«Жанды қарым-қатынас» тренинг
Мақсаты: Ғаламторға тәуелділік, буллинг, кибербуллинг ұғымдарының мәнін түсіндіру. Жасөспірімдер арасында өзара ЖАНДЫ қарым-қатынасты дамыту. Оқушылардың бойында мазасыздық, үрей, қорқыныш сезімдерінен арылуға көмектесу, өз-өзіне деген сенімділіктерін арттыру. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
БАРЫСЫ.
І. «Сәлемдесу»
Мақсаты: Амандасу, топты ұйымдастыру
Нұсқау: Оқушылар шеңбер болып тұрады, алдымен оң жақтағы, сосын сол жақтағы қатысушымен сәлемдеседі.
Салем досым! / қолмен амандасады
Қалайсың? /иықтармен
Қайда болдың? /аяқтармен
Мен сені сағындым! / қолдарын жүректеріне қояды
Сен келдің / қолдарын жаяды
Жақсы болды /құшақтайды
Жасыл, сары түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлініп отырады.
Жасыл – өз-өзіне сенімді адамдар, жігерлі. Кез-келген мәселені сабырықпен шешеді.
Сары – мейірімді жандар. Бейбітшіл. Жан тыныштығын қалайды.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ғаламторға тәуелділік: «21 ғасыр – компьютерлік технологиялар ғасыры»
ИНТЕРНЕТ – БҮКІЛ ҒАЛАМДЫҚ ТОР. “ИНТЕРНЕТ” АТАУЫ 1983 ЖЫЛЫ БЕРІЛГЕН. БҰЛ КҮНДЕ ИНТЕРНЕТТІ ТҰРАҚТЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР САНЫ БҮКІЛ ӘЛЕМ БОЙЫНША 1,5 МЛРД АДАМНАН АСАДЫ. ИНТЕРНЕТ ЗАМАН АҒЫМЫНА САЙ, КЕЗ- КЕЛГЕН ЖАСТЫҢ БІЛУІ ҚАЖЕТ ҒАЛАМДЫҚ ТОР. ЕГЕР ҒАЛАМТОРДЫ ОҢ ЖАҒЫНАН ПАЙДАЛАНАР БОЛСАҚ БІЗГЕ ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ ӨТЕ ЗОР.
ИНТЕРНЕТ ҚОЛДАНУШЫЛАРДЫҢ 20% -Ы ТӘУЕЛДІ ЕКЕНДІГІ ҒЫЛЫММЕН ДӘЛЕЛДЕНГЕН. ТІПТІ ОЛАРДЫҢ БІРҚАТАРЫ ҒАЛАМТОРДЫ ҮЙ, ТАҒАМ, СУ ІСПЕТТІ ӨМІРЛІК МАҢЫЗДЫ ДҮНИЕ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ.
І Жаттығу. Постер қорғау
І топ: Интернеттің мүмкіндіктері, пайдасы
ІІ топ: Интернеттің зияны, одан келетін қауіп
ІІ. Интернеттен болатын қауіп кибербуллинг, буллинг туралы ақпарат беру
Буллинг - адамға көрсетілетін зорлық- зомбылық, яғни адамды қорлау, мазақтау, бопсалау, әлісжеттік көрсету, ұрып-соғу, денесіне түрлі жарақаттар түсіру, қорқыту т.б.
Кибербуллинг- буллингтің әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және лездік хабарламалар қосымшалары арқылы интернеттегі психологиялық зорлық-зомбылықтың түрі.
Ол цифрлық технологиялар көмегімен әлеуметтік медиада, хабарлама алмасу бағдарламаларында, чаттарда, ойын платформаларында және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін.
ІІІ.
Кибербуллингтен сақтануға арналған кеңестер
Желіде болған кезде сыпайы және мейірімді болыңыз. Өз құрдастарыңа жағымды хабарламалар, күлімсіреу немесе бестік жіберу арқылы қолдау көрсетіңіз
Параметрлеріңізді және парольдеріңізді тексеріңіз: Сіз мұны досыңызбен бөлістіңіз бе? Желіде не орналастырғаныңызды кім көре алады? Құпиялылық параметрлерін соңғы рет қашан қарадыңыз?
Бұл туралы сөйлесіңіз. Егер сіз өзіңізді қорлап жатқанды сезінсеңіз, сіз кибербуллингтің құрбаны екеніңізді сезсеңіз, сенімді адамыңызға міндетті түрде хабарлаңыз
Кибербуллингтің алдын алуға арналған кеңестер
Өсектерді таратпаңыз, зиянды немесе ұятты оқиғалармен , фотосуреттермен бөліспеңіз.
Сіз үшін зиянсыз әзіл болып көрінгенімен басқаларды қатты ренжітуі мүмкін.
Сіз хабарламаны, фотосуретті немесе бейнені бөліскеннен кейін, оған не болатынын бақылау қиын. Бұл әрекетті қайтару мүмкін емес.
Балалар, адам қатты ренжіген кезде агрессияға бой алдырып, ойланбай әрекет етуі мүмкін. Ал енді біз қазір сіздермен адам бойындағы агрессияны түсіруге арналған бірқатар жаттығыларды орындаймыз.
ІІ жаттығу. «Ашуды шығару» жаттығуы ( 5 минут)
Мақсаты: Іштегі агрессияны шығару, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ортаға екі қатысушы шығады, жіпке тізілген стакандарды үрлеу арқылы бір-бірден мәреге жеткізу.
ІІІ жаттығу. «Карусель» жаттығуы ( 5 минут)
Мақсаты: Ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру, бір-біріне деген сенім ұялату.
Ортаға 4 қатысушы шығады, бір-бірімен арқасымен қол ұстасып тұрады. Бірге қозғалу арқылы шарларды кезекпен алып, мәреге жеткізу керек. Жұп жазылмайтындай бірге қозғалады.
ІІІ жаттығу. «Құбыр» жаттығуы ( 5 минут)
Мақсаты: Ұжымы топтастыру, сыйластық, достық қарым-қатынас, жағымды ахуал қалыптастыру, бір-біріне деген сенім ұялату.
Шеңбер бойымен тұрыады. Қағаздар таратылады. Құбыр жасап, бір-бірмен байланыстырады. Құбырмен доп жүргізіледі. Допты құбырдан шығармай, құлатып алмай мәреге жеткізу ұсынылады.
ІҮ.«Тілек тілеу»
Қорытындылауды өздеріне жасау
Қорытынды: Тренинг соңында оқушылардың алған әсерлерімен білу..Көңіл-күйлерінің көтерілгендігін байқау.
Қорытынды.
Адами қарым-қатынастағы игі әрекеттердің бірі-тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті-кешірім болып табылады. Өмірде адамдардың ашулану, ызалану сезімін тудыратын жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады.
Бір –бірімізбен тек виртуалды әлемде ғана емес, жанды қарым-қатынас жасау арқылы достық, сыйластық қарым-қатынас жасағанымыз абзал, достар!
Тренингке қатысқандарыңызға рахмет!
Меркі ауданы
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебі
Тренинг:
«Жанды қарым – қатынас»
Психолог Куралбаева Г.С.
Достарыңызбен бөлісу: |