128
қанымен қамтамасыз ететін ұйқы артериялары тарайды.
Денесінің алдыңғы бөлімдегі қан дененін, артқы бөліміне
апаратын алдыңғы қос кардиналдық венаға жиналады. Ал
денесінің артқы
беліміндегі вена қандарын, артқы қос
кардиналдық веналар денесінің алдыңғы бөліміне алып
келеді. Жұтқыншақтың артқы бөлімінде, алдыңғы
жән
е артқы
кардиналдық веналары өз ара қосылып, (оң ж
ә
не сол) екі кең,
жұқа қабырғалы кювьеров құйлысын құрайды. Кювьеров
құйылысынан вена қандары вена синусына құйылады. Құрсақ
қолқасы вена синусынан басталады.
Ішкі органдардан
жиналған вена қаны- ішек асты венасымен бауырға келіп
енеді. Бұл вена бауырға кірісімен капилляр торларын құрап,
бауырдың қақпа системасын құрайды. Бауыр венасымен қан
вена синусына барып құйылады. Жүрегі болмағандықтан
ланцетниктің қаны құрсақ
жағындағы қолқаның жиырылуы
мен желбезектегі қан тамырларының төменгі бөлімінің
жиырылып-жазылып тұруы н
әти
жесінде қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: