Жаннат туралы білгім келеді


Өлгеннен кейін қалай тірілеміз?



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#179050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Жаннат туралы білгім келеді

Өлгеннен кейін қалай тірілеміз?
Егер жер бетінде өсіп тұрған барлық ағаштардан «Өлгеннен кейін біз
де тірілеміз. Бірақ қалай тіріледі деп ойлайсыңдар?» деп сұрасақ, олар
өз мысалдарын алға тартады. Яғни олардың көктем келіп, жер
бусанған шақта көгеріп, қайта гүл жаратыны тəрізді. Жерге көмілген
жансыз дəнектерге жан бітіп сағаққа, одан гүлге, сосын жеміске
айналғаны секілді өздерімен салыстыра жауап берер еді. Тіпті
дернəсілдерден шыққан көбелектер де өзінің қалай пайда болатынын
жəне қалай өліп, қалай тірілетінімен салыстыра жауап берер еді. Бұл
сұрақ Пайғамбарымыздан да сұралды. Бір күні бір кісі
Пайғамбарымыздан:
– Уа, Алланың елшісі! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз қалай жүзеге
асады? Мысалы бар ма? – деп сұрады. Пайғамбарымыз əлгі кісіге:
– Сен мидай жазық, əрі құп-қу боп қуарып жатқан алқаптардың қалай
жап-жасыл болып жайқалғанын көріп пе едің? – дейді.
– Əрние, көрдім.
– Міне, осы мысал Алланың қайта жаратқанының бейнесі. Ол өлілерді
дəл осылай тірілтеді, – деп жауап берді.
Əсіресе көктем мезгілі қайта тірілудің сансыз мысалдарын көрсетеді.
Енді сол көктем мезгілін елестетіп көрейікші!
Хош иісті алқаптарға, жүзімдіктерге, бақтарға, гүлзарларға, саялы
тоғайларға барайық. Қайта жандана бастаған топырақты ұстап көрейік.
Айлар бойы қуарып жатқан əлемнің қалай осындай сұлулыққа
айналғанына куə болайық. Құмырсқа керуендеріне көз тастап,
ұяларының есіктерін айқара ашқан араларды бақылайық, өрмек тоқып
отырған өрмекшіден ғибрат іздейік.
Дернəсілдерінен шыққан көбелектердің күн астында нəзік қанаттарын
кептіріп жатқанына көз тоқтатайықшы. Түймедақтар, азалиялар,


гераньдар, қалампырлар мен раушанның хош иісін сезейік.
Түймедақтармен көмкерілген жолдардан өтейік.
Жеміс бақшаларындағы, жапырақтары жап-жасыл шие ағаштарын,
шабдалы, алма, бадам ағаштарын аралауға барайық.
Аз уақыт бұрын бұтақтарына қарғалар қонақтаған құп-құрғақ боп өлі
сүйектер секілді тұрған ағаш бұтақтарына, бүкіл бақтар мен
бақшалардағы көктем кереметтеріне, түрлі дыбыс салатын
жəндіктерге, қыстың суығында өліп, көктемде жаңадан тірілген бұл
көктемнің ғажабына, Құрандағы мына аятты оқи отырып, қайта-қайта
көз салайық:
«Ал енді, Алланың шексіз рақымының іздеріне көз жіберші, жерді
өлгеннен кейін қалай тірілтеді?! Міне, соны істеген, өлілерді де қайта
тірілтетін шексіз құдірет иесі. Оның құдіреті барлық нəрсеге толық
жетеді»
4
.
4 «Рум сүресі», 50-аят
Бұл біздің алғашқы тірілуіміз емес!
Мысалы, сіз он жастасыз делік. Он екі жыл бұрын қайда болдыңыз?
Жоқ болдым дейсіз бе? Меніңше, сіз бар болдыңыз! Бірақ есіңізде жоқ.
Есіңізде болмауы қалыпты жағдай. Бар болдыңыз, тек бұл хəлде емес
едіңіз. Яғни сіздің денеңізді құрайтын жасушалар, дəрумендер мен
ақуыздар жан-жақта жүрді. Сіз туылатын кезде ғана Алланың
қалауымен бірігіп, денеңіз жаратылды.
Қияметте біз қайта тірілеміз. Бірақ одан бұрын дүниеге келмей тұрып,
бұндай сезімді бастан өткергенімізді еске алып көрейік. Сол кезде ғана
«қайта тірілу» деген нəрсені жақсы ұғамыз.
Сонымен қайсысы оңай?
Бір затты алғаш рет жасау ма, əлде екінші рет қайта жасау ма?
Мысалы, сіз жазған эссеңізді компьютерден өшіріп алдыңыз немесе
парақтағы нұсқасына су төгіп алдыңыз делік. Осы сəтте оны қайта
жазу бірінші рет жазғандай қиын бола ма? Сөйлемдерді қайта жазуға,


ойыңызды ашып жеткізуге алғашқыдай қиналмауыңыз мүмкін. Егер
бір суретші əдемі сурет салып, ол қандай да бір себеппен оны
жоғалтып алса, екінші мəрте ол суретті қайта сала алады деген сөз.
Алла бізді бір рет жоқтан бар етіп жаратты. Денемізді судан, ауадан,
топырақтан, өсімдіктерден жəне біз жеген барлық тағамдардан,
атомдардан, жасушалардан жинап жаратты. Əрине, Аллаға оңай
немесе қиын болатын еш нəрсе жоқ. Алайда өлімнен кейінгі қайта
тірілуді жақсы түсіну үшін мынаны айта аламыз: «Сені жоқтан бар
етіп жаратқан Раббымыз қаласа, өлгеннен кейін қайта жаратады. Бұл
Оның құдіреті үшін, алғаш жаратқанынан əлдеқайда оңай». Екі-үш
ғасыр бұрын өмір сүрген адамдар туралы ойланыңыз... Қазір ешбірі
жоқ. Барлығы топыраққа айналды, денелерін құрайтын бөлшектер жер
жүзіне таралып кетті. Бір күні кез келген тіршілік иесі сияқты, бұл
дүниеден өткенде денемізді құрайтын жасушалар мен атомдар жермен,
сумен жəне ауамен араласады. Бізді алғаш рет шашылған ретсіз
жерлерден жинап жаратқан Алла, екінші мəрте де жарата алады!
Жойылып кеткен миллиондаған гүлдерді қайта жаратқаны сияқты
миллиондаған ағаштарға, құрғақ бұталарға жан беріп, жапырақ пен
бүршік, жеміс бергені сияқты, топырақтың астында жатып, көктем
күні жер бетіне жанданып шыққан тұқымдар сияқты түк қиындықсыз
жарата алады.


Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?
Исламның алғашқы жылдары болатын. Меккенің бетке ұстар
мүшріктері (Аллаға сенбейтіндер) бір жерге жиналып кеңес өткізеді.
Араларында ардақты Пайғамбарымыздың жолына кесе-көлденең
тұрып, ең көп жала жапқандардың бірі Үбəй ибн Халаф та бар. Ол:
– Мұхаммед Құдайдың өлген адамдарды тірілтетінін айтып жүр. Лат
пен Уззаның атымен ант етейін. Мен оған барып, айтқандарының
жалған екенін дəлелдеймін, – деп қолына шіріген бір сүйекті алған
күйі Алла елшісінің жанына барады.
– Əй, Мұхаммед! Сен Алла шіріген сүйекті қайта тірілтеді деп айтып
жүрсің, солай ма?
– Иə, солай! – деді Алла елшісі. Сонда Үбəй ибн Халаф бет-аузын
тыржитып:
– Демек, сен мына шіріген сүйекті қайта тірілтеді деп ойлайсың ғой! –
деп қолындағы сүйекті уқалап үгітті де, қолындағы күл болған сүйекті
Пайғамбарымызға қарай шашып жіберді.
– Əй, Мұхаммед! Мына шіріген сүйекті кім тірілтеді? Біз өліп,
сүйегіміз шірігеннен кейін, қайтадан осы халімізге ораламыз ба? Біз
сүйек болғаннан кейін, кім бізді қайта қалпымызға келтіре алады? –
деді. Ардақты Пайғамбарымыз:
– Иə, Алла сенің жаныңды алады. Сосын қайтадан тірілтеді. Содан
кейін жалындаған отқа тастайды... – деді. Осы сəтте Алла Тағала
сүйікті Елшісіне мына аяттарды уахи етті:
«Сонда бұл адам баласы өзін (ер мен əйелден бөлінген) бір тамшы
судан жаратқанымызды көрмей ме?! Соған қарамастан Бізге анық
дұшпан болып шыға келгенін қайтесің?! Өзінің жаратылысын ұмытып,
Бізге: «Сонда шіріп, жоқ болып кеткен сүйектерге кім жан бітіреді
екен?» – деп өзінше мысал келтірді. Оларға: «Ол сүйектерді əу баста


кім жаратса, қайта тірілтетін де – Сол. Ол қалай жаратуды һəм əрбір
жаратылысты толыққанды біледі»
5
.
5 «Иəсин» сүресі, 77–79-аяттар.


«Сур» екінші мəрте үрленгенде...
Бұл мəселе жайында қояр сұрағың көп деп ойлаймын. Былайша
айтқанда, «Əə, енді түсінікті болды» деп айтатындай мысал
келтіруімді күтіп отырған шығарсың.
Ендеше, саған бұл тақырыпты өзім оқыған кітаптың негізінде
түсіндіріп көруге тырысайын. Төрт үлкен періштенің бірі Исрафил
«Сур» атты сырнайды үрлегенде қиямет-қайым орнайды.
«Кесімді мезгілі жетіп, «Сур» бар күшпен үрленгенде. Жер мен таулар
түбімен қопарылып, бір-біріне қатты соқтығыстырылғаннан быт-
шыты шыққанда. Міне, болмай қалмайтын, алдын алу мүмкін
болмаған ұлы уақиға (яғни, қиямет-қайым) сол күні орнайды»
6
.
6 «Хаққа» сүресі, 13–15-аяттар
«Сур» екінші мəрте үрленгенде, өлген адамдар қайтадан тіріледі. Бұл
бір сəтте орын алады.
«Сур» үрленді, міне, олар (Алланың құлдары) қабірлерінен шыққан
бойда Раббыларының дəргейіне қарай ағылып барады»
7
.
7 «Иəсин» сүресі, 51-аят.
«Сондай-ақ қиямет күні міндетті түрде келеді, оның орнайтындығында
титтей де күмəн жоқ. Һəм Алла қабірлерде жатқан өлілердің бəрін
сөзсіз тірілтеді»
8
.
8 «Хаж» сүресі, 7-аят.
«Һəм содан кейін еш күмəнсіз, қиямет күні қайтадан тірілтілесіңдер»
9
.
9 «Муминун» сүресі, 16-аят.
Раббымыз уəде еткен сол күні адамдар бір-бірлеп қайта жаратылады.
Əрі Құраннан һəм Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінен жеткен
хабарларға қарап, «қайта тірілу» күні күзде қурап, көктемде қайта
жанданған тіршілік мысалына ұқсайтыны түсінікті деп ойлаймын.


«Адам атадан бері жер бетінде өмір сүріп, дүниеден өткен барлық
адамның рухы қалайша бір-ақ сəтте бастапқы тəндеріне оралады!?»
«Сур» екінші рет үрленгенде, адамдар қалай тірілмек?
Үлкен бір əскерді көз алдыңа елестет. Мыңдаған адамнан тұратын көп
əскер. Күні бойы жаттығу жасаған соң əскербасы оларға: «Тараңдар,
демалыңдар!» деп бұйырады. Əлгі сарбаздардың біразы ары-бері
жүрді, енді біреулері ағаш көлеңкесіне барып тынықты. Қысқасы,
əркім өз қалауынша демалды. Біршама уақыт өткеннен кейін
əскербасы «Жиналыңдар!» деп бұйырды. Дабылдың дауысын естіген
сарбаздар бірден бұйрыққа бойсұнып, лезде əскери қызметтеріне
оралады. Мінеки, дəл осылай Алла Тағала Исрафилге əмір бергенде,
сырнай үрленіп, барлық рухтар Ұлы Жаратушының əміріне бой
ұсынады. Ал Раббымыз жай ғана əскербасы емес, Ол – бүкіл
əлемдердің Раббысы.
Алланың бұйрығымен бүкіл жаратқан нəрселер бір сəтте қайта тіріліп,
махшар алаңына жиналады. Ол дауысты естімеген адам қалмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет