«Жанерке» балабақшасы


Музыка мен әдебиеттің байланысы



бет3/5
Дата05.02.2022
өлшемі36,79 Kb.
#15480
1   2   3   4   5
 Музыка мен әдебиеттің байланысы.
Қоңырлатып ән салса,
Домбырадан күй төгіп.
Балаусадай балқытса,
Құйқылжытып қалқытса,
Тіл көмейден ақынның,
Алтындай сөзі ағылса.
(М.Құлжабайұлы)
Қай халықтың болсын музыкасы мен әдебиеті бір-бірімен қабаттаса, қатар жүретін егіз өнер.
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымын көркемдік және материалдық мәдениетін құрайтын, өзіне ғана тән жанр түрлерімен ерекшеленетін, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік қасиеттерін сіңіріп, тәрбелейтін басты құрал-ұлттық музыка.Халқымыздың шілдехана, тұсау кесер, тілашар, сүндет, наурыз тойларында шырқалатын әндер мен өлең-жырлар осы пікірдің дәлелі. Сондай-ақ тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарға байланысты айтылатын бесік жыры, жар-жар, беташар,сыңсу, жарапазан, жоқтау, жұбату сияқты дәстүрлі дүниелерде де музыка мен поэзия қабаттаса бірігіп келеді.арқылы туындап отырады.
Ақын, жыраулар өздерінің өлең- жырларын домбыра, қобыз,сырнай сияқты аспаптардың әуеніне қосып белгілі бір сарынмен ән айтатын болды.
.
-Ал қазақ халқынан көне қазақ аспаптары қандай қасиеттеріне қарай бөлінеді:
1. Шертіп ойналатын шекті аспаптар.
2. Ысып-ысқышпен ойналатын аспаптар.
3. Қағып-сілкіп ойналатын аспаптар.
4. Ұрып-соғып ойналатын аспаптар.
5. Үрлеп ойналатын аспаптар.
I. Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра.
Шертіп ойнайтын ішекті аспаптарға-қазақтың қара домбырасы, шертер, жетіген аспаптары жатады. Барлығы да ағаштан жасалады. Домбыра аспабына тоқталсақ, ол үш бөліктен тұрады: бас бөлігі, мойын бөлігі, шанақ бөлігі.
Бас бөлігінде құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернерлері орналасады.Шолақ бөлігінде тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыраның беті тегіс, сырты күмбез келеді. Шертер – домбыраға кейде қобызға ұқсас келеді. Мысалы: оның мойнының қысқа, шектерінің қыл, шанағының беті ашық болуы қобызға, ал ойнау әдісі мен мойнының түзулігі домбыраға ұқсайды.
Ескі шертердің беті ашық, жаңа шертердің беті тегіс жабық, дыбыс ойығы бетінде.
Жетіген – ең көне ішекті аспаптардың бірі. Жетігенді кепткен ағаштың астын астауша етіп, ойып жасап, бетіне жеті ішек тартып байлап, әр ішектің астына бір-бірден асық қойылған. Асық тесіктің де , құлақтың да ролін атқарған.Күйді шерткенде асықтарды әрлі-берлі жылжытып отырған.
Әдебиет пен музыка өнерінің қос тізгінін қатар ұстаған ірі тұлғалар- Махамбет,Абай,Нұртуған,Шернияз т.б.Олардың кейбіреулері өз шығармаларын домбыраның сүйемелдеуімен орындаған
Қазақ халқының музыкасы мен әдебиеті бір-бірімен ажырамайтын бір тұтас өнер.Абай Құнанбаевтың 1888 жылы табиғатпен адамның ішкі сезімін ұштастырып жазған әні «Желсіз түнде жарық-ай».
Ән байсалды, бір қалыпты, созылыңқы қоңыр үнмен орындалады.
Әнді орындап беру,фразағаа бөліп үйрету.Әнді үйрету барысында оқушылардың дұрыс дем алуларына көңіл бөлу.
Үйреткен әнді тақтадағы суретке қарай отырып, табиғат құшағында отырғандай сезіммен орындау.Абайдың бұл әні ағылшын, араб, қырғыз. өзбек. орыс, татар тілдеріне аударылған. Абай қазақ халқының көзі ашылып, алдыңғы қатарлы мәдениет елдер қатарына қосылуын, еңбекті біліммен, өнерді, татулық пен бірлікті жырлаған ол домбырада да ойнай білген.
ІІ...Қылқобызға жағады,
Қарағайдың шайырын....
Ысып – ысқышпен ойналатын аспаптарға қобыз аспабы жатады. Ол ағаштан жасалады. Қобыз екіге бөлінеді: қылқобыз, примақобыз. Қылқобызда екі ішек , екі құлақ болады. Қылқобыздың шанағының беті түгел ашық болады. Ал прима қобызында төрт ішек болады , төрт құлақ болады. Шанақ беті тегіс жабық болады, тиегі осы тегіс бетінде орналасады. Қобыз аспабы үш бөліктен тұрады: бас бөлігі, мойын бөлігі,шанақ бөлігі. Сыртқы беті күмбез болып келеді.
ІІІ. Қағып-сілкіп ойналатын аспаптарға : асатаяқ, жыланбас асатаяқ, сылдырмақты асатаяқ, даңғыра, кепшік жатады. Кейбір асатаяқтың басына бірнеше қоңыраулар байланады.
IV. ...Майданда дабыл қақтырып,
Ерлердің жолын аштырып....
Ұрып-соғып ойналатын аспаптарға: дабыл, дауылпаз, тұяқтас, шыңдауыл жатады. Дауылпаздың өзі: қазандауылпаз, нар дауылпаз, қос дауылпаз болып бөлінеді. Тұяқтас жылқының тұяғынан немесе ағаштан жасалады.Дабыл ағаштан, теріден жасалады. Дауылпаз жезден немесе мыстан жасалады. Олардың соғып дыбыс шығаратын қасықтары, таяқшалары болады.
Үрлеп ойналатын аспаптарға: сырнай , үскірік, сыбызғы, сазсырнай, тастауық жатады. Сыбызғы қурайдан, қамыстан темірден жасалады. Тастауық сазсырнай үскірік :саз балшықтан араларына жүн немесе қыл қосып жасалады. Бұл олардың сынбауына әрі дыбыстың жақсы шығуына жасалған. Мүйізсырнай – мүйізден ойылып жасалады.
Желқобыз – қарынға немесе иленген тері торсыққ екі-үш түтік сырнай орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет