қызық болса, саған оның бірнешеуін айтып бере аламын. Мысалы, мен
осы жасқа келгенше, ешқашан атқа мініп көрмедім. Үнемі
армандап
жүретінмін. Кең жазық далада тұлпарға мініп шапқаннан артық не
арман бар?! Бұл арманым осы өмірде орындалмайтын секілді. Сол
себепті егер Жұмаққа барсам, ең алдымен атқа мінер едім.
Кім білсін,
мүмкін Жаннаттағы тұлпарлар мүлдем басқа шығар?!
Пайғамбарымыздың заманында Алла елшісіне бір сахаба келіп:
– Уа, Алланың елшісі! Мен аттарды қатты жақсы көремін. Жаннатта
аттар бола ма?! – деді. Сонда Пайғамбарымыз:
– Жаннатқа кіргенде алдыңнан қос қанатты сəйгүлік шығады. Оған
мінгенде, қалаған жеріңе құстай ұшып бара аласың, – деп жауап берді.
«Біз игілікке
жаны құштар ізгі жандарды, міне, осылай бағалап, сый-
сияпатқа бөлейміз»
32
.
32 «Мурсəлəт» сүресі, 44-аят