92
солғұрлым кең болады да, мұндай топырақ арқылы су
соғұрлым оңай өтеді. Өте уақ бөлшектерге бай топырақтарда,
керісінше, олардың, аралықтары өте жіңішке болады. Мұндай
топырақтарға
сазды
топырақтар
жатады.
Құмды
топырақтарға қарағанда мұндай топырақтар арқылы су
жуздеген есе баяу өтеді. Мұндай жағдайларда су негізінде
жарықшақтар, құрттардың ізі ж
ән
е ескі, шіріп кеткен
тамырлардың орны арқылы өтеді.
Алайда сазды топырақтарда кездесетін жоғарыда
көрсетілген жағдайлар құрылыссыз (структурасыз) саз
топырақтарда ғана болатындығын еске алу керек. Егер сазды
топырақта қарашірік пен ізбес көп болса, оның жеке
бөлшектері топталып, біріне-бірі жабысып, желімдесіп
түйіршіктер мен құрткесектер құрайды, ал олар гумус, ізбес
қатысқан кезде өте берік болады да судың бұзғыштық
әр
екетіне өте төзімді келеді. Топырақта олардың
аралықтарында құмдардағы сияқты орташа мөлшерлі, не одан
ірірек қуыстар пайда болады [44]. Мұндай құрылысты
(структуралы) саз топырақтың су өткізгіштігі, оның өте ұсақ
бөлшектерден құралғандығына қарамай, аса жақсы болады.
Дегенмен, қаратопырақ сияқты ең жақсы топырақтарда,
м
әд
ени топырақтардың жыртылатын қабаттарында ж
ән
е
құрткесекшелердің өздерінің ішінде тіпті ылғал, қылтүтіктері
суға мейлінше қаныққан уақыттың өзінде де, ауа сиып тұра
алатын қылтүтік емес ойықшалар, өзекшелер болады.
Бұл
қуыстар ж
ән
діктер
әр
екетінің, тамырлардың шіруінің, жерді
өңдеудің ж
ән
е т.б. н
әти
жесінде пайда болады. Мұндай
құрткесекшелер өте бағалы. Олардың ішінде су да, ауа да
болады. Олар бактериялар мен саңырауқұлақтардың, өсімдік
тамырларының таралуына қолайлы. Олар топырақ
құнарлылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: