Сырат көпірінен қалай өтеміз?
Ауыр əрі қауіпті бір жолдан өткен əр адам үйіне жете сала терең
тыныстап «Уфф!» деп демін бір-ақ алады. Қауіпсіз əрі жайлы үйінде
жатып, бұрын байқай қоймаған тыныштық пен рақатты сезеді.
Жолдың қауіпті, қиын кезеңдерін есіне алғанда, үйінің қадірін
тереңірек түсінеді. Сондай-ақ сол қиян-кескі ауыр жолдан аман-есен
үйіне оралуға мүмкіндік берген Раббысына шүкір етеді. Шын
жүрегімен алғыс айтады. «Мені осынау қиын жолдардан аман-есен
жылы үйіме қауыштырған Раббыма мақтаулар мен мадақтар болсын!»
дер еді.
Жол қаншалықты сынаққа толы болса, адам да Раббысына соншалық
жақындай түседі. Үйіне жетіп, рақат пен жайлы өмірге тезірек
барғысы келеді.
«Сырат» сөзі «жол» деген мағынаны білдіреді. Бұл жол – дүниеге
келген күнімізден бастап қияметке дейін өтетін жолдардың ішіндегі ең
қауіптісі. Өйткені бұл – көпірдің астында лаулаған тозақ оты. Бұл
хабарды бізге Алла елшісі жеткізді. Əрине, біз ақырет күні туралы нені
білсек, Құраннан немесе Пайғамбарымыз айтқан сөздерді ғана
айтамыз. Пайғамбарымыз айтқандай, Сырат көпірінен барлық адам
өтіп шығады. Одан ең алғаш өтетін адам – Алла елшісі. Бұл біз үшін
үлкен мүмкіндік. Өйткені Пайғамбарымыз – жол бастаушылардың
ішіндегі ең абзалы. Оның артынан ергендер ешқашан адаспайды. Ол
əрдайым жолдың ең жақсысын, ең қысқасын жəне оңайын табады. Бұл
дүниеде бізді адал, тура жолға бастағандай, Сырат жолында оның
соңынан сеніммен ілесеміз. Дүниеде кім оған шынайы сеніммен
ілессе, Сырат көпірінде де сол жолды жалғастырады. Сол себепті
көпірден алғаш оның өтуі біз үшін үлкен мүмкіндік болып қалады.
Пайғамбарымыз Сырат көпірінен өтерінде: «Раббым бізге есендік
бер!» дейді. Кейбірі көпірден найзағайдай жарқ етіп өте шықса, енді
бірі ескен желдей көзді ашып-жұмғанша өтеді. Кімнің бұл дүниеде
жасаған ізгі істері көп болса, сол адам көпірден əп-сəтте өте шығады.
Сырат көпірінен өтетіндердің жылдамдығы əртүрлі болады. Кейбіреуі
тіпті ұшқан құстай, шапқан тұлпардай өтсе, енді басқалары түйелер
секілді асықпай аяңдайды.
Кім дүниеде Аллаға сенбей, ақыретті жоққа шығарса, ол адамның
сырат көпірінен аман өтуі қиын. Өмір бойы Пайғамбарымыздың
соңынан еріп, сүннет туралы бірде-бір хабары болмаған адам, сырат
көпірінде оның артынан қалай ілесе алар?! Олар – көпірден төмен
құлдилайтындар. Ал астында тозақ күтіп тұр. Олар өз кінəларын
мойындап, сол кезде былай дейді:
«Сонда олар: «Иə, бізге ескертуші пайғамбар келуін келді ғой, алайда
біз оны өтірікшіге балап, өзіне де, сөзіне де сенбедік, Һəм оларға:
«Алла еш нəрсе де түсірген жоқ, сендер қатты адасудасыңдар, басқа
түк те емес», − деген едік», − деп жауап береді. Сондай-ақ олар: «Егер
кезінде олардың ескертулеріне құлақ асқанымызда, яки ақылға салып
ойланғанымызда, қазір мына жалын атқан отқа тасталып
жатқандардың ішінде болмас едік!» − деп аһ ұрады»
17
.
17 «Мүлк» сүресі, 9–10-аяттар
Осы бір қауіпті Сырат көпірінен аман өткен мүмін құлдар шүкіршілік
жасап, терең тыныстайды. Өйткені одан арғысы – Пайғамбарымыз
əуелі бастап кіретін Жаннат қақпасы. Міне, осы жерді бізге Раббымыз
уəде етті. Мəңгі-бақи қалатын, рақат пен жайлылық мекені. Олар кейін
бұрылып қарағанда, қандай азапты жолдан өткендеріне қайран қалады.
Əрі сол жолдан еш қатерсіз өтуге лайық болған құлдардың қатарында
болғандары үшін шексіз риза болады. Олар сол кезде:
«Сонда жаннаттықтар: «Аллаға мадақ жаудырып, шүкіршілік айтамыз!
Ол бізге берген уəдесінде тұрды һəм бізді осынау (ұшы-қиыры жоқ,
қисапсыз нығметке толы) жерге мұрагер қылды. Біз енді жаннатта
қалаған жерімізде, қалағанымызша тұра аламыз», – деп, мəз-мейрам
болады. Міне, (бір Алланың разылығы үшін риясыз) еңбек еткендердің
алатын сый-сияпаты қандай керемет!»
18
18 «Зүмəр» сүресі, 74-аят
|