«Жанерке» балабақшасы


теориялық білімнің жоғары дәрежеде болуы



бет2/5
Дата05.02.2022
өлшемі36,79 Kb.
#15480
1   2   3   4   5
теориялық білімнің жоғары дәрежеде болуы
Тиімді қолдана
білген әдістер
арқылы:
Оқушының музыка пәнін қызығып оқуына әрекет ету
Білім беру сапасы артады
Музыкалық аспаптарда ойнап, үнін тыңдату арқылы ұлттық аспапқа деген қызығушылығы артады
Әнді дұрыс
айта білуге дағдыландыру
Қиын тақырыпты оңай әрі, қызықты етіп түсіндіруге болады.
Музыка пәні
сабағында
оқушылардың
қызығушылығын
арттыруда
Достық
қарым-қатынасы
нығаяды;
Қазақ өнерін, ұлт аспаптарын
қадірлей білуге ,терең,жан-жақты
игеруге әсер етеді талғамын
дамытады
Сөйлеу,тыңдау,
ән айту, аспапта ойнау
қабілеті артады;
Ойлау қабілеті
дамиды;
Ән-күй тыңдау арқылы
балалардың сұлулыққа
құштарлығы артады
Эстетикалық талғамын
дамытады
Кіріспе
 Болашақ ұрпақтың білімділігі мен оның рухани байлығы-әлемдік өркениетке жетер бағыттағы Қазақстан Республикасының гулденуіне кепілдік болар бірден-бір жол. Нарықтық қазіргі жағдайда мәдениетті, білімді, өзіндік ұстамы мен таным-көзқарасы жетілген адам тәрбиелеудің маңызы зор. Бүгінгі оқушы- ертеңгі біздің болашағымыз. Еліміздің 2030 жылы барысқа айналдыратын күні бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар – деп Елбасымыз тегіннен - тегін айтқан жоқ . XXI ғасыр білімді халықтық ғасыры болады, қазақ жастарының білімге ұмтылуы, өзінің еліне, отанына , жеріне, ата-бабаның төккен қаны мен теріне адал болуға шақырады. Жас ұрпақтың ой-өрісін қалыптастырып өнерге, білімге баулитын мұғалімнің өмірі мен өнегесі сай болса ұстаз деген атқа лайық болмақ, оқыту мазмұнын жетілдіру үшін мектептерде оқыту ісіне оқушылардың жеке ерекшеліктерін қадағалап, ескере отырып, жан-жақты ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ, асыл ойлары мен әртүрлі сезім иерімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.
Негізгі бөлім
Музыканың жанрлары мен түрлері өте көп. Опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және аспаптық , вакальдық, эстрадалық, биге арналған, балаларға арналған музыка түрлері болады. Музыкалық дыбыс-өзіндік мәнімен маңызы, қадірі мен қасиеті, ерекшелігі бар дыбыс.
Өнер-халық тарихының шежіресі.Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары
адамның күйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді.
Қазақ музыка өнері халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірімен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күй. V-VI сынып арасында саз пәні бойынша сабақ өткізуде төмендегідей жоспар құрып, жас буындарды эстетикалық ізгілікке, адамгершілік биікке, рухани тазалыққа, шынайы сезімге баулуды қазақтың музыка аспаптарымен музыка өнері деген жас ұрпақтың қызығушылығын арттыруды мақсат еттім. Сол арқылы оқушыларды музыка мектептеріне әртүрлі ұлттық аспаптар ойнауға мүмкіншілігімен байыптауға тарттым. Менің бүгінгі тоқталатын тақырыбым «Музыка өнерін қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен саз пәнінде насихаттау».
Музыканың жанрлары мен түрлері өте көп. Опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және аспаптық , вакальдық, эстрадалық, биге арналған, балаларға арналған музыка түрлері болады. Музыкалық дыбыс-өзіндік мәнімен маңызы, қадірі мен қасиеті, ерекшелігі бар дыбыс.
Өнер-халық тарихының шежіресі.Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары
адамның күйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Өнер- қай халықтың болмасын тарихымен бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан ұлы құбылыс. Ежелден өнер сүйген, табиғатынан әне әуес, күйге құмар халқымыздың рухани қазынасы өте бай.Сол мұралар үніне құлақ түрсек ,ата-бабамыз басынан өткерген қилы-қилы заманда сан ғасырдан шежіре боп сыр шертеді. Ән-күйлерден халқымыздың арман-ойларын , мұрат-мүддесін ұғып, елдігі мен ерлігін, қадір-қасиетімен парасат-пайымын, бітім- болмысын танимыз. Музыка үшін әр аспаптың өзіндік дыбыстық ерекшелігі қажет, ол ерекшеліктер шығармаға қайталанбас бояу жан сергітер реңк беріп
тұрады. Музыкалық аспаптардың шығу тегін, дамуын, құрылыс - құрылымын, жасалуын, дыбыстық ерекшелігін, әуендік-әуездік мүмкіндігін, қызметін, мақсатын, мән-маңызын зерттейтін ғылым саласы аспаптану деп аталатыны мәлім.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасымен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, есте сақтау, ырғақ) қалыптастыруымен қатар , ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам- сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.
Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту апаратының дамуы, музыкалық аспапты ұстау шеберлігі меңгеріледі. Оқушының эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін , ладпен ырғақты сезіну, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет.Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай, көркемдік тереңдігімен ерекшеленіп, рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. Қазақтың халық аспаптық музыкасының жетуіне еңбек сіңірген домбырашылары мен қобызшылары, әншілері: Қ.Сағырбаев,Д.Нұрпейсова, Дәулеткерей, Қазанқап, Сейтек, Қорқыт, Ықылас, Жаппас ,Ақансері, Біржансал, Абай.
Музыкалық дыбыстың шынайы дамуы аспаптардың пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақ халқының көне заманнан келе жатқан көне музыкалық аспаптарын халықтың асыл мұрасы деп атауға болады. халықтың талғам-танымынын даму динамикасының өре – ауқымын, бағыт-бағдарын саралайды: бір халықтың музыкалық аспаптарының басқа халықтар музыкалық аспаптарымен байланысын қарастырады. Сондай-ақ өзінің даму жолын, тарихын да зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет