жарқырып күн тұр. Түнгі уақытта аспан əлемінде қалықтаған Ай мен
жымыңдаған жұлдыздар жаратылыстың сұлулығына сəн қосуда. Бұл
əлемде адамның игілігі үшін өте көп нəрсе жаратылған. Кішкентай
аралар тəтті балын берсе, сиыр атаулыдан
денсаулығымызға пайдалы
сүт аламыз. Ең тəтті жемістердің дəмін татып, жұпар иісті гүлдердің
иісімен тыныстаймыз.
Ол қандай мейірімді, жомарт Жаратушы! Бізге осы əлемде осыншама
нығметті сыйлаған Раббымыз, ақырет күні де
рақымына бөлейді деп
үміт етеміз. Себебі Раббымыз: «Құлым мен жайында не ойласа, мен де
оның ойлағанындай боламын» деп айтпап па еді!? Біз Алла туралы өте
жақсы ойдамыз əрі оның мейірімі мен кешірімінен үміт етеміз.