Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет35/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
Байланысты:
кітап 2
емт бил 20 ғ.б. ка 2016-17, механикалық қозғалыс сабақты бекту, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne
Топырақтың буландырғыштық қабілеті.
 
Топырақтың
сукөтеру қабілетінің топырақтың артық құрғап кетуіне де 
соқтырады. Бұл топырақтың беткі қабаты нашар 
қопсытылған, немесе тіпті қопсытылмаған жағдайларда 
болады. Мұндай үлескілерде топырақтың қылтүтіктері 
үзілместен, оның беткі қабатына дейін жетеді де, олар 
арқылы көтерілген су ауада буланып ұшып кетеді [46]. 
Топырақты қопсытқан кезде біз қылтүтіктерді бұзамыз, 
сындырамыз. Төменнен көтерілген су қопсытылған қабатқа 
дейін келеді де, жоғары карай өте алмайды, сондықтан 
қопсытылған қабаттың астында жиналады. 


97 
Егістікті қабыршақ басқан жағдайда да топырақ өте 
құрғап кетеді. Бұл жаңбырдан кейін болады. Қабыршақта 
суды өте күшті соратын жіңішке қылтүтіктер көп болады. 
Егер топырақтың ылғалын сақтау керек болса, культиватор не 
тырма арқылы мұндай қабыршақты тез бұзу керек. 
Демек, топырақтагы көптеген түтіктер, өзекшелер, 
кеуектер арқылы су кез келген бағытта жылжиды, топырақ 
бөлшектерінен түрлі тұздарды, соның ішінде өсімдіктерге 
қажетті тұздарды да, шайып отырады. Еріген тұзы бар су - 
өсімдіктер мен топырақтағы кейбір басқа тірі ж
ән
діктер үшін 
қорек. 
Топырақтың ауа ырғағы (режимі).
 
Құрғақ топырақтың 
барлық қуыстары дерлік ауаға толы болады. Бұл ауаның бір 
бөлігін топырақ бөлшектерінің беткі қабаты күшпен ұстап 
тұрады. Ауаның бұл бөлігі өте аз қозғалады, сондықтан 
сіңірілген ауа деп аталады. Ірі кеуектерде орналасқан басқа 
ауа - бос ауа. Ол анағұрлым қозғалғыш келеді, топырақтан 
шығып кете алады, атмосфера ауасымен оңай алмасып 
тұрады. 
Топырақ 
дымқылданған 
сайын 
оның 
ауасы 
ығыстырылып, сыртқа шыға береді, ауаның 
жән
е басқа 
газдардың бір бөлігі топырақ суында ериді. Суда 
әсі
ресе 
аммиак жақсы ериді: 1л су бірнеше жүз литр аммиакты еріте 
алады. Суда басқа газдар да, көмір қышқыл газы, оттегі ж
ән
е 
азот ериді, бірақ олар аммиактан анағұрлым нашар ериді. 
Мәд
ени өсімдіктердің көбінің жақсы өсуі үшін 
топырақта су да, ауа да болуы керек. Мұндай жағдайларда су 
уақ ж
ән
е орташа кеуектерде болады да, ал ірі кеуектерде ауа 
орналасады. 
Ауадан топырақта оттегі көп жұмсалады. Жоғарыда 
көрсетілгендей, оттегі өсімдік тамырларының, топырақта 
мекендейтін жануарлардың тыныс алуына жұмсалады, 
топырақтағы түрлі заттармен, мысалы темірмен қосылады, ол 
негізінде түрлі бактериялардың тыныс алуына, өсімдіктер 
мен жануарлардың қалдықтарының шіруіне ж
ә
не кейбір 
минералды заттардың тотығуына жұмсалады. Тірі 
ж
ән
діктерге жұмсалған оттегінің орнына топырақтағы ауада 


98 
олардың тыныс алуы ж
ән
е өлі органикалық қалдықтардың 
шіруі кезінде бөлінетін көмір қышқыл газы көбейе бастайды. 
Топырақ ауасынан көмір қышқыл газы топырақ ертіндісіне де 
қосылады. 
Топырақтағы ауа қозғалыссыз қалмайды. Күндіз күн 
сәу
лелерінен топырақ қызған кезде, ондағы ауа да қызады. 
Оның көлемі кеңіп, бір бөлігі сыртқа шығады. Түнде 
топырақ, оның ішіндегі ауа салқындайды. Топырақтың ауасы 
сирейді. Осы бос кеңістікке сырттан жаңа ауа келеді. Бірнеше 
тәу
ліктің ішінде топырақтағы барлық ауа құрамы жаңарып та 
үлгіреді. 
Топырақтағы ауаның алмасуы басқа себептерден де 
болады. Ауа жел соққанда сыртқа шығады, топыраққа өткен 
су ығыстырып шығарады, бұл екі жағдайда да топырақтан 
ығыстырылған ауаның орнына атмосфералық жаңа ауа 
келеді. Атмосфералық қысымның өзгеруінен де топырақ 
ауасы қозғалады. Қысымның күшеюі топырақ бетіндегі 
ауаның бір бөлігінің топыраққа енуіне соқтырады [47]. Ал, 
атмосфера қысымы азайса, керісінше топырақ ауасының бір 
бөлігі сыртқа шығады. Ақырында, топырақтағы ауа алмасуы 
желсіз, жаңбырсыз ж
ән
е атмосфералық қысымның 
бірқалыпты кезінде де тоқтамауы мүмкін. Көмір қышқыл 
газы мен су буларына бай топырақ ауасы біртіндеп сыртқа 
шығады да, атмосфералық құрғақ 
жән
е оттегіне бай ауа 
топырақ кеуектеріне енеді (бұл үрдіс газдар диффузиясы деп 
аталады). 
Топырақ ауасының жаңаруына түрлі климаттық 
жә
не 
топырақ аймақтарында түрлі себептер түрліше 
әсе
р етеді. 
Мысалы, шөлдерде температураның күн мен түнде қауырт 
құбылуы ж
ән
е топырақ ауасын үрлейтін жел күшті 
әсе
р етеді. 
Жауын-шашыны мол аймақта, мысалы тайгада, ауа 
алмасуына топыраққа судың сіңуі күш
ті әсе
р етеді, т.с.с. 
Топырақ ауасы атмосфера ауасынан үнемі дымқылдау 
болғандықтан бұл екеуінің алмасуы топырақтың құрғауына 
себеп болады. Демек, топырақ өзіндегі суды тек бетінен 
буландыру ғана емес, сонымен бірге өзінің ішкі қабаттары 
мен кеуектері арқылы да жоғалтады. Судың мұндай булануы 


99 
топырақ ішіндегі булану деп аталады. Топырақ ішіндегі 
булану жел оңай енетін топырақтарда зиянды мөлшерге дейін 
жетеді. Тоң кесекті, жарықшақты 
жән
е ыссы, желді күндері 
жыртылған жерлер өте тез құрғайды. Сондықтан, шөлейт 
аудандарда топырақтағы ылғалды жоғалтып алмау үшін, ауа 
райы жоғарыдағыдай болып тұрған кезде оны терең жыртуға 
болмайды. Ал егер жыртылып тасталған болса, оны мейлінше 
жақсылап тырмалап, тегістеп тастайды (сүйретпе не 
тырманың желкесі арқылы). 
Ауаның еркін алмасуы барлық топырақта бірдей бола 
бермейді. Мысалы, құм топырақтардың бөлшектерінің 
арасындағы кеуектері ірі болады. Бұл топырақтардың терең 
қабаттарына ауа оңай өте алады. Өсімдік тамырлары мұнда 
еркін тыныс алады. Су болған жағдайларда өсімдіктер мен 
жануарлардың қалдықтары мұндай топырақтарда тез шіриді. 
Структурасыз, саз, тым ылғал топырақтарда мұндай 
болмайды. Мұнда топырақ бөлшектерінің аралықтары өте 
жіңішке ж
ән
е оларда көбінесе су толып тұрады. Мұндай 
топырақтарға ауа өте аз мөлшерде, қиыншылықпен өте 
алады. Топырақ баяу кұрғайды. Өсімдіктер мен 
жануарлардың қалдықтары нашар шіриді. Топырақтағы түрлі 
заттар, мысалы темір оттегімен қосыла алмайды, қайта өзінің 
құрамындағы бұрынғы оттегін де жоғалтады. Оттегін 
жоғалтқандықтан темір өсімдіктер үшін у болады [48]. 
Селитра құрайтын бактериялар мұндай топырақтарда 
өмір сүре алмайды. Онда селитраны бүзғыш басқа 
бактериялар өседі. Яғни, топырақ «дұрыс өмір сүрмейді», 
«тұншыққандай» болады. Мұндай топырақ біртіндеп 
батпаққа айналады. Топырақты дұрыс өмірге келтіру үшін 
оны құрғату керек, жоғарғы қабатын қопсытып, оған ізбес, 
көң, қи қосу керек, минералды тыңайтқыштар шашу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет