Жанат Әскебекқызы Орындаған : Фазиля Болатқызы Тексерген: Мыханова Дамира Серікқызы Кәсіби біліктілігі



Дата07.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#94788
Байланысты:
жанат әскербекқызы ( Болат Фазиля )


Жанат Әскебекқызы
Орындаған : Фазиля Болатқызы
Тексерген: Мыханова Дамира Серікқызы
Кәсіби біліктілігі:

филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;

Жүргізетін пәндері:

әдебиет теориясы, қазіргі қазақ әдебиеті,

миф және әдебиет,

мифтік таным архетиптері,

әлем мифологиясы,

аңыздық проза.

Осы ұйымда жұмыс істеген мерзімі: 2000 жылдың қараша айынан, 13 жыл

Академиялық тәжірибе:

Осыған дейінгі өзге білім беру ұйымдарындағы жұмысы: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, қазақ филологиясы кафедрасы; Жүргізген пәндері: ежелгі дәуір әдебиеті, қазіргі қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, әдебиет теориясы, қазақ халық ауыз әдебиеті.

Академиялық емес тәжірибе:

Республикалық «Әлем әдебиеті» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі(қосалқыжұмыс);

Кәсіби ұйымдарға мүшелік:

ҚР Жазушылар Одағының мүшесі
Жанат Әскербекқызы[1] 1966 жылы 1 қаңтарда шығыс қазақстан облысы, тарбағатай ауданы, қарасу ауылында дүниеге келген. 1987 жылы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1987 — 1995 жылдары шығыс қазақстан облысы, тарбағатай ауданы құйған ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1995 — 2000 жылдары шығыс қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «оралхан бокей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ :
1995 жылы «Қарлығаш» жас ақындар жинағына өлеңдері енген. «Ғарыш билер ғүмырымды» (1999), «Қаракөз бұлақ» (2001), «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001), «Көктүріктер әуейі» (2002), «Қаз қанатындағы ғұмыр» (2007) жыр жинақтары шыққан. «Миф дүниесі және көркемдік әлем» (2004), «Көркемдік өріс» (2008), "Мифтің поэтикадағы қызметі" (20010) ғылыми-зерттеу кітаптарының авторы. Орыс ақындары М.Лермонтовтың, Н.Гумилевтің, жапон ақыны Сай-генің, Басенің, тәжік ақыны Фарзонаның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз өлеңдері қырғыз тілінде шыққан «Қазақ поэзиясының антологиясы» жинағына енген.
Жетістіктері :
1993 жылы ұйымдастырылған республикалық «Аққұс» ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Республикалық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері. Қасым Аманжоловтың 90 және 100 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының жүлдесін иемденді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ұйымдастырылған бәйгеде «Көктүріктер әуені» өлеңдер топтамасы үшін үшінші жүлдені жеңіп алды. Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004), "Шығыс шынары" Халықаралық жыр мүшәйрасының екінші жүлдегері.
Шығармашылығынан үзінді :
Қаңтардағы қармен әңгіме
 
Тәкаппарсың.
Сұп-суықсың.
Әппақсың…
Әппақ болып аяқ асты жатпақсың.
Жерде жатып,
Көктен түскен қалпыңмен
Асқақ, әппақ болмысыңды сақтапсың…
Қаңтар – тәнің, аяз – жаның, әппағым…
Сені іздеп жүр күміс тоғай бақта кім?!
Күміс күйме сыңғырына елітіп,
Мен де іздегем әлдекімді… таппадым.
Ақ бораны сенделеді Арқаның…
Өзіңе де, өзіме де бар таңым.
Қаңтар бізді тастап кетер жұртына,
Сонда оны сүйемісің,
Қар-Ханым?!.
23 қазанда Ақтөбе қаласында С.Бәйішев атындағы «Қаламгер» кітапханасында өткен бенефистен естелік :
Жанат Әскербекқызы туралы толғаныстар:

Жанаттың шығармашылық ой ұшқырлығы мен ғылымдағы алғырлығы оның орта мектептерге арналған бірнеше буын оқулықтары арқылы да дәлелденді. 8-9-10-11 сыныптарға арнал­ған жаңа буын бағдарламалары мен оқулықтарын, әдістемелік құ­ралдарды әзірледі. Оның бір­қатары бүгінгі күні рес­пуб­­­лика мектептерінде қолда­ныс­қа енгізілді. Жанаттың про­­­фессорлық-педагогтық тә­жі­рибесі магистранттар мен док­торанттарға жүргізген дәрі­сінен де байқалады. Дуалды, диалог дәріс түрлерін, жаңа авторлық пәндерді оқу үдерісіне енгізді. Ресей (Қазан), Түркия (Ізмір) мем­лекеттері жоғары оқу орындарында мазмұнды дәрістер оқып, оқу үдерістерін ұйымдастыру са­ласынан тәжі­рибе бөлісіп отырады. Жанат Әскер­бекқызы шы­ғармашылық иесі ретінде де, ғалым ретінде де бірнеше буын ізбасарларды тәрбиеледі. Бүгінде Жанат Әскербекқызы – ақын, ғалым, педагог, ана. Ол өзі­нің ғы­лыми, шығармашылық, пе­дагогтық ортадағы қабілет-қа­ры­мын одан әрі баянды ете бермек. Қарлығаш БАЙТАНАСОВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет