Жансыздандыру



бет6/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жансыздандыру

Ашық нобай, кескін. Наркоз уақытында науқас наркоздық затты атмо-сфералык ауамен бірге ішіне тартады, дем шығаруы атмосфераға шығады. Бұл жүйенің артықшылығы дем шығаруға қарсылықтың болмауы және жүйеде көмір қышқылының жиналмауы болып табылады. Кемшілігі нар-коздық заттардың қанша берілген мөлшерін білу қиын және операция бәлмесінің ауасын былғайды.
Жартылай ашық кескін. Алдыңғы кескіннен айырмашылығы. бұнда науқас атмосфера ауасының орнына наркоздық затпен бірге ішіне оттегін тартады, демі атмосфераға шығады. Кемшілігі алдынғы жүйедегідей. Ал ар-тықшылығы науқастың оттегімен дем алуы және наркоздық заттың мөлшері есептеледі.
Жартылай жабық кескін. Оттегін және наркоздық затты ішке тарту аппарат арқылы беріледі, ал дем шығару аздап атмосфераға және шамалап аппараттын дем алу жүйесінде болады. Артықшылығы наркотиктің жақсы мөлшерленуі және операция бөлмесінің ауасы наркоздык затпен ластанбауы, ал кемшілігі - дем алуға үлкен қарсылык болады.
Жабық кескін. Алдыңғы кескіннен айырмашылығы шығатүғын ауа тугел дем алатын қалташаға жиналады және адсорбер арқылы қайтадан науқасқа айналып келеді. Артықшылығы — ішке тартылатын заттардын дәл мәлшерленуі және операция бөлмесінін ластанбауы, ал кемшілігі — науқас-тың. ауаны шығаруына үлкен қарсылық болуы және жүйеде көмір қышқылы-ның артық жиналуы болып есептеледі.
ИНГАЛЯЦИЯЛЫК НАРКОЗДАҒЫ АСҚЫНУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Бұл асқынулар екі топқа бөлінеді: I) наркоздың берілу уақытындағы асқынулар, 2) наркоздан кейінгі кезеңдегі асқынулар.
Наркоз уақытындағы асқынулар наркоздың берілу қателіктері, аппара-тураның дүрыс жұмыс істемеуі, науқастың ауыр жағдайына байланысты.
Бұл жағдайларда түншығу және жүректің қызметінің тоқтауы мүмкін. Тұншығудың себептері: I) механикалык себептер: (тілдің түсіп кетіп дем алатын жерді тығындау, құсық массалары дем алатын жерге кетіп қалуы және т. б.); 2) улану себептер (наркоздық заттардың мөлшерінің артықшылы-ғы); 3) рефлекторлык себептер (наркотиктердің әсерінен жүректің және дем алудың тоқтап қалуы). Әдетте жүректің тоқтауы тұншығу кезіңде болады.
Наркоздан кейінгі кезеңде әр түрлі асқынулар болады. Дем алу мүшелерінің асқынулары (өкпенің қабынуы, онын кішірейіп қалуы, бронхиттер) көбінесе эфир наркозынан кейін кездеседі. Бұл асқынулардың алдын алу үшін операциядан соңғы кезеңде науқастарға жиі қозғалу (дем алу гимнастикасын, қақырықты уақытында түкіріп тастау, ерте тұру) сондай-ақ антибиотиктерді және сульфамидтерді қолдану керек.
Жүрек жұмысының бұзылуы көбінесе циклопропанда және эфирді қол-данудан кейін олардың улы жағдайынан болады. Кейде науқасты өлім жағдайына әкелетін жүректің осал қызметіне байланысты. Алдын алу үшін жүректің жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектерді беру және наркоздық заттарды қолдануын кеміту болып есептеледі.
Бауырдың асқынулары көбінесе эфирді және хлороформды қолданғаннан кейін пайда болып олар қызметінің бұзылуларымен, кейде май басып көлемі кішіреюі мүмкін. Алдын алу шаралары: миорелаксанттарды қолданып, науқасты ұйықтау сатысында наркоздық заттарды аз беру керек.
Бүйректердің асқынулары көбінесе шығатын зәрдің азаюы (олигурия) және зәрде белок болу (альбуминурия) түрінде болады. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы көбеюі, қанның ақ және қызыл қан түйіршіктері пайда болады. Әдетте бұл өзгерістер тез өтіп кетеді және арнаулы ем жүргізуді керек етпейді.
Наркоздан және операциядан кейін заттардың көбінесе углеводтық алмасуы бұзылады, осыньің салдарынан қан мен ұлпаларда қышқылдардың көбеюі (ацидоз) пайда болады Клиникалық белгілері: ацидозда науқастың. басы ауырады, жүрегі айнып құсады, ұйқысы бұзылады. Ауыр жағдайларда есінен танады, сандырақтайды, терең ұйқыда болуы мүмкін. Ацидозды дәл анықтау үшін сілті - қышқыл жағдайын білу керек. Бұл үшін қазіргі уақытта "Микро "Аструп'' немесе "АЗИВ" аппараттары пайдалынады. Ацидозды емдеу үшін натрий бикарбонаты, инсулинмен глюкоза қолданылады. Басқа асқыну организмді сусыздануға және қанда хлордың азаюына (гипохлоремия) әкеліп су-тұз алмастыруының бұзылуы болып есептелінеді. Су-тұз алмасуының бұзылуында бөлініп шығатын зәрдің көлемін және ондағы натрий хлоридінің шоғырлығын бақылау керек. Көп сұйықтықтар, ас тұзы, изотоник ерітіндісі жіберіледі.
Наркоз уақытында ол немесе бұл жүйке бағанасының қысылып жа-рақаттануы нәтижесінде наркоздық заттардың. орталық жүйке жүйесіне тигізген әсерінен қиян, шеткі жүйкелердің осал болуы мүмкін. Көбінесе иык өрімі немесе жеке қол жүйкелері (білек, шынтақ. ортаңғы) қол жазылып, жүйкелердің созылуымен немесе жүйке бағанасының операция столының шетімен сүйектің арасында қысылып қалуынан болады. Жеңілірек салдық тез кетеді. Едөуір ауыр салдық арнаулы емдеу: прозерин, электрмен емдеу әдістері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет