Жаннат туралы білгім келеді


Ақырет күнінде Пайғамбарымыз



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#179050
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Жаннат туралы білгім келеді

Ақырет күнінде Пайғамбарымыз
бізбен бірге бола ма?
Демалыс күндердің бірінде серуендеп қайтайын деп сыртқа шықтым.
Ойланып келе жатып, бір мектептің бақшасына дейін келіп қалыппын.
Қарасам, мектеп ауласында ересек адамдар толып жүр. Мектеп
қақпасында күзетші тұр екен. Оған келіп:
– Адамдар неге жиналып жатыр? – деп сұрадым.
– Бүгін емтихан болады.
– А-а, емтихан бар ма?
– Иə, солай.
– Жақсы. Бірақ бұлардың бəрі үп-үлкен адамдар ғой. Олар қандай
емтихан тапсыруға келді?
– Балаларға емтихан, бұларға емес.
– Ал жақсы, оқушылар қайда енді?
– Қайда дегені нес?! Іште, емтиханда!
– Ие-е-е, енді мына жүргендер кім?
– Бұлар ата-аналар.
– Олар неге мектепке келіп алған?
– Сіз қызық екенсіз! Негесі қалай?! Ата-ана болған соң балаларын
уайымдап келді де.
– Сол үшін күтіп жүр десеңізші...


– Басқа не үшін жүр дейсің енді? Балаларын осындай маңызды күнде
жалғыз қалдырмау үшін келді ғой.
– Мəссаған!
– Не болды енді?
– Жай...
Негізі, мектеп ауласында сынақ тапсырып жүрген балаларын ойлап,
қобалжып, уайымдап тұрған ата-аналарды жақсы түсіндім. Жай ғана
күзетшімен бір сұқбаттасқым келді. Өйткені мектеп ауласында көрген
осы жағдай ойыма мүлде басқа нəрсені салды. Ол – ақырет көрінісі
болатын!
Бұл өмірде кішкентай бір сынақ үшін ата-аналар балаларын тастамай,
уайымдап жүрген болса, ақырет күнінің ең маңызды сынағы келгенде
біздің сүйікті Пайғамбарымыз əлбетте біздің жанымызда болады.
Бұған сенімдімін. Шынымен сенемін!
Өйткені үмбетінің болашағына ең қатты уайымдайтын сол кісі ғана.
Қандай да бір əке өз баласына қалай қамқорлық танытса,
Пайғамбарымыздың өз үмбетіне деген махаббаты одан мыңдаған есе
артық. Біздің басымызға қайғы келсе, ең бірінші Ол уайымдайды. Бізді
не мазаласа, ең бірінші қайғыратын да Ол. Бізді бізден бұрын
ойлайтын адам – Алла елшісі ғана.
Ол пайғамбар болған күннен бастап, өмірінің соңына дейін бірде-бір
күнін артық ұйқымен өткізіп көрген емес. Түндерде ояна сала
үмбетінің жағдайына алаңдап, толассыз дұғалар жасайтын.
Аяқтары ісігенше намаз оқып, көздерінен жас төге отырып, біз үшін
кешірім тілейтін. Бізге жеңілдік пен жақсылық біткеннің бəрін
сұрайтын.
Күндердің бір күні Алла елшісінің жүзі бал-бұл жанып, қуанғаны
көрініп тұрды. Пайғамбардың жұбайы Айша анамыз оның осы бір


көңілді кейпін көріп: «Уа, Алланың пайғамбары, маған бір дұға етші»,
– деді. Пайғамбарымыз оған былай дұға жасады:
– Уа, Аллам, Айшаның біліп-білмей жасаған, өткен жəне келешектегі
күнəларын кешірші!
Айша анамыз бұл дұғаны естігенде шаттанып, жүзіне күлкі үйірілді.
Пайғамбарымыз оның бұл жағдайына таңырқап:
– Уа, Айша, дұғаға осыншалықты қуанып тұрмысың?
– Мұндай тілекке қалай қуанбайын?!
Сол кезде Пайғамбарымыз:
– Мен бұл дұғаны əр намазымнан соң үмбетім үшін тілеймін, – деді.
Ардақты елші қолын жайып жіберіп, сол жерде өз үмбеті үшін тағы да
дұға тіледі.
Ол кісі үнемі «Уа, Аллам, үмбетіме жəрдем бер!» деп көздеріне жас
ала, ұзақ дұға жасайтын. Раббымыз оның үмбеті үшін жасаған
дұғасынан хабардар. Не үшін, кімдер үшін дұға жасағанын біледі. Бір
күні Раббымыз Жəбірейілді Пайғамбарымыздың не үшін жылап
отырғанын білуге жібереді. Алла елшісі үмбеті үшін, яғни біз үшін
жылап отырғанын айтады. Сол кезде періште де Пайғамбарымыз
айтқан сөздерді Раббысына жеткізді. Осылайша Алла Тағала
пайғамбарға үмбетінің жай-жапсары туралы жақсы хабар жолдаған
еді.


Шапағат
Аллаға жəне пайғамбарға күмəнсіз сеніп, ақырет күнін күткен
мүміндер үшін ең үлкен жаңалықтың бірі – шапағат. Шапағат ету –
біреудің басына түскен қиындықты оңайлату үшін оған қол ұшын беру,
жəрдемдесу деген мағынаға келеді. Сондай-ақ күнəлі ісінің жазасын
тартып жатқан біреуге көмектесіп, жазасын жеңілдетуге болысу да –
шапағат.
Махшар күнінде Раббымыз қайсыбір пенделеріне шапағат ету
мүмкіндігін береді. Өйткені олар бұл дүниеде Алланың сүйген құлы
болғандар. Шапағатшылардың арасындағы ең абзалы əрі басқаларға
жəрдемдесуге лайықты болғандардың ең лайықтысы –
Пайғамбарымыз. Раббымыз басқаларға нəсіп болмаған ең үлкен
шапағат ету мүмкіндігін берді.
Барлық адамды ақырет күнінде қорқыныш пен үрей билеп тұрғанда,
Алла Тағала Пайғамбарымызға:
– Шапағат ет! Шапағатың қабыл болады, – деп бұйырады. Сол кезде
ардақты Пайғамбарымыз барлық үмбеттің күнəсі кешірілуін сұрайды.
Сол күні кім Алла мен Оның елшісіне иман келтірген болса,
Пайғамбарымызды бар ынтасымен жақсы көрген болса, бəрі оның
шапағатына ие болады.
Кейбір жандар мүлде есепке тартылмастан Жаннатқа кіреді. Ал
кейбіреулерінің есебі жеңіл болған күйде күнəлары да кешіріледі.
Ақырет күні махшар алаңында Алла елшісінің шапағатына ие болған
мүмін құлдардың жүзі қуаныштың көз жасына толады. Раббымыз
ардақты Пайғамбарымыздың құрметі үшін кешірім береді. Һəм
кешіреді... Кешіреді жəне кешіреді...
Артынан басқа пайғамбарларға да кезек келеді. Олар да өз үмбетіне
шапағат етеді. Сол кезде Пайғамбарымыздың шапағатына ие болған
мүмін құлдар басқа адамдарға шапағат ете алу құрметіне ие болады.


Сол кезде Раббымыз да сол мүмін құлдардың құрметі үшін кешірім
береді. Һəм кешіреді... Кешіреді жəне кешіре береді...


Кездесу орны: Кəусар бұлағы
Əзірет Мұхаммед (с.а.у) алғаш пайғамбар болған жылдарында Мекке
мүшріктерінің Оған жасаған зұлымдығы, айтпаған сөздері, тақпаған
айыбы қалмады. Мысалы, Пайғамбарымыздың ол кезде ұл баласы
болмаған еді. Сондықтан басқалар оны «ұрпақсыз» деп кемсітетін.
Ал Раббымыз сүйікті Пайғамбарымыздың жүрегіне жара салған осы
бір жағдайдың жауабы ретінде бəріміз жатқа білетін «Кəусар» сүресін
түсіреді. Сол «Кəусар» сүресінде Алла Тағала: «Ақиқатында, сені
кемсітушілердің өздері ұрпақсыз, өздері мақұрым!» деп жауап қатты.
«Шынында, Біз саған Кəусəрді (үзілмейтін, түгесілмейтін мол
жақсылық) нəсіп еттік».
16
16 «Кəусар» сүресі, 1-аят
Кəусар – Жаннатағы бұлақтың аты. Қиямет күні келгенде осы бұлақ
Кəусар хауызына бастап барады. Сол күні тек Пайғамбарымызға ғана
арналған бір хауыз бар. Ол Кəусар хауызы деп аталады.
Пайғамбарымыздан жеткен хабарларға ден қойсақ, бұл Кəусар бұлағы
– сүттен ақ, балдан тəтті ерекше сулардың бірі. Иісінің өзі жұпар
аңқиды. Бұл бұлақтан су ішкендер одан кейін ешқашан сусамайтын
болады.
Пайғамбарымыздың жанындағы достары одан:
– Уа, Алла елшісі, қиямет күні біз сені қалай табамыз? – деп
сұрағанда, ол үш жерді айтты: амал таразы тұрған жер, Сырат көпірі
мен Кəусар бұлағы. Яғни осы бұлақтың басында біз
Пайғамбарымызбен жолыға аламыз. Оған қатты мұқтаж болған
күнімізде табатын жеріміз осы Кəусар бұлағы. Ол да бізді сол жерде
күтеді. Бізді көргенде, бірден таниды. Кім бұл дүниеде оны қатты
жақсы көрсе, ақыретте оны хауыздың жанынан табады. Бұл дүниеде
онымен кездесуді, оны көруді сонша аңсап күткен пенделер хауыздың
жанында онымен қуана қауышады. Əрі кəусар бұлақтан қанғанынша
су ішеді. Сол кезде шөліміз де басылады, Оны көруге деген ынтық
сезіміміз де орнына келеді.


Оған «ұрпақсыз» деп айып таққандар кəусардың жұпар иісін сезбейтін
қашықтықтан оларға қарайды. Сонда олар:
– Оның үмбеті осыншалық көп болыпты, нағыз ұрпақсыз біз екенбіз, –
деп зар еңірейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет