Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» кмм


Алғысөз «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» Н.Ә.Назарбаев



бет2/7
Дата25.04.2020
өлшемі462,12 Kb.
#64685
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ж.Джуманбаева Әдістемелік құрал. Психолог

Алғысөз
«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат,
қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»
Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек, олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап – жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды,тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.

Ұстаз алдында отырған оқушыларды ерекше қабілетті, орташа деңгейдегі оқушы, оқуға мотивациясы төмен оқушы деп үш топқа бөледі. Бұл қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе. Осы тұста «Ерекше қабілетті оқушы деген кім?» деген сұраққа жауап беретін болсақ...

Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын, талдай білетін, дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі.Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ерекше қабілетті, талантты балалардың биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек, ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасатын қасиет. Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - ұстаздардың басты міндеті.

XXI ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық - психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және есуі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді.

Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күту керек пе, әлде көгенкөз балалардың бойындағы қабілетті ашып,болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба?

Дарынды балаларды анықтау, оларды тәрбиелеу мен оқыту қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет. Дарынды балалармен жұмыс істеуде мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарындылық деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз?

Құралдың міндеттері:

1.Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.

2.Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын беру.

3.Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелерді жинақтау.

4.Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологияларын жалпылау.
Күтілетін нәтиже:

Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты психологиялық, педагогикалық, әдістемелік сауалнамалар зерделенеді.

Ғылыми–психологиялық сараптамасы негізінде дарынды балаларға сипаттама беріледі.

Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі сауалнамалар жинақталады.

Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологиялары жалпыланады.


КІРІСПЕ
Дарынды балаларға білім беру әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарын дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр.

Дарындылық-белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі.

“Дарындылық” ұғымы “сый” (“дар”) деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді.

Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық “табиғаттан берілетін ерекше қабілет”деп түсіндіріледі.

Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады.

Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Демек,бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік келешектегі қабілеттіліктің көрсеткіші бола алады. Ерекше қабілеттілік - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
Адамның ерекше қабілеттілігі оның жоғары туа біткен жеке қасиеттерімен тығыз байланысты.

Табиғи дарындылық дегеніміз не?

Нышан дегеніміз - қабілеттің дамуының анатомиялық - физиологиялық алғышарты.

Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез келген іс - әрекетті табысты орындауы.
Дарындылық дегеніміз - адамның кез - келген іс - әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

Данышпандық дегеніміз - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі.
Дарынды оқушыға сипаттама

Дарындылық факторлары

-Интеллект

-Шығармашылық

-Мотивация

-Жеке оқушының әлеуметтік бейімделуі.


Компоненттер

- Жалпы қабілеттері (вербальды, сандық, көлемді)

- Арнайы қабілеттері

- Шығармашылық ойлау

- Шығармашылық қабілеттілік

- Таным қажеттілігі

- Тапсырмаға тұрақтылық

- Отбасы және мектеп

- Қоғам

Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі:

• Ой-өрістің жоғарылығы


• Академиялық табыс
• Шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту
Көркемдік әрекет
• Қатынас және белсенділік
• Қозғалғыштық

Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:


• Жас ерекшелігі
• Тұлғалық ерекшелігі.
• Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет