Жаннат туралы білгім келеді



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#179050
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Жаннат туралы білгім келеді

Жаннат қандай мекен?
Иə, айтпасаң да біліп тұрмын. Бұл кітаптың атауы да «Жаннат туралы
білгім келеді», бірақ Жаннат туралы əлі толыққанды сипаттама
бермедік. Əйтсе де Жаннатқа бастар жолдың бəрін түсіндіруге
тырыстық. Өлім туралы, қабір туралы, қайта тірілу, махшар алаңы,
амал таразысы, сүйікті Пайғамбарымыздың бізді ол күні жалғыз
қалдырмайтындығын, Кəусар бұлағы мен Сырат көпіріне қатысты
өзіңе біршама ақпарат бердік. Бұлар – Жаннатқа апаратын жолда
алдымыздан шығатын ақырет өткелдері. Бірақ осылардан өттік делік,
яғни Сыраттан өтіп, Жаннат қақпаларының алдына келдік. Енді не
болады?
Өзің қатты қызыққан Жаннат мекені туралы енді асықпай сөз
қозғаймыз. Сіз ол ғажайып мекен туралы оқудан, ал біз жазудан еш
жалықпайтынымызға сенімдімін.


Жаннат қандай болады?
Бұл кітаптың басынан бері қайта-қайта ана құрсағындағы бөбекті
мысалға алғанымызды байқаған шығарсың. Себебі анамыздың ішінде
жатқан кезімізді ойлау арқылы ақырет туралы көптеген тақырыпты
түсіндіруге болады. Жаннаттың қандай екенін айтпас бұрын, сенен
тағы да ана бауырында жатқан сол бір кезіңді еске алуыңды сұраймын.
Əлі туылмаған күндеріңді ойлап көрші. Анаңның құрсағында,
ештеңеден хабарың жоқ кіп-кішкентай шақалақсың. Сол жерде жатқан
кезіңде саған «Бұл дүние қандай деп ойлайсың?» деп сұрасам, не деп
жауап берер едің? Дұрысы, маған жауап беруге шамаң бола ма? Əрине,
жауап бере алмайсың. Өйткені бұл дүниеге қатысты ештеңеден
хабарың жоқ. Мысалы, шексіз көк аспанды елестетуің қиын.
Аспандағы ақ бұлттар ойыңа да кіріп шықпайды. Құстар мен
ағаштарды, жемістер мен гүлдерді, кішкене жəндіктерді, жан-
жануарларды елестете аласың ба?
Қазір осы бір қараңғы əлеміңде тұрып, дүниеге келетін ғажайып
əлемнің қай сырынан хабарың болуы мүмкін?! Ананың тар əрі қараңғы
жатыры мен аң-құстар, көгілдір аспан, жасыл орман орналасқан мына
əлемді салыстыру мүмкін бе?!
Осы өмірдің қандай сұлу əрі керемет екеніне ақылың да, қиялың да
жетпейді... Егер Жаннат пен мына өмірімізді салыстырсақ, бұл əлемді
сол ана жатырындағы мысалға ұқсатуға болады. Біз осы өмірде
жүргенде, Жаннат туралы ойлауға ойымыз да, қиялымыз да жетпейді.
Жаннат туралы ойымызға келетін ең керемет мысалдардың өзі – жай
нəрсе болып қалады. Себебі ол – біздің қиялымыз жете қоймайтын
ғажайып мекен. Тап қазір ойыңа не келіп тұрса, Ол Жаннат емес.
Себебі Жаннат мүлдем басқа, керемет сұлу əлем.


Жаннат бұл өмірімізге мүлдем ұқсамай ма?
Ұқсайды десек те, мүлдем ұқсамайды десек те болады. Мысалы, бұл
өмірде кездесетін жайқалған мəуелі ағаштар Жаннат бақшаларында да
бар. Біз олардың ағаш екенін білеміз. Бірақ олардың бір-біріне мүлдем
ұқсамайтындығын ескеруіміз қажет.
«Жұмақта салтанатты орынтақтарға шалқая түсіп, жайғасып отырады.
Бұдан былай олар онда Күннің аптап ыстығын да, бет қарыған аязды
да көрмейді. Оларға жаннат бақшаларындағы ағаштар саясын түсіреді
жəне шоқ-шоқ жемістері қол созым жерде тұнып тұрады»
19
.
19 «Инсан» сүресі, 13-14 аят
Иə, балақай, «Екеуі де ағаш! Бір-бірінен қандай айырмасы бар?» – деп
ойланып отырсаң, қанеки, дұға жаса! Екеуміз де Жаннат ағаштарының
саясында отырып, ол жерде ағаштар қалай өскенін бірге тамашалауды
нəсіп етсін!
Сол кезде мен саған:
– Міне, көрдің бе?! Жаннат ағаштары біз көрген ағаштарға мүлдем
ұқсамайтынын байқадың ба?! Саған айтқан едім, – дейтін едім.
Бұл дүниеде жемістің түр-түрін татып көрсек, Жаннатта да жемістер
болады. Раббымыз Жаннатты біз мүлдем білмейтін, ерекше
жемістермен көмкерген. Алайда осы өмірде көрген жемістерімізді ол
жақта да көре аламыз. Мысалы, алма, анар, інжір, жүзім мен құрма
жемістері. Оларды көргенде, «Бұл алма ғой немесе құрма емес пе?!»
деп, бұл дүниеде соған ұқсас жемістерді татып көргенімізді еске
аламыз.
«Иман келтіріп, игілікті істер атқарғандарды сүйіншіле. Шүбəсіз, олар
үшін (жайқалған жасыл бауларының арасы мен зəулім сарайларының)
түбінен өзендер ағатын жаннат бақшалары бар. Оларға ризық ретінде
сол жердің жемісінен ұсынылған сайын: «Бұл бізге бұған дейін де (осы
жаннатта яки дүниеде) берілген ризық қой», – деседі. Негізі, олардың
дəл өзі емес ұқсасы беріледі (сырттай ұқсағанмен, лəззаты өзгеше


болады). Олар үшін жаннатта пəк жұбайлар бар, олар онда мəңгі-бақи
тұрақтап қалады»
20
.
20 «Бақара» сүресі, 25-аят.
«Міне, осынау ізгі жандар үшін арнайы ризық-несібе бар: Алуан түрлі
жемістер, һəм олар зор сый-құрметке бөленеді»
21
.
21 «Саффат» 41–42-аят.
Бірақ Жаннат жемістерінің дəмі мүлдем басқа, біздің қиялымыз
жетпейтіндей тəтті болмақ. Жаннатағы алманы, анарды татып
көрместен ештеңе айта алмаймыз. Осы өмірдегі жемістердің дəмі
сондай керемет болса, Жаннат жемістерінің қандай боларын бағамдай
беріңіз. Ол жақта қандай-қандай жемістер бізді күтіп тұрғанын кім
білсін?!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет