126
атқарады.
Нерв системасы
. Ланцетниктерде орталық нерв
системасы деп аталатын бүкіл
дене бойына хордамен
қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв
түтігінің бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа
бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты — невроцель деп
атайды. Ланцетник ұрығының даму кезшде невроцель сыртқы
ортамен — невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек
ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің
бас бөлімінің үстіңгі
жағында ояз қалады, оны иіс оязы деп
атайды.
Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық
сезгіш — Гессе көзшелері орналасқан.
Ә
рбір көзшенің өзі екі
түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі — жарық сезгіш клетка, ал
екіншісі — пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы
дерлік жарық сезгіш келеді. Перифериялық нерв системасы
ми түтігінен кететін нервтерден құралады. Нерв түтігінің
алдыңғы кеңейген бөлімінен екі пар нерв кетеді де дененің
алдыңғы
бөліміне тарамданып кетеді, қалған белімдерінен
басқа нервтер тарайды. Сөйтіп
әр
бір ет сегментіне екі пар
нерв келеді. Біреуі құрсақ, екіншісі—арқа нерві. Арқа
нервтері атқаратын қызметіне
қарағанда аралас қозғалтқыш-
сезгіш, ал құрсақ нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын
нерв болып саналады. Ланцетникте осы нервтердің жұмысы
бір-біріне байланысты емес, бұл көптеген омыртқалылардың
нервтерінен айырмашылығының бар екендігін көрсетеді.
Сезім органдары
—өте қарапайым. Олар Гессе
көзшелері арқылы жарықтарды,
иіс оязы арқылы судың
химиялық қасиеттерін ажырата алады. Сонымен қатар
денесінде — эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары
болады.
Достарыңызбен бөлісу: