тазару» жаттығуы

Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым, кештім.


Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар

“Бет-әлпетті еске сақтау” Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала.

“Ол қалай күледі?” Бет жүзіне қарап, адамның қалайша күлетінін, жылайтынын көз алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін, сүйіспеншілігін, махабатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан кезде қандай? Ол қулана ма, әлде сытылып, құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді? Ұрсыса ма? Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай көрінетін еді? Кейін қандай болады?

“Мен басқалардың көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды?

“Өзіңді бағалау” Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн. Айналаңдағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Нгер біреу қателік жіберсе, сол қателікке емес, оған өзіңнің реакцияңды қалай болатынына назар аудар.
“Көңіл-күйге ортақтасу” Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын сеніп ашса, өзіңдікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне ортақтас, өзіңді оның орыныа қойып көр.

“Қоштау” Балаларға көз салып қара, олардың іс-әрекеттерін бақыла, оны қоштау мүмкіндіктерін жіберме.

“Күлкі” Бет-жүзіңде әрдайм күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді жүзді, ақжарқын қалрыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған әруақытта дайын бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн.

“Саған аманшылық тілеймін” Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзің (ішкі тілегің) “Саған аманшылық тілеймін” болуы керек. Мұны оған бар жан-жүрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрсысып қалатын болсаң, “Саған аманшылық тілеймін” дегенді дереу есіңе түсіріп, қайталайтын бол.

“Жаңа түрге ену” Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр. Сен – ол екенін көз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне аз-маз еніп байқа. Оның жүріс-тұрысын, мимикасын, қозғалыстарын салып көр. Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге тырыс.

“Нажағай қаупі жоқ” Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс. Саған оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын. Ұрысысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен. Бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту айтпауға, кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің?

“Мен – ғажаппын!” Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.

Мысалы:

- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

- Мен ғажаппын, мен кереметпін.

- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

- Мен тамаша жанмын.

- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

- Мен сабырлымын, салмақтымын.

- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.

- Мен әділетті, адал жанмын.

- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

- Менің қолымнан бәрі келеді.

- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

- Мен үшін өмірдің қызығы мол.

- Мен бәріне ризамын.

- Мен бақытты адаммын.


ҚОРЫТЫНДЫ

Мен өзім қызмет ететін мектеп-лицейдегі оқуға мотивациясы жоғары, орташа және төмек оқушыларды анықтауда тиімді қолданып жүрген әдістеріммен бөлістім. Осы оқушылардың ішінен оқуға мотивациясы жоғары (дарынды) оқушымен жұмыс жасағанда оқушы жанындағы психолого – педагогикалық және әлеуметтік жағдайына назар аударылды. Балаға әсер ететін орындар: ата-ана, мұғалім, қоршаған ортадағы жолдастары анықталды. Баланың жанын түсініп, ерік күш-жігерін оятқан кезінде ізденушілікке көңіл бөлінді. Оқушының дарындылығын психодиагностикалық әдістемелер жинағы арқылы анықтап, бақылау, әңгімелеу жоспарланған сұрақтар арқылы оқушының сөзді есте сақтау, өз пікіріне дұрыс шешім тауып сөйлемге толық мән беріп жеткізуін байқалды.

Дарынды оқушыны анықтап болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми жоба ретінде көмек беруін мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім үшін қалыптасқан тұлғаны дамытуға ең тиімді жолмен кеңес серияларын ұйымдастыруға себеп туғызады. Дарынды оқушының жүрегіне жол тапқан ұстаз педагогикалық тұрғыдан шеберліктің қайнар көзіне айналады.

Дарындылық табиғаттан берілген ерекше қабілет деп түсіну қажет. Мысалы: жоғарыда аты аталған дарындылықтың мынадай түрлері бар. Интеллектуалдық, академиялық, көркемдік, шығармашылық, лидерлік және спорттық. Мектеп психологы болғандықтан осы аталған топтың ішінен психодиагностикалық тестер мен сырттан бақылау арқылы мектепте дарынды оқушылардың шығармашылық пен лидерлік топқа жататындығын анықтап байқадым. Ақыл-ой дарындылығы едәуір басым оқушыларды ойлауды бағалау диагностикасын жүргізу арқылы анықтауға болады. Диагностика арқылы оқушының ақыл-ой дамуы, танымдық әрекетіндегі тұлғалық ерекшеліктері толық мағлұмат алдым.

Сараптама жүзінде логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесі алынды. Зерттеу-сауалнамасы дербес жүргізілді.

Зерттеу-сауалнама жүргізу барысында әр сыныптан 4-5 оқушыдан таңдап алынып, қосымша оларды сырттан бақылап, содан соң әдістеме жүргіздім. Соның нәтижесінде: логикалық ойлау қабілеті өте жақсы, интеллектуалдық және лидерлік, қабілеті жақсы шығармашылық топқа жататындар анықталды.

Зерттелген әдістеменің көмегі арқылы оқушылардың ізденісі талаптарын ашу мақсатында оқушылармен мұғалімнің арасындағы байланысты одан әрі көтеруге мүмкіншілік туды. Сараптаманың қорытындыларымен сынып жетекшілері таныстырылды. Олар өз кезегінде пән мұғалімдерімен бірлесе жоспар құрып жұмыс жасайды.

Қорыта келгенде, осындай сауалнамалардың арқасында мен «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ барлық оқушыларның ішінде: 43% - оқуға мотивация жоғары; 45%-оқу екпінділері және 12%- оқуға мотивациясы төмен оқушылар анықталды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж.

2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред. Щурковой Н.Е.-М., 2002 г.



3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2010 г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет